Көліктерді ветеринарлық - санитарлық өңдеу
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Ветеринарлық.санитарлық жағдайға сәйкес вагондардың сипаттамасы.
2. Вагондарды дезинфекциялау.
3. Изотермиялық вагондарды дезинфекциялау.
4. Тірі балықтарды тасымалдау үшін вагондарды дезинфекциялау.
5. Аэрозольді дезинфекцияны өткізуге дайындау.
6. Вагондарды дезодорациялау.
7. Төменгі температура кезіндегі вагондарды дезинфекциялау.
8. Мал платформасы, тұрағын және станса алдындағы жануартекті шикізат сақтайтын қоймаларды тазалау және дезинфекциялау.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Жануарларды, ет, шикізат мал өнімдерін тасымалдағаннан кейін көліктерді міндетті түрде санитарлық өңдеуге жіберіледі: тазалау, ыстық шаю және қажетті жағдайда дезинфекциялау өткізіледі.
Ветеринарлық телімнің негізгі міндеттері: жануар, басқа өнімдер және жануартекті шикізаттарды тасымалдауға арналған вагондардың қажетті ветеринарлық-санитарлық жағдайын қамтамасыздандыру, адам мен жануарға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау. Көрсетілген міндеттерді орындау үшін ветеринарлық-санитарлық телім ауруға шалдыққан, ауруға күмәнді және жұқпалы ауруды жұқтырғанына күмәнді жануарларды, сонымен қатар жоғарыда айтылған жануарлардан алынған ет, басқа өнімдер мен жануар текті шикізаттарды тасымалдаудан кейінгі вагондардың дезинфекциясын ұйымдастырып, өткізеді. Бұған қоса, мал шаруашылық жүктердің арнайы тасымалдауға арналған вагондардың алдын алу дезинфекциясын жүргізеді.
Ветеринарлық-санитарлық бекеттер вагондарды ветеринарлық-санитарлық өңдеуден кейін дезинфекциялық жуғыш стансалары (ДЖС), дезинфекциялық жуғыш пунктері (ДЖП) территориясынан шығарылу жөнінде бекітілген формадағы куәлікті береді.
Ветеринарлық-санитарлық телімнің меңгерушісі вагондардың түсу бағыты, түсірудің дұрыс ұйымдастырылуына және ветеринарлық санитарлық өңдеудің сапалығына; ветсантелімдегі еңбек тәртібінің жағдайына, сонымен қоса оның қарамағындағы қаражаттары мен мүліктік материалдық құндылықтардың сақталуы дұрыс жұмсалуына жауапты.
ДЖС, ДЖП ветсанучаскесінің қызметінің маңызы ерекше зор. Егер жануар, ет және ет өнімдері, жануартекті шикізаттардың темір жол көлігімен тасымалдау жоғарыласа, соған сәйкес олардың маңыздылығы да жоғарылай түседі.

1. Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасы 1 том 2005 ж.
2. Бегенова А. Б., Жұмақаева А. Н., Майқанов Б. С. «Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау», Алматы 2014 ж.
3. Дүйсембаев С.Т. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау», Алматы 2013ж.
4. https://www.google.kz

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Көліктерді ветеринарлық - санитарлық өңдеу.
Орындаған: Кайратов М.К.
Тексерген: доцент Оразалиева С.Б.
Тобы: ВС-203
Семей қ. - 2015ж.
ЖОСПАР:
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Ветеринарлық-санитарлық жағдайға сәйкес вагондардың сипаттамасы.
2. Вагондарды дезинфекциялау.
3. Изотермиялық вагондарды дезинфекциялау.
4. Тірі балықтарды тасымалдау үшін вагондарды дезинфекциялау.
5. Аэрозольді дезинфекцияны өткізуге дайындау.
6. Вагондарды дезодорациялау.
7. Төменгі температура кезіндегі вагондарды дезинфекциялау.
8. Мал платформасы, тұрағын және станса алдындағы жануартекті шикізат сақтайтын қоймаларды тазалау және дезинфекциялау.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
I КІРІСПЕ
Жануарларды, ет, шикізат мал өнімдерін тасымалдағаннан кейін көліктерді міндетті түрде санитарлық өңдеуге жіберіледі: тазалау, ыстық шаю және қажетті жағдайда дезинфекциялау өткізіледі.
Ветеринарлық телімнің негізгі міндеттері: жануар, басқа өнімдер және жануартекті шикізаттарды тасымалдауға арналған вагондардың қажетті ветеринарлық-санитарлық жағдайын қамтамасыздандыру, адам мен жануарға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау. Көрсетілген міндеттерді орындау үшін ветеринарлық-санитарлық телім ауруға шалдыққан, ауруға күмәнді және жұқпалы ауруды жұқтырғанына күмәнді жануарларды, сонымен қатар жоғарыда айтылған жануарлардан алынған ет, басқа өнімдер мен жануар текті шикізаттарды тасымалдаудан кейінгі вагондардың дезинфекциясын ұйымдастырып, өткізеді. Бұған қоса, мал шаруашылық жүктердің арнайы тасымалдауға арналған вагондардың алдын алу дезинфекциясын жүргізеді.
Ветеринарлық-санитарлық бекеттер вагондарды ветеринарлық-санитарлық өңдеуден кейін дезинфекциялық жуғыш стансалары (ДЖС), дезинфекциялық жуғыш пунктері (ДЖП) территориясынан шығарылу жөнінде бекітілген формадағы куәлікті береді.
Ветеринарлық-санитарлық телімнің меңгерушісі вагондардың түсу бағыты, түсірудің дұрыс ұйымдастырылуына және ветеринарлық санитарлық өңдеудің сапалығына; ветсантелімдегі еңбек тәртібінің жағдайына, сонымен қоса оның қарамағындағы қаражаттары мен мүліктік материалдық құндылықтардың сақталуы дұрыс жұмсалуына жауапты.
ДЖС, ДЖП ветсанучаскесінің қызметінің маңызы ерекше зор. Егер жануар, ет және ет өнімдері, жануартекті шикізаттардың темір жол көлігімен тасымалдау жоғарыласа, соған сәйкес олардың маңыздылығы да жоғарылай түседі.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Ветеринарлық-санитарлық жағдайға сәйкес вагондардың сипаттамасы.
Жануар, ет, жануартекті шикізаттарды түсіргеннен кейін, босатылған вагондар тазалауға, жууға және дезинфекциялауға жіберіледі. Қазіргі уақытта біздің еліміздің темір жолдарында жүк вагондардың санитарлық өңдеуі ЦМ-1898 1956ж нұсқаулық негізінде жүргізіледі. Бұл нұсқаулықпен жүк вагондарды тазалау, жуу және дезинфекциялау ережелері қойылған. Вагондарға санитарлық өңдеудің үшінші категориясы берілген. Сонымен қоса, жүк вагондарды ветеринарлық-санитарлық өңдеудің сипатына қарай тағы да үш категорияға бөледі: бірінші, екінші, үшінші.
Бірінші категориялы өңдеуге тасымалдаудан кейінгі мына вагондар жатқызылады, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау бекеттерден шығару, клиникалық сау жануарлар, құстар; сау жануарларды сойылғаннан кейін алынған ет, тері және шикізаттарды; сібір жарасына тексерілген тері шикізаты және де жұқпалы аурулардан сау бекеттерде өндірілген сойыс емес шикізаттары; отандық жүн жуғыштарында ыстықтай жуылған импортты жүндер, шұжықтық және асханалық, құрғақ сүйектер тасымалданған вагондар.
Екінші категориялы өңдеуге тасымалдағаннан кейінгі мына вагондар жатқызылады: тасымалдау кезінде арасында жұқпалы аурулармен зақымданғанына күмәнді немесе ауруға күмәнді, ауру жануарлар, құстар (үшінші категориялы вагондарда көрсетілген аурулардан басқа); жөнелту кезінде немесе түсіру кезінде жануарлардың арасында табылған өлекселер (үшінші категориялы); ет, тері немесе басқа жануартекті шикізаттар егер споратүзетуші микроорганзмдерден туындайтын аурулардан басқа, жұқпалы ауруларға сау еместігі анықталған жағдайда сойғаннан кейінгі түскен ірі импортты тері шикізаттары; жалпы негізінде қайта өңделетін экспорттаушы елде өңдеуден өткен импортты жүндер тасымалданған вагондар.
Үшінші категориялы өңдеуге мына вагондар жатқызылады: жүру жолында және түсіру кезінде анықталған және келесі ауруларға күмәнді жануарлар: сібір жарасы, қарасан, маңқа, сіріспе, эпизоотиялық лимфангит, секіртпе, құстарда-орнитоз, не болмаса бұл аурулардан өлген жануарлар; сібір жарасына тексерілген сойыс емес тері шикізаттары; құрама сүйектер, өңделмеген импортты жүндер тасымалданған вагондар.
Вагондар ветсан өңдеуден өткізу категорияларға қарай жануарларды, құстарды, ет пен жануар шикізаттарын түсіргеннен кейін көліктерге ветсанбақылаудың өкілімен анықталады.
Санитарлық өңдеу үшін вагондарды жөнелту. Вагондардың ветеринарлық-санитарлық өңдеуін ДЖС, ДЖП жүргізеді. Бөлек жағдайларда вагондардың бірінші категориялы ветсан өңдеу ДЖС, ДЖП жоқ бекеттерде ветсан қадағалаудың бақылауымен өткізіледі осы кездегі қойылатын шарт, егер оларды сол жерде бұл операцияларды орындауға қажетті жағдайлар, сонымен қоса қиды төгуге арналған оқшау жерлері болғанда ғана жүргізіледі.
ДЖП санитарлық өңдеуге барлық үш категориясы бойынша вагондар жатқызылады, ал ДЖП тек бірінші және екінші категориялы өңдеу жүргізеді.
Жануарларды, құстарды түсіргеннен кейін жүк алушы вагондардың есік аралық кеңістікте төсеніштің қалдықтары мен қидың тазалауын жүргізуге міндетті (үшінші категориялы өңдеуге жатқызылатын вагондардан басқа). Көліктегі мемлекеттік ветсан қадағалаудың нұсқауымен екінші категориялы өңдеуден өтетін вагондарда да өткізілмеуі мүмкін.
Вагондарды санитарлық өңдеуге жіберу үшін түсіру кезінде болған көліктегі ветсан қадағалаудың өкілі бекетке қолхат бойынша бекітілген формадағы бағытты тағайылымның екі данасын береді. Бір данасын теміржолдық құжаттарға салынады, ал екіншісі көліктен ветсан бөлімінің іс қағаздарында қалдырылады.
Бағытында жол бағдарын және жүк түсіретін бекетті, мерзімін, санитарлық өңдеуге жіберілетін вагондардың саны қандай жүк астынан, өңдеуі жүргізілетін вагон дәрежелері, түрі (екінші және үшінші дәрежелі өңдеуден өтетін вагондар үшін) вагондар өңделетін бекеті.
Барлық үш дәрежелі ветсан өңдеуден өтетін вагондар басқа бекеттерге есіктері мен люктері жабық күйінде жібереді. Бірінші дәрежелі санитарлық өңдеуден өтетін вагондарды жіберілетін ведомстваларынан ветсан қадағалаудың тағайындалулары тіркеліп жөнелтеді; ал екінші және үшінші дәрежелі өңдеуге жатқызылатын вагондарды жіберуге толық жүк құжаттармен және оған тіркелген ветсан қадағалаудың тағайындалуын, стандартты мен биркалардың салынуымен, есіктің сыртқы жақтарына бормен сызады, Дезинфекцияға немесе сондай жазуы бар жапсырмалар жасалады.
Жүк құжаттарындағы (вагон қағазы, жол ведомості, тіркемелі) Жүк түрі бағанында міндетті түрде Дезифекциялау деген белгі қойылады, сонымен қоса өңдеу дәрежесі көрсетіледі. Вагондағы бар қондырғы-жабдықтары жөнінде мәліметтер вагон (парағында) қағазында жазылады.
ДЖС ветсан өңдеуге вагондарды жөнелту жөнінде көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалаушы мен бекет бастығы жол жүру бағыты бойынша және баратын бекеттерге жеделхат жібереді, онда олар жөнелтілетін уақыты мен мерзімі, поездағы вагондар нөмерлері, өңдеу дәрежесін көрсетеді.
Егер түсіру кезінде ветеринарлық дәрігер жоқ болса және жүру бағыты кезінде ауруға шалдыққаны немесе жануар (құстар) өлімі жөнінде мәліметтер тіркелсе, онда вагондарды жөнелтпе ведомостпен (пересылочный ведомость) жүктің саулығы жөнінде белгісімен жібереді.
Жануарларды, құстарды, жануартекті шикізатты тасымалдағаннан кейін ветеринарлық инспекторлар тасымалданған көлікті, арнаулы құжатпен, Дезинфекцияға жабыстырмамен жібереді.
Жүк атауы деген графаға: Дезинфекцияға белгісін қоймайды. Бұндай вагондарды ветеринарлық-санитарлық өңдеу, екінші категорияға өткізіледі. Ветеринарлық-санитарлық аймаққа вагондардың келуін ветинспектор, келетін аймақтағы станса бастығы мен ветеринарлық-санитарлық бақылау бөліміне телеграф арқылы хабарлайды. Жіберілген вагондар дезинфекциялау стансаларына белгіленген уақытта келмесе, станса бастығы мен инспекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
Вагондарды 2-ші және 3-ші категориялы өңдеуден өткенше дейін жіберген станса және қабылдайтын стансаның ветеринарлық-санитарлық бақылау бөлімі, толығымен өңдеуден өткенше дейін бақылауға міндетті.
2. Вагондарды дезинфекциялау.
Вагондарды дезинфекциялау үшін коррозиялық белсенділігі аз дезинфектанттар қолданылады. Гипохлор ерітіндісі әкті ерітіндіге қарағанда коррозиялығы аз. Коррозиялық белсенділігі аз ерітінділерге: глутарлы альдегид, тексанит, ниртан, парасод, фоспар (Бутко,Тарасенко,1983) жатады.
Дезинфекцияның ылғалды әдісі. Дезинфекцияның ылғалды түрі беткейлердің үстін дезинфицирлеуші ерітінділермен бүркуге негізделген. (Поляков, 1942,1956,1965).
Жануар мен жануартекті шикізаттарды тасымалдағаннан кейін вагондарды дезинфекциялау: платформалар, жануарлардың қоршаулары, карантинді базалар, жануарларды артатын және түсіретін жолдар, суаратын пункттер территориясы, жануарларды ұстайтын орындар, жануарлардың өлексесін жерлейтін орындар, қоймалар, жануартекті шикізатты сақтайтын орындар, территориялар, нәжісті түсіру және сақтау орындары, түрлі инвентарлар (күрек, айыр, шелек, суару легендері, кормушкалар), жол серігінің киімдері және аяқ киімдер дезинфекцияланады.
Вагондарға екінші дәрежелі дезинфекция жасау, дезинфекциялық жуғыш станцияда (ДЖС) және дезинфекциялау пунктерде (ДП) жүзеге асырылады. Тазалау және жуудан өткен вагондарда бүрку құралы бар аппаратпен дезинфекцияланады.
Дезинфекциялау алдымен еден, кейін қабырғалары, төбесі, содан соң қайтара еденді өңдеу түрінде жүргізіледі.
Дезинфекциялық ерітіндіні алдымен бұрыштарына, кейінен барлық вагондарға шашыратады. Әсіресе бұрыштарына, саңылауларына, жақсылап дезинфекция жүргізеді. Кейіннен вагонның сыртын, тормозды алаңдарын, аяқшаларын дезинфекциялайды. Вагондарды гипохлор ерітіндісімен немесе құрамында 2-3% белсенді хлормен, хлорлы әк ерітіндісімен, 2% формальдегид ерітіндісімен, ыстық каустикалық сода (60-70ºС) 3-4% ерітіндісімен, құрамында 1-3% каустикалық содасы бар сілтілі формальдегид ерітіндісімен және 2-3% формальдегидпен дезинфекциялайды.
Аусыл және туберкулезбен ауырған жануарларды тасымалдаған вагондарды дезинфекциялау үшін Н.П.Любаков (1976) құрамында белсенді хлоры бар гипохлорид ерітіндісі және 0,7% сілтіні немесе 5% ыстық демп ерітіндісін қолдануын ұсынды. Ю.И.Андрюнин және В.Е.Зуев (1984) көлікті дезинфекциялау үшін Ньюкасл ауруы, инфекциялық ларинготрахеит, инфекциялық бронхит, тұмау, созылмалы респираторлық микоплазмоз, пуллороз құс пастереллезі, американдық және еуропалық паралич ауруларымен ауырған жануарларды тасымалдағаннан кейін дезинфекциялау үшін жоғарыдағы ерітінділердің 0,5% лм2 және 1лм2 қолдануды ұсынды. Бактериоцидтік қасиеті жоғарылау үшін сутегінің асқын тотығына органикалық қышқылдарды (сірке, сүт, құмырсқа) 0,5-3% дейін қосады. Сутегінің асқын тотығының жұмыс ерітінділері қоздырғыш түріне байланысты 2-7% концентрацияда пайдаланады. Вагондарды екінші дәрежелі дезинфекциялауға концентрациялы 3% гипохлорид кальций 1лм2 қолданылады және экспозициясы бір сағат.
Нейтральді кальций гипохлориді - суда жақсы еритін, өткір иісті ақ ұнтақ. Құрамындағы белсенді хлор мөлшері 24-35% вирустық індеттерден сау емес жануарларды және жануартекті шикізаттарды тасымалдайтын вагондарды ыстық 3-4% натрий ерітіндісімен немесе гипохлор ерітіндісімен немесе хлорлы әк ерітіндісімен дезинфекциялайды. Шығыны 0,5лм2, 3 сағат экспозициясы сағат. Туберкулезбен ауырған жануарларды және жануартекті шикізаттарды тасымалдаған вагондардың құрамында 3% формальдегид және 3% натрий гипохлор ерітіндісі бар сілтілі формальдегид ерітіндісімен немесе құрамында 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк ерітіндісімен өңдейді. Шығыны 0,5лм2, экспозициясы 1 сағат.
Вагондардың ішін, құрылымын, суыту орнын т.б. дезинфекциялағаннан кейін ыстық сумен жуып, кептіреді. Құрамында формальдегиді бар препараттарды бейтараптандыру үшін аммиак ерітіндісін қолданады. Глутар альдегид қалдығын инактивациялау үшін 0,5-1% биосульфид ерітіндісін қолданады (экспозициясы 10 мин,1% глицин ерітіндісі және т.б.).
Дезинфекциялаушы ерітінділерді бейтараптандыру үшін сірке қышқыл ерітіндісін қолданады. Барлық ДЖС-да вагондарды дезинфекциялау үшін өткір натрий ерітіндісін қолданады және вагондардың коррозиялы зақымдалған бөліктерін өңдеу үшін қолданады. Осыны есептей келсе, Бутко, Тарасенко (1982) тетраборлы қышқылды бурыл натрий ерітіндісін қолдануды ұсынады. Бұл ерітінді рефрежераторлы вагондарды сілті ерітіндісімен өңдегеннен кейін коррозиялы әсердің болмауы үшін қолданылады.
Вагон беткейін дезинфекциялағаннан кейін 0,1-0,2% бурыл ерітіндісімен 0,3-0,5лм2 есебінде бүркеді, содан кейін сумен шаяды. Бұндай технология өткір натрий қалдықтарының коррозиялық әсерін жояды.
Вагондарды үшінші дәрежелі өңдеу тек қана ДЖС аумағында өтеді. Онда ағынды суларды өңдейтін құралды изоляторлық сектор және нәжісті өртейтін пеш болу қажет.
Үшінші дәрежелі дезинфекциялауға жататын вагондардың қалдықтардан және нәжістерден тазартып, дезинфекциялайды, жуады және екінші қайтара дезинфекциялайды. Ішкі қабырғаларын, еденді нәжістен тазалау алдында, алдымен дезинфекциялық ерітіндімен бүркеді. Керексіз заттарды жағады. Барлық құрал-жабдықтармен бірге, ішін-сыртын: гипохлор ерітіндісімен, хлорлы әк ерітіндісімен немесе кальций гипохлорид ерітіндісімен немесе 4% формальдегид ерітіндісімен өңдейді. Ерітіндінің шығыны 0,5 лм2. Дезинфекциялағаннан кейін 30 мин соң вагонның ішін-сыртын ыстық сумен жуады. Вагондарды жуғаннан кейін ішкі бөліктеріне дезинфекциялық ерітінді шашыратады. Шығыны 1 лм2 кейін вагон есіктерін жауып, сол ерітіндімен аяқшалары мен тормозды 0,5 лм2 шығынымен дезинфекциялайды.
3. Изотермиялық вагондарды дезинфекциялау
Тез бүлінетін өнімдерді тасымалдау үшін изотермиялық вагондар қолданылады. Вагон кузовтары толық металды, гофрирленген қабырғалы. Сыртқы қабырғалары және төбесі қалыңдығы 2 мм болатты гофрирленген қабат (лист). Ішкі бөлігі қалындығы 2 мм көлденең гофрирленген алюминді пласттар. Едені резеңкелі амортизаторы бар алюминді қоспадан жасалынған торша.
Изотермиялық қозғалмалы поезд секцияларына автономды рефрежераторлы вагондар жатады. Олар тез бүлінетін жүктерді, ет, ет өнімдері, балық, балық өнімдері, көкөніс, сүт және тағы басқаларын темір жолмен тасымалдау үшін қолданылады. Изотермиялық вагондарды тасымалдағаннан кейін, босатып, жүк қалдықтарынан тазалап, көліктік ветеринарлық бақылау барысында жууға, дезинфекциялауға жібереді. Жануар текті өнімдерді тасымалдағаннан кейін вагондарды бірінші, екінші және сирек үшінші дәрежелі өңдейді.
Изотермиялық вагондардың торларын мұқият тазалап, ыстық сумен жуады.
Вагондарды жылы және суық сумен жууға (рұқсат етілмейді) болмайды.
Дезинфекциялау үшін металдарды залалсыздандыратын ерітінділер қолданылады.
Материалдардың конструкциясының коррозиясы тазалау және дезинфекциялау процесін нашарлатады. Сондықтан күйдіргіш натрий, сілті ерітіндісін, формальдегидті, хлорлы әкті изотермиялық вагондарды өңдеу үшін жіберілмейді (Бутко,1985).
Изотермиялық вагондарды екінші дәрежелі дезинфекциялау үшін кальций гипохлорид және құрамында 3% активті хлоры бар гипохлор немесе 2% формальдегид ерітінділерін 0,5лм2 шығынымен қолданады, экспозициясы 1сағат. 5% глутар альдегид ерітіндісі, шығымы 0,75лм2, экспозициясы 1сағат, 02% концентрациялы ГЛАК ерітіндісі, шығымы 0,5лм, экспозициясы 3 сағат.
Бір рет қолдану үшін: 3% концентрациялы парасад және фоспар препараттары, шығымы 0,5лм2 және экспозициясы 3 сағат. Экспозициясы аяқталғаннан кейін ыстық сумен жуып, кептіреді.
Изотермиялық вагондарды үшінші дәрежелі дезинфекциялау, жабық вагондар сияқты өткізіледі. Изотермиялық вагондарды дезинфекциялау үшін басқа да препараттар қолданылады. 4% концентрациялы дезантикор препараттарын екінші категориялы өңдеу үшін қолданады. Ол 520-567 есе өткір натрий ерітіндісіне қарағанда коррозиялығы аз. (1915 ерітінді қатынасында Т, АМ 22Н, АМГ 312А, 24 БСТЗКП және басқалары; изотермиялық вагондарды өңдеу үшін ).
ДМП-2 2% концентрациялы препарат сапалы дезинфекция мен қатар, күшті тиімділік береді. ДМП жуғыш дезинфекциялы препараты құрамында 5,5-6% белсенді хлоры бар.
Изотермиялық вагондарды зеңге қарсы өңдеу. Вагондарды зеңнен өңдеу, тасымалдау кезіндегі еттердің жақсы сапасын сақтау үшін, әсіресе вагондарды салқындатылған еттерді тасымалдау үшін дайындайды. Егер изотермиялық вагондарда ет және т.б. өнімдер зеңделсе немесе ет бүлінген болса, онда оны зеңнен айыру үшін дезинфекциялау процесін өткізеді.
Изотермиялық вагондарды зеңденуге қарсы өңдеуді (Пенициллиум, Мукор және Аспергиллиус) глутарлы альдегиді препараттарын және сірке үсті қышқылын аэрозол түрінде қолдану жақсы нәтиже береді (Н.А.Шалуев): глутарлы альдегид (ДВ бойынша 25%) шығыны 65 млм2 және экспозициясы 2 сағат; сірке үсті қышқылы (ДВ бойынша 5%) шығыны 50 млм2 және экспозициясы 1 сағат.
Изотермиялық вагондардың залалсыздандырылатын беткейін жақсылап сулануы үшін дезинфицирлеуші заттардың ерітінділеріне беткейлі активті заттардан (ОП немесе сульфонат) қосады.
4. Тірі балықтарды тасымалдау үшін вагондарды дезинфекциялау
ДЖС (ДЖП) дезинфекцияға тірі тауарлық балықтарды, тасымалдағаннан кейін, сонымен қоса балық шаяндарға; ұрықталған уылдырық, шаяндарды өсіруге және акклиматизацияға арналған вагондар жатады. Бөшке, чан және т. б. қоймалар сумен толтырылып, оған балықтарды салардан бұрын олар міндетті түрде мұқият жуылып, дезинфицирлендіріледі және қайтара жуылады, себебі дезинфицирлеуші заттардың қалдықтары балықтарға зиян келтіруі мүмкін. Тірі балықты вагондар мен олардың қондырғыларын тазалайды және мұқият ыстық сумен шаяды.
Дезинфекцияның аэрозолды әдісі. Ылғалды әдіс вагон - рефрижераторларды, ұшақтарды және т.б. өңдеу үшін жарамды (Ярных,1972). Сол себептен дезинфекциялау тәжірибесінде аэрозолды әдіс кең етек алуда, оның енгізілуі қызметшілер жұмыстың гигиеналық жағдайын айқын жақсартып, дезинфекция үрдісін жеңілдетіп және оның өткізілуіне кететін шығындарды азайтады. Аэродисперстік күйге келтірілген дезинфицирлеуші ерітінділер, бұрынғы агрегатталмаған бірлікпен салыстырғанда бірліктің беткейін көп есе ұлғайтады, содан олардың шығыны он және жүз есе азаюымен орнын толтыра алады. Заттың физико-химиялық белсенділігі күрт жоғарылайды. Аэродисперсті күйге ауысқан дезинфицирлеуші ерітінділер ылғалды дезинфекция кезіндегі препарат жете алмайтын барлық саңылау мен жерлерге жетеді.
Сонымен қатар аэрозольдар бөлмелер мен құрылғылар беткейлерін ылғалдандырмайды және металдардың коррозиясын тудырмайды. Аэрозольдерді пайдаланғанда дезинфицирлеуші заттардың шығындалуы 3-5 есе қысқарады және өңдеу көлемі азаяды (Ярных,1972).
Вагондарды дезинфекциялаудың аэрозолды әдісі аз шығын кетіреді (3 есе) және ылғалды әдіспен салыстырғанда, анағұрлым пайдалы (Винокуров, Любаков,1974).
5. Аэрозольді дезинфекцияны өткізуге дайындау
Вагондардың аэрозольді дезинфекциясы кезінде міндетті түрде алдын ала дайындау (тазалау, жуу және вагондардың герметизациялау тәртібін сақтау қажет.
Дезинфекция кезіндегі вагондарға ауа температурасы 12°C кем емес, оптималдысы 17-22°C және одан жоғары, ал ауаның ылғалдылығы 60% төмен емес болуы керек.
Егер ауа ылғалдылығы төмен болса, вагондардың ішіне аэрозольді қондырғы арқылы 10 лм? мөлшерінде су жіберуге ұсынылды. Беткейдің қатты ылғалдануы кезінде оның үстінде қонған аэрозольді бөлшектердің концентрациясы төмендейді, ол болса дезинфекция тиімділігіне теріс әсер етеді. Бұндай жағдайда шаятын су вагон бетінен ағылып, содан соң олар құрғатылуы керек. Дезинфекцияның эффективтілігіне аэрозольдің дисперстілігі де әсер етеді. Вагондар дезинфекциясы үшін ең тиімді салмақтық медианды диаметрі 25-30 мм болатын формальдегид пен құрамында хлоры бар аэрозольдер.
Ерітінділердің қабырғалар беткейінен ағуының ұзақтығын кеміту үшін және дезинфектант тамшыларының жылдам ағуы үшін, дезинфектант құрамына 1% -ды беткелі белсенді заттар қосады.
ББЗ-ы дезинфектанттрмен қосып қыздырғанда, олардың бактериоцидтік қасиеті жоғарылайды және ол аэрозольді дезинфекция жасау үшін қолданылады, ол қосылыстар қабырғалар бекетінде бактириоцидтілігі жаңа қабық түзеді және оның шығынын аз айтады.
Аэрозольді дезинфекция үшін қолданылатын ерітінділердің тұмбалары және жуылмайтын, ерімейтін қасиеттері болмауы керек. Формалинде полимеризация көріністері болмауы керек, керек жағдайда ерітінділерді мақта, дәке сүзгілерінен өткізеді.
Вагондарды нәжістен, қоқыстардан тазартып, ыстық су мен лайлылығы кеткенше жуады.
ТАН-қондырғысы көмегімен вагондарға аэрозольді дезинфекция жүргізу. Дезерітіндіні шашу үшін 6 атм төмен емес қысым жасайтын, 8 атм кем емес қысымды көтеретін ерітіндіге арналған 10 л артық сыйымдылық және аэрозольді қоңдырғы, компрессор мен сыйымдылық қосатын оттегі шлангілері бар компрессор қажет. Қысылған ауаны алу үшін қолданылатын компрессорлардың (СО-7А және т.б.) өндіргіштігі 30-60 м (куб) сағаттан кем болмау керек. Екі үш және одан да көп қондырғылардың бірдей жұмыс істеуін өндіргіштігі 60 м кубсағ астам компрессорлар қамтамасыз етеді. Ол үшін қуатты стационарлық компрессорлық станциялар пайдаланылады, мысалы ПКС-5 (ішкі жану двигателімен) немесе ПКС-3,5 (элекродвигательмен). Аэрозольді дезинфекцияны екі әдіспен жүргізуге болады.
1) Аппаратураны дайындағаннан кейін ыдысына дезинфицирлеуші ертінді құйып, вагонның есіктері мен люктерін тығыз жауып қояды. Қондырғыны орналастыру үшін платформа жағынан есік аралық кеңістікте кішкентай саңылау қалдырады, содан соң қондырғыны орнатып есікпен қысып, компрессорды қосады. Жұмыс ыдысында қысым 4-5 атм жеткенде аэрозольді қондырғының ауалы және сұйықтық жүйесін ашады.
2) Вагонға ТАН қондырғысы бекітілген ұстағыш-штатив қойылады, ол вагонның қарама-қарсы бүйірлік қабырғалар жағына аэрозольдің бірқалыпты таралу үшін ұстағыштың механикалық айналуын қамтамасыз етеді. Вагоннан есіктен сыртқа шығарылған ұстағыш тұтқасы көмегімен 6-8 айналым жасап, аэрозольді аламыз.
Изотермиялы вагон есігінің гермитизациясы вагон есігінің периметрі бойынша салынатын тығыздағыш арқылы жүзеге асырылады, (полимерлі қаптар, поролон, мақта, құрғақ шөп т.б. Осыдан кейін вагон есігін қатты қысып, аэрозольді қондырғының ауалы және сұйықты жүйесін қосады.
Екі жағдайда (қысымы 4-5 атм және) аэрозольді қондырғының қысымы 4-5 атм және өндіргіштігі 500 ммин болған кезде аэрозольді бөлшектерінің салмақтық медиальді диаметрі 35ұ15 мкм жетеді.
Жабылған вагондарға екінші дәрежелі дезинфекция жүргізгенде мынадай аэрозольдер қолданылады: формальдегид ерітіндісінің 38-40% экспозициясы 1 сағат кемінде шығыны 40 млм3 болатын немесе құрамында кемінде 5% белсенді хлоры бар шығыны 100 млм3 пен экспозициясы 6 гипохлорит пен ДТСГК ерітінділері.
Изотермиялы вагондардың шығыны 50 млм3 және экспозиясы 1 сағат сірке үсті қышқылы (5%) көлемді аэрозолімен немесе шығыны 65 ммм3 және экспозициясы 2 сағат глутар альдегидінің (25%) көлемді аэрозольдерімен дезинфекциялайды.
Вагондардың үшінші дәрежелі дезинфекциясы үшін шығыны 60 млм3 және экспозициясы 3 сағат формальдегидтің 38-40% ерітіндісін аэрозольдерді пайдаланады.
Екінші дәрежелі вагондардың сыртқы беткейін ылғалды әдіспен не болмаса бағытталатын аэрозольдер шығыны 60 млм2 8% формальдегид ерітіндісімен немесе 150 млм3 мөлшерінде (4%) глутар альдегидімен және экспозициялары 1 сағат дезинфекциялайды, ал дәрежелі вагондарды 8% формальдегид ерітіндісіне бағытталған аэрозоль мен арасына 1 сағат салып екі рет өңдейді, оның шығыны 60 млм3 .
Вагонды формольдегидті бейтараптандыру үшін залалсыздырудың экспозициясы аяқталысымен шашылған формальдегид ерітіндісінің жарты мөлшеріндей болатын аммиактың 25% ерітіндісінің аэрозолін қосып 30 минут ұстайды, содан кейін жуып шаяды.
Вагонның өзі дезинфекциядан кейін арту орнына дейін 12 сағат жолда болады, ол уақыт ішінде есіктер мен люктер арқылы табиғи желдетіліп немесе экспозициясы өткеннен соң сумен шайылып және желдетілу арқылы формальдегидтің иісі жоғалады. Басқа дезинфекциялаушы заттарды қолданған кезде экспозиция аяқталғаннан соң вагондарды ыстық сумен жуып кептіреді. Аэрозольді қоңдырғыларды аптасына кемінде 2-3 рет бөлшектеп тазалайды, ал жұмыс біткенде жылы сумен шайып кептіреді.
АЖА (ААУ) аппараты көмегімен вагондардың аэрозольді дезинфекциясы (аэрозольді жиілікті аспап (аппарат). Вагондардың дезинфекциясы үшін Бүкілресейлік ветеринарлық санитария, гигиена және экологияның ғылыми-зерттеу институтының ЭКБ-мен аэрозольді жиілікті аспап жасалып шығарылды. (Бутко және басқалары 1982). Аппараттың жұмыс аппараты - жылдамдығы 24 мың айналымминутта айналатын көлемді көп каналды (диск) табақша.
АЖА-ны арбаға бекітіп салынған бөшкенің дезерітіндіні шығару СКН-2 клапандары арқылы жүзеге асырылады вагонға кіргізетіндей көлемі болуы керек. Аспап жұмыс алдын алу жасалған берілген алгаритімі бойынша дистанциондық басқарылады пультімен. АЖА мынадай артықшылықтыры бар, оған компрессор қажет емес, өндіргіштігі 1,140 лмин, вагондардың аэрозольмен толу уақыты 7-8 мин, аэрозольді бөлшектердің массалық медианді диаметрі 21-40 мкм. Дезинфекция алдында вагондарды механикалық тазалайды, содан соң белгіленген тәртіпте оларды ыстық сумен жуып шаяды. Жуудан кейін бүйірлік және үстіңгі люктерді және қарсы платформа жағындағы бір есікті жауып қояды. Аспапты вагонға әкеп оны орталық бөлімге орналастырады және есікті жауып, кез келген материалмен бітейді. Аспапты басқару қалқанында орналасқан тетікті басу арқылы қосады.
Екінші дәрежелі өңдеу үшін вагондарға глутар альдегидін (20%) шығыны 80млм3 және экспозициясы 1 сағат, формалинмен (38-40%) шығыны 40 млм3 және экспозициясы 1 сағат, аэрозольдерді қолданады.
Вагондарды үшінші дәрежелі дезинфекциясы үшін шығыны 60 млм3 және экспозициясы 3 сағат формалин (38-40%) пайдаланылады. Дезинфекцияны температурасы 15ºС және ылғалдылығы кемінде 60% жағдайында өткезеді. Залалсыздандыру экспозициясы аяқталған соң вагонды ашпай бейтараптандырғышты шашады, ол үшін қашықтықтан басқару тетігін қосады немесе раптандырғыш ыдысына қосады не вагонды ыстық сумен жуып кептіреді. Формальдегидті бейтараптандыру үшін шығыны 50млм3 және экспозициясы 10-15 минут болатын аммиак қолданылады, ал глутар альдегидін бейтараптауға су қолданылады.
АЖА-ның жұмысы кезінде оператор вагоннан тыс болмау керек. Жұмыс алдында міндетті түрде қоңдырғы беріктігін тексереді. Дезинфекция жүргізу кезінде вагон алдына Кіруге болмайды деген жазу іліп қояды.
Вагондарды аэрозольді дезинфекциялаудың аспапсыз әдісі. Аэрозоль алудың аспапсыз әдісі екі немесе одан да көп химиялық заттарды араластырған кезде пайда болатын тотығу - тотықсыздану раекциясына негізделген. Реакция жүру барысында температураның жоғарылауы дезинфицирлеуші заттың тез бөлінуіне және булануына әкеледі. Сол кезде ауаға дезинфицирлеуші заттармен бірге оның тотығу тотықсызданудың өнімдері мен су булары түседі. Әсер етуші компоненттерді дұрыс эмальденген немесе металл (түтікте) ыдыстарда (сыйымдылығы 20-40 л) араластыру керек. Аэрозольді алу үшін формалин мен хлорлы әкті араластырады. Күшті реакция нәтижесінде аэрозоль бөлінеді. Төрт діңгекті вагонды дезинфекциялау кезінде буға айналу үрдісі 5-10 мин жүреді. Вагондарды екінші дәрежелі өңдеу кезінде аэрозольді алу және залаласыздандыру үшін хлорлы әктің 40г, құрамында кемінде 25% белсенді хлоры бар және 40мл формалин (38-40% формальдегид) қажет.
Вагондарға препараттарды шашырату алдында, оларды жуып алу қажет. Егер вагондар жуылмаған болса, құрғақ және ыстық күні дезинфекциялау алдында вагандарды ылғандандырып алу үшін (60-90%), оған сол суды шашыратады. Бұл әдіс қарапайым, ерітінділерді жасау үшін суды көп мөлшерде шығаруды және вагон ішінде үнемі адамның болуын қажет етпейді.
Вагондарды екінші дәрежелі, ысытылған темірлі қабаттарды аэрозольді әдістермен дезинфекциялау үшін үшхлорцианурлі қышқылын қолданады.
Темірлі беткейге үшхлорлыцианурлі қышқылды ұнтақты сеуіп, кейін оны плиткада келесі басқа қыздыратын құрамда қыздырады. Одан бөлінген хлор, беткей ылғалымен араласып, микроорганизмдермен қарама-қатынысқа түсіп, оларды 3 сағат ішінде өлтіреді. Препараттың шығыны 8гм3. Дезинфекция жасар алдында вагон беткейлерін 1лм2 шығыны бойынша, ол сумен ылғандандырады.
Дезинфекцияның электроаэрозольді әдісі. Дезинфекцияға аэрозольді препараттарды қолданған кезде, нысанның беткейлері толық өңделмейді.
Аэрозольді бұлттар ауа әсерінен, бөлшектердің ауырлық күшінің әсерінен олардың коагуляциясы мен булануы есебінен өңдейтін нысанның еденіне және көлденең беткейлеріне түседі.
Оны жоюға аэрозольді бөлшектердің заряды мүмкіндік береді. Аэрозольді бөлшектер заряд алғаннан кейін ыдырап, дезинфекциялаушы нысан беткейіне интенсивті және бірқалыпты түседі.
Бүкіл ресейлік ветеринарлық-санитарлық, гигеналық және экологиялық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары, рефрижераторлық вагондарды дезинфекциялау технологиясын және оны жүзеге асыру үшін қолданылатын арнайы аппараттарды ойлап тапқан.
Изометриялық вагондарда электроаэрозольді дезинфекция жасау үшін: АП-ТАН аэрозольді құрылым, УЭ-1 электрозарядты құрал; 30м3 өндіретін компрессор; дезинфекциялаушы ерітінді үшін герметикалық ыдыс; аспалы және сұйықтықты шлангалар; аэрозольді құрылғыны бекітетін штатив; есіктерді тығыздайтын материалдар қолданады.
Дезинфекциялау алдында вагондарды жүн қалдықтарынан тазартады. Әсіресе толық емес торшалар тазалығына үлкен көңіл бөлінеді.
Еденді су лайлылығы кепкенге дейін жуып, кейін қабырғалар мен төбесін жуады. Жууды бүйірлік қабырғаларды жуумен аяқтайды.
Жуғаннан кейін вагондарды судан тазалайды. Вагон ішіндегі ауа температурасы 12ºС тан төмен ылғалдылығы 60%дан аспауы керек.
Вагон ішіне УЭ-1 электрозарядты құралы бар, АП-ТАН аэрозольді қондырғыны штативте бекітіп орналастырады.
Ұстағыш штатив тұрақты тірегіш стерженді және ұзын ұстағыштары бар, оларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz