Фотосуреттерді жөндеу


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Фотосуреттерді жөндеу

Фотомонтаж - бiрнеше фотосуреттердi бiрiктiрiп иллюстрация немесе негiзгi ойды меңзейтiн фотосурет жасау. Осындай амалдармен құрастырылған суреттер газет-журналдардың мерекелiк беттерiнде жиi қолданылады. Ал бүгiнгi заманғы компютерлiк техниканың шексiз мүмкiндiгi фотомонтаж жасаудың түрлi бағдарламаларын қолданысқа енгiздi. Мысалы: Adobe Photoshop, Corel Photo-Paint, GIMP.

Adobe Photoshop графикалық бағдарламасымен жұмыс жасау

Adobe Photoshop-суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымал графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер политрасымен жұмыс істеуге, суреттерді енгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс таңдауға, сурет фильтрін таңдауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламасымен өзара әректесу әртүрлі деңгейдегі қолданылушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламен жұмыс істеу командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операциларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір-бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей бағдарламамен енді жұмыс істеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды.

Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері

Adobe Photoshop бағдарламасындағы кез келген сурет растрлық болып табылады. Ол сканер арқылы еңгізілсін, басқа бір бағларламадан енгізілсін немесе фотошоп бағдарламасы арқылы жасалсын ол-растрлық болып табылады. Растрлық суреттер кішкене тік төртбұрышты түстер қосындысынан тұрады. Әрбір нүкте пиксель деп аталады. Ол белгілі бір түсті немесе реңді көрсетеді. Пиксельді суретті үлкейту арқылы пиксельдерді бөлек-бөлек өзгертуге болады.

Сурет түсін жаңалау

Өзгерту керек суретті ашыңыз. Оның кеңейтіліміне мән беріңіз. Ctrl+O пернесін басып, суретті орналастырыңыз. Одан кейін суретті RGB моделінен Grayscale (Сұр градациясы) моделіне ауыстыру керек. Ол үшін Image менюінен Mode>Grayscale (режим сұр градациясы)

Суретті Lab Color моделіне ауыстырғаннан кейін L (жарықтық) каналын айрықшалау. Компьютерлік графика мамандары көбіне екінші амалды қолданған дұрыс дейді. Image>Mode>Grayscale(сурет-режим-сұр градациясы) «Discard color information» (түс туралы ақпаратты алып тастау) терезесі шығады. ОК басыңыз. Суретті сұр градациясы моделіне ауыстырамыз. Осы кезде сурет көлемі бірнеше есеге кішірейеді.

File>save as(Файл-сақтау) мәзірін басу арқылы суретті PSD форматында сақтаңыз. Осы кезде сурет түсі бастапқыдан қараңғылау болады. Бұл суреттің реңін келтіру үшін керек. Суретті сканер арқылы өткізгендегі жылтыр түс кетеді.

Пуск-Программы- Adobe Photoshop

Adobe Photoshop программасы мынандай терезе элементтерінен тұрады: тақырып жолы, меню қатары, құралдар параметрлерінің тақтасы, құралдар тақтасы, палитра, қалып-күй қатары.

Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру үшін Файл-Новый командасын орындап, ашылған сұхбат терезеде Имя өрісіне құжаттың аты жазылады да, Ширина, Высота өрістерінде құжат парағының ені мен ұзындығы енгізіліп, ОК батырмасы шертіледі. Ал құжатты сақтау үшін Файл-сохранить командасын орындау керек.

Adobe Photoshop бағдарламасында 51 құрал орналасқан, осы құралдар негізгі жұмысты атқарады. Құралдар параметрлерінің тақтасында әрбір таңдалған құралды баптаудың барлық өзгерісі көрсетіледі. Adobe Photoshop бағдарламасында түстер моделін өзгерту үшін Изображение- Режим командасын орындап ашылған тізімнен өзімізге қажетті модельді таңдаймыз. Бейненің маштабын өзгерту үшін Меню жолынан Изображение- Размер изображение командасын орындап ашылған сұхбат терезеге бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ОК батырмасын шерту керек. Меню жолы Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды.

Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны. Егер соңында көп нуктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті кұжатты таңдап салуыңызға болады. Әртурлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады. Файл -файлдармен жұмыс, құжаттарды құру, ашу және сақтау, баспаға жіберу жане оны ұйымдастыру, құжаттарды импорттау және экспорттау, құжат жайлы ақпаратты теру, редактордан шығу, бейнелерді автоматты өңдеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су асты жасақтарының жабындарын жөндеу және бақылау
Оптика дүкенінің айдентикасы
Бизнес моделінің сипаттамасы
Supercam - ұшқышсыз ұшу аппараттарының маркасы
Жалпы қауіпсіздік талаптары
Адамды сыртқы белгілері бойынша анықтау
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері
Нысандар мен фотосуреттер жиынтығы бірнеше миллион элементтерді қамтиды, олардың кейбіреулері тегін
Нүктелердің тығыз бұлтын құру
Бұлтты технологияның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz