Американ компанияларындағы менеджмент тәсілдері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Американ компанияларындағы менеджмент тәсілдері

Жоспар:

  1. Американдық менеджмент ерекшеліктері
  2. Америкадағы компаниялардағы басқару тәсілі
  3. Американдық және жапондық менеджменттің артықшылықтары мен кемшіліктері

Пайдаланылған әдебиеттер

АҚШ-та өндірістік қызметтің ұйымдық нышандарын мемлекеттік монополистік капитализмнің жаңа жағдайына бейімдеу, өндірісті одан әрі қарқынды өркендету және неғұрлым көп пайда табу үшін ұйымдық ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр.
Орталықтан басшылық етуден гөрі, пайда табатын орталықтардың, бөлімдер мен кәсіпорындардың құқықтары мен жауапкершілігін ұлғайту АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс болды. Осының нәтижесінде компанияларда жаңа бөлімшелер құрылды, бөлемше топтарының қызметін үйлестіретін арнайы жоғарғы басқарма енгізілді, штабтық органдар корпорацияның жоғарғы басшыларына қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөле бастады, төменгі буындарда (зауыттарда) функциялық қызметтерді толық орталықтандыру жүргізілді.
Дракер “федералдық принцип” деген ұғымды енгізді, мұндай орталықтандыру өнеркәсіптегі ірі ұйымды жөнге салудың жаңа принципі болып саналады, әрі орталық та, ұйымның бір бөлігі де “жоғары”басшының қызметін орындай алады.
Дракердің ойынша “федералдық принципті”бірте-бірте қолдану мынаған негізделген: жоғарғы басшы кәсіпорынның ең басты мақсатын айқындайды, адам ресурстарын ұйымдастырады, болашақ әкімдерді таңдайды, даярлайды және сынайды, қызмет тиімділігін өлшеудің эталондарын белгілейді. Екінші жағынан әрбір бөлімшенің белгілі бір автономиясы болады, оның менгерушісі автономдық істің басшысы, ол өндіріс пен техникалық прогресске, өткізу мен сатып алуға, есеп беру мен қызметкерлерге жауапты. Ол өзінің бөлімшесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Друкердің пікірінше ұйымдастырудың федералдық принципі:
1. жоғары басшының өзінің тікелей қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді;
2. жергілікті жердегі жоғарғы басшының қызметін және оның проблемаларын түсінуге, әрі соның нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін жергілікті денгейде ойдағыдай орындауға ықпал етеді;
3. еңбек өнімділігін әділ бағалауға қолайлы жағдай жасайды;
4. сабақтас проблемаларды шешіп, кең профильді басшыларды құруға және оларға жоғарғы басшыдағы проблемалар мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі.
Корпорациялық басқарудың біршама шағын органдарына ірі инвестицияға байланысты дамытудың стратегиялық мәселелерін шешу шоғырландырылады. Әрбір бөлімше өз қызметін толық қаржыландырады, коммерциялық негізде кез келген ұйыммен серіктестік қатынас орнатады. Алайда, ұйымдық құрылым мәселелерінің күрделі іс екендігі соншалық, ұйымды құрудың әмбебап схемасын жасау мүмкін емес.
Шетел мамандарының пікірінше, жоғарғы оқу орындарында алған білім алғашқы 3-5 жылға ғана жеткілікті болады да, содан соң қайта даярлауды талап етеді, ал жүмысшылар біліктілігі техника мен технологияның даму деңгейінен кем дегенде 5-10жылға қалып қойып отырады. Сондықтан әрбір кәсіпорын жүмысшыларды дайындайтын жүйені құруға мүдделі. Мысалы, жапон кәсіпорындарының 80%-да жүмысшыларды кәсіби даярлау жүйесі бар.
Америка компанияларында персонал біліктілігін жоғарылату мен қайта даярлауға, мемлекет дотациясын ескермегенде, таза табыстың 5% дейін жұмсайды. Ал АҚШ-та шаруашылықтағы жүмысшылардың орташа оқу жылы 1970-1985 жылдары 8, 6-дан 13% дейін өсті: бұл бір жүмыскердің алған білім көлемі төрт есеге өсті деген сөз.
АҚШ-тың еңбек сферасындағы маңызды элементі фирмадағы еңбек қатынасы мен кадр жұмысы. Ол жұмысшыны жалдаудан бастап бүкіл персоналды басқару, соның ішінде ынта, еңбекақы төлеу формасын, кәсіби дайындық пен қайтару үрдісін қамтиды. Фирмаға жұмысшыларды жалдау әдістері 2 фактормен анықталады: ішкі факторлар, оның ішінде фирмалардың стратегиялық дамуы мен қызметінің нәтижесі, ішкі еңбек нарығының жағдайы, кадрды даярлау мүмкіндіктері; ұлттық еңбек күші нарығының жағдайы.
Қазіргі Жапониядағы басқаруды американдық менеджеризм мен жапондық традиционализмнің қоспасы деп түсінуі қажет. Сондықтан да мұнда “менеджмент” термині толық сай келеді. Жапондықтардың өзіде, басқару туралы әнгіме болғанда, осы терминді қолданады.
Қазіргі кезде басқару саласындағы жапондық тәжірибеге американдықтар көбірек көңіл бөле бастады, атап айтқанда, мұның өзі Массанчусетс технологиялық институтында зерттелуде.
Жапонияда істі, өндірісті және басқаруды ұйымдастырудың жоғары денгейі кімді де болса қайран қалдырады. Жапония - өндірістік қатынасты, сонымен қатар басқару сипатын айқындайтын монополистік капитализм мемлекеті. Франция мен Голландиямен қоса, Жапония экономиканы программалайтын копиталистік мемлекеттердің бірі.
Американдық және жапониядық менеджментке салыстырма
Біз американдық және жапондық менеджменттің ерекшеліктерін қарастырдық. Жоғарыда айтқандарды түйіндей келе, жапондық және американдық басқару модельдерінің біршама көрнекті салыстырмалы кестесін төменде көрсетіп өттік.
Жапондық және американдық басқару модельдерінің ерекшеліктері.
№ Американдық үлгі Жапондық үлгі
1 Шешім қабылдаудың жекелеген үлгісі Консенсус қағидасына негізделген шешім қабылдау үрдісі
2 Жеке жауапкершілік Ұжымдық жауапкершілік
3 Басқарудың нақты қалыптасқан құрылымы Басқару әдісін құрудың формалды емес жолы
4 Нақты қалыптасқан - басқару үрдістері Басқарудың жалпы формалды емес үрдісі
5 Басшылық тарапынан жеке бақылау Басқарудың топтық формасы
6 Жылдам бағалау және ілгерілеу Баяу бағалау және ілгерілеу
7 Кәсіби дағдылар мен әрекеттерді іріктеу үрдістеріне бағытталу Басшыларды іріктеу барысында бақылау мен үйлестіру мүмкіндіктеріне бағытталу
8 Даралыққа бағытталған басшылық стилі Топқа негізделген басшылық стилі
9 Басшылардың жеке нәтижелерге жетуге бағытталуы Басшылардың топта жеке және топтық жетістіктерге жетуге бағытталуы
10 Қол астындағылармен формалды қызметтік қарым-қатынас Қол астындағылармен жеке, формалды емес қатынастар
11 Жеке нәтижелер мен жетістіктерге негізделген алға ілгерілеу Жұмыс дәрежесі мен жоғарылығы бойынша ілгерілеу
12 Маманданған кәсіби (аз ғана
мамандарды дайындау) дайындық Маманданбаған кәсіби (әмбебап түрдегі басшыларды дайындау) дайындық
13 Өнімділік пен жеке нәтижелермен еңбекақы төлеу көлемінің тығыз байланысы Еңбекақы көлемін басқа факторларды ескеру арқылы анықтау (жұмыс дәрежесі, топтың жұмыс көрсеткіштері және т. б. )
14 Қысқамерзімді жұмысбастылық Ұзақмерзімді жұмысбастылық
15 Басшының басты қасиеті профессионализм және инициатива Басшының негізгі критериі -қарамағындағыларды дұрыс үйлестіру және бақылау білуі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей менеджментінің қағидалары
Жапондық менеджменттің мәні және маңызы
Жапондық басқарудың тиімді әдістерін анықтап, Қазақстан кәсіпорындары үшін ұсыну
Жапондық және американдық персоналдарды басқару жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы мен сараптамасы үрдісіндегі ерекшеліктер мен айырмашылықтар
Кәсіпорынды басқару функциялары
Шағын бизнес ерекшеліктері
Ең үздік жұмыс берушілер
Жапондық басқару
Неолиберализм: бастау көздері мен әр түрлі мектептері
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz