М.қаратаев - әдебиет сыншысы



Кіріспе бөлім:
Негізгі бөлім:
2.1. М.Қаратаевтың қазақ әдебиеті сыны туралы ойы
2.2. М.Қаратаев . сыншы
2.3. «Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері» баяндамасы
М.Қаратаев-әдеби сында өнімді еңбек етіп,академиктік дәрежеге көтерілген профессионал сыншы.Сыншылық қызметін Сәкеннің “Қызыл ат “Тартыс” шығармаларына пікір білдіруден бастаған ол отыздан астам сын зерттеу кітаптарын шығарып,қазақ сынының тарихында елеулі із қалдырды.Өз ойыңды дәлелдеу үшін бар білгеніңді үйіп төгуде,жұрт көзінде білгіш атануда емес,әдебиетші қауым алдында өзіңнің бар қару жарағыңды танытуда,айтқан ой пікіріңнің тереңнен нәр алып жатқанын ұғындыра білуде екенін М.Қаратаев қатаң қадағалаған.1937жылы Қазақстан жазушыларының бірінші пленумында “Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” арнайы қаралды.Пленум материалдары Қазақ әдебиеті газетінің осы жылғы үш санында жарияланып,сын жөніндегі ой пікірлердің әбден толысқандығын,шығармашылық проблемаларға іштен еніп,келелі тұжырымдар жасалғандығын көрсетті.М.Қаратаев жасаған баяндамада сынның басып өткен жолы,алған асуы,шығармашылық проблемалары айтылып,жетістік кемшіліктері профессионалдық деңгейде баяндалды.”Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” деген тақырып жалпы сынды емес,белгілі бір әдебиетте жанр ретінде қалыптасқан сынның жай күйін әңгімелеуге арналғандығын аңғартады.М.Қаратаевтың пленумда жасаған баяндамасы сыншылық ойдың көркемдік биігіне көтерілгендігінің белгісі болды.М.Қаратаевтың баяндамасы мәнді кіріспеден басталды да,”Сын алғаш туа бастаған кезде” “ҚазАПП сынының қате кемшіліктері”,”Тарихи қаулыдан кейін” деген тарауларға бөлініп,сынның шығармашылық міндеттерін тұжырымдады.Cынның дәрежесі әдебиеттің дәрежесіне байланысты \Пушкин\болатынын дәлелдеп айтқаннан кейін қазақ әдеби сынының жүріп өткен жолын шолып өтті.Абай дәуірінде “сынға деген тілектің болып ,бірақ сынның өрістеуіне жағдайдың болмағанын,бірнеше жыл шыққан “Қазақ “газеті мен “Айқап” журналында шыққан бірлі жарымды сұйық мақаласымақтардан басқа түкте таба алмайтындығымызды\”Туған әдебиет туралы ойлар”\тілге тиек етеді де,көптен бері айтылып,штампқа айналып келе жатқан ой аңғарына ілесіп:”Қазақ әдебиетінде сынның белгілі бір орын алуға ұмтылуы тек Совет өкіметі тұсында айналасы он-он бес жылдың ішінде деп табады”.Тіпті соңғы кезде “Октябрьге дейін бізде сын атаулының болмауы заңды нәрсе” деген шолақ пікірінен байқаймыз.Автор совет заманында туған сынның дамуын үш дәуірге бөледі:Бірінші, жаңа туған совет әдебиетінің іргесін ұлтшылдық байшылдық сарыннан аулақ салу дәуірі,құрылу дәуірі;Екінші дәуір 29жыл мен 32-33жылдар арасын алады,бұл дәуір қазақ совет әдебиетінің қамдану,қарбану дәуірі;үшінші дәуір-1933-37жылдарды қамтитын соңғы дәуір.Қай мағынасында болсын,бұл соңғы 4-5жыл қарыштау дәуірінің басталған жылдары,ұмтылу,өсу сатысының бірінші үлкен басқышына адым жасаған жылдары деп табады да.
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балауса, 2010.
4. Мұхамедханов, Қ. Шығармалар жинағы. Көп т. Т.5. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; Жинақты құраст.: Е. Іргебаев.- Алматы: Ел-шежіре, 2007
5. Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық А-Я.- Алматы: Аруна, 2005.
6. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: М.Қаратаев - әдебиетсыншысы

Орындаған:Мұратқанова М
Тексерген:Құрманбаева Қ.С

Семей 2015
ЖОСПАР:
Кіріспе бөлім:
Негізгі бөлім:
2.1. М.Қаратаевтың қазақ әдебиеті сыны туралы ойы
2.2. М.Қаратаев - сыншы
2.3. Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері баяндамасы

М.Қаратаевтың қазақ әдебиеті сынының тууы,қалыптасуы туралы ойы
М.Қаратаев-әдеби сында өнімді еңбек етіп,академиктік дәрежеге көтерілген профессионал сыншы.Сыншылық қызметін Сәкеннің "Қызыл ат "Тартыс" шығармаларына пікір білдіруден бастаған ол отыздан астам сын зерттеу кітаптарын шығарып,қазақ сынының тарихында елеулі із қалдырды.Өз ойыңды дәлелдеу үшін бар білгеніңді үйіп төгуде,жұрт көзінде білгіш атануда емес,әдебиетші қауым алдында өзіңнің бар қару жарағыңды танытуда,айтқан ой пікіріңнің тереңнен нәр алып жатқанын ұғындыра білуде екенін М.Қаратаев қатаң қадағалаған.1937жылы Қазақстан жазушыларының бірінші пленумында "Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері" арнайы қаралды.Пленум материалдары Қазақ әдебиеті газетінің осы жылғы үш санында жарияланып,сын жөніндегі ой пікірлердің әбден толысқандығын,шығармашылық проблемаларға іштен еніп,келелі тұжырымдар жасалғандығын көрсетті.М.Қаратаев жасаған баяндамада сынның басып өткен жолы,алған асуы,шығармашылық проблемалары айтылып,жетістік кемшіліктері профессионалдық деңгейде баяндалды."Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері" деген тақырып жалпы сынды емес,белгілі бір әдебиетте жанр ретінде қалыптасқан сынның жай күйін әңгімелеуге арналғандығын аңғартады.М.Қаратаевтың пленумда жасаған баяндамасы сыншылық ойдың көркемдік биігіне көтерілгендігінің белгісі болды.М.Қаратаевтың баяндамасы мәнді кіріспеден басталды да,"Сын алғаш туа бастаған кезде" "ҚазАПП сынының қате кемшіліктері","Тарихи қаулыдан кейін" деген тарауларға бөлініп,сынның шығармашылық міндеттерін тұжырымдады.Cынның дәрежесі әдебиеттің дәрежесіне байланысты \Пушкин\болатынын дәлелдеп айтқаннан кейін қазақ әдеби сынының жүріп өткен жолын шолып өтті.Абай дәуірінде "сынға деген тілектің болып ,бірақ сынның өрістеуіне жағдайдың болмағанын,бірнеше жыл шыққан "Қазақ "газеті мен "Айқап" журналында шыққан бірлі жарымды сұйық мақаласымақтардан басқа түкте таба алмайтындығымызды\"Туған әдебиет туралы ойлар"\тілге тиек етеді де,көптен бері айтылып,штампқа айналып келе жатқан ой аңғарына ілесіп:"Қазақ әдебиетінде сынның белгілі бір орын алуға ұмтылуы тек Совет өкіметі тұсында айналасы он-он бес жылдың ішінде деп табады".Тіпті соңғы кезде "Октябрьге дейін бізде сын атаулының болмауы заңды нәрсе" деген шолақ пікірінен байқаймыз.Автор совет заманында туған сынның дамуын үш дәуірге бөледі:Бірінші, жаңа туған совет әдебиетінің іргесін ұлтшылдық байшылдық сарыннан аулақ салу дәуірі,құрылу дәуірі;Екінші дәуір 29жыл мен 32-33жылдар арасын алады,бұл дәуір қазақ совет әдебиетінің қамдану,қарбану дәуірі;үшінші дәуір-1933-37жылдарды қамтитын соңғы дәуір.Қай мағынасында болсын,бұл соңғы 4-5жыл қарыштау дәуірінің басталған жылдары,ұмтылу,өсу сатысының бірінші үлкен басқышына адым жасаған жылдары деп табады да.
М.Қаратаев - сыншы.Ғалым-сыншы М.Қаратаев -- жиырмадан астам әдеби сын, зерттеу кітаптарының, әлденеше жүздеген мақалалардың авторы.Ғалым-сыншы М.Қаратаевтың Туған әдебиет туралы ойлар (1958 ж.) атты мақалалар жинағы оған филология ғылымының кандидаты ғылыми атағын алып берген болатын.Одан кейін бірінен соң бірі жария-ланған Жыр қанатында (1959 ж.), Өнерпаз болсаң, арқалан (1960 ж), Шеберлік шыңына (1963ж.), Эпос-тан эпопеяға (1969ж.), Әдебиет және эстетика (1970ж.), Ізденіс іздері (1984ж), т.б. кітаптары -- қазақ әдебиеттану ғылымының қазынасын молайтқан бағалы еңбектер. Сынның дәрежесі - жалпы әдеиеттік ілімнің дәрежесін көрсетеді, -- дейді Пушкин. Отызыншы жылдарда қазақ әдебиеті сынында мамандаған сыншылдар легі көріне бастады. Олардың ішінде кейінгі әдебиет дамуы жолында зор келешегін танытқан Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов М.Қаратаев сияқты сыншылар бар еді.Олар өздерінің алғашқы мақалаларымен сынның әдеби өрісін танытты, оны жетілдіруге қызмет етті.Бұл жылдары әдебиет зерттеу саласында да әр алуан жұмыстар атқарылды.Қазақстанда ұлт мектептерінің көбеюі, оларда ана тілі мен әдебиетінің пән ретінде оқытылуы, тіл мен әдебиет мамандығы бойынша кадр тәрбиелеу міндеттері оларға арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды алға қойды.Мұндай жұмыстарды атқаруға жазушылар мен сыншылар атсалысты.Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының алғашқы жүйеленуі, жанрлық жіктелуі, тарихи әдебиеттің дәуірленуі алғаш осы оқулықтар көлемінде іске асты.М.Қаратаев "Қазақ әдебиетінде сынның белгілі орын алуға ұмтылуы тек кеңес өкіметі тұсында, айналасы осы 10-15 жылдың ішінде.Қазанға дейін бізде сын атаулының болмауы тіпті заңды нәрсе" -- десе, ғалым Е.Ысмайылов "Біздегі әдебиет сыны мен әдебиет тану ғылымы тек совет дәуірінің жемісі, бұрын сыншылдық, әдебиетшілік дәстүрі мүлде жоқ, тыңнан туып жасалған" -- деп тар шеңберден шыр айналып, тереңнен қазбаған.Оған белгілі дәрежеде үстем көзқарас, яғни орыс елінің тарихынан асып түсер, ерте пайда болар құбылыстар болмауы керек дегенді қызыл сөзбен тұмшалаудың салдары себепші болғанын жоққа шығармау керек.Алайда 60-жылдардағы "жылымықта" жаңаша толғаулар айтыла бастады.Соның нәтижесінде ғалым Т.Кәкішұлы сынның қайнар көзі ауыз әдебиетінде жатқанын айтып, оның қанаттануын Шоқаннан, Ыбырайдан, Абайдан таратқан.Сыншылық пен ғалымдықтың тұ-тасқан сапаларын бойға сіңіру, әрине, қаламгерлік шығармашылық қабі-летпен, автордың терең білімдар-лығымен тығыз байланысты. М.Қара-таевтың әдеби-сыншылық еңбек-теріне тән басты сипаттардың қата-рында жинақтаушылық, теориялық тұжырымдарының тиянақтылығы, тереңдігі, қазақ әдебиетінің тари-хындағы кесек туындыларды жанр табиғатына орай талдай білушілігі, фольклор мен әдебиетке тән ортақ және айырым белгілерді, жеке қалам-герлердің шығармашылық шебер-лігін, кемшіліктерін дәл бағалай біледі.
М. Қаратаевтың Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері баяндамасы
Отандық әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, қазақ әдебиетінің білікті теоретиктерінің бірі - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметжан Қожасбайұлы Қаратаев. М.Қаратаевтың алғашқы күрделі еңбегі - Қызыл ат және социалистік реализм атты мақаласы. Мақалада поэманың өткір, мәнді жақтарын ашумен бірге көркемдігінде кездесетін олқылықтарын атап көрсетті. Қызыл ат поэмасы мен Қызыл сұңқарлар пьесасына жан-жақты баға беруге, көркемдік парасатын, идеялық мәнін, өмірмен байланысын, әдеби процеске қандай жаңалық әкелгенін ашып көрсетуге талаптанды. Осы мақаладан кейін қаламгердің әдебиет сыншысы ретінде беделі арта түсті. 1934 жылы Қазақ әдебиетінде редактордың орынбасары қызметін атқарды. Қаламгер 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының бірінші пленумында Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері туралы баяндама жасады. Осы баяндама М.Қаратаев еңбегінің жандануына бірден-бір айғақ болды. Баяндамада қазақтың сыншылық ойын кезең-кезеңге бөліп, оның қолы жеткен табысын да, сол кездегі әдеби сынның кемшіліктері, керітартпа сыңаржақтығы, әдебиеттегі қате бағыттар жөнінде көптеген нақты мысалдар келтіре отырып кәсіби деңгейде бағдарлап берді. Әдеби сынның өсу жолдарын, оның жетістіктерін, қайшылықтарын, міндеттерін ашуда дәл тұжырымдар айтып, ой-пікір қорытты. Бұл баяндаманы жасаған кезде М. Қаратаев небәрі 27 жаста ғана болатын. Жастығына қарамастан ол қазақ әдеби сынының қалыптасуы мен дамуына тереңде жан-жақты талдау жасап, оның сол кездегі жағдайына дұрыс баға берді. С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтің пьесалары туралы мақала, сын мәселелері жайлы сөзі қазақ әдебиетіне көркем өнер ерекшелігін әрі терең, әрі нәзік сезінетін дарынды сыншы қосылғанына айғақ болды.Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері деген баяндамасында (Қаз. әдебиеті, 1937,16,30-мамыр)Қаратаев Баспасөздегі Абай туралы, оның ақындық тұлғасын танудағы жаңсақ пікірлерді сынға алады.Қазақ әдебиеті сынының негізін салушылардың бірі, сыншы-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы Мұхамеджан Қаратаев: Егер сын шын пайдалы, жанды, әсерлі сын болса, ол қашанда көркем әдебиеттің белгілі бір кезеңінің нәтижесі бола тұра, сол әдебиеттің басындағы барлық құбылыстарын толық зерттеп, терең түсіну арқылы оның алдын болжайды, жөн сілтейді, әдебиет қозғалысына дем береді, көтермелейді, жетектейді. Сөйтіп әдебиеттің болған, бар жағдайының туындысы болумен бірге өзі сол әдебиеттің жаңа жағдайда өсуіне әрекет жасайды, құрал болады ,-дейді Қазақ әдебиеті сынының міндеттері, Қазақ Совет жазушыларының 1-пленумында жасаған баяндамасында

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. - Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
2. Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. - Алматы: Арыс, 2007.
3. Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. - Алматы: Балауса, 2010.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

КОНСПЕКТ

Тақырыбы: Б.Кенжебаев - әдебиетсыншысы

Орындаған:Мұратқанова М
Тексерген:Құрманбаева Қ.С

Семей 2015

Б.Кенжебаев - сыншы.Бейсенбай Кенжебаев -- ғалым, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1961). ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократ жазушылары (монография бойынша) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Кенжебаев - қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай, С.Торайғыров, Жамбыл Жабаев, М.Сералин, М.О.Әуезов, С.Шәріповтің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті оқулығын, Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын (1967) жариялады. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу, зерттеумен айналысты. Кеңестік кезеңде коммунистік идеологияға орай, қазақ әдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан (19 ғ.) басталады деген жаңсақ пікірді теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Еңбектері: Көне әдебиет туралы (1969), Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері (1973) атты еңбектерін жазды. Қазақ әдебиеті тарихы (1948) кітабының фольклорға қатысты тарауларын жазып, Жамбыл Жабаев - қазақ халқының жыршысы (1955), Біржан сал мен Сараның айтысқаны (1955), т.б. зерттеулерін жариялады. Тымпи (1943, 1981), Көңіл ашар (1971) сатиралық фольклор мұраларын бастырды. Кенжебаев - көркем проза (Асау жүрек, 1928) және аударма саласында да (Г.Мопассан, Э.Хемингуэй, Лу Синь, Я.Гашек, А.П.Чехов, т.б. жазушылардың әңгімелері) еңбек етті.А.С.Пушкин шығармаларының қазақша библиографиялық көрсеткішін (М.М.Фетисовпен бірге) жасады. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдебиет тарихын түркі халықтарының бәріне ортақ дәуірден бастаудың негізін салып, орнықтырған профессор Бейсенбай Кенжебаев еді. Әдебиеттанудағы алғашқы қадамы Абай мұрасы жайлы жазған мақаласынан бастап өмірінің соңғы тынысына дейін ұлттық мүдде, ортақ түркілік идея үшін күресу ұстанымы. Ол алғаш рет қазақ әдебиеті тарихын былайша жүйеледі: "І. Бұрынғы әдебиет (Ү-ХҮ ғасырлар арасы). ІІ. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХІХ ғасыр арасы). ІІІ. Қазақтың ХІХ ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі
Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев – әдебиет сыншысы
С.Сейфуллин – әдебиет сыншысы
С.Сейфуллин- әдебиет сыншысы. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасау – сыншылдық ойлардың өрісті арнасы
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Қазақ тілі газеті
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Сын және әдебиет
Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
Зейнолла Серікқалиевтің публицистикасы
Пәндер