Микроорганизмдерден, иiстерден ауаны тазалау құрылғылары туралы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

ТФ және ЖЭ кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Микроорганизмдерден, иiстерден ауаны тазалау құрылғылары.

Орындаған: Дүйсенбекова А. А

ТФ-205

Тексерген: Шалаганова А. Н

Семей 2015

Мазмұны

Кіріспе3

Микроорганизмдерден, иiстерден ауаны тазалау құрылғылары4

Қорытынды7

Пайдаланылған әдебиеттер8

Кіріспе

Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады.

Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі. Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістср тудыратыны анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000-2500 м биіктік көлемінде, әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылстардан қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Осыған байланысты қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады.

Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20-дан 50 процесінтіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды. Қарақошқыл көрініс күн сәулесінің спектрлік құрамын өзгертеді. Алматы үстіндегі күн сәулесінің спектрлік құрамында тек 0, 5 процент ультракүлгін сәуле бар екені анықталады, ал тау бөктерлеріндегі ультракүлгін сәулелердің мөлшері 20 %-ке жететіні белгілі болды. Өнеркәсіп орындары атмосфераны әр түрлі газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозандармен де ластайды.

Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 0, 3-0, 5 процент өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0, 003 %. 1988 жылдан бері оның көлемі тағы да 1, 13 процентке өсті.
Микроорганизмдерден, иiстерден ауаны тазалау құрылғылары

Ауаны тазарту - физикалық-химиялық әдістердің көмегімен ауаны бөгде зиянды қоспалардан арылтып, оны табиғи қалыпты жағдайға жеткізу. Ауаны негізінен өндіріс орындары, жылу, қуат өндіру көздері, автокөліктер ластайды. Сондықтан зиянды қоспалардың мөлшерін азайту үшін әр түрлі физ. -хим. әдістер (абсорбтау, адсорбтау, конденсаттау, тотықтыру т. б. ) қолданылады. Сонымен қоса өсімдіктер мен ағаштарды көп өсіру қажет.

Ауа тазартқыш (тұрмыстық) - ас үй ауасын плита оттығында толық жанбаған газдың зиянды қалдықтарына тамақ дайындау кезінде шашыраған майчыс пен күйіктің иістен тазартуға арналған аппарат. Ол ас үй мебелімен бірге тұтас болады немесе газ не электр плитасының үстіне (700- 900 мм биіктікте) қабырғаға орнатылады. Бұл деңгей аппараттық температуралық қалыпты режимін және ауаны тиімді тазартуын қамтамасыз етеді.

БЭВ-1 ауа тазартқышының қорабында желдеткіш жүйе болады, ол ас үйге етпе жел келмеген жағдайда, оның ауасын тазартуға жәрдемдеседі. Аппарат қорабының төменгі жағы ауаны ыстан, майдың кеңірсіген иістен т. б. тазартатын сүзгісі (аэрозольді сүзгі) бар қақпақпен жабылған. Ауа тазартқыш қорабының ішінде бактерицидтік сынап-кварцты лампа, жарық түсіретін шам мен басқару блогы орнатылады. Қораптың жоғарғы бөлігінде, бактерицидті лампаның үстінде ау айы газдан тазартуға арналған сорбент-катализаторы бар екі кассета болады. Ауа тазартқыштың алдыңғы бөлігі басқару блогының клавиштері орнатылған әсем панельмен қаралады. Оның плитаға қараған төменгі бөлігінде жылжымалы қақпақша болады. Ол шштадан шыққан лас ау айы тұтқыш қызметін атқарады.

Желдеткіш іске қосылғанда

Желдеткіш іске қосылғанда ауамен бірге сорылатын аэрозольдер мен механикалық қоспалар сүзгі материалда (аэрозольді сүзгіде) тұнады да, содан кейін сорбент, катализатор арқылы өткенде ауа газдан тазарады. Ал, бақтерицидті шам ды (ультракүлгін сәуле көзі) қосқанда ауа стерилизацияланады. Бөлме ішіне осылайша тазартылған ауа жіберіледі. Ауа тазартқыштың желдеткіш! ауаның жедел циркуляциясын тудыра отырып, ас үйдегі жылуды бірқалыпты таратады, бөлме қабырғасында бу конденсациясының түзілуін болдырмайды. Ауаны неғұрлым жақсы тазарту үшін тамақ дайындаған соң, ауа тазартқышты бактерицидті шаммен бірге іске қосулы күйі нде 20-30 минут қалдыру керек. Ауа тазартқыш іске қосылып тұрғанда, тамақ дайындау қажет болмаса, газ плитасын жағуға болмайды. Себебі, сүзгі материалдық, лаксырлы қабаттың және пластмасса детальдардың бүлінуі, сондай-ақ аппараттық қызыл кетуі мүмкін.

Қолдану тәртібі

Жайып тұрған бактерицидті шамға тура қарауға болмайды, өйткені одан (ауа тазартқыштың төменгі қақпағын алып тастаған кезде) көзге зиян келуі мүмкін. Ауа тазартқыштың сүзгісіне шөккен заттарды мезгіл-мезгіл (алты айда 1 рет) тазартыл тұру керек. Тазалау шеберханада, қажет болған жағдайда, үй жағдайында жүргізіледі. Ол үшін ауа тазартқыштың қақпағын ашып, сүзгіш 2-3 сағат синтетикалық мат айы жууға арналған ерітіндіге салып қою керек. Содан кейін сүзгіш мұқият шайып, еппен сығады. Кептіру үшін ылғалды сорыл алатын матаның үстіне жайып, кепкен соң ауа тазартқыштың қақпағына серпінді қапсырмамең беттің, қақпақты орнына қояды. Сорбент катализаторды регенерациялау үшін оны пластмасса кассетадан жуылып тазартылған, кептірілген табақшаға ауыстырыл, плита духовкасының ортаңғы бөлігіне қою қажет. Осы күйде сорбентті 3-3, 5 сағат бойы 250-300 СС температурада қыздыру керек. Қызған кезде сорбенттің зиянсыз болғанымен, тым жағымсыз иісі шығады. Сондықтан ас үйдің терезесін ашып, есікті жауып тастаған (мүмкіндігіне қарай алғашқы бір сағатта) жөн. Өңдеуден өткен сорбентті кассетаға салып, ауа тазартқышқа орнатады. Сорбент ретінде пайдаланылатын активтелген көмірлі белгілі уақыттан кейін жаңа оймен алмастырады. БЭВ-1 (сорбентсіз) ауа тазартқышының сал-мағы 20 кг, мөлшері 550X600X250 мм. Тұтынатын қуаты 50 Вт, 220 В кернеуге есептелген.

Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, жылу энергетикасы, мұнай, газ, көмір өндіру, өндеу орындары, космос және энергетика, үй құрылыс комбинаты, асфальт зауыты, ауыр машина жасау зауыты т. б. өндіріс салалары. Бұл аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, қоршаған ортаны ластауды физикалық (шу, тербеліс, әр түрлі сәуле шығарулар) және химиялық (әр түрлі заттар: ауада-улы газдар және булар, суда және топрықта ауыр металлдардың иондары) деген екі түрін қарастырайық.

Таза ауа компоненттерімен атмосфераның негізгі ластағыштарын салыстыру үшін төмендегі кестелерге көіңл аударайық.

Таза ауа компоненттері

Компоненттер
Көлем бойынша, %
:

1

2

3

4

5

6

Компоненттер:

Азот (N 2 )

Оттек (O 2 )

Аргон (Ar)

Көмір диоксиді (CO 2 )

Озон (O 3 )

Гелий, метан, криптон және сутек

Суттектің мөлшері

Көлем бойынша, %:

78, 08

20, 94

0, 93

0, 03

0, 5

0, 0002-ден аз неон

0, 002-ден аз неон

Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасының ЮНЕП деректері негізгі ластағыштар жылына 25 млрд т болса. Оларға:

Компоненттер
Көлемі бойынша млн. т/ж
№:

1

2

3

4

Компоненттер:

Көмір диоксиді мен шаң-тозаң

Бөлшектер

Азот оксидтері (N x O y )

Күкірт диоксиді

Көмірсуттектер (C 8 H y )

Көлемі бойынша млн. т/ж:

8000

60

200

80

Адам іс-әрекетінің нәтижесінде ондағы түрлі газдар және басқа қалдықтар бөлніп шығарлуда. Ол ластағыш заттар атмосфера ауасының газалық сапасын төмендетуде. Атмосфера адам үшін атқаратын қызметі орасан зор, Атмосфера бүкіл әлемді таза ауа мен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газдармен, басқа химиялық элементтермен (О2, N2, СО2 және т. б. ) байытады. Жер планетасын күн мен ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден, метеориттерден қорғайды, климатты, ауа райын, зат алмасу, энергия алмасу және т. б. іс-әрекеттерді, жалпы жер шарындағы тұрақтұлықты жоғары дәрежеде үйлестіріп отырады. Адам кез келген қызметі жердің жалпы ресурсына әсер етеді. Бұл қызметтердің нәтижесінде жер ресурстары аяқталуы керек сияқты. Бірақ, жердің үнемі күн сәулесінен жаңа энергия алынатынын естен шығармау керек.

Атмосфера ауасының шекарасы болмайтындықтан бүкіл жер шары халықтары мен онда тіршілік ететін жануарлар, құстар және тірі организмдер мен өсімдіктер дүниесі үшін ортақ байлық болғындықтан, оны ластамау, сапасын тіршілікке зиян келтірмейтін биосфераның құрамдас бөлігі болып табылады.

Адамзатқа орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себебі ауаның ластануы болып отыр. Атмосфера ауасының сапалық көрсеткіштері оның ластану дәрежесімен анықталады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың ШМК-сы қалыпты құрамынан өсіп кете сай келмесе, онда ондай ауаны ластанған ауа деп санайды.

Қорытынды

Адамға табиғат берген байлықтың бірі - атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.
Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35, 1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шыратын лас зиянды газдардың көлемін 1, 5-2 есе азайтуға мүмкіншілк туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістеіі шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.
Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы, Алматыда 600 кішкентай пеш жойыл-са, оныц 155-і 1970-1973 ж. ж. келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте - 7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы каласын қоспағанда республикамызда 1970-1973 жылдары 276 пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті.
Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973-1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақавтотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау жобаланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдерден, иiстерден ауаны тазалау құрылғылары
Биелерге арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Жылқыларға арналған қоражайлардың зоогигиеналық негізделуі
Қалдық суларды тазарту әдістері
Ағаш өңдеудің технологиялық процестері
Табиғи ресурстардың классификациясы.Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері
Су ресурстары жайында
Химиялық және биологиялық заттардың қоршаған орта мен өндірістік аймаққа түсуіне жол бермейтін заманауи әдістер. Өндірістік және қоршаған орталардың биологиялық ластануының алдын алушы негізгі әдістер
Кейбір өсімдіктердің фитонцидтік белсенділігін және практикалық маңызын сипаттау
Ағынды сулар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz