Резидент еместердің табыстарының салық есебі


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СӨЖ
Тақырыбы: Резидент еместердің табыстарының салық есебі

Орындаған: Әбілғазы М. С

Тексерген: Сарсенбаева А. А

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ 2015 ЖЫЛ

Резидент емес жеке тұлғаның мынадай табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген ставкалар бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған табыстарының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізеді.
Шетелдік валютамен табысты төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері табыс төлеу күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.

Бюджетке резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.
Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.

Салық агенті резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстайды.
Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынады. Бұл ретте резидент емес жеке тұлғалардың табыстары, оның ішінде

Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады. Шетелдік персонал табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті резидент емес заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер үшін табыс төленген кезде жүргізеді.

Жеке табыс салығын төлеуді резидент емес жеке тұлға салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын резидент емес жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезеңге табыс етіледі.

Резидент емес заңды тұлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.

Резидент еместердің Қазақстан Республикасының көзінен алатын табыс түрлерінің қатарына мыналар жатады:

  • өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табыстары;
  • басқару, қаржылық, аудиторлық, маркетингтік т. б. көрсеткен кызметтерінен алынған табысы;
  • мүліктердің құнының өсімінің арқасында алынған табыстары;
  • талап ету құқына жеңілдік жасаудың арқасында алынған табыстары;
  • айыппұл және өсімдерден түскен табысы, бұл айыппұлдар мен өсімдер өз міндеттемесін тиісті орындамаған резиденттерге де, резидент еместерге де салынады;
  • дивиденд түрінде алынған табыстары және үлестік қатысудан алғантабыстары;
  • роялти нысанында алынған табыстары;
  • жалға беруден алған табыстары;
  • халықаралық тасымалдау процесінде транспорттық қызмет көрсетуден алған табысы;
  • резиденттердің төлеген ұтыстары;
  • тегін алынған мүліктерден түсетін табысы;
  • басқа да қызметтерден түсетін табыстары.

Қазақстанда қызмет ететін резидент еместердің алатын табысынан мына төмендегі мөлшерлемеде табыс салық ұсталынады:

  • дивиденттерден және қатыстық үлестерден алатын табысынан жәнесыйақысынан - 15% (1) ;
  • тәуекелділікті сақтандыру келісім-шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасынан - 10% (2) ;
  • қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру төлемінен -5% (3) ;
  • халықаралық байланыста тасымалдау қызметін көрсеткен табысынан -5% (4) ;
  • Салық Кодекстің 178 бабы бойынша алынатын табысынан - 20% (1-ші мен 4-ші бабын қоспағанда) салықтар ұсталады (5) .

Мыналар кірмейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Резидент еместердің табыстарының салық есебі туралы ақпарат
«корпоративтік табыс салығы және Қазақстан Республикасында компаниялар қызметіне оның әсері (ауезов ауданының салық басқармасы мысалында)»
Салық салынатын табысты түзету
Салық салынатын табыс түзету және залалды көшіру
Жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынатын табыстар
Жеке табыс салығы бойынша салық салу объектілерін сипаттау
Бюджеттік есеп - айрысу есебінің түрлері
Табыс пен шығыстың есебі мен ішкі аудиті
Салық салынатын табыс ставкаға салық сомасы
Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz