Қ.жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СОБӨЖ

(Студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы)

Тақырыбы: Қ. Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдары.

Орындаған: Бейсекеева Ж. М.

Тексерген: Ахметова Г. С.

Топ: Қ-417с

Семей, 2015

Қ. Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдары.

Кез келген ғылым саласының бастауында ғасырлар бойы маңыздылығын жоймайтын, уақыт өткен сайын, іздене үңілген сайын келер ұрпақ тың ой, терең пайымдау, жаңа білім табатын ғұмырлық еңбектер болатындығы белгілі. Мұндай еңбектердің қатарына ХХ ғасыр басында-ақ қазақ тіл білімінің негізін қалауға айрықша үлес қосқан аса көрнекті тілші-ғалым, профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың зерттеулері жатқызылады.

Қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры Қ. Жұбанов 1937 жылдың қараша айын­да нақақтан-нақақ, «халық жауы» ретінде тұтқындалып, содан жыл өте, 38-ге енді шыққан кезінде ату жазасына кесілген болатын. Аз ғұмыр, қысқа уақыт ішінде қазақ филологиясына мол үлес қосып, қомақты мұра қалдырған талантты ғалымның еңбектері 1937 жылдан кейін жарық көрмей, 20 жыл бойы жұртшылық назарынан сырт қалып келген еді. Тек 1957 жылы Құ­дайберген Жұбановтың азаматтық құ­қығы қалпына келтіріліп, ғалымның қазақ тілі жөніндегі зерттеулерін оқыр­ман қауымына ұсынуға мүмкіндік туды. Профессор Қ. Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын тұңғыш зерт­те­ген жұбановтанушы, академик Рәбиға Сыздықтың сөзімен айтсақ: «… өзінің табиғат берген бітімімен, Алла Тағала сыйлаған ақылды-парасаттылығымен, үлкен таланттылығымен, ата-анасы мен тәрбиесінен келген қабілеттілігі­мен, алған білім-танымымен елден ерек тұрған біртуар (феномен) тұлға» өзінің аз жасаған ғұмырында ғылым үшін баға жетпес класси­калық зерттеулерін мирас етіп қалдырды.

Абай атындағы Қазақ педа­гогика­лық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мең­герушісі, Халық ағарту комиссариаты коллегиясының, Ұлттық мәдениет институтының ғалымдар кеңесінің мүшесі, КСРО Ғылым академиясы Қазақстан филиалы үлкен ғылыми кеңесі мен Прези­диумының мүшесі, Әдістеме, бағ­дарламалар мен оқулықтар секторының меңгерушісі, Халық комитетінің оқыту-әдістемелік кеңе­сінің КазФАН-ның тіл және әдебиет секторының жетекшісі, Республика­ның Мемлекеттік тер­минологиялық комиссиясының А. Байтұрсынұлынан кейінгі тө­рағасы, Бүкілодақтық жаңа әліпби орталық комитетінің мүше­сі, Кеңестің бүкілодақтық XVI съезінің делегаты, КазЦИК мүшесі Құдайбер­ген Қуанұлы Жұбановтың осыншама ғылыми, мәдени-әлеуметтік маңызы зор міндеттер мен жауапты қызметті атқара жүріп, мұншама терең, іргелі зерттеулерді қатар жүргізіп отырғанына қайран қаласың, мақтан тұтасың, үлгі етесің.

Неміс, араб, парсы, моңғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдерін меңгерген полиглот, түркі тілдерінің тарихы бойынша өз зерттеулерінде руна жазулы, ескіұйғыр жазулы, араб жазулы ескерткіштерді, моңғол, тұңғыс-манжұр, қытай, жапон тілдері мате­риал­дарын, араб, парсы мәліметтерін, Еуропа тілдерінде жазылған әде­биеттерді молынан пайдаланған еу­ропалық деңгейдегі лингвист, профессор Қ. Жұбанов терең білімі мен зердесін, қажыр-қайратын, еңбегін қазақ тілінің сол кезеңдерде шешімін таппай тұрған жазу (әліпби және орфография), терминология, әдістеме, тілі білімінің фонетика, лексикология, грамматика (морфология және синтаксис) салаларының көкейтесті мәселелеріне арнады.

Қ. Жұбанов ғылым тезіне түсіп таразыланған тұңғыш грамматика оқулығы мен қазақ тілінің мемлекеттік бағдарламасын жасады, қазақ тілта­нымы саласында академиялық сипат­­тағы алғашқы монографиялық зерттеудің авторы болды. Сондай-ақ ғалымның 1930 жылдардан басталған Қазақстандағы терминологиялық жұ­мыс­тарды ұйымдастырушы, қазақ тер­минологиясының Кеңес дәуіріндегі дамуының бағытын белгілеуші екен­дігін атап айтуымыз керек. Сонымен қатар ғалымның әдебиеттану, мәдениет пен өнер туралы жазған құнды зерттеулері мен пікірлері бір төбе.

Бірнеше ғылыми моногра­фиялық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдардың, мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған бағ­дарламалардың авторы, жаңа латын әліпбиінің негізгі авторларының бірі, кең ауқымды түркітанушы ғалым ретінде Қ. Жұбанов болашақ ұрпаққа зор ғылыми мұра қалдырды. Осы мол мұра ғалым есімі ақталғаннан кейін алғаш 1966 жылы 2400 данамен, екінші рет 1999 жылы туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдар кеңесінің ұйғарымымен қайта жаңғыртылып, толықтырылып, «Ғылым» баспасынан 600 данамен жарыққа шыққан болатын. Алайда бүгінде аталмыш туындылар кітапханалардың өзінде сирек ұшырасады. Өйткені мұндай еңбектердің әр басылымын қажетсініп, көздің қарашығындай сақтайтын өз оқырмандары бар. Сондықтан да Қ. Жұбановтың еңбектерін мүмкін­дігінше толықтырып, дүркін-дүр­кін жұртшылыққа ұсынып оты­руды дәстүрге айналдыру игілікті ша­ралардың бірі болмақ.

Осы мақсатпен «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деп аталатын еңбек ғалымдар, студенттер мен көпшілік қауым назарына 1999 жылғы жарық көрген кітап негізге алынып, ғалым Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың туғанына 110 жыл толуына арналып қайта ұсынылып отыр. Ғалымның зерттеу нысанына іліккен салалардың әралуандығы ескеріле отырып, кітапқа енгізілген еңбектерді орналастыруда хронологиялық тәртіп ұсталынбай, тақырыптық ұстаным басшылыққа алынып, материалдар тақырыбына қарай алты бөлімге бөлініп берілді, олардың алдыңғы төртеуі - қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы; әдебиет, мәдениет және өнер; әліпби, емле, терминология; оқу бағдарлама­лары мен әдістеме мәселелеріне арналған қазақ тіліндегі жарияланымдар да, ал соңғы екеуі - орыс тілінде жазылған еңбектер.

Шығарма мәтінін беруде, не­гізінен, сол кездегі автор қолданған орфографиялық және пунктуация­лық рәсімделу сақталғанымен, қазіргі оқырманға, әсіресе жас буын зерттеушілерге түсінікті болуы үшін ішінара өзгерістер енгізілді. Кітаптағы мысалдар, көбінесе, қазіргі графикамен берілді, ал латын жазуы кезіндегі қазақ емлесі туралы жазылған мақалалардағы мысалдар мен жеке әріп-таңбалары мақсатты түрде латын қаріптерімен терілді.

Кітаптың соңында берілген «Қосымшада» филология ғылым­дары­ның докторы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе универ­си­тетінің профессоры әрі кафедра меңгерушісі қызметін атқар­ған Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың «Қ. Жұбанов тартқан тілтану желілері» атты био-биб­лиографиялық зерттемесі (педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шамғали Харесұлы Сарыбаевпен сұхбаты) ; Қ. Жұбанов өмірінің негізгі кезеңдері туралы қысқа­ша мағлұмат (қазақша және орысша), ғалымның жарияланған еңбектерінің хронологиялық көр­сеткіші және ғалым туралы, оның еңбектері жөнінен жарық көрген мақалалардың тізімі беріліп отыр. Бұл тізім профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов­тың туғанына 100, 105, 110 жыл толуына орай республикамыздың түрлі қалаларында өткізілген халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда жасалған баяндамалар мен ғалымның қазақ және түркі тіл білімі салаларына қатысты зерттеулеріне арналған ғылыми мақалалармен толықтырылғандығын баса айтқымыз келеді. Сондай-ақ оқырманға ыңғайлы болу үшін кітапқа енгізілген тақырыптар басылым мазмұнында толық берілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүнісбек - қазақ тілтанымындағы реформатор ғалым
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалу қоры
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар
Қ.Жұбановтың тілдік мұрасы
Қазақ жазуының тарихы
Құдайберген Жұбанов қарастырған тіл білімінің салалары
Қазақ тілінің орфографиясы. Жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құрал
ЛАТЫН ТІЛІНЕ КӨШУДІҢ САЛДАРЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz