Микроорганизм ұғымына жалпы түсінік


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Факультет: аграрлық
Кафедра: ветеринариялық санитария
БӨЖ
Тақырыбы: 1. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.
2. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Орындаған : Биязбаев Е. О.
Тексерген: Омарбеков Е. О. Тобы: ВС-303
Семей 2015
Жоспар
І Кіріспе
1. Микроорганизм ұғымына жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.
2. 2 Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Микроорганизмдер, микробтар - тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А. В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы - микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысысалы, 70 - 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды немесе сілтілі орталарда, НаЦл-дың жоғары концентрациясында, оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін көмірқышқылды пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т. б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай микроорганизмдерді - ауксотрофтар деп атайды. Көптеген Микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (ақуыздар, көмірсулар, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектер) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер) . Микроорганизмдер табиғатта - топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы көмірқышқыл қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әртүрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т. б. ), адам шауашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ - метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар Микроорганизмдер адамдар, жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді.
Негізгі бөлім
Біз инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын білеміз, көре аламыз. Бірақ шын мәніне келсек біз жиі көрмейтінде қиыншылықтар бар . Зардапты микроорганизмдер сыртқы ортада әрдайым болады. Санитарлық микробиологтардың ең негізгі мақсаты эпидемияны және эпизотияны болдырмау, жобалай білу керек . Көптеген микробтар ауызда, іште тіршілек етеді, өніп-өсіп кілегейлі қабықтар арқылы ішке енеді. Осы микроорганизмдерді санитарлық көрсеткіш ретінде пайдалану үшін төмендегі жағдайлар орындалуы керек .
Біріншіден микробтар адамның және жылықандылардың денесінен сыртқы ортаға тұрақты түрде бөлініп отырмайды .
Екіншіден зардапты микроорганизмдер санына қарағанда аздау. Қоректік ортаға еккен кезде оларды бөліп алу қиын. Егер нәтиже теріс болса ол жерде зардапты микроорганизмдер жоқ деп айтуға болмайды .
Адам мен жануардың организмдеріндегі нормальдық микрофлоралар барлығы түгелдей санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің рөлін атқара алмайды . Көптеген зерттеулердің арқасында санитарлық көрсеткіш ретінде пайдаланатын микроорганизмдер мынадай талапқа жауап беруі керек :
- Микробтар адамның және жылықандылардың денесінен сыртқы ортаға көп мөлшерде бөлініп отыруы керек
- Осы микрооорганизмдер адамның және жануарлардың организмнен басқа табиғи резервуарларда болмауы керек.
- Сыртқы ортаға бөлінген микроорганизмдер өздерінің тіршілігін белгілі уақытқа дейін сақтап, зардапты микробтардың тіршілік ететін уақытына жақындауы керек .
- Олар сыртқы ортада көбеймеуі керек .
- Олар сыртқы ортада биологиялық қасиеттерін өзгертпеу керек .
- Дифференциалды-диагностикалық зерттеу кезінде оңай және тез анықталуы керек .
- Индикация, идентификацияны және сандық санау технологияларымен жасау жәй және экономика жағынан орындалатын жеңіл микробиологиялық әдістермен аңықталуы керек .
Алдыңғы екі себептер негізгі болып саналады ; санитарлық - көрсеткіш микроорганизм ретінде, ішек таяқшаларын нәжіспен ластанудың индикаторы, жасыл көк стрептококктерді ауа-тамшыларының ластану көрсеткіші ретінде алынады . Ішек таяқшалары санитарлық көрсеткіш ретінде алыну себебі олар адам мен жануар ішегінде міндетті түрде кезігеді.
Қазіргі кезде санитарлық көрсеткіш ретінде пайдаланатын микроорганизмдер категориясына адам мен жануарлардың ішек микрофлорасының мына өкілдері кіріп отыр : ішек таяқша тобының бактериялары, нәжістегі ішек таяқшысы, оларға Е. coli, энтерококктар, оның түршесі Str. faecalis; клостридиялар, протей тобының бактериялары, термофильдер, колифагтер . Сыртқы ортадағы зардапты микроорганизмдерді тікелей анықтау әліде болса оңай болмай тұр. Сол себепті де санитарлық көрсеткіш ретінде пайдаланатын микроорганизмдерді және зардапты бактерияларды анықтауды эпидемия мен эпизотия жағдайларына байланысты жүргізу керек .
И. Е. Минкевичтің айтуы бойынша санитарлық көрсеткіш ретінде пайдаланатын микроорганизмдерді анықтау көп уақытқа шейін өзінің маңызын жоғалтпайды «Нәжіспен былғану фактісі тұрақты қауіп сигналы. Мысалы, санитарлық практикада ішетін судағы зардапты микробтардан жыдамырақ тазарту ішек инфекцияларын болдырмау жолына әкелген болар еді, олардың кең көлемде алдын алу жолымен салыстырғанда «.
Микробиологияның санитарлық - микробиологиялық зерттеуде негізгі қолданылатын тәсілдері мен принциптер, объектідегі тіршілік барысында пайда болатын зардапты микроорганизмдер мен токсиндерді зерттеу, олардың тіршілік ету кезіңде түзілетін және олардың қаншалықты бұзылғанын анықтау және баға беру .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz