Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз



1. Организмнің әрбіз ағзаларының қалыпты микрофлоралары.
2. Олардың маңыздылығы.
3. Дисбактериоз.
Микрофлора (микро... және флора) – белгілі бір ортада кездесетін микроорганизмдер жиынтығы. Олардың қатарында белгілі бір экологиялық факторға сәйкес, сол жерде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктерге тән әр түрлі түрге жататын микроорганизмдер де бар. Табиғи жағдайда әр түрлі микроорганизмдер: бактериялар, актиномицеттер, микроскоппен көрінетін саңырауқұлақтар, балдырлар белгілі бір ортада тіршілік етеді. Микрофлоралардың шоғырланған жері адам мен жануарлар денесі. Мысысалы, олар теріде, тыныс жолдарында, ауыз қуысында, күйіс қайтаратын малдардың таз қарынында да кездеседі. Олар қарын ішіндегі клетчатканы қантқа дейін ыдыратады. Сонымен бірге асқазан, ішектерде тіршілік етіп, ас қорытуға зиянын тигізбейтін Микрофлоралар да бар. Микрофлоралар суда да, ауада да, топырақта да кездеседі.
Тері микрофлорасы тұрақсыз, оның құрамы микроорганизмдердің тіршілік ету жағдайларына, қоршаған ортаға, сонымен қатар жануарлар жанасатын заттарға байланысты. Теріден көбінесе дөңгелек пішінділер: стафилококкалар, диплококкалар, стрептококкалар, сарциналар анықталады. Теріге топырақпен кейде көп мөлшерде бацилалар, зең саңырауқұлақтары және саңырауқұлақтары түседі. Тері жабынының тазалығына байланысты, терінің 1см2 ауданынан оңдаған мың-нан 2млрд-қа дейінгі микроб жасушалар болады.
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы. Тыныс алу жолдарына микробтар ауаның ең алғашқы порциясымен түседі. Микробтар саны көмекейдің және кеңірдектің кілегей қабығында күрт азаяды, өкпе паренхимасында мүлдем кездеспейді. Танау қуыстарында негізінен дөңгелек пішінділер мекендейді, ал таяқша тәріздестер сирек кездеседі.
Ауыз қуысының микрофлорасы. Олар сан алуан және көбінесе азық құрамына, жануардың жасына байланысты. Көпшілік жағдайда дөңгелек пішінділер және таяқша тәріздестер жиі, ал имектелген түрлер сирек кездеседі. Жануарларда егер шөптің ылғалдылығы көп болса онда, олардың ауыз қуысында микробтар көп болады.
Аш ішек бөлімінің микрофлорасы. Ішектің тұрақты мекендеушілеріне ішек таяқшасы, энтерококтар және кейбір топырақ бациллалары жатады.
Тоқ ішек бөлімінің және тік ішек микрофлорасы. Тоқ ішекте микробтар өте көп. Тұрақты мекендеушілері: ішек таяқшасы, энтерококкалар, сүт қышқылды таяқшалар, целлюлоза ыдыратқыш микробтар және бациллалар жатады.
Несеп шығару және жыныс мүшелерінің микрофлорасы. Жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтарында сттафилококктар, стрептококктар, микрококктар, дефтериоидтар, қышқылға төзімді микобактерияларды кездестіруге болады. Несеп-жыныс жолдарының қалыпты физиологялық жағдайларына микрофлора тек олардың сыртқы бөліктерінде ғана болады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті.

Тақырыбы: Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың
маңыздылығы. Дисбактериоз.

Орындаған: Рымғазықызы.Е

Тексерген: Омарбеков.Е.О

Топ: БЛ-309.

Семей 2015ж.

Сұрақтар.
1. Организмнің әрбіз ағзаларының қалыпты микрофлоралары.
2. Олардың маңыздылығы.
3. Дисбактериоз.

1. Организмнің әрбіз ағзаларының қалыпты микрофлоралары.
Микрофлора (микро... және флора) – белгілі бір ортада кездесетін
микроорганизмдер жиынтығы. Олардың қатарында белгілі бір экологиялық
факторға сәйкес, сол жерде тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктерге тән
әр түрлі түрге жататын микроорганизмдер де бар. Табиғи жағдайда әр түрлі
микроорганизмдер: бактериялар, актиномицеттер, микроскоппен көрінетін
саңырауқұлақтар, балдырлар белгілі бір ортада тіршілік етеді.
Микрофлоралардың шоғырланған жері адам мен жануарлар денесі. Мысысалы, олар
теріде, тыныс жолдарында, ауыз қуысында, күйіс қайтаратын малдардың таз
қарынында да кездеседі. Олар қарын ішіндегі клетчатканы қантқа дейін
ыдыратады. Сонымен бірге асқазан, ішектерде тіршілік етіп, ас қорытуға
зиянын тигізбейтін Микрофлоралар да бар. Микрофлоралар суда да, ауада да,
топырақта да кездеседі.
Тері микрофлорасы тұрақсыз, оның құрамы микроорганизмдердің
тіршілік ету жағдайларына, қоршаған ортаға, сонымен қатар жануарлар
жанасатын заттарға байланысты. Теріден көбінесе дөңгелек пішінділер:
стафилококкалар, диплококкалар, стрептококкалар, сарциналар анықталады.
Теріге топырақпен кейде көп мөлшерде бацилалар, зең саңырауқұлақтары және
саңырауқұлақтары түседі. Тері жабынының тазалығына байланысты, терінің 1см2
ауданынан оңдаған мың-нан 2млрд-қа дейінгі микроб жасушалар болады.
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы. Тыныс алу жолдарына микробтар
ауаның ең алғашқы порциясымен түседі. Микробтар саны көмекейдің және
кеңірдектің кілегей қабығында күрт азаяды, өкпе паренхимасында мүлдем
кездеспейді. Танау қуыстарында негізінен дөңгелек пішінділер мекендейді, ал
таяқша тәріздестер сирек кездеседі.
Ауыз қуысының микрофлорасы. Олар сан алуан және көбінесе азық
құрамына, жануардың жасына байланысты. Көпшілік жағдайда дөңгелек
пішінділер және таяқша тәріздестер жиі, ал имектелген түрлер сирек
кездеседі. Жануарларда егер шөптің ылғалдылығы көп болса онда, олардың ауыз
қуысында микробтар көп болады.
Аш ішек бөлімінің микрофлорасы. Ішектің тұрақты мекендеушілеріне
ішек таяқшасы, энтерококтар және кейбір топырақ бациллалары жатады.
Тоқ ішек бөлімінің және тік ішек микрофлорасы. Тоқ ішекте микробтар
өте көп. Тұрақты мекендеушілері: ішек таяқшасы, энтерококкалар, сүт
қышқылды таяқшалар, целлюлоза ыдыратқыш микробтар және бациллалар жатады.
Несеп шығару және жыныс мүшелерінің микрофлорасы. Жыныс мүшелерінің
кілегейлі қабықтарында сттафилококктар, стрептококктар, микрококктар,
дефтериоидтар, қышқылға төзімді микобактерияларды кездестіруге болады.
Несеп-жыныс жолдарының қалыпты физиологялық жағдайларына микрофлора тек
олардың сыртқы бөліктерінде ғана болады.
2. Олардың маңыздылығы.
Қалыпты микрофлора патогенді және шіріткіш микрофлораға қарсы
антагонистік қасиетке ие, ол сүт қышқылы, сірке қышқылы, антибиотиктер,
бактериоциндер өндіріп әсер етеді; аса жоғары биологиялық потенциалы
есебінен бөтен микрофлорамен бәсекелеседі.
Тұз-су алмасуына қатысады, ішектің газдық құрамын, ақуыз, көмірсу,
май қышқылдары, холестерин, нуклеин қышқылының алмасуын реттеуге, сонымен
бірге антибиотик, витамин (К,В тобы) т.б. сияқты биологиялық белсенді
қосылыстарды өндіруге қатысады. Экзогенді субстраттар мен метаболиттерді
усыздандыру (детоксификациялау) мен қорытуға қатысады, оны бауыр қызметімен
салыстыруға болады. Организмнің әртүрлі ағзалары мен жүйелері дамуында
морфокинетикалық рөл атқарып, шырышты қабықтардың физиологиялық қабынуы мен
эпителий алмасуына қатысады.
Ішекте канцерогенді заттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дисбактериоз туралы ақпарат
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы
Пробиотиктер, пребиотиктер және симбиотиктер
Құрғақ Bifidobacterium bifidum-ның қайта жандандырту жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа Bifidobacterium bifidum дақылдық өнім алу
Созылмалы іш қату синдромы
Ас қорыту жүйесінің патологиясы туралы
Өндірістік жағдайлар. Еңбек гигиенасы
Микробалдырлар туралы
Сыртқы жыныс мүшелерінің бейспецификалық қабыну аурулары
Дисбактериозды емдеу
Пәндер