Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптер. жаңа оқулықтардың ерекшеліктері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптер. Жаңа оқулықтардың ерекшеліктері

ОРЫНДАҒАН: Жайсаңбаева А. Н.

6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

ТЕКСЕРГЕН: Мұқанова Қ. Қ.

п. ғ. к

СЕМЕЙ - 2015

Жоспар:

  1. Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптерҚазақ тілі әдістемесі туралы түсінік

1. 2 Қазақ тілін оқыту жөніндегі дидактикалық ұстанымдар

  1. Жаңа оқулықтардың ерекшеліктері

2. 1 Д идактикалық-әдістемелік құралдар

2. 2 Оқулық мәселесінің өзектілігі

2. 3 Жаңа оқулықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері

  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақ тілі әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту; ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді.

XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі чех педагогі Ян Амос Коменский дидактика саласында еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырды. Педагогтің "Ұлы дидактика" еңбегінен кейінгі ұрпаққа өнеге болатындай сөздер орын алды. Кейбір педагогтар баланың сезім қабілетін ескермей, оның ақылын дамытуды ғана көздеген. Оқыту мен тәрбиелеудің бұл тәсіліне Я. А. Коменский қарсы болды. Ол әр түрлі сыртқы әсерлерді адамның қабылдауы сезімнен басталатындығын өз еңбегінде айтқан. Оқу- тәрбие жұмысының негізгі әдісі - баяндау мен сөзге құрылған бақылау емес, дидактика заңдарын терең қолданып, жаттықтыру, яғни білімді іскерлік негізінде меңгеріп, оны дағдыға айналдыру. Осы тұрғыда Я. А. Коменскийдің мектепті жаттығу орнына балауының маңызы зор. Ол: "Білімнің негізі зат пен құбылыстың өз табиғатынан алынсын. Ұстаз аз сөйлеп, шәкірт көп үйренетін болсын. Тәртібі жоқ мектеп сусыз диірменге ұқсайды. Білімнің негізінде әдемі зат, көркем текст содан соң талдау, аяғында қорыту тұрады" - деген дидактикалық қағидалары осы күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.

Я. А. Коменскийдің идеясын одан әрі жалғастырған орыс педагогі К. Д. Ушинский ана тілін мектепте оқылатын пәндердің негізгісіне теңеп: "Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымдарын және математиканы үйренген кезде теореманы немесе математикалық есепті өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?"- деген болатын. К. Д. Ушинский оқу материалын меңгеруде әңгіме, салыстыру, пысықтау, бекіту сияқты әдістерді тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.

Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп отырады. Осы мәселелер женінде өзінің ұстанымдарын белгілейді.

Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған. Б. Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардын сегіз түрін, атап айтқанда, оқытудың ғылыми ұстанымын, жүйелілік ұстанымын, материалды дұрыс орналастыру ұстанымын, алдын-ала болжау ұстанымын, саналылық ұстанымын, оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымын; теория мен практиканы өмірмен байланыстыру ұстанымын, оқытудың көрнекілік ұстанымын ұсынады.

С. Қазыбаев балаларды тәрбиелеу әрі дамыту, оқу материалын саналы меңгерту, ғылыми дұрыс білім беру, білім, білік, дағды беріктігі, түсініктілік, көрнекілік, оқушылардың оқу еңбегінде көрсеткен белсенділігі мен өздік жұмысы, білімнің жүйелілік және бірізділігі, оқытудың сабақтастығы ұстанымдарын -барлығы тоғыз ұстанымның қажеттігін айтады.

Әдіскердің ұсынған сабақтастылық ұстанымы Б. Құлмағанбетова ұсынған алдын-ала болжау ұстанымына ұқсас. Дегенмен, айырмашылығы да бар. Бұл екі ұстаным да алдыңғы сабақта өтілген материалдың толықтырылатынын ескертеді. Бірақ, алдын-ала болжау - алдыңғы сабақта оқытылатын материалды меңгертудің тиімділігін алдын-ала болжап, бастауыш сыныптарда өтілген тақырыптар жоғары сыныптарда толықтырылып өтілетініне сүйенеді. Ал сабақтастық ұстанымында әр күн, әр тақырып, әр бөлім бір-бірімен сатылап байланысады.

Ә. Исабаев ұстанымдарды ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдары деп топтастырады. Әдіскер ұсынған оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы басқа әдіскерлердің еңбектерінде кездеспейді.

А. Әбілқаев оқытудың тоғыз ұстанымын ұсынады. Әдіскер ұсынған жаңа ұстаным - перспективті ұстанымы. Перспективті ұстанымы оқыту тек әрбір сабақтың ғана мақсатын көздемей, сол сабақта не оқытылады, қазіргі оқытылып жатқан материалды оқушылар ұққанда, оның келешекте өтілетін материалды меңгеруге қандай көмегі бар дегенді негізге алады.

1. Оқытудың ғылымилық ұстанымы бойынша оқулықтардағы тілдік материалдардың мазмұны тіл білімі саласындағы ұғымдар мен олардың құрылымына сәйкес келуі тиіс. Казақ тілі пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары осы ұстанымға сүйеніп жасалады. Оқушыларға казақ тілінен берілетін білім лингвистикаға банланысты қаралады. Тілдің ең негізгі белгілерін ұстаз ой елегінен өткізіп, оқушыларға жеткізеді. Тек ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге көмектеседі.

Педагог-әдіскер Ә. Исабаев ғылыми ұстаным төмендегі өлшемдерге сай болуы қажет деп есептейді: 1. Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет. 2. Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлділігі талап
етіледі. 3. Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып
алынғаны абзал. Қазақ тілінен берілетін материалдардың анықтамалары мен ережелері дәл болғаны абзал. Тілдік тақырыптарга байланысты берілетін практикалық дағдылардың да көлемі дәл болғаны жөн.

Демек оқулық осы айтылған өлшемдер негізінде жасалуы тиіс. Тақырыпты бұрын берілген білімді еске түсіруден бастаған жөн. Бұл тұста ғылыми ұстанымның жүйелілік ұстаныммен тығыз байланысты екенін есте ұстау қажет.

Тақырыптарды өту барысында сол тақырыпқа байланысты тіл ғылымындағы соңғы жаңалықтарды да енгізіп, айту қажет. Тіл білімінде өзінің шешімін тапқан мәселелер туралы терең мағлұмат беру, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушы білімі тек оқулық деңгейінде қалып қоймайды. Осы ретте оқытудың ғылыми ұстанымы зор рөл атқарады. Мұғалім теория мен практика арасындағы диалектикалық байланысты естен шығармауы керек. Әр тақырыптың тіл жүйесіндегі орнына оқушының көңілін аударту олардың сол білімді саналы игеруіне көмектесумен қатар, танымдық қабілеттерін дамытады.

2. Оқытудың жүйелілік ұстанымы дегеніміз оқу
материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай
құрылу, берілу тәртібі. Білімнің жүйелілік және бірізділігі
ұстанымы жаңа материалды түсіндіруде, білім мен
дағдыларды бекітуде, тексеруде, үй тапсырмасын беруді
және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Бұл
ұстаным оқушы меңгеретін білім мен біліктердің жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай дамытылып отыруын қажет етеді.

3. Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Оқушыларға тілдік
материалды дәл, анық түсіндіруде іске асырылады. Әрбір
сабақта көрнекі құралды үтымды пайдалана білу - сабақтың сапасын жақсартады. Оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс, туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады. Сондықтан мұғалім өзі жасаған үлестірме қағаз, схема, таблица сияқты көрнекі құралдардың сапасына, тазалығына басты назар аударуы қажет.

Сабақ барысында таблицаларды, дидактикалык кестелерді, схемаларды, әр түрлі сериялы оқиғаға құрылған суреттерді көптеп қолдану тиімді.

Дидактика ілімінде көрнекілікті кескінделген және экранды-дыбыстық деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Кескінделген көрнекі оқу құралдарына грамматикалык кесте, сурет, оқиғалы картиналар, схема, үлестірме кеспе қағаздары жатады.

Экранды-дыбыстық құралдарға дыбыстық-бейнетаспа; жазулары, фонохрестоматия, күйтабақ, кодоскопқа арналған транспоранттар, компьютерлік сабақтар т. б. жатады.

4. Саналылық пен белсенділік ұстанымы оқушыларға грамматикадан білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілетін дамытып отырады. Тілдің заңдылықтары мен ережелерін оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі қажет. Демек, мұғалім материалды дәл, айқын түсіндіріп, оқушыларға материалды өз түсінігі бойынша айтқызып отырғаны орынды.

Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырып отыру - оқу үрдісінде нәтижеге жетудің алғы шартының бірі. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану арқылы пікірсайыс ұйымдастыруға болады. Оқушының оқу белсенділігі сабаққа қызығушылығы болған кезде артады. Қызығушылық жағымды мотивтің туындауымен тығыз байланысты. "Мотивация" - уәждеме - белгілі бір іс-әрекетті орындауға қозғау салу, соған итермелеу. Осы тұрғыда оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға мүмкіндік жасалуы керек. Оқушының оқуға деген белсенділігі артып, жұмысты өздігінен орындауға бейімділігі, қызығушылығы жүзеге асқан кезде ғана, оқушының саналы түрде материалды меңгеруі қалыптасады. Мәселен, "Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғаларды" меңгерту барысында оқушылардың оқу белсенділігі артады, яғни сөз тіркесінің қыры мен сырын ұғынуға оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырған кезде материалды саналы түрде меңгеру жүзеге асады. Тақырыптың негізгі ерекшеліктерін саналы түрде меңгерген оқушы ғана оны әр уақытта басқа тұлғалардан ажырата алады.

5. Теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін өмір қажетіне пайдаланулары арқылы іске асады. Оқулықтағы теориялық материалды игеру онда берілген практикалық жаттығулардың берілуіне байланысты. Оқулықтағы жаттығулар оқушыларға өтілген тақырыптан алған білімдерін жан-жақты танытуға мүмкіндік береді.

Тіл дамыту т. б. жұмыстар әдемі сөйлеуге, қатесіз, сауатты жаза білуге үйретеді. Конференцияларда баяндама жасауға, мақала жазуға дағды береді. Мұндай дағды ұзақ, жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы іске асады. Мұғалімдер оқыту ісінде бір жақты кетпей, яғни тілдік материалдарды ғана меңгертумен шектелмей, оқушылардың сол тілдік материалдарды сөйлеулерінде, жазуларында дұрыс таңдап, іріктеп ала білу, орынды қолдану қабілеттерін арттыруға да үздіксіз назар аударып отыруы тиіс. Оқушыларды таза, жақсы сөйлеуге, әрдайым өз сөзін бақылауға әдеттендіру үшін, олардың стилистикалық орашолақты, жауапсыз сөйлеушілікті мұғалімнің кешірмейтінін, ол үшін бағасы төмендейтінін жақсы білулері шарт.

6. Түсініктілік ұстанымы оқу материалына дәл анықталған материалды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми терминдер мен үғымдарды пайдалануды көздейді. Жалпы бұл ұстаным, негізінен, оқулықтағы тілдік, практикалық материалдардың тілінің түсініктілігімен тікелей байланысты.

Сондай-ақ, оқу материалын меңгертуде мұғалімнің жаңа білімді баяндап, түсіндіруіне да байланысты. Мұғалім тақырыптарды түсіндіргенде, бүл тақырыптың тілдің басқа салаларымен тығыз байланысты екенін естен шығармай, оқушылардың естеріне өткен сабақтардан алған білімдерін түсіреді.

7. Жеңілден ауырға қарай ұстанымы арқылы материалды түсіндіреді. Бірақ бағдарламалық материалды жеңілдетемін деп, оны не ықшамдауға, не үстіртін өтуге болмайды. Бүл ұстанымның нәтижелі болуы мұғалімнің сабақты тартымды, қызықты жеткізуіне байланысты. Оқулықтағы материалдың біртіндеп, сатылы түрде, жүйелі, түсінікті, сапалы болуы мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

8. Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы.

Оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беруде олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі мен икемділігі ескеріледі. Мұғалім әрбір сабақтың үстінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді. Сабақты нашар және орта меңгерген оқушыларға жеке тапсырмалар береді. Әрбір баланың темпераментін назарға ала отырып жұмыстар орындатады. Осымен байланысты саралап оқыту жүйесін қолдануға болады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту да оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.

Қазақ тілін оқытуда көп мән берілмей келген негізгі ұстанымның бірікоммуникативтік (қатысымдық) ұстаным болып табылады. Осы принциптің ескерілмеуінен де окушылар үшін тіл пәні жалпы ережелер мен қағидаларды меңгертуден аса алмай қалды. Білім берілді де, оны қолдану мәселесі шешімін таппады. Сондықтан да балалардың сөйлеу тілі тежеліп келді. Ерекше табиғи дарыны барларды айтпағанда, оқушылар шешен сөйлеу мен сөйлесуге баулынбағандықтан және шешендік білім мазмұнын анықтаудың басты талабы ретінде көрсетілмегендіктен, олардың байланыстырып сөйлеу, өз ойын жүйелеп айта білу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік аз болды.

Бұл оқулық материалдарының мазмұны мен құрылымына да әсерін тигізіп отырды. Мәселен, оқулықтағы жаттығу-тапсырмалар түгел дерлік тілдік білімді игертіп, бекітуге бағытталды да, жаттығулар, негізінен, үзіп-жұлынған жеке сөйлемдерден құрастырылып, олардың құрамында тек теориялык объектінің болуы талап етілді. Бағдарламада да теориялық мәліметтер жалаң айтылып, олардың тілдік қатынастағы мәні мен рөліне жете көңіл бөлінбеді, оқушылар игеруге тиіс білім деңгейіне қойылар талаптарда да тек қана ғылыми-тілдік мағлұматқа назар аударылды. Міне, осы кемшіліктердің орнын толықтыратын бірден-бір ұстаным коммуникативтік ұстаным екені бүгінгі күні дәлелденді.

Тілдік білімге коммуникативтік тұрғыдан келу ғана оқушылардың сөзге деген эстетикалық талғамын тәрбиелеуге де зор ықпалын тигізеді. Эстетикалық қатынастар жүйесіне әдеби тілдің ойды білдірудегі әр түрлі құралдарының молдығы, оның әуезділігі мен әуені, тілдік бірліктердің экспрессивтік қуаты секілді сапалар енеді. Ал эстетикалық сезім өз тілінің ерекшеліктерін танып-білуден бастап қалыптасады.

Коммуникативтік ұстаным оқушының тілдік құзыреттілігін шыңдауға да негіз болады. Өйткені мұнда тіл мен сөйлеудің барлық қырлары танылады, әдеби тілдің ауызша жазбаша түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктері, әдеби тіл нормалары жөнінде білім қалыптасады.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім беру жүйелерінің практикалық іс-әрекетіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологиялар, дербес жағдайда, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге және түйінді құ-зыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған білім мазмұны моделін енгізу, оқу-әдістемелік кешен мен оның құрамына енетін құралдарды жетілдіру жә-не жаңғырту, жаңарту жүзеге асырылуда.

Оқу-әдістемелік кешен - оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал емес, ол бүкіл қоғамның айнасы ретінде өркениетін қамтамасыз ететін білімнің қай-нар көзі. Оқулықта әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшелік тоғыстырылуы тиіс. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев жыл сайынғы жолдауында [1] тоқталып, еліміз бәсекеге қабілетті алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыруы үшін білім беру саласына жүктелетін маңызды міндеттердің бірі - оқу құралдарының сапа-сын жақсартып, оларды оқыту үдерісінде тиімді пайдалануды жүзеге асыру екендігін атап көрсеткен.

Оқу-әдістемелік кешен - дидактикалық-әдістемелік құралдардың жиын-тығы, оның негізіне алынатын оқулық, оқушының танымдық қызметін басқа-ратын біртұтас әдістемелік жүйені қамтамасыз етеді.

Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі:

- білім мазмұнының сапасын қамтамасыз ету;

- әдістемелік жүйе ретінде біртұтас білім беру;

- оқыту үдерісінің психологиялық заңдылықтарына орай, оқыту формасы мен әдістерін, оқу қызметін ұйымдастыру;

- оқыту құралы ретінде оған қатысатын субьектілердің өзара әрекеттесуін іске асыру.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) - әр пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және бақылау құралдарының жиынтығы. ОӘК пәнді оқытуға қажетті әрі жеткілікті ақпараттарды толыққанды қам-тамасыз етуі тиіс.

Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі сипаттамасы болып төмендегілерді атауға болады:

- мемлекеттік стандарттың ұстанымдарына сай болу;

- нақты жағдайда қолдануға болатын қатысымдық біліктерді қалып-тастыру;

- оқушылардың балалық шақ әлемімен, ойнау және қарым-қатынас жа-саумен байланысты жас ерекшеліктерін ескеру;

- оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлерін, атап айт-сақ, дербес, топтық, жұптық, және жаппай формаларын үйлестіру;

- өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау және өз ісіне талдаулар жүргізе алу бі-ліктерін дамыту.

Оқу-әдістемелік кешен:

- мұғалімнің шығармашылығын ынталандыратын қазіргі заманғы әдісте-мелік тұжырымдарға негізделеді;

- оқушының жеке бас тұлғасына, оның қызығушылығына, икемділігіне, қабілетіне бағытталады;

- оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды;

- оқушылардың мемелекеттік стандарт талаптарына сай жан-жақты білім алуларына негіз болады.

Оқулық мәселесінің өзекті екенін қоғам да мойындады. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері олқылығы басым оқулықтар жайында айтылып та, жазылып та жүр. Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде де оқулық мәселесіне ерекше тоқталып өткені сондықтан. Бұған дейін «Түркістан» газетінің төрінде белгілі тарихшы-ғалымдар мен мамандар соңғы кезде жиі талқыға түсіп жатқан тарих оқулығы жайында пікір алмасса, бүгінгі дөңгелек үстелде «Қазақ тілі» мен «Әдебиеті», «Химия» пәндері жөнінде әңгіме өрбіткен едік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптер, жаңа оқулықтардың ерекшеліктері туралы ақпарат
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
Әдістемелік даярлық
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің алғашқы қадамдары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
Электрондық оқулықтардың міндеттері
Жалпыға бірдей орта білім берудің мазмұнын жетілдіру
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz