Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы



Мазмұны

I тарау. Тәрбие және ислами тәрбиесіне жалпы көз.қарас.

1.1. Тәрбие және оның даму тарихы
1.2. Құран және оның тәрбиелік мәні
1.3. Ислам тәрбиесінде Мухаммед пайғамбардың орны

II тарау. Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы.

2.1. Бала тәрбиесі туралы ислам ғалымдарының тұжырымдамалары
2.2. Бала тәрбиесінде . жанұя
2.3. Исламда бала тәрбиесінің принциптерімен әдіс.тәсілдері
I тарау. Тәрбие және ислами тәрбиесіне жалпы көз-қарас.

1.1 Тәрбие және оның даму тарихы

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестірге болады.
1. Раба- ярбу; көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда Рум сүресі 39- аятында осы мағынада қолданылған.
2. Раба- ярби; пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
3. Раба- яруббу; реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. «Раб» сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Құранда ең көп айтылатын «Аллаһ» сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында «раб» сөзі тұрады.
«Раб» сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиенің білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиеден мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы менезді адам үшін «тәрбиелі», жаман мінезді адам үшін «тәрбиесіз» деп қолданылады. Тәрбие сөзінің «әдеп» сөзімен байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді.
Тәрбие ұғымын Мухаммед пайғамбардың міндеті жағынан алып қарайтын болсақ «теблиғ»-жеткізуші, «муршид»- жол көрсетуші деген мағынаға келеді. Теблиғ және муршид сөздері тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне қамтиды. Мухаммед пайғамбардың «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие болу деп айтсақ қателеспейміз. Ислам тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние және ахиретте бақыттылыққа жеткізу, қысқаша айтатын болсақ «жақсы мұсылман өсіру» болып табылады.
Имам Ағзам Әбу Ханифа «Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді білдіреді» деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ тағала тәрбие арқылы көркемдейді»
Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе, ал тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін үйретеді» деген. Ибн Сина тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.
Атақты тәпсірші Бейзауи болса тәрбиені «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген.
Тәрбие негізінде өз алдына мақсат емес себеп болып есептеледі. Кейбір ата-аналар балаларын, өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді. Кейбірі білімдар болуы үшін тәрбиелейді. Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет ететін азамат болсын деп тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені алуан түрлі мақсаттарда қолданып келген. Сондықтан да «Заман түлкі болса, тазы болып қу» деген сөзді негізгі қағидаға айналдырып, осыны бер перде тұтқан. Сол үшін тәрбие барлық жерде бірдей болмаған. Тәрбиенің жүйелі түрде берілуін сонау ежелгі гректерден көруге болады. Олардың түсінігінде ең құрметті адамдар, тәрбиенің сүзегінен өткендер болады. Ренесанс дәуірінде тәрбиенің мақсаты адамдық ғана болса, ХҮІІ ғасырда тәрбиенің мақсаты ғалымдарды көбейту мақсатқа айналды.
Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
Дүние жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі ойлар мен әдіс тәсілдер қалдырған. Мысалға, Хиндуларда ең үлкен тәрбие денеге емес, рұхқа бағытталған. Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналған. Тәрбиенің мақсаты жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы адам үлгісін тәрбиелеу болса да олардың бұл әдістері тәрбиені тек руханиятпенен шектеп дүние өміріне маңыз бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болушы еді.
Будда діні жоғарыдағы ұстанымдарды шамалы өзгертсе де, бәрі бір дене мен рұхты адамдық іс-әрекеттен алыстататын еді. Олардың пікірінше өмір қиыншылықтан, жамандықтардан тұрады. Бұл жамандық адамдар кәмілдікке қол жеткізгенге дейін жалғасады. Адамдардың өлімі тек формалардың ауысуы ғана еді. Қайтыс болғанға дейін бұл тәрбиені алмайтын болса дүниеге қайтадан жануар түрінде оралады. Адам тәрбиелену мен Нирвананың шыңына жетеді. Хиндулар Брахмандардың, яғни рахибтердің қол астында еді. Жазу алғашқы кездері құмға жазып үйретілгген. Кейінерек өсімдік жапырақтарына сия мен жазып үйретілген. Жоғары оқуда тек Брахмандар ғана оқи алатын.
Зәрдушт дінінде 15 жас балағат жасы болып есептелген. Балағат жасына келген жастарға зәрдүшттік заңдар және ахлақи бағыттар үйретілген. Жастардың діндар, еңбексүйгіш және іс-әрекеттерінде адал болуларына маңыз берген. Зәрдүшттік тәрбиеде адам өз міндетін сезінудегі негізгі белгісі оның рухани пәк болуында. Әйелдерге қамқорлық жасау негізгі адамгершілік борыш

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I тарау. Тәрбие және ислами тәрбиесіне жалпы көз-қарас.

1. Тәрбие және оның даму тарихы
2. Құран және оның тәрбиелік мәні
3. Ислам тәрбиесінде Мухаммед пайғамбардың орны

II тарау. Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы.

1. Бала тәрбиесі туралы ислам ғалымдарының тұжырымдамалары
2. Бала тәрбиесінде – жанұя
3. Исламда бала тәрбиесінің принциптерімен әдіс-тәсілдері

I тарау. Тәрбие және ислами тәрбиесіне жалпы көз-қарас.

1. Тәрбие және оның даму тарихы

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестірге болады.
1. Раба- ярбу; көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда Рум сүресі 39-
аятында осы мағынада қолданылған.
2. Раба- ярби; пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген
мағыналарға келеді.
3. Раба- яруббу; реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу
деген мағыналарға келеді. Раб сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет
беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз
Құранда 965 рет айтылады. Құранда ең көп айтылатын Аллаһ сөзі 2799
рет айтылса, екінші орында раб сөзі тұрады.
Раб сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші
сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да Құрандағы мағынасы осыны меңзейді.
Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі
анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар
еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиенің білушінің білмейтінге
үйретуі десек те болады. Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын
өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиеден мақсат
жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын
үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында
да қолданылады. Мысалға жақсы менезді адам үшін тәрбиелі, жаман мінезді
адам үшін тәрбиесіз деп қолданылады. Тәрбие сөзінің әдеп сөзімен
байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам
деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді.
Тәрбие ұғымын Мухаммед пайғамбардың міндеті жағынан алып қарайтын
болсақ теблиғ-жеткізуші, муршид- жол көрсетуші деген мағынаға келеді.
Теблиғ және муршид сөздері тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне қамтиды.
Мухаммед пайғамбардың Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім деген
сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие
болу деп айтсақ қателеспейміз. Ислам тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние
және ахиретте бақыттылыққа жеткізу, қысқаша айтатын болсақ жақсы мұсылман
өсіру болып табылады.
Имам Ағзам Әбу Ханифа Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын
нәрсені білуді білдіреді деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген:
Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие
әсемдік, ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ тағала тәрбие арқылы
көркемдейді
Зернуси: Білім, зейінді алатын нәрсе, ал тәрбие болса, білім мен үкім
беру жүйелерін үйретеді деген. Ибн Сина тәрбиеге қандай да бір нәрсені,
әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау деп анықтама берген.
Атақты тәпсірші Бейзауи болса тәрбиені Бір нәрсені бірте-бірте дамыта
отырып, кемелдікке жеткізу деп түсіндірген.
Тәрбие негізінде өз алдына мақсат емес себеп болып есептеледі. Кейбір
ата-аналар балаларын, өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді. Кейбірі
білімдар болуы үшін тәрбиелейді. Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет
ететін азамат болсын деп тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары
көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені
алуан түрлі мақсаттарда қолданып келген. Сондықтан да Заман түлкі болса,
тазы болып қу деген сөзді негізгі қағидаға айналдырып, осыны бер перде
тұтқан. Сол үшін тәрбие барлық жерде бірдей болмаған. Тәрбиенің жүйелі
түрде берілуін сонау ежелгі гректерден көруге болады. Олардың түсінігінде
ең құрметті адамдар, тәрбиенің сүзегінен өткендер болады. Ренесанс
дәуірінде тәрбиенің мақсаты адамдық ғана болса, ХҮІІ ғасырда тәрбиенің
мақсаты ғалымдарды көбейту мақсатқа айналды.
Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан,
еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық
қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр
тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке
бағынған құл болмайды деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің
аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс
қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты
сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен
тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: Әдепті бала арлы бала,
әдепсіз бала сорлы бала. Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар
мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді
тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын
тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай
ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
Дүние жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі
ойлар мен әдіс тәсілдер қалдырған. Мысалға, Хиндуларда ең үлкен тәрбие
денеге емес, рұхқа бағытталған. Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден
арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналған. Тәрбиенің мақсаты
жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы адам үлгісін тәрбиелеу болса да
олардың бұл әдістері тәрбиені тек руханиятпенен шектеп дүние өміріне маңыз
бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің
мақсатына кедергі болушы еді.
Будда діні жоғарыдағы ұстанымдарды шамалы өзгертсе де, бәрі бір дене
мен рұхты адамдық іс-әрекеттен алыстататын еді. Олардың пікірінше өмір
қиыншылықтан, жамандықтардан тұрады. Бұл жамандық адамдар кәмілдікке қол
жеткізгенге дейін жалғасады. Адамдардың өлімі тек формалардың ауысуы ғана
еді. Қайтыс болғанға дейін бұл тәрбиені алмайтын болса дүниеге қайтадан
жануар түрінде оралады. Адам тәрбиелену мен Нирвананың шыңына жетеді.
Хиндулар Брахмандардың, яғни рахибтердің қол астында еді. Жазу алғашқы
кездері құмға жазып үйретілгген. Кейінерек өсімдік жапырақтарына сия мен
жазып үйретілген. Жоғары оқуда тек Брахмандар ғана оқи алатын.
Зәрдушт дінінде 15 жас балағат жасы болып есептелген. Балағат жасына
келген жастарға зәрдүшттік заңдар және ахлақи бағыттар үйретілген.
Жастардың діндар, еңбексүйгіш және іс-әрекеттерінде адал болуларына маңыз
берген. Зәрдүшттік тәрбиеде адам өз міндетін сезінудегі негізгі белгісі
оның рухани пәк болуында. Әйелдерге қамқорлық жасау негізгі адамгершілік
борыш болып саналған. Тамақтануға да көп көңіл бөлген. Өйткені адам
тамақтанбаса азамматтық қызмет борыштарын жасай алмайды. Өйткені адамның
рухани өмірі физикалық өмірі мен тікелей байланысты. Тамақ жеп ішпейтін
адамның құлшылық жасауға күші жетпейді(Ясна,33 баб). Зәрдушттікте
адамдарды әлсіздендіреді деп оларға ораза ұстауға тиым салған. Тамақтану
жақсарған сайын адамдардың мінез-құлықтары да жақсара береді. Олар арақ
ішуге тиым салмайды. Мөлшері мен ішуді ұсынады. Осылайша арақ ішу арқылы
жақсы мінезділермен жаман мінез-құлықты адамдарды ажыратуға болады.
Зәрдүшттерде дүниеуи мал-мүліктерден бас тарту талап етілмейді. Оларды
мөлшері мен пайдалануды әмір етеді.
Адамды кәмілдікке жеткізу түсінігі тайпаларда түрліше көріне
бастады. Мысалға, римдіктерде қиыншылықтарға шыдаған батыр әскер кәмілдікті
білдірсе, гректерде дене әдемілігі және мінез-құлық тәрбиенің негізгі
мақсаты еді. Яхудилерде қасиеттілігі бар адам кәмілділікті білдірген.
Олардың пікірінше балаларын жақсы көрген адам оларды сабау керек. Егер де
оларды ұрмай мейірімділік жасаса балаларына қиянат жасаған болып
есептеледі. Ер кісілер оқытылып, қыз балалар оқытылмайтын еді. Оларда ақыл-
ой тәрбиесі екінші орында еді. Әке ұлдарына тарихы оқиғаларды тақпақ
тәрізді түсіндірген.Тәурат балалардың қолынан түспейтін, үнемі ұстаздарының
мінез-құлық дәрістерін балаларға үйрететін кітабы болып, “балаларды бір қол
мен жазалап екі қол мен аялау дәстүрі пайда болды.
Қытайда болса ежелден қалыптасқан Конфуцийдің тәрбие тәсілдері мен
салт-дәстүрлері үйретілетін еді. Конфуцийдің пікірінше кәмілділік тек қана
үкіметке мойынсұнуменен ғана жүзеге асады. Оның пікірлері қазірге дейін
жалғасып келе жатыр.
Ежелгі түріктерде тәрбиенің негізі дін еді. Олардың алғашқы діні
будда діні болған. Бұл діннің негізгі дәстүрлері әр уақыт қасиеттілікті
жасырып, қателіктерін жариялау сипатта өмір сүру еді. Адамдарды жақсы
көру, басқалардың сенімін мазақтап қорламау еді. Сондықтан да олар
қонақсүйгіш барлыққа бірдей құрметте болатын еді.
Шыңғысханның немересі Құбылай Буддист болғанымен жексенбі күні
христиандардың шіркеуіне, жұма күндері мұсылмандардың мешітіне баратын
болған. Шаман діні де Буддизмнің бір бөлігі еді. Көне түріктер, қай сұлтан
билік басына шықса соның тәрбиесіне, үкіміне бағынатын болған. Сұлтан қай
дінге сенетін болса, халық та сол дінді қабылдаған. Сондықтан да ежелгі
түріктер көп діндердің әсерінде қалған.
Иранның ежелгі діні зердушт діні болған. Тәрбие дәстүрлері де сол
дінге негізделген. Жақсылық құдайы Хурмуз, жамандық құдайы Ахирман деп
аталған. Олар құдайларына жету үшін Ахирманнан құтылу жолын іздестірген.
Осылайша олар өздерін дене және рухани жақтан тәрбиелеп келген.
Тәрбиенің жүйелі түрде берілүін ежелгі түріктерден көруге болады.
Грек философы Аристотель негізгі тәрбиеші әке-шеше екендігін, осы арқылы
жанұя байланыстарының нығайуына, қоғамдық өмірде бауырмалдылықтың өркен
жайып дамуына негіз болатындығын айтады. Бұл дәстүр тарихтың ең қараңғы
жылдарында шығыс елдеріне үлкен ықпалын тигізді. Аристотелдің пікірінше
тәрбие мәселесіне үкімет те араласуы керек. Ол баланың туылған сәттен емес,
жеті жастан бастап оқытылуын ұсынады. Гректер балаларын қарапайым
адардардың қолына тәрбиелеуге берген.
Грек философы Платон адамдарды үш бөлікке бөлген. Диқаншылар мен
өнершілер, соғысушы әскерлер және қызметкерлер.
Бірінші бөлік кісілердің тәрбиесіне тек өнер үйрету жеткілікті еді.
Әскер тәрбиесінде екі нәрсеге көңіл бөлген. Олар музика және гимнастика.
Қызметкер мен жұмысшыларға жоғары деңгейдегі білімдер, философия және
тақуа, қиыншылықтарға шыдау, сабырлылық үйретілген. Шығыста болғаны секілді
бір рахиптың құзырында бір ғалымның болуы қажет еді. Римдіктер
Ирандықтардың әсерінде қалған.
Тарихи дамудың кейінгі жылдарында алғашқы қауымдықтың орнына құл
иеленушілік пайда болды. Көне шығыста тайпалық қоғам пайда болып,
материалдық әрі рухани мәдениетке негіз болды. Көне ғасырларда шығыс
мемлекеттерінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі зор.
Мысалға, Қытайлықтар қағаз ойлап тапты, Үндістанда ондық есеп
системасы, Месопатамияда жер планетасын градустарға, сутканы сағаттарға,
минут және секунттарға бөлуді ойлап тапты. Сол кездерде Греция
мәдениетінің ошағы болған Лакония (орталығы Спарта) және Антика (орталығы
Афина) екі үлкен қала болған. Екі қалада да құл иеленушілік үкім етуші еді.
Грецияда құлдар сөйлейтін құрал деп атанған. Тәрбие жұмысы мемлекеттің
қолында, Спарта ауқатты кісілердің ғана оқуға мүмкіндіктері болған.
Спарталықтардың балалары жеті жасқа дейін үйде болып, Агелла деп аталатын
оқу орындарында он сегіз жасқа дейін білім алған.
Көне грек тарихшысы әрі философ Плуатахр Спарта мектептеріндегі
тәлім-тәрбие туралы былай дейді: Балаларға оқу жазудың ең қажеттісі
үйретілетін еді.Тәрбие, мойынсұну, шыдамды болу және жеңу ілімін үйретуді
көздеген. Спарта тәрбиесінің тағы да бір маңызды ерекшелігі балалардың
жүректерінде құлдарға болған жек көрушілік сезімдерін ояту болған. Олар
қыздар тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.
Көне Грецияның екінші ежелгі қаласы болған Афинада да Спарта
секілді өзіне тән тәлім-тәрбие ерекшеліктері болған. Құлдар жеке мүлік
ретінде қолданылған. Құлдар балаларды мектепке жетектеп барған. Оларға
педагог атағы берілген.
Сократтың пікірінше шынайы ахлақ тек ғалым және білімділерге тән.
Сондықтан да үкіметті басқару оның пікірінше солардың қолында болуы керек.
Аристотель жан мен тәннің бар екендігін айта отырып жанды үшке
бөледі. Өсімдіктердегі жан, бұл қоректену және көбеюмен белгілі болады.
Хайуандардың жаны, өсімдіктердегі қасиеттер мен бірге сезім армандар да
қосылады. Жанның үшінші түрі өсімдік және хайуандардағы қасиеттермен қоса
ақыл, ойлау қасиеттерін өз ішіне алады.
Аристотелдің пікірінше жоғарыдағы үш түрлі жанға байланысты, тәрбие
мәселесінде дене тәрбие ахлақи тәрбие, ақыл-ой тәрбиесі болу керек
екендігін айтады. Оның пікірінше кезкелген арман және іс-әрекеттерде төмен,
орта және шектен асып кету сияқты деңгейлердің бар екендігін айтады.
Олардың ішіндегі ең дұрысы тепе-теңдікті сақтайтын - орта жол болып
табылады.
Атомизм теориясының негізін салушы атақты философ Демокрит та
жоғарыда аталмыш философтар секілді тәрбиеге қатысты өзінің
тұжырымдамаларын айтып кеткен. Демокрит Аллаһтың қалауы деген нәрсе бұл
адамдардың ойынан шығарған нәрсе деп есептейді. Демокрит тәрбиені табиғатқа
сәйкестендіруді негіз етіп алды. Ол былай дейді Табиғат пен тәрбие бір-
біріне ұқсайтын нәрселер. Тәрбие еңбек арқылы ғана жоғары нәтижеге жетеді.
Демокриттің тәрбиеге қатысты бүкіл ойлары діни көз-қарасқа қайшы еді.
Сондықтан да өзінен кейін келген философтарға үлкен ықпалын тигізді. Батыс
Европада құл иеленушіліктің орнын 5-18 ғасырлар аралығында феодализм үкім
сүрді. Феодалдық қоғамда үкім жүргізу феодал помещік және руханилердің
қолында болды.
Орта ғасырларда батыс Европада дін және оған қызмет етуші дін
басылар үлкен роль ойнады. Католик дінбасылары осы мүмкіндіктерден
пайдалана отырып ғылымға қарсы шықты. Ғылымның дамуына кедергі болды. Дін-
ақиқаттың көзі, пән дінге қызмет ету керек, бүкіл пән ғылымдарының тәжі
теология деп түсіндірді. Мектептерде арифметика, грамматика, риторика,
география сияқты пәндерге діни мазмұн бере отырып тек сенімді түсіну үшін
ғана пайдаланды.
Батыс Европада сол кездерде Янь Комменский, Пестолиций секілді ұлы
ғалымдар өмір сүрді. Комменскийдің көзқарасында бір жағынан стихиялы
материализм және реализмнің кей бір элементтері және тұрмыс тіршілікке
тырысу, екінші жағынан діндарлыққа көңіл бөлуді көруге болады. Комменскийге
дейін ғалымдар арасында қабілетті балаларды ғана оқыту қажет деген пікір
таралған еді. Ол барлық балалардың оқытылуы қажет деген пікірді ортаға
тастады. Орта ғасырдағы секілді таяқ пен ұрып оқытуға қарсы шығады.
Балаларға адамгершілік қарым-қатынаста болу керектігін ұсынады.
Пестолицийдің пікірінше тәрбиенің мақсаты адамның бүкіл күш және
қабілеттерін дамыта өсіру дейді. Ахлақ тәрбиесі дін тәрбиесі мен тығыз
байланысты. Ол ресми дінді сынға ала отырып, адамдардың жоғары
қасиеттерінің дамуына табиғи діннің әсері мол дейді. Егер адам баласы
Құдайды сүйсе ол барлық адамдарды да сүйеді, өйткені бүкіл адам бір әкенің
баласы секілді бір-біріне аға-іні. Роберт Оуэн балаларға діни идеология
жайындағы пайда әкелмейтін кітаптарды, оқытпау керектігін ұсынды.
Европа мен Азия терең қараңғылыққа батқан кезде ислам мәдениеті
жарқыраған күн сияқты дүниеге келді. Құран Кәрим адамдарға тәрбие
негіздерін Мухаммед пайғамбар хадисі мен баяндады. Осылайша исламда тәрбие
ислам дінінің негізін құрады. Жалғыз жаратушысына ықыласпен құлшылық,
жаратылысқа Аллаһ үшін қызмет ету бұл діннің негізгі ерекшелігі болды.
Барлық жамандықтар тәрбиесіздікті білдірсе, жақсылықтартардың барлығы
тәрбие рұхы ретінде сипатталады. Ислам үлкендерге құрмет, кішкентайларға
мейірімділік, сөздердің дұрыстығы мен істердің адалдығын, жалпы жан-жақты
дұрыстықты әмір етеді.
Балаларды тәрбиелеу, оларды өз еркіне қоймау әке-шеше алдындағы ең
бірінші міндет. Сондықтан да исламда әуелі Аллаһтың бірлігі, Мухаммед
пайғамбардың хақ пайғамбар екендігін айта келе барлық жақсы нәрселерге
үгіттеу, жаман нәрселерден тиым салу бұл қасиетті діннің негізін құрады.
Өйткені бала әке-шешенің үгіт насихаты арқасында жақсы немесе жаман
мінездер қалыптаса бастайды. Сол себептен Мухаммед пайғамбар әр баланың
табиғаты исламды қабыл ететін жаратылыста дүниеге келетіндігін кейін әке-
шеше немесе басқалардың әсерімен яхуди, христиан немесе межуси болатындығын
айтады.
Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке
тәрбие. Жеке тәрбие бұл Аллаһ тағала тарапынан пайғмбарлар арқылы адамдарға
үйретілген сенімдер әдемі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Пайғамбарлар
дәрігер іспетті адамдардың сырқаттарын айта отырып жақсылықтар игіліктер
арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса әлемнің ең кішкентай бөлшегінен
бастап ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің қолы мен тәрбиеленіп
жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса жеке тәрбиеде қалау
мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы Құранда ясин сүресінің ең соңғы
аяттарында былай делінеді. “Егер ол бір нәрсені қаласа, бол дейді сол сәтте
болады. Бүкіл нәрсе оның қол астында. Өмірді де өлімді де жаратқан сол. Еш
бір нәрсе оның бақылауының сыртында қалмайды. Бірақ пайғамбарлар арқылы
болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар.
Аллаһтың құлы болған адам баласы пайғамбарды мойындап одан әмір мен
тиымды, жақсы мен жаманды, бұрыс пен дұрысты үйренеді. Әмірлерді орындап,
тиымдардан аулақ тұрса, әр қашан бақыттылыққа жетеді.Адамдардың ең
бақыттысы болып есептеледі. Әр ғасыр сайын пайғамбарымыздың жолын
көрсететін адамдар келіп, олар да халықты жақсылыққа, хидаятқа, туралыққа
шақырған. Мұндай адамдарға өз тілімізбен үәлилер деп айтамыз. Үәли
деген сөз дос дегенді білдіреді. Құран Кәримде Аллаһ тағала былай дейді:
Аллаһ иман еткендердің досы. Оларды қараңғылықтан нұрға шығарады. Аяттың
жалғасында Аллаһқа иман етпегендердің досы шайтан, ол өзінің достарын
жарықтан қараңғылыққа апаратындығын, от ішінде қалатындығын айтады.

1.2. Құранның тәрбиелік мәні.

Адамзат тарихына көз салсақ, сонау алғашқы дәүірден бері адам
баласы әлемді билеген ұлы бір күшке сеніп, одан жәрдем сұрап соған құлшылық
еткен. Яғни адамның бойында ұлы жаратушыға деген сезім әлімсақтан бері
болған. Бұл- адамның өз табиғатында Аллаһ тағалаға сену мен бой ұсыну бар
екендігін көрсетеді.
Ислам көзқарасы бойынша Аллаһ тағала әуелі Адам пайғамбарды жаратты.
Аллаһ тағала адам пендесіне Адам пайғамбарды осы хақ дінінің алғашқы
пайғамбары етуі- адамзаттың алғашқы дінінің тәухид (жалғыз ғана құдайға
сену) діні екендігінің айғағы. Алайда мұндай қоғамдар уақыт өте келе Құдай
тағала сенімінен айрылып қараңғылыққа бет бұрып, көркем мінез аяқ асты
қалған еді. Сол кезде Аллаһ тағала қауымдарға пайғамбарлар жіберіп, тура
жолға шақырды. Ислам діні келкен кезде араб әлемі осындай күйде болатын.
Олардың діни сенімі қым- қиғаш халде еді. Арабтар әу баста аталары Ибраһим
және Исмаил пайғамбардың Аллаһ тағаланың бірлігіне негізделген Ислам
дінінде жүргенімен, кейінгі пайғамбарсыз заманда ақиқатты ұмытып пұттарға
табынып кетті. Пұтқа табынушылық араб түбегінің қоғамдық және экономикалық
өмірінде салтқа айналған. Арабтар жеке және ортақ ерекшеліктері бар пұттар
жасаған. Әр бір тайпаның өздеріне тән пұттары болуымен қатар, бір неше
тайпаның ортақ сиынатын пұттары да бар еді. Кағбаның айналасында 360 пұт
болған. Араб түбегінің жан-жағынан келген арабтар осы ортақ пұттарға
зиярат етіп, табынып, құрбан шалып, оларға арнап адал, харам үкімдерін
шығарған. Сонымен қатар оларда Аллаһ тағала хақында пікірлері де бар еді.
Құран осы жәйтті былай баяндайды. Егер олардан, Көктер мен жерді
жаратқан, күн мен айды бағындырған кім?-деп сұрасаң сөзсіз Аллаһ дейді.
Олар осы ақиқатты біле тұра қайда ағып барады.Егер олардан, Көктен жауын
жаудырып сол арқылы жерді өлімнен кейін жандандырған кім?-деп сұрасаң
сөзсіз Аллаһ дейді. Онда сен күллі мадақ Аллаһқа лайық де. Бірақ олардың
басым көпшілігі осы ақиқатты ұғынып саралай алмайды.(2661). Олардың Аллаһ
тағала туралы түсінігі төмендегідей:
1. Аллаһ әлемнің жаратушысы;
2. Ол жауын жаудырып, әр нәрсеге тіршілік беруші;
3. Ол мерекелі жиынды басқарушы;
4. Өткінші монизм ақиқаты;
5. Аллаһ Кағбаның Раббысы.
Алайда, арабтар жаратушының бар екеніне сенгенімен пайғамбар мен қайта
тірілуді теріске шығарған болатын. Ол Құранда былай сипатталады: Олар,
өмір тек бұл өмір де ғана өмір сүреміз, өлеміз. Бізді осы заман ғана
өлтіреді дейді.Задында олар бұл жайлы еш нәрсе білмейді. Бар болғаны
болжам жасайды. Басқа аятта: Олар әуелгі өз жаратылыстарын ұмытып бізге
мысал бермекші; Мұнша шіріген сүйектерді кім тірілтеді? дейді. Яғни,
арабтардың ақырет жөнінде сенімі мүлдем жоқ еді. Бірақ араб түбегінде
арабтар мен қатар өмір сүрген христиандар мен еврейлер бар еді.Осы дерекке
жүгінсек арабтар солардан ақырет туралы естіген деген жорамалға тоқталамыз.
Алайда араб түбегі қауымының ақыретке деген еш қандай сенімі болмағанын да
есепке алсақ, олар әһли кітап (еврейлер мен христиандар) көзқарастарына еш
қандай маңыз бермегенін аңғарамыз. Оның үстіне еврейлер мен христиандардың
өлгеннен кейін қайта тірілуге деген сенімі саяз еді.
Арабтар арасында пұттарға табынбаған, оларға арнап құрбан шалмаған,
тек қана Аллаһ тағалаға сенген адамдар да болған. Оларды муаххид немесе
ханиф деп атаған. Олардың орталығы Мекке болған. Олар Мекке халқының
арасындағы, пұтқа табынып Аллаһ тағалаға серік қосып рухани құндылықтарды
аяққа басып, дүниеқоңыз болған пенделерге ұқсамай Ибрахим пайғамбардың
ханиф дініне иман еткен жандар еді. Ол дәуірде ақсүйектер арасында, мейлі
төменгі сатыда болсын әйел затының қоғамда еш бір лайықты орны жоқ еді.
Мұндай үрдіс қыз бала дұниеге келісімен басталған. Арабтардың әйелі ұл туса
қатты қуанып қыз туса қылмыс істегендей күйге түскен. Өйткені адамдар үшін
қыздың әкесі болу масқаралық саналған. Олар мұндай халден сәбі қызды туа
салажерге тірідей көму, не оны бойжеткенде біреуге сатып жіберу арқылы
құтылған. Кей бір жаны ашығандары ғана қызын елсізге апарып мал бақтырған.
Бұл жайлы Фараздықтың арғы атасы Сасаа иман еткенде, өзінің басынан
кешкенін Мухаммед пайғамбарға былай деп баяндайды: Пайғамбарым! Қараңғылық
дәуірде жасаған жақсылықтарымның маған пайдасы бар ма? Мухаммед Пайғамбар
Нендей жақсылық жасадың?-деп сұрайды. Сасаа. Мен бір күні түйемді
жоғалтып іздеуге шықтым. Сахарада жүріп ұзақтан екі шатыр көрдім. Барған
соң қарт кісімен жолықтым. Біз әңгіме үстінде отырғанда әйелі келіп, қыз
туғанын хабарлады. Күйеуі аулаққа апарып жерге көм,- деді. Мен араша түсіп
ақырында сатып аламын деп әзер көндірдім. әлгі шалға боталы екі түйе мен
астымдағы түйемді беріп, қызды аман алып қалдым. Бұдан басқа да исламға
дейін 360 нәрестені құтқардым деп сөзін тәмамдады. Мухаммед пайғамбар
оның осындай жасаған жақсылығына оған Аллаһ тағала исламды нәсіп еткедігін
айтады.
Ол кезде ерлер әйелдерге мүлік ретінде қараған. Әйел хайыз кезінде
уақытша үйінен шығарылған. Негізі арабтардың әйел алуына шек қойылмайтын.
Қалағанынша үйленіп ажыраса берген. Бұл тек арабтарға ғана тән құбылыс
емес, Рум және Сасани империясында да әйелдердің құқы жоқ еді. Арабтар
аспаны ашық сахарада ғұмыр кешкендіктен, ой-өрістері де сол аспандай таза
еді. Сондықтан оларда шешендік өнер кеңінен тарап, әсіресе шайырлық өнері
, өрістеген болатын. Ол заманда ақындар елінің зиялысы еді. Бір ақынның
сөзінен екі тайпа соғысып, бір ауыз сөзбен екі ел арасындағы көп жылдық
қырғын тоқтап, татулық орнайтын. Ақындар арасында мүшайра жарысы өтіп
жеңімпаздың өлеңі кағба қабырғасына ілінетін.
Арабтарда сәуегейлік де етек алған еді. Ондайлардың халықтың
жүрегінен орын алғаны сондай көпшілік оларды тылсым күшке ие таңғажайып
жандар деп бағалап, зор құрмет көрсететін. Арабтар басына іс түсе қалса,
яки қайғы қасіретке дұшар болса-яқ, сәуегейлерден жөн сұрайтын. Олар
балгерлердің пұттарының ішіндегі жындармен тілдесіп ғайыптан хабар
алатынына мүлтіксіз сенетін.
Арабтар осындай қараңғы дәуірді бастан кешу үстінде әлемнің ұлы
жаратушысы тарапынан Мухаммед Пайғамбарға Құран жіберілді. Ол қасиетті
кітап ғана емес, жазу стилі жағынан адам баласының қолынан келмейтін
теңдессіз кітап болды. Оның аса ғажайып мұғжизалық үлгісін дос тұрмақ
дұшпан да мойындап қабыл етті. Шын мәніндегі адамзат тарихындағы ең маңызды
және қайталанбас оқиға исламның келуі және оның өркен жайып дамуы болды.
Кезкелген анархиялық жағдай пұтқа табынушылық, Аллаһқа серік қосу,
әділетсіздік, зұлымдық пен жауыздықтың үкім сүріп жатқан араб қоғамында
жалғызғана ортаға шыққан Мухаммед пайғамбар жиырма үш жыл ішінде
пайғамбарлық өмірін тәмамдаса да, араб түбегіндегі Сирия, Иранға дейінгі
жерлерді өз ішіне алған үлкен мемлекетті артына қалдырды. Оның тәрбиесін
алған сахабалар кезеңінде Ислам мемлекеті шығыста Қытай территорияларын
батыста Атлантика океандарына болған жерлерді өз ішіне алған мемлекетке
айналды.
Кей бір ғалымдар Исламның алғашқы кезеңіндегі тарихи шындықты
Ислам мұғжизасы деп атап кеткен. Біз бұл тарихи шындықты тек мұғжиза деп
қана қоймай, ол туралы мұқият ойланып, терең зерттеулер жүргізуіміз керек.
Құран сөзі тау суындай сарқырап ағып жан мен тән, ар мен жүректі
кірден арылтып, адамзатқа бақыт әкелді. Құран арқылы әйел заты теңдікке қол
жеткіссе, әке перзентін қыз, ұл деп бөле жармай, бірдей әкелік сезіммен
қарайтын болды. Кешегі қызын тірідей көмген әкелер, енді құмырсқаға да
аяныш сезіммен қарайтын заманға қол жеткізді. Бір-бірімен қырық-пышақтасып
қырқысқан ру, тайпалар Құран арқылы арасынан қыл өтпейтін дос атанып, аға-
бауырлық қарым-қатынас орнықты. Күні кеше ата-анасына қарсы балалар
Құранның атқан орайлы таңынан кейін, оларға қарсы шықпақ түгіл үһ деп те
наразылық білдірмейтін ибалы дәрежеге жетті. Әсіресе анаға ерекше ізет
көрсетіліп Жаннат аналардың аяқтарының астында деген мәртебелі баға
беріліп ардақталды. Міне Құран бұдан он төрт ғасыр бұрын, зұлыматтың қара
түнегін сейілтіп адамзат әлемін көкжиектен көтерілген күндей нұр шұғылаға
бөледі.
Жаһилия (исламнан бұрынғы кезең) кезеңіндегіі жаман әдеттерді жойып
адамзаттың кәмілденуіне себеепші болған Ислам қазіргі кезеңдегі көкейтесті
мәселелерімізді шешуге басшылыық жасайтын негіздерді іздеп зерттеуіміз
керек.
Мұсылмандардың бастапқыда таңқаларлық табысқа қол жеткізулері
тәрбиенің арқасында деп айтуымызға болады. Исламның адамзатқа әкелген
тәрбие системасының, сенімі қуатты мұсылмандар тарапынан кемшіліксіз
орындалуы арқылы олар жан жақты табыстарға қол жеткізген. Бұл тұрғыдан алып
қарайтын болсақ, Исламға илаһи тәрбие(құдайдық) системасы деп сипат
беруге болады.
Негізінде Мухаммед пайғамбар өзін тәрбиеші ретінде көрсетеді. Мен
бір мұғалім, тәрбиеші ретінде жіберілдім.(Имам Малик, Муватта, хуснул
хулқ,1).
Қасиетті Құранда: Егер сенсеңдер, әрине жоғарысыңдар(үстінсіңдер)
аятын ислам тәрбиесін өмірде іс-әрекеттерің мен көрсетіп нағыз мұсылман
болсаңдар, міндетті түрде жеңіске жетіп, дүниеуи жарыстарда да басқалардан
жоғары мәртебеге жетесіңдер деген мағынада түсінуіміз керек.
Қазіргі замандағы тәрбие системасын зерттейтін болсақ, ислам
тәрбиесінің артықшылығын байқауға болады. Ислами түсінік бойынша адамдарды
жаратқан Аллаһ, адамдардың жаратылысына ең лайық тәрбие системасын
білдірген. Құранда адам баласының алаи иллийин деп аталатын ең жоғары
дәрежемен, хайуаннан да төменгі дәрежедегі асфалас сафилийнге түсіп шыға
алатын ең әдемі сүретте жаратылғандығын айтады. Олай болатын болса өзінің
ең үлкен сипаты болған Раб, яғни тәрбие етуші есімі мен өзін бізге танытқан
ұлы жаратушы, адамдардың жаратылысындағы көздеген жоғары мақсаттарға
апаратын жол, яғни жаратылысына лайық тәрбие системасын көрсетпеуі мүмкін
емес. Егер жоғарыдағы сияқты ислами тәрбие системасы бар болса, бір мүмин
кісіге жаратушысының көрсеткен негіздерден басқа тәрбие бола алмайды.
Ислам, бүкіл пайғамбаарлармен кітаптар, шариғаттар тіпті ғалымдар да
адамдарды тәрбиелеу үшін жіберілгендігін айтады. Өйткені Мухаммед
пайғамбар бір хадисінде Ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары деп
ғалымдарға да пайғамбарлық міндет жүктелгендігін айтады. Діни әмір мен
тиымдар, харам мен халалдар барлығы тәрбие болып есептеледі.
Осы жерде ислам тәрбиесінің алғашқы тәрбие негіздерінен Құран
жайлы, ол кімнің сөзі және оның басқа кіттаптардан ерекшеліктерін айта
кеткен жөн.
Ислами деректердегі мағлұматтардан тұжырым жасайтын болсақ,
адамдарды жаратқан және олардың әлсіздігімен мұқтаждығын білетін Аллаһ
тағала адамзатттың атасы Адам пайғамбардан бастап ақыр заманның үмбетіне
дейін әр дәуірде адамзаттың қажеттілігімен сана деңгейіне қарай илаһи
хабарды сол қауым ішіндегі арнайы таңдалғаан пайғамбарлар арқылы жіберді.
Адамзаттың санасы бұрыңғыдаан гөрі дамып, толысқан уақытта ақырғы
пайғамбаар Мухаммед арқылы жиырма үш жыл бойы уаһи етіп Құранды түсірді.
Құран, адамзат қараңғылыққа көмілген заманда, қапастан құтқарып нұрға
бөлеген, нұрмен рақымға толы кітап. Құранда Аллаһ тағала былай дейді: Ол
сендерді қараңғылықтан жарыққа шығару үшін құлына ап-ашық аяттар түсірді.
Сөзсіз Аллаһ сендерге тым мейірімді, аса рақымды.(Хадид 9). Біз
мұсылмандарға Құраннан шипа мен рақым түсіреміз. Бұл залымдардың зиянын
ғана арттырады. (Исра 82).
Құран- тарихтағы өзіне дейінгі адамдардың қолымен бұрмаланған өзге
илаһи кітаптарға ұқсамаған жалғыз уаһилік кітап. Осы жағынан Құран өзге
кітап пен діндерді бағалауда жалғыз құқылы кітап. Оның нақты мәнісі-Тәурат,
Інжіл, Зәбур және Құранның бір бастаудан келуінде. Себеп, тәурат пен Інжіл
ғасырлар бойы адамдардың бұрмалауына ұшырап, Құранның әлгі күнге дейін бір
әрпі де өзгертілмей сақталуында. Кей бір ислам ғалымдары бұл кітапта шүбә
жоқ деген. Құран аятындағы кітап сөзіне түсіндірме жаасаған кезде кітапты
екіге бөліп қарастырады. Үлкен және кіші кітап. Үлкен кітап бұл алып әлем
болса, кіші кітап Құран делінеді. Құран жоқтан жаратылған жеті қат әлем
атты алып кітаптың аудармашысы. Ұлы жаратушы әлемді өзінің ұлылығымен
құдіреттілігін таныту үшін жааратқан. Қасиетті хадисте Аллаһ тағала Мен
бір құпия қазына едім, мені танып білсін деп әлемді жараттым дейді.
Өйткені әр бір кәміл құдірет және әдемілік өзінің кәмілділігі және
әдемілігін көруді әрі көрсетуді қалайды. Сондықтан да әлем кітабын
адамзатқа арнайы ұсынып, сол кітабы арқылы адамдар мен тілдеседі. Ендеше
адам баласы алып кітапты оқып оның тылсым сырын ақтарып негізгі мақсатты
табуы шарт. Адам ақылы шектеулі. Сондықтан да сансыз болмыстың құпия сырын
адамзат ұлы жаратушысының пайғамбары арқылы жіберген кітап кілітімен ғана
аша алады. Құрранның түсу кезеңін зерттейтін болсақ, ол адамзаттың сан
ғасырлар бойы санасы дамып кәмілдік деңгейге жеткен кезде түскен.
Ол осыдан он бес ғасыр бұрын түссе де, қазір де қияметке дейін де
адамзаттың барлық мәселелерін шешуге жетіп артылады. Құранда Аллаһ тағала
Болашақта дәлелдерімізді ғаламзат және жаратылыстарында көрсетеміз. Сол
кезде олар оның (құранның) ақиқат екендіігіне анық көздері жетеді.
(Фуссилат,4153). Бұл аяттан, келешекте адамзаттың күллі болммысымен құран
арасындағы тылсым байланысты түгел зерттеп ақыр соңында, Құранның Ұлы
жаратушысының кітабы екендігіне нағыз ақыл иелерінің көздері жетеді деген
мағына шығады.
Құранның бұрынғы кітаптардан тағы бір ерекшелігі алғашқы түскен
парақтармен барлық кітаптардың мазмұнын қамтуында.
Егер де сол кезеңнің қоғамдық ахуалына қарайтын болсақ шын мәнінде
Құран сияқты бір жол көрсетушінің түсуі де аса қажет екендігі көрінеді.
Адам баласы бұл дүниеге не үшін келген дегген сұраққа Құран былай жауап
береді. Адамзат жеті қат алып сарайдың аса қадірлі қонағы. Бүкіл әлем тек
адамға арналып жаратылған. Адамзат дүниеге Ұлы жааратушысының жарлығын
орындап, ғаламзат сарайын тамашалай жүріп, оған ғибадат етіп Мухаммед
пайғамбардың адамның жақсысы адамдарға пайдалырағы дегеніндей ізгілік
жасап халыққа пайдасын тигізіп, кейінгі ұрпаққа өшпестей жақсы із қалдырып,
жасаған жақсылығының қарсылығына алдағы ахирет әлемімен мәңгілік бақыт
мекенін сатып алуға келген. Егер де ахирет әлеммен ондағы мәңгілік өмір
болмаса, бұл өмірмен жаратылыстың еш мән мағынасы қалмас еді. Адам бұл
дүниеге текке келіп құр кеткен болар еді. Алайда әлемнің жаратылыс мақсаты-
адам. Әлем- алып ағааш, адам соның жемісі мен мәнісі. Ендеше ахирет болмаса
бұл дүние босқа жаратылды деген мағына шықпай ма?
Құран әрі адамзаттың тәрбиешісі. Құранның басты мақсаты адам
болмысының жан тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жаннатқа
лайық ету. Негізінде құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі
де жаннатқа ұқсас. Өйткені адамның жандүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең
кәміл әдісті адамды жоқтан жаратқан Аллаһ тағала ғана біледі. Құран күллі
адамзаттың заттық әрі руухани қажеттіліктеріне сай, кең ауқымға ие қасиетті
дара кітап. Құран адам өміріне немқұрайлықпен қарамай, оның қажеттіліктерін
қамтыған кітап. Адам баласы дүрбелең өмірдегі бөгеттермен асулардан соның
көмегімен өтіп, дерттің дауасын, рұхтың азығын Құраннан ғана табады.
Шығыс және батыс зерттеушілері Құранды дүниежүзілік мәдениетте
кездеспейтін туынды деп есептейді. Мухаммед пайғамбарға жиырма үш жыл бойы
түскен Құранды сахабалар жаттап өзінен кейінгі ұрпақтарға жеткізген.
Құранды бірінші болып Зейд б. Сәбит киік терісіне жазған. Омар халиафлығы
кезінде Құран кітап халіне келтірілді. Үшінші халифа Оспан оны алты нұсқа
етіп орталық қалаларға таратты.
Құран әлем мәдениетінің ең үлкен байлығы, бүкіл мұсылмандардың
қасиетті кітабы. Араб тілінде қирағат-оқу деген мағынаны білдіретін
Құран жүз он төрт сүреден тұрады.
Құран адамдарды татулыққа, ізгілікке, теңдікке шақырады. Адамдарды
жақсылыққа шақырып, жамандықтардан тиым салады. Құран адамгершілікті,
сүйіспеншілікті, көркем мінез, рухани және мағынауи пәктікті, адал еңбек
етумен жақсы өмір сүруді әмір етеді. Құранның тәрбиесіне қарай отырып
адамның рухани кәмілденуіне қаншалықты маңызы бар екендігін көруге болады.
Баршамызға мәлім кәміл адам өзінің білімділігімен танылады.
Коммунистік тәрбие кезінде, білімді кісі тек дінсіз болу керек, өйткені
адамның білімі артқан сайын діннің бос екендігін түсінеді деп келінді.
Алайда ислам мұсылмандарды дамуға білім алуға әмір етеді. Өйткені жеке адам
және қоғам білімменен кәмілдікке жетеді. Адамдарды ғылымға тарту мақсатында
Зүмәр сүресі 9 аятында былай делінеді: “Білетіндер мен білмейтіндер еш
уақытта бір бола ма? Шындығында ақыл иелері ғана насихат алады”. Исламда
адам ақылының дамуына қатты көңіл береді. Ғылым және ақиқатты айғақтар мен
дәлелдеуде, исламның рационалдық, ақылға сүйенетін дін екендігі айқын
көрінеді. Шын мәнінде де Құран еш бір нәрсені дәлелсіз қабылдамау
керектігін айтады. Еліктеу арқылы сенуге жол бермейді. Бұған Құрандағы 250
жерде “Ақылдарыңды қолданбайсыңдар ма?, ойланбайсыңдар ма?” деген аяттары
дәлел болады. Құран еш бір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айта
отырып еліктеу арқылы сенуге жол бермейді.
Құрандағы негізгі тақырыптарды ислам ғалымдары үшке бөліп
қарастырған. Олар мыналар:
1. Иман (сенім).
2. Ахлақ (көркем мінез-құлық).
3. Муамелат (қарым-қатынас, іс-әрекет).
1. Иман (сенім) мәселесі.
Ислам дінінде сенім мәселесі мұсылманшылықтың ең алғашқы шарттарынан
болып табылады. Иман сөзі араб тілінде әмәнә түбірінен шыққан. Сену,
нану деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінде оның негізгі алты шарты
бар. Олар мыналар:
1. Аллаһтың барлығы мен бірлігіне сену.
2. Періштелерге сену.
3. Кітаптарына сену.
4. Пайғамбарларға сену.
5. Өлгеннен кейін қайтадан тірілуге сену.
6. Тағдырға, жақсымен жаманның Аллаһ тағаладан екеніне сену.
Бұлардың біреуіне толық сену басқаларына да сенуді қажет еттіреді.
Мысалға, Аллаһтың барлығы және бірлігіне сену, Мухаммед пайғамбардың хақ
екеніне, Мухаммед пайғамбардың хақ екеніне сену болса Аллаһтың барлығына
және бірлігіне сенуді қажет еттіреді. Ол екеуі түтін мен от сияқты, түтін
қалайша оттың барлығына дәлел болса, от да түтінді қажет еттіргеніндей
бірін бірі толықтырады.
Абай атамыз, Иман- бұл Аллаһу тәбәрака уа тағаланың бірлігіне
және барлығына, Мухаммед пайғамбардың хақ екендігіне сену деп түсіндіреді.
Иман екі түрлі болады:
1. Тақлиди иман.(Еліктеу арқылы сену).
2. Тахқиқи иман (Шынайы сену).
Тахқиқи иман дегеніміз әр бір нәрсенің ақиқатын толық үйреніп оның
дұрыстығына қол жеткізу. Құранда Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ңе
көркеміне ілетесіңдер. Міне солар Аллаһ өздерін тура жолға салғандар. Ал
міне солар ақыл иесі.(Зүмәр,18). Бұл аяттың нәтижесінде әр бір пікірді
ойлап, түсініп кейін оларға амал еткендер, міне солар Аллаһ һидаят еткен
кісілер деген мағына шығады. Әрине ілім ақыл жәрдемімен жүзеге асады.
Сондықтан да Құранда ақылға қатты мән беріліп оның үлкен нығмет екендігі
айтылады.
Тақлиди иман дегеніміз басқа біреудің айтқанына, сенгеніне еліктеп
ақыл қолданбай, ой жүргізмей сену. Бұл иман әлсіз және тез жойылып кетуі
мүмкін.
Иман тек сеніммен шектелмейді. Иман жақсы ғамалдарды да қажет
еттіреді. Өйткені иман болған жерде ар-ұят, намыс болады. Намыстылық бар
жерде мейірімділік, тыныштық болады. Бұл қоғамның бақытты болуына
жетелейді. Құранда: Шын мәнінде адамдар жаманшылықта. Тек Аллһқа иман етіп
жақсы ғамал жасағандардан басқа деп айтылады.(Аср,2-3).
Құран Кәримде Аллаһқа иман етіп жақсы ғамал жасағандарға шексіз
бақыттылық, ал керісінше оған иман етпей қарсы шыыққандарға тозақ азабы бар
екендігі ескертіледі. Кей бір ислам ғалымдары иманды былайша түсіндіреді.
Иман, жәннаттың тұқымын, ал күпірлік болса өзінде тозақтың тұқымын
сақтайтындығын айтады. Яғни иманды адаммен, имансыз адамның бұл дүниедегі
өмірін салыстыратын болсақ, иманды адам жәннат сияқты тыныш, рахат, иманы
жоқ адам әр уақытта қайғы-қасіретте өмір сүретіндігіне көз жеткіземіз.
Өйткені Алла һқа иман етпеген адамдүниедегі бүкіл қиыншылықтарды,
қайғыларды, ауыртпалықтарды мойнына жүктеп, үмітсіз, күйде келешектегі
келетін өлімді ойлап әр уақыт жан азабын шегеді. Ал иманды кісі келешекке
үміт артып, өмірдегі қиыншылықтарға сабырлылық және төзімділік пен жауап
беріп жан азабын шекпейді.
Құрандағы екінші басты мәселе бұл ахлақ мәселесі. Ахлақ дегеніміз
көркем мінез-құлық дегенді білдіреді. Құран әдеп, ахлақ, этика, эстетика
мәселелеріне кеңінен тоқталады. Қоғамның дамуымен ілгерілеуінде адаамның
жеке мінез құлқы маңызды роль ойнайды. Өйткені қоғам мүшесі болған әр бір
жақсы мінез-құлықты азаматтың қоғамға қааншалықты пайдасы болса, жаман
мінез-құлықты адам да қоғамға одан да көп зиянын тигізеді. Мухаммед
пайғамбарымыздан бір кісі Ислам дегеніміз не?-деп сұрағанда Ислам көркем
ахлақ деп жауап береді.
Құран адамдаардың құндылықтарын жоғары бағалай отырып, құрметке ең
лайық әке-шешелерді айтады.Құранда әке-шеше хақы белгіленіп қойылған. Әл
Исраа сүресі 24-25 аяттарында әке-шеешеге жақсылық жасау, Аллаһ тағалаға
ғибадат етуден кейінгі екінші орында тұрады.
Раббың өзііне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық
жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда
кәрілікке жетсе, түһ деме сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне
сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мерхамет құшағын жай да, Раббым ол
екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей, сен де оларды мерхаметіңе бөлей
көр. Жоғарыдағы аятта әке-шешеге бес түрлі мейірім және құрмет көрсету
керек екендігін көреміз:
1. Бала әке-шеше іс-әрекеттерінен ауырсынып оларды зекімеу.
2. Бала әке-шешеге мейірім-шапағатта болу.
3. Ата-анаға әр қашан құрмет көрсету.
4. Ата-анамен сөйлескенде оларға ауыр тиетін сөздер сөйлемеу.
5. Бала әр қашан олардың бақытты әрі рахатты болу үшін дұға етіп жүру.
Құранда тек ата-анаға ғана еме, отбасының басқа да мүшелеріне,
туысқандарға, көршілерге, жетімдерге, кедейлерге жақсылық жасауды әмір
етеді. Құранда Ниса сүресі 36 аятында: Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге,
міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жакын жолдасқа, жолда
қалғандарға және қол астарындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Аллаһ
тағала тәкаппар мақтанышты жақсы көрмейді деп адамдарды бір-біріне
жақсылық жасауға шақырады. Бұл аят қоғамдық ахлақи маңызға ие.
XX ғасыр адамзат үшін ғылым техниканың дамуы, көптеген ғылыми
техникалық жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. Бірақ та дамуды тек ғылыми
жетістік деп ойлаумыз қате. Шынайы даму бұл қоғамдық өмірдегі
сүйіспеншілік, құрметтілік, және мейірімділікпен байланысты. Егер қоғамда
жоғары аталмыш қасиеттер болмайтын болса, қоғам тоқырауға ұшырап өмірі
қысқа болуы мүмкін.
Құран адамдарға сабырлы болуды әмір етеді. Сабыр қанағат адамдардың
ең жоғары қасиеттерінен болып табылады. Сабыр, Құрандағы ең көп айтылған
тақырыптардан. Эй, Мухаммед, қиыншылықтарға сабыр ет. Расында Аллаһ тағала
жақсылық істеушілердің еңбегін жоймайды.(Худ,15).
Егер сабыр етіп, Аллаһтан қорықсаңдар құтыласыңдар(Али Имран,186).
Сабырдың үш түрі бар:
1. Күнәлардан қашу арқылы сабыр ету.
2. Ғибадаттаарды, құлшылықтарды орындаудағы сабыр.
3. Қиыншылық аурулардан сабыр ету.
Шын мәнінде сабырлы адам оның түбінде сары алтын табады, бүкіл
қиыншылықтарға шыдап дұрыс жолды таңдай алады. Құран адамдардағы ең үлкен
сипаттардан болған шыншылдық туралы сөз қозғайды. Шыншылдық сенімділікті
әкеледі. Ал отбасымен қоғам тек сенімділік пен ғана жалғасады. Құранда: Әй
Мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдар мен бірге болыңдар деп
айтылады. (Тәубе,119)
Құран адамды достыққа татулыққа шақырады. Оған мына аятпен белгі
береді. Мүминдер бір-біріне бауыр. Бұл аят қоғамда татулықты орналастыру
және әр түрлі ұлтаралық келіспеушіліктерді шешуде үлкен маңызға ие. Жікке
бөліну бақталастық пен қырсықтық-мүминдерді өз іштерінде алауыздыққа,
араздыққа, кекшілдікпен дұшпандыққа ұшырататын негізгі себептер. Мұндай
жәйттер, ақиқатқа, даналыққа және ең жоғары адамгершілік- исламға оғаш. Ол
әрі жеке және қоғамдық өмірінің сондай-ақ рухани өмірдің таразысымен
өлшенсе жағымсыз, зиянды зұлымдық болып саналады. Бұл адамзат тіршілігі
үшін нағыз-у. Ислам адамдардың бойындағы дұшпандық, жек көрушілік сезімін
төмендегідей тәрбиелеуді ұсынады. Егер қастық жасағың келсе, ішіңдегі қара
ниетке қарсы шық. Соны құртуға тырыс. Саған ең көп зияны тиген жүгенсіз
нәпсің мен құлқыңқұмарлығың мен күрес, тәрбиелеуге тырыс. Сүйіспеншілік
қасиеттің өзі, сүйіспеншілікке лайық. Жауыздық қасиеттің өзі ең әуелі
жауыздыққа лайық. Егер жауыңды жеңгің келсе оның істеген жамандығына
жақсылықпен жауап бер. Жамандық жасасаң одан сайын жауласа бересің. Жеңген
болып көрінсең де жүрегі мұздап саған кек сақтайды. Қастандығы жалғаса
береді. Егер жақсылық жасасаң өзі де өкініп райынан қайтады. Шын мәнінде
өмір бірлік пен ынтымақтықтың нәтижесі. Тату-тәтті ынтымақ кеткен кезде
рухани өмір де күйрейді. Құран әдемі сөйлеу, өзгелер мен жақсы қарым-
қатынаста болуға шақырады. Мұны төмендегі аяттардан көруге болады.
Адамдарға жақсы сөздер айтыңдар, Қашан сендерге сәлем берілсе сендер
одан да жақсырақ түрде жауап қайтарыңдар. (Ниса,86).
Құрандағы тәрбиелік мәңге ие болған әмірлерді қысқаша шолып өттік.
Құранда әмірлер мен тиымдар да бар. Құран адамдардың ілгерілеуіне,
жоғарылауына кедергі болатын такаппарлық, арақ ішу, жала жабу, өтірік айту,
өсек сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие және оның даму тарихы
Ислами тәрбие беру
Ислами тәрбие
Исламдағы жанұя мәселесі
Жар таңдаудағы діндарлықтың маңызы
Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері
Мұсылман отбасында тәрбие маңыздылығы мен бала тәрбиесінің ахлақтық қасиеттері
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Сопылық - исламның рухы
Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі
Пәндер