Жүктердің таңбалануы. ыдыс пен ораманы қолданудың тиімділігі туралы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №3
Тақырыбы: «Жүктердің таңбалануы. Ыдыс пен ораманы қолданудың тиімділігі»
Орындаған: Базарбай Т. С
Тобы: ОП-413
Тексерген: Жумадилова Г. А
Семей
2015
Жоспар:
I Кіріспе
1. 1 Жүктердің таңбалануы
II Негізгі бөлім
2. 1 Таңбалау мен этикеткаларды түсіру мақсаты
2. 2 Жүктер маркировкасындығы арнайы нұсқаулар
2. 3 Ыдыс пен орама тиімділігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Тарамды жүктерді тасымалдауда олар таңбаланады. Таңбалау - жүкке арнайы белгілермен және жазулармен жазылады. Олар тауарлы, жүкті, көлікті және арнайы болып келеді. Жүктерді ыдыспен немесе орамамен және майда даралы жүктерді ұсақ жөнелтімдермен тапсыру кезінде жүк жөнелтуші әрбір жүк орнын мемлекеттік стандарттарға сәйкес алдын ала таңбалауы тиіс. Таңбада: жүк алушының толық немесе қысқартылған атауы; бару орны мен пункті; жүк бірлігінің салмағы (брутто және нетто) көрсетілуі тиіс. Тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарда келтірілген деректер таңбаға толығымен сәйкес келуі тиіс. Таңбалау ыдыста немесе жүкте шаблон бойынша бояумен, штампылаумен немесе таңба соғумен жүргізілуі мүмкін. Таңбалау орамада шартты белгілермен (таңбалармен), айқын жазумен, әріптермен, сандармен немесе суреттермен (нышандармен) жасалуы тиіс. Таңбаның түсі ыдыстың немесе жүктің түсіне қарама-қарсы болуы тиіс. Жүк орындарының таңбасы анық, түсінікті және берік болуы тиіс. Таңба өшірілмейтін және қабыршақтанбайтын, күн сәулесіне төзімді, кез келген бетте жақсы ұсталатын және сумен шайылмайтын бояумен жасалуы тиіс. Таңбалық жапсырмалар қағаздан, қатырмадан, матадан, фанерадан, металдан, пластмассадан жасалуы мүмкін. Жапсырмалардың беті ауа-райы жағдайларының әсеріне шыдамды болуы тиіс. Жапсырмаларға таңба төмендегідей тәсілдердің бірімен қойылуы тиіс:
-типографиялық
-машинкамен басу
-траферат бойынша штемпельдеу
-жаншу
Қағаздан және қатырмадан жасалған жапсырмалар ыдысқа желіммен бекітілуі тиіс. Матадан жасалған жапсырмалар тігілуі тиіс. Фанерадан, металдан, пластмассадан жасалған жапсырмалар бұрандармен, бұранда шегелерімен, шегелермен бекітілуі тиіс. Жапсырмаларды фанера, қатырма және қағаз жәшіктерге қағуға рұқсат етілмейді. Жапсырмаларды жүктерге сыммен бекітуге, басқа бекіту тәсілі мүмкін болмағанда рұқсат етіледі.
Таңба:
1) жәшіктерде - бүйір жақтарының біріне;
2) қаптар мен теңдерде- кең жақтарының біріне;
3) арнайы таңба екі шектес жаққа салынады.
1. 1. 1-сурет Жүктердің таңбалануы
Таңбалау мен этикеткаларды түсіру мақсаты көліктік экспедиторлық агенттіктің жүкті ақырғы клиентке бағыттауға арналған жіберілімді толық көлемде сипаттау болып табылады. Егер таңбалау немесе этикетка анық болмаса немесе өшіріліп қалса, жүктің жіберілімі кідіріп калады, не басқа маршрутпен бағытталады. Сондықтан қаптамада ішіндегі жүктің құрамына байланысты керекті таңбалау немесе этикетка болуы қажет. Ескі белгілер мен таңбаларды өшіру керек. Таңбалаудың мақсаты келесі міндетті талаптарды нақты түрде көрсету болып табылады:
1) әрбір жіберілген жүктік бірлік нақты жолмен бағытталуы және тағайындалған жеріне жетуі;
2) сақтау, тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары мен буып-шешу кезінде жүктік бірлікпен ұқыпты қарау;
3) жүк жинақы және сақтаулы болып жетуі қажет.
Жүктік бірліктердің түрлері келесілер:
1) қаптамадағы жүк;
2) қаптамасыз жүк немесе жартылай капталған;
3) бума түрінде байланыстырылған қаптамасыз бірнеше жүк бірлігі;
4) қаптамадағы пакетті құрайтын бірнеше жүк орны.
Жүкті дұрыс, нақты таңбалау тасымалдау үрдісіндегі сапаның сақталуымен жылдам жеткізудің кепілі болады. Көліктік тараның таңбалануы МЕСТ 14192 - 77. Жүктердің таңбалануы тәртіппен белгіленеді. Бұл стандарт сақтау, тиеу-түсіру жұмыстары мен барлық көлік түрімен тасымалдау кезінде жүгі бар көліктік қаптаманы таңбалаудың ережелерін бекітеді. Бұл МЕСТ қауіпті, тез бүлінетін және ерекше гигиеналық немесе карантиндық шарттарды қажет ететін жүктерге, сондай-ақ жарнамалық сипаттағы таңбалауға қатысты емес. Таңбалауда ерекше жазулар бар болуы, керек жағдайларда ескертпелі белгілері болуы қажет. Ерекшелік жазу негізгі және қосымшадан тұрады. Негізгі жазулар - бұл қабылдаушының аты мен тағайындалу жері.
Қосымша жазуларға: жүктік орын брутто мен нетто массасы- килограммдағы, жүктік орынның өлшемі - ұзындығы, ені және биіктігі, егер олар 1 м-ден асатын болса;
- жіберушінің аталуы;
- жіберілген жері;
- әрбір жүк орнының реттік орны мен жүк орындарының саны - бөлшек арқылы;
- жөнелтушінің белгілері - қапталған өнімнің шартты белгілері бөлшектің алымында реттік номердің алдында.
Ескертпелі белгілер жүкпен айналысудың дұрыс амалдарын көрсету керек а) - «АБАЙЛАҢЫЗ, ТЕЗ СЫНҒЫШ!»; б) - «ІЛМЕКТЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ АЛМАУ»; в) - «ҮСТІН БАСПАУ»; г) - «ҚЫЗУДАН ҚОРҚАДЫ»; д) - «СТРОПТАУ ЖЕРІ»; е) - «ЫЛҒАЛДАН ҚОРҚАДЫ»; ж) - «АУЫРЛЫҚ ОРТАСЫ»; з) - «ГЕРМЕТИКАЛЫҚ ҚАПТАМА»; и) - «СӘУЛЕЛЕНУДЕН ҚОРҚАДЫ».
Жабық жылжымалы құрамда жүкті тасымалдау кезінде қаптаманы таңбалау үшін қағаз, картон немесе жұқа тақтайшалы жарлықтар қолданылады. Жүкті ұзақ сақтау жағдайында таңбалауды тікелей қаптамаға түсіруге болады.
Ұсақ және аз тонналық жіберілімдермен жүкті тасымалдауға жалпы қолдану жерлерінде қабылдағанда жіберушімен таңбалауды түсіруден басқа жіберу станциясы немесе жүк жіберуші әрбір жүк орнында теміржолдың таңбалауды түсіреді. Онда бөлшекпен: алымында -жүктерді жіберуге қабылдау кітабының реттік номері және сызықша арқылы - орындардың саны; бөлімінде - жіберу жолының шартты номері және сызықша арқылы - жіберу станциясының шартты номері көрсетіледі. Теміржолдық таңбалау, шарт бойынша, жіберушінің таңбалауы түсірілген жағында түсірілуі қажет және жүкқағазда белгіленуі керек.
Ашық жылжымалы құрамда немесе теңіз көлігімен тасымалдау кезінде таңбалауды анық түрде шайылмайтын бояумен тікелей қаптамаға немесе металдық жарлықтарға түсірілуі қажет. Қолмен таңбалау болмайды. Таңбалау үшін қара лак және сәйкес маркалы эмальдар ұсынылады. Соңғы кездері жүктерді таңбалауға арналған өндірушілік үрдіске тез еніп келетін техникалық құрылғылар пайда болды. Олардың арасында қаптама заттарын таңбалау мен кодтау кезінде ірі шрифтті түсіру контактсыз тәсілді LСР/1000 жүйесі және қаптаманы таңбалауда бояғыштардың қолдануынсыз жаңа тәсілді болдыратын Lasermark құрылғысы.
Лазерлік таңбалау құрылғысы ас, химиялық және басқа өнеркәсіп салаларында қолданыла алады. Экспортқа жіберілетін жүктердің қаптамасын таңбалау тапсырыс-жолдамада берілген үлгіге сәйкес түсіріледі. Экспорттық жүктерді тропикалық түрінде жеткізу кезінде қаптамада қызыл бояумен шеңбердегі «Т» әрпін және шеңбердегі қаптау уақытын: алымы - айы, бөлімі - жылы. «Т» белгісінің өлшемі - 50 мм, ай мен жыл сандары- 30 мм.
Теңіз көлігінің қатысуымен қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде таңбалау мен жарлықтар Қауіпті жүктерді теңіз тасымалдаулар ережелеріне сәйкес болуы қажет, ал теміржолмен тасымалдау кезінде - Қауіпті жүктерді теміржолмен тасымалдау ережелеріне.
Қазіргі уақытта таңбалау тауарлық, жөнелтушілік, арнайы және көліктік болып бөлінеді. Жөнелтушілік, тауарлық және арнайы таңбалау жіберушімен, ал көліктік тасымалдаушымен немесе агентпен түсіріледі.
Сатып алу келісім шартына байланысты әдетте таңбалауда келесі мәліметтер болады:
- тауарлық - тауардың аталуы, зауыттық орама, тапсырыс пен жолдама номері, сорт, шығару уақыты;
- жөнелтушілік - жіберу мен тағайындалу пункті, жіберуші мен қабылдаушы атаулары, орындар жалпы саны, брутто мен нетто массасы;
- көліктік - бір көліктік құжатпен тасымалданатын партиядағы орындар саны, партиядағы жүк орнының реттік номері;
- арнайы - сақтау, тасымалдау, қайта тиеу, пайдалану кезінде тауармен айналысу амал-тәсілдерін көрсететін ескертпелік жазбалар мен белгілер.
Төмендегі тізімделген шаралар жүк жөнелтушілерге таңбалауды, этикетканы түсіруді сәтсіз қолдану кезінде тауардың ұрлығын болдырмайды:
· неғұрлым құнды және оңай ұрланатын жүктердің ішіндегісін (мысалы, фото- және видеотаспа немесе қозғалмалы аудио- және видеоқұрылғылар) жарнамалық немесе басқа да сыртқы этикеткамен айқындауға болмайды. Танымал компаниялар мен өнімдерге ұрлықшылардың назарын аударатын фирмалық жарнамалар бұған шақыру болып табылады;
· көліктік фирмаға жөнелтер алдында әрбір жүк жіберілімі анық, айқын және сенімді түрде тек қана бір жүкжөнелтушінің, бір клиенттің атымен және мекен-жайымен таңбалануын алдын ала және мұқият тексеру қажет;
· әрбір қаптаманы жүк бірлігін классификациялық анықтамаға және транспорттық кәсіпорындардың тарифтеріне этикеткамен не жарлықпен белгілеу қажет;
· тез сынғыш жүктерді (мысалы, шыны) бұл жүктің сипаттамасына бағыттайтын көрінетін жарлықтармен таңбалау ұсынылады;
· егер олар қажет болмаса ескертпелік белгілері бар контейнерлерге тапсырыс беру қажетсіз;
· жүк жіберілімдерінде тапсырыс бойынша қозғалу үшін әрбір сыртқы қаптаманы оны жөнелтушілік тапсырыста және тасымалдау келісім-шартында белгілеп айыратын нышанмен немесе номермен сәйкес таңбалау қажет;
· экспорт пунктындағы комиссионер немесе агент, сондай-ақ экспортталатын жүкті қабылдаушының тегі мен мекен-жайын көрсету қажет;
· жақсы желіммен этикеткаларды қаптамаға сенімді болатындай жапсыру керек;
· мүмкіндігінше ұсталған қаптаманы қолдануды болдырмау. Оны қолданған жағдайда ескі этикеткалар мен таңбалауды өшіру қажет;
· қаптаманы бағыттаған кезде мимеографтарды немесе трафарет типті басу құрылғыларын қолданбау ұсынылады. Бұндай құрылғылар қиын ажыратылатын мекен-жайларға міндетті түрде әкеп соқтырады;
· ерекше қарауды немесе қоймалауды қажет ететін жүктері бар қаптаманы сәйкес келетін таңбалаумен жабдықтау қажет. Бұндай ақпарат тасымалдау шартында да көрсетілуі керек;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz