Сүйек сынуларында және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.
Тақырыбы: Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Орындаған: Махметов Н. М
Тексерген: Ахметжанов О. Н.
Семей 2015
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Сүйектің сынуларының пайда болу себептері.
2. 2 Сүйектің сынуы.
2. 3 Сүйек аурулары.
2. 4 Буын жарақаттары мен сырқаттары .
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мал сүйегінің сынуы жиі кездеседі. Оларға: толық (мұнда сүйектердің ұштары бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мұнда шытынап, жартылай сыньш кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын ішіндік және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді.
Сүйектің сынуларының пайда болу себептері
Кальций алмасуының бұзылуы. Азыкпен, сумен ас корыту мүшелеріне түскен кальций (көмір қышкылы және фосфор қышқылы тұздары түрінде) Д витаминінің қатысумен аш ішектің кілегейлі қабығы аркылы бойға сіңеді. Денедегі кальций тұздары түгелдей дерлік (99%) сүйек құрамындағы протеинмен байланысқан, ал қалғаны қан мен токыма сұйығында еріген, Әдетте сүйек құрамындағы кальций деңгейі біршама тұрақты, тек эпифиз бен метафиз кемігенде ғана оның мөлшері не көбейіп не азайып отырады.
Кальций денеден негізінен тоқ ішектің кілегейлі қабығы арқылы, аз мөлшерде бүйрек, бауыр, кейбір бездер арқылы сыртқа шығарылып тасталады .
Кальций алмасуы жүйке және ішкі секрециялы бездер қызметімен реттеліп отырады. Осы тұрғыдан алғанда әсіресе қалқанша без бен қарбалас қалқанша без гормондарының маңызы зор: кальцитоцин шамадан тыс көп болса қанда кальций мөлшері азаяды да (гипокальцемия), сүйекте көбейеді, ал жеткіліксіз болса, керісінше, сүйекте кальций азаяды да қанда көбейеді (гиперкальцемия) . Паратгормон әрекеті кальцитонин әрекетіне қарама-қарсы.
Токымада кальций бар-жоғын күмістеу тәсілдерімен анықтауға болады: тоқыма кесіндісіне азот қышкылды күміс тамызылса кальций шөгінділері караяды. Кесіндіде кальций тұзының түйіршіктері мен үйінділері гематоксилинмен көкшіл-қара түске боялады.
Кальций алмасуының бұзылуы сүйекте кальцийдің азаюына, оның тұздарының әдетте кездеспейтін жерлерде -жұмсақ токымаларда шөгуіне әкеліп сокады.
Сүйек тоқымасында кальций тұздарынын азаюы остеомаляцияға, фиброзды остеодистрофия мен рахитке тән құбылыс.
Остеомаляция көбінесе ересек күйіс қайыратын малда, етқоректілерде кездесетін дерт, оған ұшыраған малдың сүйегінде кальций тұздары азаяды, осыған орай сүйек жұмсарады.
Метастаздық әктену, ягни денеге кең тарайтын процесс. Оның негізгі сипаты қанда кальцнй тұздарының шамадан тыс көбеюі (гиперкальциемия) . Себептері: сүйек зақымданып (сыну, қатерлі ісік шығу), ондағы кальций тұздары „жуылып" қанға өтуі, остеомаляция, қарбалас қалқанша без қызыметінің күшеюі салдарынан туған остеодистрофия, тоқ ішектің және бүйректің созылмалы қабынуы, Д витаминінің денеге шамадан тыс көп болып түсуі, т. б.
Сүйектің сынуы . Сынық дегеніміз латын тілінде - fractura, сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Сүйектің механикалык беріктігі жоғары. Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады. Ашық сыну кезіндеі сүйек қана емес, тері, бұлшық ет және қан тамырлары да зақымданады. Мұндай жағдайда алдымен қан кетуді қысатын таңғыш көмегімен тоқтатып, жараны стерильді салфеткамен таңады. Содан кейін закымдалған жерді қозғалтпай шендеуіш (шина) салып немесе кез келген қолданбалы материалды (тегіс немесе мата оралған тақтай, қатты қатырмақағаз, т. б. ) пайдаланып немесе зақымдалған аяқты сау аяққа қосып таңу керек
Мал сүйегінің сынуы жиі кездеседі. Оны толық (мұнда сүйектердің ұштары бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мұнда шытынап, жартылай сыньш кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын ішіндік және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді.
Сүйек толық сынғанда мал кенеттен ақсайды, қатты ауырсынып, зақымданған жері ісінеді, сынған аяғының түрі өзгеріп, қыскарып қалады, сүйектің сыкырлап, сүйек сынықтарының бір-біріне тигені, сынған жеріндегі сүйектің қозғалғаны білінеді.
Сүйек жартылай сынғанда (шытынағанда, тегіс сынбағанда) органдар қызметінің бүзылғаны байқалады (мысалы, ақсаңдау) және жарақаттанған жерді қолмен басқанда қатты ауырсынады.
Мал аяғы сынғанда оны арнаулы таңғышпен қозғалмайтындай етіп таңып тастау керек. Ашық сынғанда жараланған орынды және терінің айналасына йод түнбасын жағып, дәкемен байлайды да, сонан соң тақтайша салып танып тастайды. Оларды қолда бар материалдардан (тақтайдан, қалың қатырмадан. сү-кабықтан, шыбықтан, жұқа қаңылтырлардан) дайындауға болады немесе арнаулы сым темірден жасалған таңғыштар пайдаланылады.
Тақтай таңғыштарды қасындағы буындар қозғалмайтындай етіп, сынған жерден төмен және жоғары салады. Тақтай таңғыштың астына қысым көп түсетіндіктен оған пайдалануға жарамайтын мақта немесе қолда бар мата қиқымдарын қалыңдатып салады. Мал мамандары парафинді және гипсті таңғыштарды да пайдаланады.
Қажетіне карай, сынған жердің тканьдеріне алдын ала хирургиялық өңдеу жүргізеді.
Ірі малдардың эсіресе буыны, иық сүйегі, саны және аяғының үлкен асықты жілігі сынып, ұсатылып кетсе емдеудін қажеті жоқ, Өйткені, ол экономикалық жағынан өте тиімсіз.
Мұндай малдарды түрі мен жағдайына қарай сойып тастау керек.
Сүйек сыну - жұмсақ ұлпалардың зақымдалуымен бірге жүретін, механикалық әсерден сүйектің бүтіндігінің жартылай немесе толық бұзылуы. Мысалы соққы, ұрып алу, құлау т. б.
- Уақытына қарайтуа біткен және жүре келе пайдаболған деп бөлінеді. Жабық- егер тері бүтіндігі сақталса, ашық- терең ұлпалар мен тері бұзылса.
- Трубкалы сүйектің локализациясына байланысты- эпифизарлы, метафизарлы және диафизарлы.
- Зақым дәрежесіне байланысты -толық емес және толық.
Клиникалық белгілер :
- Толық еместе: қызметінің бұзылуы, пальпацияда ауырсыну.
- Толық: ауырсыну, қызметінің бұзылуы, зақымданған сегменттің дефигурациясы, сүйектер буыннан тыс қозғалады, сүйек крепитациясы.
Диагноз: клиникалық, рентгенография.
Емдеу: алғашқы көмек, иммобилизация.
Жабық сынықтарды консервативті емдеу:
а) бөлектенген сынықтарды орнына келтіру.
б) орнында салынған сынықтарды иммобилдеу.
в) жараның регенерациясына және стимуляциясына жағдай жасау. Шокты болдырмау, бұлшықеттерді босаңсыту, жергілікті жансыздандыру.
Ірі жануарларда иммобильдеуші таңғышты 35-40 күннен кейін, ұсақ малда 20-25 күннен кейін шешеді. Гипсті таңғыштардың кемшіліктері сөзбен айтылады.
Ашық сынықтарды емдеу :
- ауырсынуды азайту, өңдеу, гипс.
- Сынықты оперативтік жолмен емдеу: сүйек сынықтарын бекіту:
1) оларды кетгутпен, жібекпен, сым темірмен тігу.
2) шұрыптар көмегімен металл пластиналармен бекіту.
3) сүйек - кемік каналына металл немесе пластмасс штифт енгізіпбекіту.
4) әр түрлі бекіткіш аппараттар қолдану - Илизарова, Гудушаури, Рахимкулова т. б.
Мал сүйегінің ісінуі, сынуы жиі кездеседі. Оны толық (малда сүйектердін ұштары бірімен бірі түйіспейді), жартылай (мүлда шытынап, жартылай сынып кетеді), ашық сынық (терісі зақымданған), жабық сынық (тері аман), буын ішіндік және буын сыртындағы сынық болып бөлінеді.
Сүйек толық сынғанда мал кенеттен ақсайды, қатты ауырсынып, зақымданған жері ісінеді, сынған аяғының түрі өзгеріп, қысқарып қалады, сүйектің сыкырлап, сүйек сынықтарының бір-біріне тигені, сынған жеріндегі сүйектің қозғалғаны білінеді.
Сүйек жартылай сынғанда (шытынағанда, тегіс сынбағанда) органдар қызметінің бұзылғаны байқалады (мысалы, ақсаңдау) және жарақаттанған жерді қолмен басқанда қатты ауырсынады.
Мал аяғы сынғанда оны арнаулы таңғышпен қозғалмайтындай етіп таңып тастау керек. Ашық сынғанда жараланған орынды және терінің айналасына йод тұнбасын жағып, дәкемен байлайды да, сонан соң тақтайша салып таңып тастайды. Оларды қолда бар материалдардан (тақтайдан, қалың қатырмадан. сұкабықтан, шыбықтан, жұқа қаңылтырлардан) дайындауға болады немесе арнаулы сымтемірден жасалған таңғыштар пайдаланылады. Тақтай таңғыштарды қасындағы буындар қозғалмайтындай етіп, сынған жерден төмен және жоғары салады. Тақтай таңғыштың астына қысым көп түсетіндіктен оған пайдалануға жарамайтын мақта немесе қолда бар мата қиқымдарын қалыңдатып салады. Мал мамандары парафинді және гипсті таңғыштарды да пайдаланады. Қажетіне карай, сынған жердің тканьдеріне алдын ала хирургиялық өңдеу жүргізеді.
Ірі малдардың әсіресе буыны, иық сүйегі, саны және аяғының үлкен асықты жілігі сынып, ұсатылып кетсе емдеудін қажеті жоқ, Өйткені, ол экономикалық жағынан өте тиімсіз. Мұндай малдарды түрі мен жағдайына қарай сойып тастау керек.
Сүйегі сынғанда, буыны тайғанда, жарақаттанғанда малға жедел жәрдем көрсетілуі тиіс. Ол үшін аққан қанды тез тоқтатып, ауырсынғанын басады және мироорганизмдерді зақымданған етрі арқылы тканге түсірмеу жолын қарастырады. Ауырған малға алғашқы жәрдем тез көрсетілсе, асқыну кауіпті яғни жіті қан жоғалту, естен тану, микробтармен зарарлану азаяды.
Сүйек аурулары, периоститтер
Периоститтер - сүйек қабығының қабынуы, келесі этиологияларға ажыратады:
1. Жарақаттанудан, қабынудан және токсикалық.
2. Патолого-анатомиялық өзгерістерге байланысты - сероздық, сероздық-фибриноздық, іріңді, фибринозды.
3. Клиникалық ағымына байланысты - жіті және созылмалы.
4. Таралу дәрежесіне қарай - шектелген, диффузды және көптік.
Серозды және іріңді жіті өтеді, ал қалғандары созылмалы түрде жүреді. Серозды периостит /periostis serosa/ жұмсақ ұлпалармен әлсіз қорғалған сүйектерде болады.
Этиологиясы - сүйек қабығының жабық механикалық зақымдалуынан болады.
Патогенез : зақымдалудың алғашқы сатысында посттравматикалық қабыну, гиперемия, клеткалық - сероздық инфильтрация дамиды және периоститтің серозды - фибринозды түрі пайда болады. Уақытында емделмесе инфильтрат сорылып кетеді және айтарлықтай морфологиялық өзгерістер қалмайды. Кейде жіті қабыну созылмалы - фибриноздыға немесе оссиферлеуші периоститке айналуы мүмкін.
Клиникасы: ыстық, ауырсыну, ақсау пайда болады.
Емдеу: тыныштық, құрғақ суық, қысатын таңғыштар, одан кейін жылылық процедуралар.
Оститтер
Оститтер - жеке ауру ретінде сирек кездеседі, әдетте сүйектің барлық элементтері - сүйек қабығы, сүйек, эндоост және сүйек кемігі зақымдалады. Клиникалық белгілері бойынша - жіті және созылмалы; экссудат сипатына қарай - асептикалық және іріңді, ал патоморфологиялық өзгерістеріне қарай - конденсирленген және сиретілген деп ажыратылады.
Асептикалық остит / оситис асептика / - жұмсақ ұлпалармен әлсіз қорғалған сүйектердің механикалық зақымдалуы, сонымен қатар көрші ұлпалардағы қабыну үрдістерінің ауысуы нәтижесінде болуы мүмкін.
Патогенез: қабыну үрдістері тамырлар гиперемиясымен және лейкоциттердің жаппай көшуімен экссудаттың ағуымен өтеді.
Сүйек негізінің қабырғаларының бұзылуының нәтижесінде гаверс каналдары үлкейеді, лакундар түзіледі, сүйек сиретіледі, сондықтан қабыну үрдісі сиретілген остит деп аталады. Инфекция түспесе қабыну эксудаты сорылып кетеді, лакундерге дәнекер ұлпа және остеоидті ұлпа толады, ол кейін жаңа сүйек ұлпасына ауысады. Сүйектің осындай жаңа түрінің түзілуі конденсирленген остит стадиясы деп аталады.
Клиникалық белгілері: Пальпацияда және перкуссияда ауырсыну реакциясы байқалады, бұл сүйек қабығының зақымдалғанын көрсетеді, ақсақтық байқалады.
Диагноз: клиникалық және рентгенография.
Емдеу: тыныштық, алғашқы тәуліктерінде суық басу, таңғыштар. Жіті қабыну үрдістері кеткеннен кейін жылытатын компресстер қою, кондинсерленген оститте парафин, озокерит.
Іріңді остит / оститус пирулента / - біріншілік және екіншілік кокты микрофлораның енуі. Жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.
Жіті іріңді остит / оститус парулента акута / - қабыну ошағында сүйек ішілік тамырлар қысылады, қан және лимфа айналу бұзылады, микробтардан улы өнімдер пайда болады, тамырлардың тромбозы және оның қабырғаларының некрозы, сүйек аймағының өліеттенуі.
Клеткалық элементтер босаған ферменттермен бірге тірі және өлі шекарасында сүйек ұлпасын бұзады. Жиірек қабыну үрдісі сүйек қабығына ауысып оның қабынуын шақырады / іріңді периостит / немесе сүйек ішіне еніп оның кемігін зақымдайды /іріңді остеомиелит/.
Көптеген жағдайларда ойықтар пайда болады, ол жерлерде қабыну болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері : ауыр ағында өтеді, жоғары температура, қатты ауырсыну, ақсау, зақымданған сүйек қалыңдайды.
Диагноз: клиникалық және рентгенография.
Болжам: күдікті және қауіпті.
Емдеу: тыныштық, дұрыс тамақтандыру, алғашқы сатысында спиртті - кептіргіш таңғыштар, спиртті - қыздырғыш таңғыштар, новокаинді блокада, оперативтік араласулар.
Кариес - сүйек язвасы түзілетін сүйек ұлпасының шектелген ұсақ дәнді ыдырауы.
Этиология: сүйек ұлпасын қоршаған жұмсақ ұлпалардың қабынуы, Инфекциялық аурулар /туберкулез, актиномикоз/. Гиповитаминоз, жүдеу, зат алмасуының бұзылуы.
Патогенез: ұзақ ағында өтіп, сүйекті бұзады.
Клиникалық белгілері: іріңді ойықтар түзіледі, жітіде пальпация жасағанда ауырсыну, созылмалыда - ауырмайды.
Емдеу: іріңді жарады, ірің ағуына жағдай жасайды. Кариозды тістерді жұлады.
Остеомиелит / остеомилитис/ сүйек кемігінің қабынуы, асептикалық және инфекциондық түрлерін ажыратады. Өту ағымына қарай жіті және созылмалы деп бөлінеді.
Этиология: сүйек жарақаттануы, суу, жүдеу, гиповитаминоз.
Келесі себебі: жабық механикалық зақымдалу - асептикалық, стафилококтардың немесе басқа микрофлораның сүйек кемігіне енуі.
Патогенез: асептикалық үрдісте өтсе жазылуы мүмкін. Іріңді түрде жіті диффузды қабыну болып, ұлпа серозды - фибринозды сұйыққа толады.
Гематогенді остеомиелит - жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.
Клиникалық белгілер : жоғары температураның кенеттен көтерілуі, зақымданған жерде ыстық ісіктер пайда болады, пальпацияда ауырсынады, қатты ақсайды, жергілікті лимфа түйіндері үлкейген, рентгенографияда сүйек деструкциясы көрінеді.
Диагноз: рентгеноскопия, клиникалық белгілер.
Болжам: күдікті және қауіпті.
Емдеу: тыныштық, дұрыс тамақтандыру, күтім. Сепсисті болдырмау үшін антибиотиктер, сульфаниламидтер, Кадыковтың камфорлы сұйықтығы, новокаинді блокада, қан құю.
Сүйек ішіне антибиотиктер қолдану /эритромицин, кевзол, эпициллин/.
Сүйекті қарқынды түрде бұзып жатқан остеомиелитте хирургиялық емдеу, зақымданған аймақты алып тастау, іріңді экссудаттың ағуына жағдай жасау, кюретаж. Қуысты фурацилинмен жуу эфир - спиртпен жуу, тыныштық.
Буын жарақаттары мен сырқаттары - адамның және малдың сүйектерінің түйіскен тұсы. Буын түрлері:
- сырғақ буын
- ырғақ буын
- изек буын
- леп буын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz