Сібір жарасы. Туберкулез аурулары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірліг
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Сібір жарасы. Туберкулез
Тексерген: Нуркенова М. М
Орындаған: Бабарханова М
Жоспар:
- Сібір жарасы туралы түсінік
- Өту барысы
- Туберкулез туралы түсінік
- Пайдаланылған әдебиеттер
Сібір жарасы (койда - топалаң, жылқыда - жамандат, ірі карада -караталак, түйеде - ақшелек, карабез) мал және жабайы жануарлардың бациллус антрацис микробы коздыратын, жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы. Онымен адам да (түйнеме, күйдіргі) ауырады. Сібір жарасы кең тараған ауру.
Қоздырғышы. Сыртқы ортаға төзімді келетін таяқша тәріздес, Грам әдісімен, аналин бояуларының барлық түрімен боялатын, капсула түзетін аэробты микроб. Жер қыртысында өсіп-өнеді және спора түзеді. Топалан бацилласы вегетативті түрде сыртқы ортаның әсеріне онша төзімді емес, споралы түрі бұған керісінше өте төзімді ж/е ұзак жылдар бойына тіршілік кабілетін сақтайды. Сойылмаған бітеу өлікте ауру қоздырғышы жаз кездері 1-3 тәулік ішінде кұрып бітеді. Топалаңнан өлген малды сойған кезде оттегінің әсерінен қоздырғышы спораға айналатындықтан мұндай малды жарып көруге қатаң тиым салынады. Спора әр түрлі химиялық заттар мен физикалык құбылыстарға аса төзімді, тіпті ол тікелей түскен күн сәулесінен 4 күнге дейін өлмей, шыдап баска, кайнаған суда 45-60 минутқа, 140 градусқа дейін қызған ауада 3 сағатқа, 1 пайыз формалин мен 10 пайыз күйдіргіш натрий ерітіндісінде 2 сағатқа төзеді. Ол тұздалған теріде де тіршілік ете береді. Ауру қоздырғышы сырткы ортада сапрофит ретінде өмір сүріп, шаң-тозаң, ағынды су, қан сорғыш кенелер аркылы бір жерден екінші жерге ауысып жанадан індет ошағын құрайды.
Эпизоотологиясы. Сібір жарасы өте кең тараған ауру. Оған ірі қара, қой, ешкі, жылқы, бұғы, түйе т. б. сондай-ақ жабайы шөп қоректілер шалдығады. Шошқа сирек, ит пен мысық бацилламен өте көп мөлшерде залалданғанда ғана ауырады. Сақа жануарларға карағанда төл індетке біршама жиі шалдығады.
Сібір жарасы - маусымды індет. Ол әсіресе қуаңшылықты жылдары маусым-қыркүйек айларында жиі тарайды. Ауру қоздырғышы - індетке шалдыққан жануарлардың зәрі, и т. б. аркылы тарайды. Бұл індетпен өлген малдың бүкіл органдары ұлпаларында бациллалар өте көп болады. Осы аурудан өлген хайуандарды сойып ішін жаруға болмайды. Өйткені өлген немесе сойылған малдың терісі, еті, жүні т. б. арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады. Қоздырғыштың таралуына ет қоректілер мен жыртқыш құстар да себепкер болады. Сібір жарасы малға оларды ауру коздырғышымен ластанған жайылымдарға жайып баққанда, шөп, су аркылы тарайды. Індет негізінен жаз айларында өршиді. Малдың ауыз, жұткыншақ, кілегей қабықшаларындағы жарақаттар немесе ас қорыту жүйесіндегі ақаулар аурудың тарауына негізгі себеп болады. Малдың жалпы күйі төмендегенде (ашығу, витамин жетіспеуі, дене қызуының көтерілуі т. б. ) олар ауруға шалдыққыш келеді. Індеттің ауа аркылы таралуы да мүмкін. Сонымен катар қансорғыш жәндіктердің (маса, шіркей) де ауру таратуы ықтимал.
Клиникалық белгілері. Аталған аурудың клиникалық белгілері барлық мал түлігінде негізінен ұқсас болады. Соның ішінде қой топалаңын сипаттауды жөн көрдік. Бұл індет койда аурудың клиникалық белгілері білінбейтін жэәе білінетін болып екі түрде жүреді. Бірінші түрінде қой бірден, 1-2 күнде өліп тынады, ауру өте жіті өтеді, көп ретте ішектер кабынады. Екінші түрінде қой денесінде жара мен тері ж/е тері асты ісіктері пайда болып, індет 5-7 күнге созылады. Әуелгі кезде кой денесінін әр жерінде көлемі онша үлкен емес, ұстап көрсең, мал ауырсынып, қолға қатты тиетін қызулы кайткан ісікке, одан қайтадан ортасы сарғыш катерлі жараға айналады. Топалаңға ұшыраған қой тісін қышырлатып, бағытсыз козғалады, денесі кұрысып, аузынан, мұрнынан, артқы ішегінен қанды көбік ағады. Індет жіті жағдайда малдың қызуы кетеріледі, мал қимылсыз күйзеліп, көз айналасы қанталап, ауыз және тыныс кілегей қабығы көгеріп, қан аралас тышқақтайды, көп ұзамай өледі. Терінің ішкі қабаты сарғыш түстеніп, қанталап, қан тамырлары білеуленіп, лимфа түйіндері ісінеді, көкбауыр өз көлемінен бірнеше есе ұлғаяды. Бауыр мен бүйрек канға толып, жүрек талшыктары босап, ішек, асқазанның ішкі жактары қанталап қабынады. Ауруды аныктағанда оның даму барысы клиникалық және өлексе белгілері, эпизоотологиялық деректер негізге алынады, түбегейлі анықтау үшін микроскопиялық, бактериологиялық және биологиялық зерттеулер жүргізеді. Топалаң әдетте аса жіті және жіті, сирегірек жітіден төмен өтеді. Созылмалы түрі шошқада кездеседі. Аса жіті топалаң негізінен қой мен ешкіде, сирегірек Жылқы мен сиырда байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалык белгісі байқалып үлгермей-ак, өліп кетеді. Мұндай жағдайда кой ентігіп, дірілдеп-калшылдап, кейде орнында секіріп барып құлайды да, бірер минуттың ішінде өледі. Мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Жылкы мен сиыр еліріп, одан кейін тез басылады. Ентігіп, солығын баса алмай дем алады, тамыры жиі соғып, кілегейлі қабықтары көкішлденіп, дене қызуы 41-42 °С жетеді. Бірнеше минуттан кейін, кейде бірер сағат өткен соң ауырған малдың талықсып, денесі құрыстанып барып жаны шығады. Аурудың жіті өрбуі кезінде сиыр мен жылқыда дененің кызуы көтеріліп (41°С), тыныс алуы мен тамырдың соғуы жиілеп, бұлшык еттері дірілдейді. Мал жем-шөптен калып, ірі қарада күйіс кайтаруын токтатып, сауын сиырлардың сүті кайтады. Жылқының ішегі түйіліп, ірі караның таз қарны кебеді. Кейде іш қатып, не керісінше кан аралас іш өтіп, несепте қан байқалады. Жануар тез әлсіреп, тынысы тарылып, кілегейлі қабықтары көгеріп, канталай бастайды. Жұтқыншақ маңында, мойнында, әукесінде, қарын астында домбығу пайда болады. Аузы мен тілінің кілегейлі қабығында қанды жалқақ байқалады. Ауру белгілері білігеннен соң 2-3 күн өткенде мал өледі. Жан тәсілім кезінде мұрны мен аузынан канды көбік шығады. Жітіден төмен өрбігінде (6-8 күнге дейін) жоғарыдағы сипатталған белгілері баяулау өрбиді де, октын-октын байқалмай да кетіп, мал жазылып кеткендей әсер туғызады. Бірак артынша оның жағдайы қайтадан нашарлап, ақыры өліммен бітеді. Созылмалы түрде (шошқада) өткенде аурудың негізгі белгісі - жануардың арықтауы. Тек сойылғаннан соң, ұшаны қарағанда, төменгі жактың астында қанды жалкак, жак асты және жұтқыншақ бездерінің қабынуы байқалады, топалаңға күдік туады. Бұл аурудың ангиналық түріне сәйкес келеді, ұзак өрбіген дерт дененің ыстығы аздап көтрілуі, ангина мен фарингит аркылы білінеді. Жануардың алқымы ісіп, жұтынуы қиындап, тынысы тарылады, жөтел пайда болады. Аурудың үзікті түрі кезінде дененің ыстығы аздап көтеріледі де, әдетте мал жазылып кетеді.
Паталогоанатомиялық өзгерістері.
Паталогоанатомиялық өзгерістері аурудың өту барысы мен көрініс формасына байланысты. Ауру баяу өткен ғұрлым, белгілеріанық білінеді (атипиялық және созылмалы өтуін есептемегенде) . Әсіресе жіті және жітілеу формасында паталогоанатомиялық өзгерістері тән болады. Өлексе өте үрілген, сіресуі болмайды, не әлсіз байқалады. Тек қойларда ғана мал өлгеннен бір сағат өткен соң сіресу болады және де 10-12сағат бойы сақталады. Табиғи саңылаулардан қанды көбікті сұйықтық, ал кейде қан ағады. Өлексенің іріп-шіруі, әсіресе жазғы мезгілде тез жүреді. Тері асты клетчаткасы нүктелік георрагияланған және сарғыштанған. Оның қантамырлары қанға толы. Сондықтан сібір жаралы өлекседен сыпырылған терінің ішкі жағы күрең-қызыл түсті. Мұндай іркілімдер өкпе плеврасынан, шажырқайдан, тілден және басқа жерлерден табылады. Сірлі қабаттары қанталап, көгерген. Қаны қою-шие түсті, қою, ұйымаған. Бұлшық еттер тас-қызыл түсті, былжыр консистенциялы. Құрсақ және кеуде қуыстарында, жүрек қабында көп мөлшерде бұлдыр қызыл түсті сұйықтық жиналған. Жүректе эпикард астында қан құйылулар табылады. Лимфа түйіндері ұлғайған, шырынды кейде беткейінде қою-шие түсті нүктелік қан кетулер болады. Олар кескінінде тас-қызыл түсті. Жалағы өте ұлғайған (кейде қалыпты), қанға толы, кескінінде жұмсарған пульпасы қара май тәріздес масса түрінде ағып шығады. Бауыр мен бөтелкелер онша ұлғаймаған. Олар тас-қызыл түсті. Ішектер гиперемияланған, толы, құрамы әдетте қан түстес болады, сұйық консистенцияланады. Аш ішек, әсіресе он екі елі ішек кілегей қабаттары гиперемияланған, ісікті және нүктелік қанталаған. Кейде ішектерде қабырғаларының қалың майлануы табылады. Пейер түйіндерінде ойық жаралар табылады. Тоқ ішектің зақымдалуы сирек кездеседі, кейде тік ішектің кілегей қабаттарында карбункулдар түрінднгі төмпешіктер байқалады. Бас миы мен жұлын гиперемияланған, ми заты мен оның қабаттары қанталаған. Мидың жұмсақ қабығы геморрагиялық сұйықтықпен сіңірілген. Сібір жарасының мүйізді ірі қарадағы, жылқы мен қойдағы терілік фомасы әдетте сорозды-геморрагиялық ісік түрінде өтеді, демек карбункулға тән пустулдар түзілмейді. Шошқаларда көбінесе жақасты, жұтқыншақ және мойынның лимфа түйіндерінің зақымдалуымен жалғасатын геморрагиялық лимфаденит анықталады. Мойын аумағынан жасыл түсті мұздай серозды-геморрагиялық эксудат табылады. Зақымдалу дәрежесі мен сатысына байланысты лимфа түйінінің көлемі өзгермеуі мүмкін не болмаса тауық жұмыртқасы көлеміндей болады, көп жағдайда сарғыш түсті мұздай масса мен қоршалған. Өкпеде бұршақтан тауық жұмыртқасына дейінгі көлемдегі төмпешіктер сирегірек байқалады. Ішектік формасында ішектердің кішкене бөлігінде геморрагиялық қабынған кілегей қабаттардың зақымдалуы түрлі интенсивті және ішектің сыртқы қабырғасының паталогоанатомиялық өзгерістеріне байланысты. Карбункулезді формасында теріден қызыл түсті түйіндер немесе ойық жаралар табады.
Туберкулез
Біздің респупликамызда ауыл шаруашылығы, онын ішінде ауыл шаруашылығы дамыған, яғни малда туберкулез ауруының кең тарап отырғанын ескерсек, тонда бұл салада жан-жақты профилактикалық шараларды жүзеге асыру қажеттігі басты назарда болуға тиіс.
Ғалымдар туберкулез ауруын тез қабылдайтың 353 қара малды сойып, ішкі органдарын тексегенде, оларды туберкулезбен зақымданғаның анықтаған. Әсіресе туберкулезбен мемлекеттік шаруашылықтағы малдарға қарағанда жеке меншіктегі малдар 2-3 есе көп ауырады екн. и Зеттеу деректері ауырған сиыр мен қойдың сүтінгде 1, 3-3, 6 процент туберкулез қоздырғышы болатының көрсетіп отыр. Әсіресе туберкулездің ашық түрімен ауыратын семьядағы ірі қара 3 есе, ал қой мен ешкі 10 есе жиі ауырады.
Туберкулез микробактериясысыртқы ортадаұзақ уақыт сақталғанымен ол тірі организмде ғана (адамның малдар мен құстардың т. б. денесінде ) өсіп -өнеді Осы аурудан өлген адамның малдын өкпесінде, лимфалық бездерінде, тағы басқа органдарында туберкулез қоздырғыштары сақталып қалады. Сол сияқты аурулардың қақырығын ғана емес, ауру малдын шикі сүтінен де туберкулез миробын тапқан. Көп кешікпей Роберт Кохтың мұндай ғылыми жаналығындүние жүзі ғалымдары мойындады. Сөйтіп туберкулез қоздырғышы-Кох таяқшасының өсімтал және бұл дерттің жұқпалы екеніне ешкімнің де күмәні болмады.
Туберкулез ауруының таралуы негізгі көзі осы аурудың ашық түрі мен ауырған адам еккені белгілі болады. Басқа микроптар мен салыстырғанда туберкулездің қоздырғышын аз уақыттын ішінде кебір дизенфекциялық тәсілдермен арнайы дәрі арқылы құртуға болатыны да медецина практикасында белгілі.
Мысалы: оған 5%карбол қышқылы, 5% формалин тағы да басқа ерітінділерде жетіп жатыр. Туберкулез ауруы мен тек адамдар ғана емес, мал да, құс та, балық та ауырады. Осыған орай туберкулез ауруының қоздырғыштары-микробактериялары да әр түрлі болады. Медицина практикасында, адамның және адамның микробактериялары жан-жақты зерттелген. Халық арасында жиі кездесетініде, әрі қауіптісі де осылар.
Туберкулез ошағына кездесіп қалған жағдайда оны жұқтырмай, сақтық шараларын білген жөн. Бұл проблемамен медицина ғылымынын бір саласы эпидемиология туберкулезі шұғылданады. Эпидемология грекше ері-арасы немесе ішінде + demos-халық +logos-ілім деген ұғымды береді. Сөйтіп, жан- жақты әлеуметтік- биологиялық процесті зерттеп қана қоймай, туберкулездің тарапжайылу жолы және адамдардың қай жаста, қандай жағыдайда туберкулездің микробактериясын қабылдағыш келетінін т. б. Мәселенің тексерілуі жетерліктей жоғары. Туберокулез ауруының екі түрі бар. Олар: ашық түрі-туберкулездің микробактериясын таратушы және жабық түрі, яғни туберкуледің жұқпайтын түрі болып табылады. Туберкулез инфекциясының таралуына себепші болатын екінші бір фактор-шаң-тозаң. Ал туберкулездің ашық түрімен ауыратын кейбір адамдар тазалық ережелерін сақтамай кез куелген жерге қақырып, түкіреді, сонын нәтиесінде құрғаған қақырықтағы микробактериялар шанмен көтеріліп, ауаға тарайды да, тыныс жолдары арқылы, сау адамға жұғады, яғни ол туберкулез ауруын қоздырады. Ал ауру адам қақырығы арқылы күніне төрт-бес милиард туберкулез микробактериясынын тәжірибе көрсетіп отыр. Олай болса осы ару мен ауырған адам жөтелгенде, Түшкіргенде сақтық шрарларын сақтамау салдарынан сан милиондаған микробактерияны ауаға тарататыны сөзсіз. Сол сияқты ауру адам пайдаланған заттарда (ішкі-сыртқы киімдерде, төсек-орында орамалда, ыдыс-аяқта) Туберкулез микробактериялары ұялайды да, мол заттар арқылы сау адмға жұғады, бұл жиі кездесетін жағдай. Ауру адаммен қол ұстасы амандасқанда және онымен сүйіскенде туберкулез инфекциясы жұғады. Тамаққа түскенг микробактерия салдарынан немесе ауру малдың шикі сүтін және одан даярланған басқа да тағамдарды пайдаланғандықтан адам туберкулезбен ауруы мүмкін.
Кейде туберкулездің микробактериясы терінің зақымданған жеріне түсіп, аурудың таралуына себепші болады. Мұндай жағыдайда әсіресе сауыншы, мал дәрігерлері ауру малды күтіп бағушылар балаларынын туберкулез аруын көбірек жұқтыратынын атап айтқан жөн. Зерттеу деректеріне қарағанда, туберкулез ошағымен қарым-қатынаста болғандардың 5-7 процеті ғана туберкулезбен ауруы мүмкін екен. Ал балалардың арасында бұл көрсеткіш тым жоғары, яғни 20-40 процент. Адамдардын туберкулезбен ауруы қоздырғыш микроптын жұғу және таралу ұзақтығына, сондай-ақ оның сандық мөлшеріне байфланысты. Егер адамға ас уақыт ішінде берер ғана микробактерия жұқса, ол адам туберкулезбен ауырмауы мүмкін. Ал туберкулездің ашық түрімен ауыратын адам дапрмен ұзақ уақыт тығыз қарым-қатынаста болс, оның үстіне жеке сақтану шараларын жасамаса, төнірегіндегілерге ауруды жұқтырып, оның тарауына негіз жасайды. Сөйтіп тәжірибе туберкулездің ашық түрімен ауырғандардың маңайындағы адамдардың 4-6 есе жиі ауыратынын дәлелдеп отыр.
Мал-туберкулез инфекциясын таратушы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz