Кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдылары



Қазіргі таңда қызмет етудің барлық саласында нақты бір білім, шеберлік, дағдыға, жеке адами қасиетке ие, өзінің кәсіби қызметін жоғары деңгейде атқаратын білікті мамандарға сұраныс артып келеді. Қоғамдағы тілдік жағдай еңбек нарығының нақты сұраныстарына сай мамандардан тек қазақ тілінде сөйлеу дағдысын талап етіп қана қоймай, өз саласындағы заңнамалық құжаттарды дұрыс түсініп, сауатты жаза білуге, яғни кәсіби салаға қажетті тілдік құрылымдарды, терминдерді жетік меңгеруге міндеттейді. Сондай ақ алған тілдік білімін қатысымда ұтымды пайдалана алу дағдысын да көздейді.
Бұл өз кезегінде қазіргі студенттің кәсіби қазақ тіліне деген сұранысының артуына ықпалын тигізіп, тілдік тұлғаның сөздік қорын, кәсіби лексикасын дамытуға жол ашады. Бүгінгі студент – болашақ маман өзінің алға қойған мақсатына жетуі үшін үнемі ізденіп, білімі мен біліктілігін арттырып, бірнеше тілді жетік үйренуге ықылас таныта бастайды. Әсіресе ол кәсіби бағытына қарай, кәсіби тілді үйренуге қатты мән береді. Егер ол өз елінің патриоты болса, алдымен кәсіби қазақ тілін меңгеруден бастайды. Себебі, өз елінің мемлекеттік тілін жоғары қою – ұлттық, азаматтық құндылықтарды, кәсіби этикетті жоғары ұстайтын кез келген болашақ маман иелерінің парызы, қоғам алдындағы жауапкершілігі болып саналады.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол ең бастысы – Қазақстан халқын біріктіруші құрал ретінде; ақпаратқа қол жеткізу құралы ретінде; қазақ халқының дәстүрі мен мәдениеті, танымы мен түсінігіне терең үңілуге жол ашатын; қоғамның өндіріс, мәдениет, ғылым саласындағы халықаралық, ұлтаралық қарым қатынасын жүзеге асыру; сондай ақ, халықтық мәдениетті дамыту, тарату, сақтау құралы ретінде қызмет етеді.
Қазақ тілін меңгеру студенттерді мәдени контекстке (мәнмәтін) үңіліп, шығармашылық ойлауға, танымдарын кеңейтуге, әлеуметтік жағынан табысқа жетуге көмектеседі. Студенттер өзіндік жұмыстарға дағды қалыптастырып, шығармашылық әрекеттерін шыңдайды. Қазақ тілін меңгеру арқылы тілдік пайымдаулар жасауға, сөйлеу әрекеттері арқылы логикалық тұжырым (талдау, синтездеу, салыстыру, қорыту) жасауға, айналадағы құбылыстарды көзбен көріп, олармен қарым қатынас жасауға қызығушылық танытуға және қабылдауға үйренеді. Сөйтіп бойларында еңбексүйгіштік, жігерлілік, мақсатқа жетушілік, белсенділік сынды қасиеттер қалыптасып, тілді меңгеруге құлшынысы артады.
Бұл айтылғандардың бәрі қазақ тілін меңгерудің кәсіби білімді жетілдіруге әсерін тигізетінін, жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін шешудің жолдарын көрсетеді.
Кәсіби қазақ тілі жалпы білім берудің «филология» саласына жатады. Студенттердің филологиялық білімдерін, тілдік мәдениет пен тілдік құзіреттілік деңгейін жетілдіру «Қазақ тілінің» жалпы білім беру бағдарламасындағы оқу пәні ретінде маңызын арттырады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
СРО
На тему: Кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдылары.

Выполнила: Асанова А.А
Группа: ПХ-316
Проверила: Тезекбаева М.Ж

Семей 2015

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

Қазіргі таңда қызмет етудің барлық саласында нақты бір білім,
шеберлік, дағдыға, жеке адами қасиетке ие, өзінің кәсіби қызметін жоғары
деңгейде атқаратын білікті мамандарға сұраныс артып келеді. Қоғамдағы
тілдік жағдай еңбек нарығының нақты сұраныстарына сай мамандардан тек қазақ
тілінде сөйлеу дағдысын талап етіп қана қоймай, өз саласындағы заңнамалық
құжаттарды дұрыс түсініп, сауатты жаза білуге, яғни кәсіби салаға қажетті
тілдік құрылымдарды, терминдерді жетік меңгеруге міндеттейді. Сондай-ақ
алған тілдік білімін қатысымда ұтымды пайдалана алу дағдысын да көздейді.
Бұл өз кезегінде қазіргі студенттің кәсіби қазақ тіліне деген
сұранысының артуына ықпалын тигізіп, тілдік тұлғаның сөздік қорын, кәсіби
лексикасын дамытуға жол ашады. Бүгінгі студент – болашақ маман өзінің алға
қойған мақсатына жетуі үшін үнемі ізденіп, білімі мен біліктілігін
арттырып, бірнеше тілді жетік үйренуге ықылас таныта бастайды. Әсіресе ол
кәсіби бағытына қарай, кәсіби тілді үйренуге қатты мән береді. Егер ол өз
елінің патриоты болса, алдымен кәсіби қазақ тілін меңгеруден бастайды.
Себебі, өз елінің мемлекеттік тілін жоғары қою – ұлттық, азаматтық
құндылықтарды, кәсіби этикетті жоғары ұстайтын кез келген болашақ маман
иелерінің парызы, қоғам алдындағы жауапкершілігі болып саналады.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол ең бастысы
– Қазақстан халқын біріктіруші құрал ретінде; ақпаратқа қол жеткізу құралы
ретінде; қазақ халқының дәстүрі мен мәдениеті, танымы мен түсінігіне терең
үңілуге жол ашатын; қоғамның өндіріс, мәдениет, ғылым саласындағы
халықаралық, ұлтаралық қарым-қатынасын жүзеге асыру; сондай-ақ, халықтық
мәдениетті дамыту, тарату, сақтау құралы ретінде қызмет етеді.
Қазақ тілін меңгеру студенттерді мәдени контекстке (мәнмәтін) үңіліп,
шығармашылық ойлауға, танымдарын кеңейтуге, әлеуметтік жағынан табысқа
жетуге көмектеседі. Студенттер өзіндік жұмыстарға дағды қалыптастырып,
шығармашылық әрекеттерін шыңдайды. Қазақ тілін меңгеру арқылы тілдік
пайымдаулар жасауға, сөйлеу әрекеттері арқылы логикалық тұжырым (талдау,
синтездеу, салыстыру, қорыту) жасауға, айналадағы құбылыстарды көзбен
көріп, олармен қарым-қатынас жасауға қызығушылық танытуға және қабылдауға
үйренеді. Сөйтіп бойларында еңбексүйгіштік, жігерлілік, мақсатқа жетушілік,
белсенділік сынды қасиеттер қалыптасып, тілді меңгеруге құлшынысы артады.
Бұл айтылғандардың бәрі қазақ тілін меңгерудің кәсіби білімді
жетілдіруге әсерін тигізетінін, жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін
шешудің жолдарын көрсетеді.
Кәсіби қазақ тілі жалпы білім берудің филология саласына жатады.
Студенттердің филологиялық білімдерін, тілдік мәдениет пен тілдік
құзіреттілік деңгейін жетілдіру Қазақ тілінің жалпы білім беру
бағдарламасындағы оқу пәні ретінде маңызын арттырады.
Кәсіби қазақ тілі оқу пәні ретінде төмендегідей сипатқа ие:
- пәнаралық (қазақ тіліндегі сөйлеу мазмұны түрлі білім
салаларынан: тарих, экономика, ақпараттану, математика, және
т.б. хабар береді);
- сан салалы (бір жағынан – сан алуан тілдік құралдарды тілдің
түрлі аспектілерімен: фонетика, лексика, грамматика
байланысты меңгеру, екінші жағынан – сөйлеу әрекетінің төрт
түрлі дағдысын жетілдіру қажеттілігі);
- сан алуан қызметтілігі (оқыту мақсатында және түрлі білім
саласынан ақпарат алу құралы ретінде).
Пәннің мақсаты – студенттердің қатысымдық құзыреттілік деңгейін
көтеріп, қазақ тілін кәсіби (өндірістік және ғылыми) қызметте, сондай-ақ өз
білімін жетілдіру мақсатында пайдалана алуына жөн сілтеу. Болашақ маманды
таңдаған саласына қатысты терминдермен жұмыс істеп, сол саладағы лексикасын
байыту.
Басқаша айтқанда, кәсіби тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл
үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын,
грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы
білімін дамыту. Кәсіби қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі
міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге
асыру.
Кәсіби қазақ тілі пәнін оқыту тіл үйренушілердің белгілі бір
құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Кредиттік білім беру
бағдарламасы бойынша модульдік технологияға негізделген талаптарға сай
бакалавр төмендегідей құзыреттілік талаптарын меңгеруі тиіс:
А – құралдық құзырет: кәсіби қазақ тіліндегі ғылыми және
публицистикалық мәтін мазмұнындағы ақпараттарды түсіну; алған мәліметтерді
кеңейту; өз көзқарасын дәлелдеу мақсатында немесе түрлі мәселелерді шешуде
қолдана алу.
В – тұлғааралық құзырет: жеке және ұжымда жұмыс істей алу қабілеті,
ұлтаралық, мәдениетаралық қарым-қатынас ережелерін сақтай білуге
қабілеттілік.
С – жүйелілік құзырет: кәсіби қазақ тілін Қазақстандағы, әлемдегі
әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, саяси жағдайлармен, ҚР
конституциялық-құқықтық негіздерімен үйлестіруге бейімділік.
D – пәндік құзырет: қазақ тілінің даму тенденциясы мен қазіргі
жағдайын, Қазақстандағы тарихи-мәдени және тарихи-әдеби үдерісті меңгеруге
қабілеттілік; кәсіби бағдарлы қазақ тілінің жүйесін пысықтау, қазақ тіл
бірліктерінің құрылымы мен қолданылуын халықтың тарихы мен мәдениетімен
байланыстыру, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырғанда берілген
коммуникативті жағдаяттарға байланысты іргелі білімдерді қолдана алу
қабілеті; жаңа терминдерді өз мамандығына бейімдеп тиімді меңгеруге
дайындық.
ЖОО-дағы қазақ тілі курсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқыту әдісінің жоғарғы оқу орнындағы рөлі мен маңызы
Қарым - қатынаста мұғалімнің оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі
Тілдік төрт дағды
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы
Тіл меңгеру деңгейлері
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Қостілділіктің ежелгі бастаулары
Рецептивті лексикалық дағдылар
Пәндер