Картоп ісігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Картоп ісігі
Дайындаған: Болысбеков М. Н.
ЛД-211тобы
Тексерген: Сагандыков С. Н
Семей 2015
Кіріспе
Картоп
Картоп аурулары
Аурудың негізгі белгілері
Картоптың қара мойнағы
Қортынды
Қолданған әдебиеттер
Картоп , картофель ( немісше Kartoffel ), түйнекті алқа, ақтүйнек - алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.
- 150-ге жуық түрі белгілі.
- Отаны - Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары.
- Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі.
- Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі.
- Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.
- Биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ темп-расы 5 - 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы темп-ра 10 - 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал -1 - 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 - 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. К. түйнегінде 23, 7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17, 5% крахмал, 0, 5% қант, 1 - 2% ақуыз, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар. Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 - 200 ц өнім түседі. К. тағам, мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады.
Картоп аурулары - картоп дақылында саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар және микоплазмалар қоздыратын өсімдік аурулары. Олардың ішінде республикада аса кең таралып, көп зиян келтіретіндеріне фитофтороз, альтернариоз, макроспориоз, түйнектердің актиномикозды және қара таз қотырлары, сақиналы және фузариозды шіріктері, әр түрлі вирустар мен вироидтар және микоплазмалар қоздыратын аурулар жатады. Картоп фитофторозын төм. сатыдағы оомицеттер (Oomycetes) класына жататын Phytophthora іnfestans саңырауқұлағы қоздырады. Ауру белгілері
Алғаш жапырақ ұштарында қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Кеселдің дамуына жағдай қолайлы болса, жапырақ тақталары мен сабақтарында бір-бірімен ұласып жататын, қоңырқай немесе қара қоңыр үлкен дақтар пайда болып, олар тез арада солып, қурап кетеді. Ауа өте ылғалды, жаңбыр мол жылдары дақтардың үстінде ақшыл сирек ұлпа түзіледі. Ауру қатты өршіген жағдайда. Картоп егісі бар-жоғы бір-екі аптаның ішінде қарайып, толық қурап, ал жаңбыр мол болса шіріп кетуі мүмкін. Фитофтороз картоптың түйнектерін де залалдайды. Онда ішке қарай тереңдей беретін қоңырқай дақтар пайда болады да, түйнектер сақтау кезінде толығымен немесе жартылай шіриді. Бұл ауру республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда және солт. өңірде жиірек кездеседі. Ол жаз айлары жаңбырлы және салқын (15 - 17°С), ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары (70 - 80%) болса қатты белең алады. Альтернариоз және макроспориоз (ауру қоздырғыштары Alternarіa solanі Neerg., Macrosporіum solanі Ell. et Mart. ) фотосинтез процесінің екпінділігі төмендейді, осының салдарынан картоптың түсімділігі кемиді. Актиномикозды қотыр және қара таз қотыр түйнектің беткі қабатын, ал сақиналы шірік оның ішін залалдайды. Алғашқылары республикамыздың орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында кең таралған. Кей жылдары олар картоп түсімділігін едәуір төмендетеді. Соңғысы республикада сирек кездеседі. Саңырауқұлақтар қоздыратын картоптың аса зиянды ауруына түйнектердің фузариозды солуы мен шірігі де жатады. Соңғысы картопты қоймаларда сақтау кезінде дамып, жиналған өнімді біраз ысырапқа ұшыратады. Ауруға, көбінесе жиын-терін кезінде жарақаттанған түйнектер бейім келеді. Сақтау кезінде қойманың темп-расы жоғары, ауа дымқыл болса ауру қатты өршиді. Картоп вироздарын А, Х, S, М, L вирустары қоздырады, көбінесе дақыл 2 - 3 вируспен бір мезгілде залалданады.
Аурудың негізгі белгілеріЖапырақтың қатты дақтануы, қатпарланып бұйралануы, түтікше тәріздес оралуы, ширатылуы және өлуі. Жапырақтардың жолақ мозаикасы ауруын У-вирусы қоздырады. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің сабақ буынаралықтары қысқарып, оның өсуі баяулайды, жапырақтары ширатылып қурай бастайды. Вегетация кезінде кесел бір өсімдіктен екіншілеріне өсімдік биттері арқылы таралады. Жапырақтардың түтікше ширатылуын картоптың L вирусы қоздырады. Залалданған дақылдың түйнектері өте ұсақ және олардың өскіндері көп әрі нәзік келеді. Вирус түйнекте сақталады, вегетация кезінде ауруды шабдал биті таратады. Жапырақ мозаикасын М-вирусы қоздырады, жапырақтар хлорозданып, олардың жүйке аралықтары жолақтанады әрі әжімделеді. Вирус түйнекте сақталады. Вегетация кезінде картоп жапырақтары бір-бірімен түйіскен кезде кесел шырын арқылы жұғады және өсімдік биттерімен таралады. Теңбіл мозаиканы Х-вирусы қоздырады. Жапырақ жүйкелерінің аралығында сарғылт теңбіл дақтар ретінде байқалады. Инфекция түйнектерде, кейде латентті (көзге байқалмайтын) жағдайда сақталады.
Күресу шаралары Фитофтороз және басқа да саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға қарсы күресу үшін түйнектерді отырғызар алдында беномил, фундазол немесе фенорам препараттарының бірімен бүріккен дұрыс (2 т-ға 1, 5 - 2 л препарат жұмсалады) . Вегетация кезінде фитофтороз, макроспориоз, т. б. аурулардың дамуын тежеу үшін егістікті 1 - 2 дүркін ридомол, ридомол голд, даконил фунгицидтерінің бірімен (га-ға 2 - 2, 5 л) бүрку қажет.
Картоптың қара мойнағы.
Қара мойнақ түйнектерде де, танаптағы өсімдіктерде де байқалады. Ауру өсімдіктердің сабағының түбі қарайып, шіріп кетеді. Осы сабақтағы жапырақтар алғашқыда ақшылданып, кейін сарғайып кеуіп қалады. Ауруға шалдықңан сабақтар топырақтан жеңіл жұлынады. Ауруды өскіндер жер бетіне шыққаннан кейін байқауға болады. Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады. Ауру өсімдіктердің 2-3 сабақтары ғана болады. Ылғалдылық жағдайында жапырақтар кілегейленіп, қоңыр дақтар мен жарықшалар пайда болады. Егер ауру сабақты көлдеңінен кессек бактериялардың бітеп тастауынан өткізгіш ұлпалардың қарайып кеткендігін көруге болады.
Қара мойнақты тудыратын бактериялар тұқыммен тарайды. Аурудың дамуына 15-18° С ауа температурасы мен топырақтың жоғары ылғалдылығы қолайлы. Танапта тікелей топыраққа түскен бактериялар сақталмайды, ал өсімдік қалдықтарында олар шірігенге дейін ғана сақталады. Ауру топырақта болатын тақта мұртты қоңыздар мен шірінді шыбындарының дернәсілдерімен және кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарымен тарайды. Күресу шаралары: отырғызу үшін салмағы 50 г. шамасындай сау түйнектерді іріктеп алады; көктетіп өсіреді және өскіндері нашар түйнектерді алып тастайды. Картоп отырғызылған алқапқа фитосанитарлық тазалау жүргізеді, ал жинағанда жапырақ пен сабақтардың түйнектермен араласуына және түйнектердің механикалық зақымдануына жол бермейді. Қажет болғанда «Тізім…» бойынша фунгицидтерді қолданады. Картоптың сулы шірігі. Ауруға шалдыққан түйнектер бастапқыда ақшыл, кейін қара қоңыр түсті болады. Зақымданған жерлерде сары қоңыр кілегей зат түзіледі, ал түйнектің қабығы көбінесе сау күйінде қалады. Түйнектер жұмсарып, суланады, жұмсағы жағымсыз иісі бар қойыртпа тәрізді массаға айналады. Күресу шаралары: картопты жинаудан бір-екі апта бұрын сабақтарын шауып тастайды; түйнектерді зақымдамай жинап, кептіру және сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасау. «Тізім…» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Сақиналы шірік. Ауру өсіп даму кезеңінің екінші жартысында білінеді. Өсімдіктің жекелеген сабақтары мен олардың жапырақтары сарғайып солады. Ауру сабақтың кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Егер зақымдалған ұлпаларды қысса созылмалы сары кілегей түріндегі бактериялар шығады. Ауру түйнектерде екі түрде байқалады: түйнектердің шеңберлі шірігі және түйнектердің шұңқырлы шірігі. Шеңберлі шірікпен ауырғанда түйнектің кесіндісінде тұтас немесе үзік-үзік қоңыр шеңберді көруге болады. Бактериялармен зақымдалған ұлпалар жұмсарады, қысқан кезде ақшыл кілегей тамшылар шығады. Шұңқырлы шірікпен ауырғанда түйнек қабығының астында сары түсті, бастапқыда майлы, дөңгелек дақтар түзіледі. Дақтарды түйнектің қабығын алғанда ғана көруге болады. Бактериялар тұқымда сақталады. Ауру түйнектерді еккенде ауру өскіндер пайда болады. Қоректік заттар мен судың жетіспеушілігінен ауру өсімдіктердің жапырақтары қурайды, 2-3 қана сабақ дамиды. Күресу шаралары: фитотазалау кезінде ауру өсімдіктерді жою; картопты уақытымен ауа райының құрғақ кезінде жинап алу (түйнектері пісіп, қабығы қатайғанда) ; түқымды ауру түйнектердентазалау; «Тізім…» бойынша фугицидтерді пайдалану қажет.
Қортынды
Қазiргi кезде картоп аса маңызды тамақтық, техникалық және малазықтық өсiмдiк болып табылады. Картоп түйнегiнен крахмал, спирт т. б. тамақ өнiмдерi алынады. Сонымен бiрге картопты мал бордақылағанда, жем орнына пайдаланады. Картоп маңызды тамақтық, техникалық және малазығықтық дақыл.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz