Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы


Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев
Орындаған: Ибраева Балжан
Жу-301
Тексерген: Секей Жанбота
Семей, 2015
Өмір жолы.
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
Омбыдан елге қайтып келіп, айналасында болып жатқан қоғамдық жұмыстарға араласады. 1917 жылдың көктемінде Ақмола облыстық халық ағарту бөліміне қызметке кіреді. Алаш партиясының жұмысына араласады. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде жұмыс істейді. 1922 жылы Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол" газетінің редакциясына кіреді.
1923-1926 жылдары Мәскеудегі әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. 1927 жылы елге оралып, оқытушылықпен айналысады. Бірақ көп ұзамай Мәскеуде оқып жүргенде "Алқа" ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1936 жылы тұтқыннан босап, еңбек жолына қайта оралысымен, 1937 жылдың аяғында ұсталып, 1938 жылы "халық жауы" деген жаламен ату жазасына кесіледі.
Шығармашылық мұрасы. Мағжанның шығармашылық жолы Қызылжар қаласында оқып жүргенде басталады. Бойында әдебиетке деген құштарлықтың ұшқыны бар жас Мағжанның жүрегіне 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы орасан зор әсерін тигізеді. Абайдың жыры талапкер ақын жүрегіндегі ұшқынға алау береді Алғашқы жырларын жазады. Татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласында Мағжанның "Шолпан" деп аталатын тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді. 1922 жылы Қазанда ақынның таңдамалы өлеңдер жинағы кітап болып шығады.
Мағжан - лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған ақын. Атап айтқанда, "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", т. б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады.
Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу құралдары да кезінде халқының қызметіне жарап, елеулі мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер педагогика саласында бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітап шығарды. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған "Сауатты бол" атты оқулығы жарық көреді.
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді.
Мағжан Жұмабаевтың "Шолпанның күнәсі" әңгімесіне талдау
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдермен қоса, қара сөзге ден қойып, барынша еңбек ете бастағаны - 1922-1925 жылдар аралығы. Сол уақытта оның әйгілі "Шолпанның күнәсі", "Гүлсім" әңгімелерімен бірге ірілі-ұсақты он шақты мақалалары және "Педагогика" еңбегі жарық көрді. М. Жұмабаев шығармашылығын зерттеуші ғалым Шериаздан Елеукенов: "Шолпанның күнәсі" атты әңгіме, сөз жоқ, қазақ прозасының көркем дамуындағы ірі қадам, "Батыр Баян" поэмасын қосқанда, қазақ әдебиеті психилизміне соңғы дем бітірген шығармалар, - деп бағалайды.
Мағжан Жұмабаев өзінің жазушылық, суреткерлік шеберлігін осы бір әңгімесінен-ақ айқын көрсете білді. Әйел тағдыры - қазақ әдебиетіндегі ең бір тамырлы, бұрыннан мол жырланып келе жатқан тақырып. Ескі ауылдың моральдік-әлеуметтік бейнесін, салт-сана ерекшелігін айқындаушы күрделі құбылыстың бәрі де осы әйелге көзқарас, әйел тағдыры арқылы өрбиді. М. Жұмабаев әйел басындағы қым-қуыт тіршілік құбылыстарын жүрегімен сезініп, түйсінеді. Әңгімені дамытушы - сезім күші мен ой ағымы. "Шолпанның күнәсі" әңгімесіне өзінше нәр, сыр бере түсуі ақын сезімінің, түсінігінің тереңдігінен. Шолпан образын ерекше бір сарын, тебіреніспен әкеліп енгізудің өзі жаңалық.
Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан - әртүрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, дамып отыратын бейне. Шолпан - қасірет жамылған қайғылы әйел. Өзінің бақыты үшін күнделікті өмірін тәрк етіп, тәуекелге бел байлаған қайсар әйел. Шолпан, Сәрсенбай, Әзімбай араларындағы байланыста реалистік шындық, психологиялық сенім жақсы бейнеленген. Шолпанның күнәсі - Сәрсенбайды шынайы сүйгендігі. Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген оның Сәрсенбайға деген махаббаты еді. Егер де Сәрсенбай Шолпанмен ашылып сөйлесіп, сырласып, жанына жақын тартқанда, мүмкін Шолпан ондай әрекетке бармас еді. Шолпан бала зарын бір өзі тартып, жоқты бір өзі іздеуге мәжбүр болады. Шолпан өзіне-өзі сауал қойып, сол қойылған сауалдарға өзі жауап іздейді. Сәрсенбай Шолпанға: "Мен сенен бала сұрадым ба?", - дейді. Шолпан не үшін Әзімбайды таңдады? Шолпан не себепті Сәрсенбайға іштегі сырын айтпады? Осы сынды сауалдарға жауап іздеу барысында біз Шолпанды күнәлі әрекетке итермелеген Сәрсенбай екендігіне көз жеткіземіз.
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау
«Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын мейлінше танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның бейнесін сомдады. Оның портреті даму үстінде біртіндеп айқындалды. Поэмада көтерілген тақырып - ұлттық тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп еңіреген перзентінің кеудесін жарып шыққан ыстық сезімі.
Мағжан поэмасының табиғилығы соншалық- оқиға әбден шиеленіскенде Баян оңашаланып, өзімен-өзі болып, істеген әрекетінің дұрыс бұрыстығын таразылайды. Жүрек сырын жайып салады. Бір ойы екінші оймен таласып, істеген ісінің ұшығына жете алмай, күманы молайып, арпалысатын кейіпкер, осы -Баян.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да, - деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп қызыл империяға ашықтан-ашық айып тағады. «Қызыл тілім кісендеулі» деп тіл бостандығының жоқ екеніне тоқталып « қызыл сұм» деген көріктеуші және «кісендеулі» деп кейіптеу арқылы ақын поэманың тілдік қуатын арттырады. «Сұм өмір күшті уын аяды ма?»- деп өзінің ауыр тағдырын қоса жырлайды. Уақыт өтер ақынның жолы « қанды ор боп қалады» деп ақын күңіренеді, толғайды көзіне жас алады. Азаматтан дос таба алмасаң, қаламыңмен сырлас- дейді. Ендеше, ақында қаламымен сырласады.
Қорытынды
Поэманың екінші тарауында Баянның ерлік қылықтары, іс-әрекеті баяндалады. Баян бұл жерде өзінің кінәсінан арылу үшін Ноян мен қалмақ қызын есіне алып отырып, ауыр дерттен арылмақ болып, жауға қарсы щаппақ болып Абылайға келеді. Ордаға жақындағанда топ «Баяндап» қарсы алды. Бұлда батырға көрсетілген ерекше құрмет.
- Сонымен Абылайда екі сөз. Топ келісіп тарайды. Жұмсақ жаздың түбінде ер тұрманын даярлап, ер демалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz