Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның тұжырымдамасы


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
Университеті
СРО
Тақырыбы: Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның тұжырымдамасы Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері байқалады. Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты сезуі) - музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі. Күрделі музыкалық қабілеттілік - кәсіби музыкалық іс-әрекетінде (композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы, музыкалық дарындылығы осы аталған сұрақтардың ерекшілктерін, түрлерін реферат арқылы түсіндіре отырып түсіндіру
Орындаған: Бекенова. Т
Тексерген: Педагогика . Ғ. К доцент қ. п Султанова. Н. К
Семей 2015ж
Кіріспе
1. Музыкалық қабылдау
2. Музыкалық қабылдаудың түрлері
3. Музыкалық қабілеттілік
1 Музыкалық қабылдау - әлеумет-мәдениеттік және психологиялық-педагогикалық мәселесі
Музыкалық қабылдау музыкалық мәдениетте көп қырлы да маңызды:
1 - ншіден, композитордың, орындаушының музыка қабылдауының қорытынды мақсаты;
2 - ншіден, композициялық тәсілдердің, стилистикалық ізденістері мен жаңашылдықты бекітуі және таңдау құралдары тыңдармандардың сезінушілік қабылдауы және музыкалық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өзінің жанасуы;
3 - ншіден музыкалық қабылдау - оқушының музыкада алғашқы қадамынан композитор болу деңгейінің музыкалық әрекеті түрлерінің бірлігі: қандай да музыкант өз-өзінің тыңдаушысы.
Оқырманға, көрерменге, тыңдаушыға қазіргі мәдениеттің шыңы көпқырлы мәдениет «өнімінен» айырмашылығы бар. Көпқырлылығы әсіресе музыкада байқалады, тыңдаушыны өзіне бәсекеге тарту үшін жай ғана музыка жанрлары мен стилі, оның түрлері де жатады: классика, джаз, эстрада және рок-музыка.
Классикалық музыканың осындай «бәсекеде» жағдайы өте нашар. Бір жағынан ғасырлар бойы қалыптасқан классикалық музыка, атақты композитор-тұлғалар, дарынды музыканттар - композитор, орындаушы, дирижер, хормейстер т. б. халық компазиторлары. Бір жағынан бұл - мәдени мұра, жоғарғы рух, тарих, музыкалық сұлулықтың деңгейі, орындаушылық мүмкіншілігі (мемлекеттің қолдауы - концерттер, филармония, хор-оркестр, мекемеде симфониялық оркестрдің бары, академиялық хордың барысы т. с. ) . Бірақ мынандай жағдайды бәсеке деп айтуға болмайды, шамамен тыңдаушыны өзіне тарту, тыңдаушыны әсемдікті сезіне білуге, тәрбиелеуі т. с. с.
Ал енді классикалық музыканың басқа музыкадан кейін қалуы - ол өзімізге байланысты. Әліде де музыкаға демеушілік керек, тыңдаушыны, музыка сүйер адамды бала жастан тәрбиелеу - бұл қоғамның міндеті. Сондықтан, классикалық музыкаға кең мағынадағы 11 аудитория керек. Жоғары музыка әлеміне кіру үшін адамды музыкалық мәдениетке оқыту, тәрбиелеу. Ол деген: оқушыларды музыканы қабылдауына үйретуден бас тартпай, үлкен кісіні де тыс қалдырмай тыңдау мәдениетіне үйрету.
«Дәл, парапар қабылдау» (В. Мендушевский) деген ұғым пайда болды. Парапар қабылдау - музыкалық тіл, жанр, стиль және рухани- құндылық мәдениет принципі. Бұл - берілген шығарманы көркем мәдениеті тәжірибесінде қабылдау өнегелігі, үлгісі.
2. Музыкалық қабылдаудың түрлері
Музыкалық қабылдау адамның алдына бір-бірімен байланыстылық мақсатты қойып отыр:
- парапар қабылдауының шарты бойынша музыкалық тіл жетіктігін меңгеру; - түрлі музыкалық сауаттылығын меңгеру кезінде есту қабілетіне биіктік-ырғақтық қатынасының ұйымдастыру;
- музыканың тақырыптық дамуын байқауы, нұсқауы және қорытынды бөлімдерін экспозициядан айыруы;
- музыкадағы өзгерістерді білу
- тақырыптық ұқсастығы, айырмашылығы, бағыттылығы және өзінің санасында тыңдалған музыканың бейнесі.
Ағылшын психологы Вернон ЛИ: . . . музыканы қабылдауда адамдардың екі түрі болады: «тыңдаушы» және «тыңдай алатындар».
«Тыңдаушы», ол деген, адамның өзінде қабылдағаны бір нәрсе сияқты жылжиды, өзгереді, қүрделі рухы мен интелектуалды әрекетінің процесі. Ал, «тыңдай алатындар» керісінше, өңде елестету, зейіні музыкадан алыс кетуі.
Баланың музыка қабылдау зейіні екпініне, динамикасына, бояуына, артикуляцияға, фразаларға . . . қысқасы - орындаушылық құралдарға көп көңіл бөлінеді. Ал, үлкен кісілер музыкалық дамуда ашық, көрнекті бейнеге, музыкалық тақырыпқа, динамикалық және бояу кезеңдеріне көп көңіл бөледі.
Үлкен кісіге қарағанда балалардың музыканы қабылдауы келесі ерекшеліктерде:
- есту сезімі музыка бейнесінде биіктік-ырғақтық қатынасынан ерекше емес құралдардың басымдылығы;
- бейнелік сипатының синкреттік бөлінбегені, әуеннің барлық аспектісі сана - сезімде тұрақтанып, бір нәрседе қалыптасады (мысалы: музыканың бояуында; не екпін - ырғақтық жағы) ;
- үзінділік (бөлімділік) - музыка жүйелі бүтіндей қабылданады, бірақ жеке үзінділердің (бөлімдердің) бірлестік ретінде;
- қысқа фразаларды қайталауға құштарлығы, ол музыкалық ойдың бастысы және танымайтын шығармадан қорыққаны.
Бұның бәрі, баланың музыка қабылдау қабілеттігінің кейбір психологиялық - педагогикалық мәселесінің қалыптасуы.
3 Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық қабылдауының қалыптасуыәдістем елік аспектісі
Ол баланың психофизиологиялық ерекшелігі мен қасиетіне байланысты. Жас ерекшелігіне байланысты музыка мұғалімі балаларды музыка қабылдауға үйретеді, тәрбиелейді. Оқудың даму мен тәрбиесі баланың психологиялық дамуына бағытталады және музыка қабылдау да осы процестегі негізгі бағыттар анықталады. Қалыпты, дені сау бала зерделі, білгіш, оны бәрі (әр нәрсе) қызықтырады, зейіні көз тартады. Баланың таңырқауы: музыка қоршаған ортаны, адамдарды, жануар әлемін, түрлі көріністерді, табиғат көріністерін суреттейді; музыка көңілін ашады, жылатады, билейді, адымдайды, «өмірден» алынған көріністерді ойнайды . . . Мұғалім музыканың суреттеу- бейнелеу мүмкіншілігін балаға жеткізе білуі керек - бұл музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты, музыканы қабылдау қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуы болып есептеледі.
Бұл мақсаттар қалай шешіледі?
- оқушылардың қызығушылығын арттыру, қолдау, ұстап тұру деген мағына; - мұғалімнің сөзі - музыкалық көрінісін дәл, жанды айта білу (бірақ та - жүгіріп тұрған «зайчик», сайрап тұрған «птенчик», төмен ырылдап тұрған «мишка» деген сөздер болмасын) ;
- музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, сабақ бөлімдерінің кезектігін ауыстырып отырған жөн: - репертуардың маңыздылығы. Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, кезектігін ауыстырып отырған жөн. Музыка тыңдауда:
- кріспе сөзбен (қысқа да нұсқа, маңызының байлығы, балаларды қызықтыру, композитор туралы, шығу тарихы, кезеңі, шығармашылық тапсырмалар беру және де қандай да болсын диалогқа ынталандыруы қажет: өз пікірі қалыптасады, өзінің позициясы тұрақталады) ;
- ән орындау, үйрету, қайталау, еске салу т. с. (хор, ансамбль, жеке, әдебиет мәтінімен байланысы, жас ерекшелігі, репертуары, диапазоны т. с. ) ; 13 - қарапайым аспаптарда орындау (бір топ аспап - шулы-соқпалы аспаптар, екінші топ - сыбызғылыр, блокфлейталар, ксилофондар, металлафондар, сырнай, домбыры т. с. ) ; - аудиотаспа, бейне таспаны қолдану (сонда да жанды орындау бірінші қатарда тұр) ; - теориялық негіздері (биіктігі, ұзақтылығы, бояуы, екпін, ырғақ, музыкалық терминдер, жанрлар, аспаптар т. б. ) ; Ең негізі - көркем - бейнелік ойлауына, эмоциялық атмосфераға, қызығуына, эстетикалық талаптарға т. б. оқушыға жан жақты өсуіне, дамуына жағдай жасау.
2. 4 Музыкант және музыкант емес: қабылдаудың түрлері және дамуының айырмашылығы Музыкалық қабылдаудың музыкалық қабілетінің негізгі даму жолдары, нақты мақсатқа жету үшін педагог-музыканттың кәсіби деңгейлігі - ол: бірінші рет естілген музыкалық шығарма болашақ музыканттың шығарманы партитура ретінде (түрінде) елестетуі. (Үлгі: Моцарт, эксперимент: №40 симф. 9 түрі ойналды, ауыстырды, батыс түрі, т. с. ) . Табиғат берген есту сезімі әртүрлі деңгейде дамиды, жағдайға байланысты. 2. 5 Композитордың қабылдауы - музыкалық қабылдаудың ерекше түрі Музыкалық қабылдаудың даму жолындағы әдіс - тәсілдерінің негізгі жолы - өзі музыка жазуы. Композитор - бұл музыкант, жоғарғы деңгейдегі музыка қабылдауының эстетикалық сапалылығының көрсеткіші. Композитор - жоғарғы деңгейдегі кәсіби-музыкант, композиторда музыканы қабылдауының сапалығының көпшілігі жоғары түрде көрінуі (эстетикалық қабылдаудың бағыты музыкалық процесінің, музыкалық ойының біртұтастылығы, қорытындысы ретінде) . Моцарт былай депті: . . . мен музыкалық шығарманы біртұтастай, бір көріністен байқаймын. Шығарманың музыкалық идеясы болу керек, оның негізгі түйіні, ортасы, сол ортада өзінің ойын, шығармашылығын әкелуі. «Музыканы қалай жазу керек? . . . ол музыкаға айналғанша, мен өз уайымымды ішімде сақтай жүрем және де уайымым бірнеше рет музыка болады . . . ». Тыңдалған, уайымдалған әлем композитордың ойында, сезімінде жүреді, шығармашылық материал іздеуінде болады да табады. Композитордың қабылдау сапалығы - эстетиканың ұлғайюы, музыкалық тұтастылығының логикасы, ұйқастық сезімі, ерекше есту 14 сезімділігі, қабылдаудың шығармашылық белсенділігі. Осы айырмашылықтар мен ерекшеліктер арқылы қабілеті мен дарындыны сезуге болады. Музыка сабағында композициялық, шығармашылық кезеңдер ойынмен ашылатыны дәлелденген. Ойнау арқылы балалар түрлі шығармаларды, әуендерді, әндерді т. б. әуенді шығара (жаза) алады (музыканы олар ертегі, аңыз, мультфильм, ойыншықтар, хайуанаттар арқылы тез қабылдайды) . Ол үшін балаларға музыкалық сауатының негізін үйрету, көрсету керек: қарапайым норма, қатегория, өнердің заңдылықтары т. б. Әуен үнемі қозғалыста: дамуда, жоғары, төмен, бір жерде, дыбыс биікте, төменде, бір жерде, қатты, ақырын, ырғағы бар екен, екпіні, көңілді, мұңды, тез және баяу музыка болады. 2. 6 Музыкалық қабылдауды тереңдету барысындағы интонациялық (дыбыс биіктілігі) - әуенді есту сезімі және оның ролі Музыканың алғаш шығуы - ол интонация, дәлірек айтса - интонациялық әуенді есту қабілеті. Ал, әуен - құрастырылған дыбыстардың бірізділігі және музыкалық ойдың бейнелеушілігі. Сондықтан, интонацияны-әуенді есту қабілеті - адамның музыканы қабылдау қабілеті, интонациямен ішкі сезімнің логикалық түрде қауымдасқаны, байланысқаны, біртұтастылыққа біріккен көркем образдардың түрлері. Интонацияны - әуенді есту қабілеті іс-әрекеттің кездейсоқ, алғашқы кезіндегі түрлерінде қалыптасады (музыка тыңдаудан басталады) және музыкалық құбылысты қабылдау қабілетін дамытады (мектеп жағдайында), ал жоғары оқу процесінде - жоғары деңгейдегі дамулық, нәзіктілік, саққұлақ интонацияны-әуенді есту қабілеті талап етіледі . . . интонацияны-әуенді есту қабілеті орындаушылық әрекетте қалыптасады, дамиды. Негізгі мәнерлеушілік құралдарының бірі - интонация, оны қалай сезінемін, оны қалай жеткіземін . . . оған музыкалық-орындаушылық мазмұны жатады. Орындаушылық әрекетіндегі музыка интонацияны-әуенді есту қабілеті интервалдарды алғыр қабылдауына байланысты. Ал әуенді интервал музыкалық жүрісіндегі үрдіс, мықшыңдаудың дәрежесі (степень напряжения) . Қорытындыласақ, интонацияны-әуенді есту қабілетінің кемелдігі, жаңа сапалылығы - оқушылардың музыкалық-есту әрекетінің белсенділігі, оның мықшыңдауының дәрежесі, әсерленушілігі мен музыкамен шұғылдану белсенділігі.
2 Музыкалық қабілеттілік
1 «Музыкалық қабілеттілік» түсінігі. «Музыкалық әесқойлық» музыкалық қабілеттерінің жиынтығы мен олардың синтезі Музыкалық қабілет - адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы) . Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді. Музыкалық қабілет - жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің» сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы. Музыкалық дарынды адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады. «Амузия» деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын, ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі - ой-сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі) . Қабылдай ала алмайтындығы - адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы болмағандықтан. Адамда бірдеме бар (задатки) - адамдардың қаблеттілігінің табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын) . 3. 2 Музыкалық қабілеттің құрылымы. Музыкалық қабілеттің деңгейі. Музыкалық қабілет кешенін ауыстыру, өтемақысы Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді. Бірақ та осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не? 16 Н. А. Римский-Корсаков: . . . музыкалық қабілетке . . . ырғақтық және гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т. с. с. Б. М. Теплов: . . . сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ сезімі. Америкалық психолог К. Сишор: . . . қандай да болсын музыкалық қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі. Неміс психологі Г. Ревеш: . . . музыкалық қабілет - ол жай ғана есту сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа орындауы, шығармашылық қиялы. Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда - жеке психологиялық функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы, әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде (жеке, оркестрде) . Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер, сыбызғышы, не пианист пе? Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері байқалады. Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты сезуі) - музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі. Күрделі музыкалық қабілеттілік - кәсіби музыкалық іс- әрекетінде (композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы, музыкалық дарындылығы. Сондықтан айтуға болады - қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы болады. Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі) : - білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі - парақтан нотаны оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді құрайды) ; 17 - жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады (тиянақты, дәл жоспарлауы, бірізділігі, мақсат бағыттылығының әрекеті) ; - өтімінің (компенсация) қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі) ; музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура-гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz