Сапа жүйесін (сж) сертификаттаудың негізгі этаптары: C; құжаттарын алдын-ала бағалау, кәсіпорындағы C; элементтерін экспертизадан өткізу, тексеру актісін құру, сертификаттау туралы шешім қабылдау



I. Сапа жүйесін сертификаттау
II. Сапа жүйесі құжаттарын алдын.ала бағалау, кәсіпорындағы СЖ элементтерін экспертизадан өткізу, тексеру актісін құру
III.Сертификаттау туралышешім қабылдау
I. Сертификаттау қазіргі заманда көп елдерде нарық және сапа мемлекеттік менеджменттің маңызды элементтерінің бірі – ішкі және сыртқы нарық біздің өнімдер мен қызметтердің міндетті түрде бәсекеге түсу жағдайына байланысты.
Сертификаттау жүйесі – жүйеде бекітілген, сертификаттау ережелері бойынша іске асырылатын сертификаттауға қатысатындардың жиыны. Сертификаттау жүйесінің сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған ережелері мен басқару процедуралары бар. Сертификаттау жүйесі ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейде құрылады.
Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1,5-2,0 есе өседі.
Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы
Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары, бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар. Маңызды сыртқы себептердің бірі- көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау жүйелерінің сапа жүйесін өнімді сертификаттау процедурасына енгізуі . Сапа жүйесі бар кәсіпорындарға несие алу және сақтандыру жақтарынан жеңілдіктер берілуі мүмкін. Сонымен қатар, сапа жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі ұлғаяды. Егер өнім сапасының төмендігі туралы сотқа арыз түскен болса, онда сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде бағаланады. Көптеген елдердің Үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде мәселе қарастырылғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері бар кәсіпорындарға береді.Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты: тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын азайту, тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту, өндірістің мәдениетін жақсарту, сапаға деген жауапкершілікті арттыру. Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа жүйесі сертификатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ-та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында, Қазақстанда бұл жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001жылғы мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық «Сапа» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.
1. ИСО 9000:2005 «Сапа менеджмент жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік»
2. ҚР СТ ИСО 9001:2009 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар»
3. «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ-тың ХС ИСО/МЭК 17025:2005 және ҚР СТ ИСО/МЭК 17025:2007 сәйкестігіне сапа бойынша нұсқаулық.
4. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырып: Сапа жүйесін (СЖ) сертификаттаудың негізгі этаптары: СЖ құжаттарын алдын-ала бағалау, кәсіпорындағы СЖ элементтерін экспертизадан өткізу, тексеру актісін құру, сертификаттау туралы шешім қабылдау.

Тексерген: Жумадилова Г.А
Орындаған:Толепбергенова А.С
Тобы: ОП-215

Семей-2015
Жоспар:
I. Сапа жүйесін сертификаттау
II. Сапа жүйесі құжаттарын алдын-ала бағалау, кәсіпорындағы СЖ элементтерін экспертизадан өткізу, тексеру актісін құру
III.Сертификаттау туралышешім қабылдау

I. Сертификаттау қазіргі заманда көп елдерде нарық және сапа мемлекеттік менеджменттің маңызды элементтерінің бірі - ішкі және сыртқы нарық біздің өнімдер мен қызметтердің міндетті түрде бәсекеге түсу жағдайына байланысты.
Сертификаттау жүйесі - жүйеде бекітілген, сертификаттау ережелері бойынша іске асырылатын сертификаттауға қатысатындардың жиыны. Сертификаттау жүйесінің сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған ережелері мен басқару процедуралары бар. Сертификаттау жүйесі ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейде құрылады.
Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1,5-2,0 есе өседі.
Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы
Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары, бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар. Маңызды сыртқы себептердің бірі- көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау жүйелерінің сапа жүйесін өнімді сертификаттау процедурасына енгізуі . Сапа жүйесі бар кәсіпорындарға несие алу және сақтандыру жақтарынан жеңілдіктер берілуі мүмкін. Сонымен қатар, сапа жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі ұлғаяды. Егер өнім сапасының төмендігі туралы сотқа арыз түскен болса, онда сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде бағаланады. Көптеген елдердің Үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде мәселе қарастырылғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері бар кәсіпорындарға береді.Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты: тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын азайту, тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту, өндірістің мәдениетін жақсарту, сапаға деген жауапкершілікті арттыру. Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа жүйесі сертификатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ-та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында, Қазақстанда бұл жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001жылғы мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық Сапа бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.
Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау
Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
* өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
* өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куәландыру;
* сыртқа шығаратын (экспортқа) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;
* дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту;
* сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын растау.
Сапа жүйелері мен өндірістерінің сертификатталуын ҚР СТ 3.2-мен белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген меншіктің нысанындағы сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді. Сапа жүйелері мен өндірістерді сертифиқаттау жөніндегі жұмыстарды бас сарапшы-аудитор басқаратын сертификаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Сапа жүйелерін сертификаттау мына қағидаларға негізделген:
* еріктілікке;
* құқықтылыққа өтуіне;
* бағалаудың әділдігіне;
* бағалау нәтижелерінің үдемелілігіне;
Сапа жүйесінің нормативтік құжаттарға сәйкестігі белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарымен расталады. ҚР СТ 3.11-дің талабына сәйкес олар ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мемлекеттік тізімінде тіркеуге жатады. Сапа жүйелерін сертификаттау жөнінде талас мәселелер болған жағдайда өтініш беруші ҚР СТ 3.10-ға сәйкес шағым-арыз беруіне болады.

II. Сапа жүйесін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:
1. Сапа жүйесін алдын ала бағалау;
2. Сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау, акт кұру.
3. Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау.
Бірінші ретте өтініш берушінің сапа жүйесін сертификаттауға дайындығын алдын ала бағалау үшін комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды. Бұл рет екінші реттегі жұмысты өткізуге болатыны туралы жазбаша қорытынды шығарумен аяқталады. Тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер елеулі және елеусіз болып екіге бөлінеді.Елеулі сәйкессіздік - сапа жүйесінің кейбір элементінің немесе элемент бөлігінің болмауы, қолданбауы немесе толық бұзылуы, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптардан ауытқуы, мұндай кезде бұл ауытқуды жою мәселесі кәсіпорынның ұйымдың құрылымын өзгертеді, көптеген материалдық шығындарды, ұзақ уақытты қажет етеді және ол өнімнің сапасына елеулі әсер етеді. Елеусіз сәйкессіздік - кәсіпорынның ұйымдың құрылымымен, көптеген материалдық шығындармен байланысы жоқ, тек белгіленген талаптарды орындауда байқалатын бірен-саран кемістіктер, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптар бойынша басқадай ауытқулар және олар сапа жүйесін бағалау жөніндегі комиссия жұмысының барысында, не олардың анықталған кезінен бастап бір айдың ішінде жойылады. Сапа жүйесін тексеру мен бағалаудың нәтижелері мына түрлерде болуы мүмкін:
* сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес;
* сапа жүйесі негізінен стандарттарға сәйкес, бірақ та жүйе элементтерінен елеусіз сәйкессіздіктер анықталған;
* сапа жүйесінде елеулі сәйкессіздіктер орын алған.
Егер елеулі сәйкессіздіктер болмаса немесе 10 не одан аз елеусіз сәйкессіздіктер анықталса, сапа жүйесі стандарттарға сәйкес табылады. Бір елеулі сәйкессіздік болса немесе 10-нан астам елеусіз сәйкессіздіктер анықталған болса, онда сапа жүйесі стандарттарға сәйкес емес деп табылады. Сапа жүйесін сертификаттауға ұсыну туралы шешімді тексеру және бағалау нәтижелері бойынша жасалған актілер негізінде бас сарапшы қабылдайды. Егер сертификаттау мүмкін деп табылса, онда сертификаттау органы сәйкестік сертификатының жобасын және сәйкестік белгісін қолдануға берілетін лицензияның жобасын жасайды. Осы құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген тәртіппен тіркеуден өткізіледі. Осымен қатар сертификаттау органы инспекциялық тексеру жүргізу жөнінде мекемемен келісім жасайды. Инспекциялық тексеру (3-ші ретке сәйкес) сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшінде болу мерзімінің ішінде жүргізіледі. Сертификаттың күшінде болу мерзімінің ішінде сапа жүйесінің барлық элементтері кем дегенде бір рет тексерілуі керек. Сертификатталған сапа жүйелеріне бақылау жүргізу жоспарлың және жоспарсыз болуы мүмкін. Жоспарлық инспекциялық тексерудің кезеңділігін сертификаттау жөніндегі орган анықтайды, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауы керек.Инспекциялық тексеру кезінде анықталған елеусіз сәйкессіздіктерді жою жөніндегі кәсіпорынның түзету жұмыстарын жүргізуі туралы, сапа жүйесінің тексерілетін элементтерінің сәйкестігі немес сәйкессіздігі және басқадай инспекциялық тексеру объектілерінің нақтылы жағдайы туралы көрсетіледі. Инспекциялық тексерудің нәтижелері сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшін дәлелдеу, тоқтата тұру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджменті жүйесі
Сапа жүйесін сертификаттау, оның мақсаты мен принциптері. Сертификаттау объектісі
Сапа жүйесінің аудиті
Сапа жүйесін (СЖ) сертификаттаудың негізгі этаптары
Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу
Гормолзавод ЖШС-не Сапа менеджмент жүйесін енгізу
“ҰССО” жағдайында құрлыс материялдарының сапасын талдау
Экологиялық сертификаттау бойынша негізгі баптар
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Пәндер