М.мағауин шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

М. Мағауин шығармашылығы

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин - 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М. Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының бас редакторы. 1987 жылы еркін шығармашылык қызметте, 1988 жылдан бері «Жұлдыз» журналының бас редакторы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған.

«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін 1984 Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының сахибы. «Аласапыран» тарихи романында қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген. «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981- 83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 - 17 ғ. ) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген.

Мұхтар Мағауин - алғашқы шығармаларымен-ақ әдеби қауым мен оқырман жұршылықтың назарын өзіне аудара білген қаламгер. Алғаш рет баспасөз бетінде 19 жасында көрінген жас таланттың туындылары араға жылдар емес, айлар сала отырып оқырман жұртшылықтың көзайымына айналады. Жас жазушының «Жаңылысу», «Ақша қар», «Көкмұнар» сияқты көркем шығрмалары - айналдырған үш-төрт жылдың ішінде-ақ жазылып, ізі суымастан жарық көріп үлгерген дүниелер. Мысалы, әдебиет тарихы ғылымындағы тұңғыш еңбегі «Қобыз сарыны» кітабы бірден-ақ ғалымдар назарына іліксе, «Ақша қар» атты алғашқы әңгімелер жинағы да сөз қадірін түсініп, көркемдікке сұқтана білетін оқырманды еріксіз өзіне қаратты. Жазушы ұсақ жанрларды игеру барысында да өзіндік көркемдік стилін, жазу машығын жан-жақты ашып көрсете білді. Оған дәлел - қаламгердің шығармашылық жолының бастапқы он жылдығында туған бірнеше әңгімесі. Олардың ішінен әсіресе «Тіленші», «Кешқұрым», «Ватерлоо көпірі», «Алтыбақаннан соң», «Тарпаң», «Қияндағы қыстау», «Күтпеген кездесу», «Тұлымханның баласы», «Қияндағы қыстау», «Алтын тіс», кейінірек жазылған «Шеше», «Өткінші», «Тәртіпті азамат», «Коммунистік реализм» және т. б. әңгімелерінің көркемдік сапасын ерекше атауға болады.

Оқырманның қабылдауына сай белгілі бір көркемдік канонмен дамып келе жатқан сюжеттік желінің аяқталуы М. Мағауин әңгімелерінде қашан да тосын. Автор қалыптасқан идеялық үрдісті бұзып, шығарманың соңындағы көркемдік түйінді бұған дейін оқырман ойына келмеген басқа бір арнамен тоғыстыра білу қабілеті ерекше. Қазақ прозасында көркемдік құбылыс болып табылған шығармалары - «Тазының өлімі», «Қара қыз», «Көкбалақ», «Бір атаның балалары» повестері және «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі 1964 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланды. «Қобыз сарыны» атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968) . Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. «Көкмұнар» (роман, 1972), «Бір атаның балалары», «Көк мұнар» (повестер мен әңгімелер), «Аласапыран» (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), «Шақан Шері» (роман), «Мен» (ғұмырбаяндық роман-хамса), «Құмырсқа-қырғын» (әңгімелер), «Ұлтсыздану ұраны» (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген. 2002 жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. «Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 - 18 ғ. ) жүйелі түрде талдады. Жақын арада Чехия Республикасынан жарық көрген "Жармақ" - қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне құрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді.

«Тазының өлімі» Кеңес дәуірінде жеке адамның табиғатын ашу үшін өзі өскен ортасы мен жан-жануарлардың тіршілігін байланыстыру тәсіліне сүйенеді. Бас кейіпкер Қазы - аңшылықты ғана емес, өзінің туған жерін, адам бойындағы игі қасиеттердің баршасын сүйетін қарапайым жан. Бұл шығармада күнәсіз хайуанат арқылы адам қауымының ортасындағы күрделі шындықты ашуға деген талпыныс бар. Осынау көркемдік әрекет жолындағы жазушының таңдап алған тәсілі де ұтымды. Бас кейіпкері тазы болғанымен, шығармадағы айтылатын негізгі мәселе - адам тағдыры, ұлттық құндылығымыз салт-дәстүрге деген кейінгі көзқарас. Мағауин жануарлар өмірін негіз ете отырып, «Көк кептер» әңгімесін, «Жыланды жаз» повесі мен «Шахан Шері» романын жазып шықты. Бұлардың қай-қайсысы да қазақтың ұлттық салт-дәстүрін әр қырынан көрсете білумен бірге адамның жан дүниесіндегі ерекшеліктерді хайуанаттармен қарым-қатынас арқылы ашуды көздейді. Көзқарастың жітілігі, ойдың сергектігі мен шымырлығы, қиялдың ұшқырлығы жазушының аталған шығармаларын толымды етіп көрсетеді. Жазушының көркем шығармалары жазылу мәнерімен, айтар ойының тосын да тиянақты болуымен назар аударады. Жазушы қазақи өмір салтын, тарихи дәстүр мен этнографиялық ұстанымдарын мейлінше терең білетінін және оның бұл бағыттағы барлық шығармаларынан дерлік көрініс табатынын атап айту қажет. Ұлттық нақыштардың молдығы әсіресе «Аласапыран», «Шақан Шері», «Сары қазақ» романдары мен «Көкбалақ», «Жармақ», «Жыланды жаз» повестерінде басымырақ көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Доспамбет жыраудың толғаулары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
XVIII ғ орта тұсымен басындағы қазақ мәдениеті
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) туралы ақпарат
Ұлт азаттығы, тәуелсіздік мәселесі
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Талантты шыңдау жолдары
Шал ақынның өмірі туралы деректер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz