Экологиялық факторлар жайында


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Экологиялық факторлар

Орындаған: Айдосова Л. Д.

Тексерген: Жылкыбаева С. Д

Семей 2015

1. Экологиялық фактор.

Қоршаған ортаның экологиялық факторлары- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;

1. Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т. б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері температураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге асырылады. Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т. т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді.

2. Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді. Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.

Құс базарларында құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы суға түседі; судағы органиканы бактериялар минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады. Бұл өз кезегінде планктондық организмдердің, негізінен шаян тәрізділердің концентрациясының артуына әкеліп соғады. Соңғылармен балықтар қоректенеді, ал олармен базарды мекендеуші құстар қоректенеді. Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді.

Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.

2. Антропикалық фактор

Антропикалық фактор - өсімдік пен жануарлар дүниесі құрамына, түрлердің территория бойынша немесе су қоймаларына таралуына және олардың саны мен сапа жағына адамның әр түрлі әрекетөсер етуі. Адамның өсімдік пен жануардың өсуінен сондайақ өшуіне де әсер ету өрекеті екі түрлі болады: 1) тікелей әсер - жануарларды қыру, жою, су қоймаларын улау немесе оларды қоргау тағы басқалар. ; 2) жанама әсер - ағаштарды кесіп алу, даланы жырту, батпаңтарды құрғату тағы басқалар. Соңғы өсерге байланысты жануарлар мен өсімдіктердің бір турі жойылып, екінші бір пайдалы түрі дамиды.

3. Химиялық қосынды зиянды заттар

Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде - 5500, дәрі -дәрмек - 4000, тұрмыс химиясында - 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

  • өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;
  • улы химикаттар - ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
  • дәрі-дәрмектер;
  • тұрмыс химикаты;
  • өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
  • әскери улаушы заттектер.

4. Бейімделу

Бейімделу (лат. adapto ) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.

Бейімделу - организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі. Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т. б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі") . Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында - эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік жәнеэволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу, деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі - адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады.

5. Оптимум және минимум заңдары, эврибионтты ағзалар және стенобионтты ағзалар

Неміс ғалымы Юстус Либих 1840ж <Минимум заңын> ашты Минимум заңы. Кез келген организм топтарының өмір сүруі белгілі бір комплексті жағдайларға байланысты. Мысалы:өсімдік ылғал ауаны жарықты қоректік заттарды қажет етеді ал осы қоректік заттардың бірі жетіспеген болса онда организмнің жағдайы төмендейді

Ю. Либих өсімдіктерге тәжірибе жасап өсімдіктің өсуі топырақтағы жетіспейтін ең аз микроэлементтің мөлшеріне байланысты болатынын дәлелдеген. Бұл элементтің орнын басқа элементтермен толықтырса да, өсімдіктер дұрыс жетілмеген. Нәтижесінде өсімдіктің өсіп-дамуын олар ең аз мөлшерде қажет ететін микроэлементтер анықтайтыны белгілі болған. Бұл Либихтың <Минумум заңы> деп аталады. Ю. Либих организнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждығының ішіндегі ең осал буынына тәуелді болатындығын айтты. Одан шығатын қорытынды, экологиялық факторлар жиынтығына төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етіп, басты фактор болып саналады

1913ж В. Шелфорд лимиттік әсерлердің минимум заңына сай <Максимум >заңын, яғни төзімділік шек заңын ашты. Оны Шелфордтың толеранттылық зыңы деп атайды, (латын тілінен аударғанда tolerantia-шыдау, төзу ) .

Экологиялық факторлар оптималды жағдайдан ауытқығанда организм тіршілігінің төмендеуінің жоғарғы шегі, организмнің тіршілігін сақтау ұстамдығы, төзімділігі <төзімділік шек >деп аталады. Әрбір организмнің өзіне тән төзімділік шегі болады. Кез-келген жағдайдың толеренттық шекке жақындауы немесе одан жоғарылауы лимиттік жағдай немесе лимиттік(шектеуші ) факторлар деп аталады. Төзімділік шегінен шығып кетсе, организм тіршілігін жояды.

Организм үшін максимальды және минимальды жағдайда қауіпті, органимзде өзгерістер жүріп, оның тіршілігін жояға дейін алып барады, оны летальді жағдай деп атайды,

Летальді жағдайға жетпеу үшін организмге әсер ететін заттың белгілі бір шекті концентрациясы белгіленеді

Толеранттық шек болатын факторлардың түрлері өте көп.

Организмдер көбею кезінде, қоршаған орта жағдайы лимиттік фактор болады. Ыстық сүйетін өсімдіктер үшін аяз, солтүстік аудандарда күн сәулесі жетпей, ылғалдың артық болуы, ал оңтүстікте күн сәулесінің артық болуынан ылғалдылық жетпеуі лимиттік фактор, мысалы бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ. БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ. АРАЛ ТЕҢІЗІ
Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Тіршіліктің пайда болуы
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. организмдердің индикаторлық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz