Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1Үсік
2.2Шіру түрлері
2.3Үсіктің дәрежелері
2.4Үсік шалған кездегі алғашқы ветеринариялық көмек
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер
Үсу — суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді.
Мал организмінің төменгі температаураның ұзақ уақыт әсер етуінен үсік патологиясы болады. Сиырдың сүт безі ,бұқаның ұмасы, айғырдың жыныс мүшесі,ұмасы ,шаша сіңірлері ,астыңғы ерні, аяқтың диетальды бөлігі шошқаның тұмсығы , құйрығы , құлақ қалқандары көбіне үсікке ұшырайды.
Үсіктің ауыр формасында зақымданған тканьдердің қалпына келуі (регенерация) өте баяу өтеді. Үсік шалған кезде қандағы лейкоциттердің сапасы артып, жас формалары көбейеді, эритроциттердің тұнуы үдей түседі, қандағы белок коэффициенті өзгеріп, альбуминдерге қарағанда глобулиндер басым болып кетеді. Бұл өзгерістер зат алмасудың бұзылуынан және үсік шалғын орындағы белоктардың, майлардың углеводтардың ыдыраған өнімдері сорылудан пайда болады.
Б.К. Ілиясов. «Алғашқы ветеринариялық жәрдем». Алматы, 2011 ж. -
Ахметсадықов Н.Н және т.б. Ветеринария негіздері/ Алматы, 2010.
Бияшев Қ.Б. және т.б. Ветеринария ісін ұйымдастыру/ Алматы, 2000.
Интернет желісі http://www.zooproblem.net/vet_konsultaziy/first_up_for_frostbite_and_hypothermia.php

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек

Орындаған:Абдрахимов.Б
Тексерген:Ахметжанов О.Н.

Семей 2015 жыл

ЖОСПАР:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1Үсік
2.2Шіру түрлері
2.3Үсіктің дәрежелері
2.4Үсік шалған кездегі алғашқы ветеринариялық көмек
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.
Үсу -- суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді.
Мал организмінің төменгі температаураның ұзақ уақыт әсер етуінен үсік патологиясы болады. Сиырдың сүт безі ,бұқаның ұмасы, айғырдың жыныс мүшесі,ұмасы ,шаша сіңірлері ,астыңғы ерні, аяқтың диетальды бөлігі шошқаның тұмсығы , құйрығы , құлақ қалқандары көбіне үсікке ұшырайды.
Үсіктің ауыр формасында зақымданған тканьдердің қалпына келуі (регенерация) өте баяу өтеді. Үсік шалған кезде қандағы лейкоциттердің сапасы артып, жас формалары көбейеді, эритроциттердің тұнуы үдей түседі, қандағы белок коэффициенті өзгеріп, альбуминдерге қарағанда глобулиндер басым болып кетеді. Бұл өзгерістер зат алмасудың бұзылуынан және үсік шалғын орындағы белоктардың, майлардың углеводтардың ыдыраған өнімдері сорылудан пайда болады.
Негізгі бөлім.\
Үсік - дене ұлпаларында жергілікті мұздаудың арқасында қалыптасатын шіру мен кері әсерлерден қабынулар арқылы бейнелетін зақымдалу. Үсіктің пайда болуына желдің жылдамдығы мен бағыты және ылғалдықтың қосар әсері көп. Ауа жылуды нашар өткізсе, су жақсы өткізеді. Тері тесіктерінде жиылған ылғал жергілікті ұлпаның жылулығын төмендетеді. Сырттан әсер етуші себептерден басқа, үсікке соқтыратын бірнеше іштен әрекет етуші жағдайлар бар: қансырау, қант диабеті, тершеңдік, әлсіздену, арықтау, психикалық немесе физикалық шаршау, кәрілік, аяқ-қол тамырларының ауруы, бұдан бұрын да үсікке шалдығу, т.б. Жылы қандыларда ми, бауыр, өкпе, тіндер ұзақ уақыт үсікке шалдыққанмен жүйелі ерітуден соң, тіршілігін сақтайды.
Жекешеленген ұлпалар мен ағзалар оң температура аралығындағы ұзақ уақытта суыққа жақсы шыдап қана қоймай, аз мерзімдегі мұзданудыда көтере алады. Қоянның терісі сұйық азоттың - 196ұзақ мерзімде мұздатуына шыдайды, ал егер оны содан соң дереу жылы физиологиялық ертіндіде жылытса, ол өз тіршілігін сақтай алады. Бұдан шығар қортынды, жарақаттаушы себеп тек төменгі температураға ғана байланысты емес.
Сонымен қатар, басқа да пікірді жақтаушылар бар. Кейбір ғалымдар- үсіктегі орын алатын ұлпалардың шіруін суықтың торша протоплазмасына тікелей әсерімен байланыстырады немесе ішкі су-тұз алмасуының тежелуін тіндер мен торшалардың өліміне тікелей себепші болады деп, - санайды.
Дамуы мен қалыптасуы. Тәжірибеде үсіктің пайда болуы тек мынаған байланысты - суықтың әсері жаурауды емес жергілікті жылуды төмендетеді (гипотермия). Ұлпалар жылулығының жергілікті төмендеуі қан ағымын баяулатып (3-6С), қан айналысы мен бұлшықет - жүйке аралық байланыстың, веналық қан ағысының тежелуіне әкеліп соқтырады (4-8С). Осының бәрі үсіктің бәрі үсіктің белгілерімен сипатталатын ұлпалардың қалыпты өмір - тіршілігінің бұзылысына әкеледі.
Шірудің пайда болуы былайда болуы мүмкін: салқындаудан - дене қызуының төмендеуі кезінде гемоглобин мен оттегінің жақындығы артып, олардың өзара алмасуы (диссоциация) 3-4 есе төмендейді. Бұл оттегі жетімсіздігін күшейтіп, торшалардағы зат алмасуды тежеп, келе-келе ол қан айналысының әлсіреуінен шіруге әкеліп, дененің қарсы қабілетінің әлсіздігінен қабынудың қалыптасуын тудырады. Суықтың әсерінен тамырларда жиырылу, тарылу пайда болса, көршілес аймақтың бөліктерінде олардың кеңеюі байқалады. Қалыптасқан жиырылудан соң жергілікті салқындау болған бөлікте тамырлардың кеңеюінен қан ағысы төмендейді, біртіндеп тоқтайды, содан тромбоз пайда болып, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды. Егер дененің салқындау кезінде ұлпаларда О2 таралуының қиындалатынын еске алсақ, онда қан айналысындағы бұзылыстар мен дененің қарсы қабілетінің әлсіздігі күрделі қабынуға әкелетіні түсінікті болады.
Шіру түрлері
Құрғақ шіруде - ұлпалар жиырылып, құрғап, қабыршақтанады және сау ұлпалардың арасында оның шекарасы анықталады. Жалпы улану белгілері жоқ.
Ылғалды шіру - егер артқы аяқта болса - табан тобық буынынан жоғары зақымдалғанда кездеседі, ал егер алдыңғы екі аяқта болса - буынынан жоғары етті тіндері бар жерде қалыптасады. Ылғалды шірудің тууын инфекцияның пайда болуы ушықтырады. Аяқтары ісінеді, уланулардың белгілері бірден білінеді: дене қызуы - жоғарылайды, ауырсыну, ұйқысыздық, әлсіреу күшейеді, қан құрамында лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжыуы, ЭТЖ-ның өсуі, т.б. сырқаттың ағымы септикалық түрде болып, малдың жағдайы жедел хирургиялық жүйелі шараларды жүргізуді қажет етеді.
Зақымдалған және сау ұлпалардың арасындағы түпкілікті шекарасы шірудің алғашқы 2-аптасының аяқ кезінде 12-14 күнде түзіледі, ал егер үсіктің шекарасы сүйектің түтікше бойымен (диафиз) өтетін болса, онда аралық шекара 2-3-айдың соңына қарай болуы мүмкін. Үсіктің ІV дәрежесі қалыптасқан жерінде сонымен қатар оның ІІ-ІІІ дәрежелері орын алады. Аралық шекара аймағы неғұрлым жоғарыда орналасса, соғұрлым үсіктің ІV дәрежесін күту шарт. Зақымдалудың тереңдігін бірден анықтау қиын.
Сиырларда көбінесе желіндерінің үрпісі, жылқылады ендері, шошқаларда құйрықтары, тауықтарда айдарлары үсікке жиі шалдығады.
Клиникалық белгілері. Үсік шалған кезеңді 2-ге бөледі:
Әрекетке дейінгі кезең немесе жасырын кезең- бұнда суық тікелей әсер ету кезінде болады;
Әрекет кезеңі- бұл кезең жылытқаннан кейін басталады.
І-дәрежелі үсік- терінің сезімталдығы төмендеп, суынып, терінің тығыздалумен ерекшеленеді. Үсіген жерді жылытқан кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы ақпарат
Үсіктер, алғашқы ветеринариялық көмек
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Күйіктің емі
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Қырғауылға аңшылық жасау
Үсіктер
Пәндер