Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы



1. Сабақ . оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
2. Сабақ, оған қойылатын талаптар.
3. Сабақтың типтері мен құрылымы.
4. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары.
5. Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы.
6. Сыныптан тыс жұмыстар, экскурсия, практикумдар.
Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады.
Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.
Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар.
1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.
2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.
3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.
4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар — Асвета,
5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев,
6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.
8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.
9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение,
10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М., Просвещение,
11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.
12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.
13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.
14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение,
15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.
16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.
17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение,
18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.
19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.
20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы

Орындаған:Түйебаева С.Қ
Тексерген: Карипбаева Ш.Т

Семей 2015 ж.
Жоспар:
1. Сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
2. Сабақ, оған қойылатын талаптар.
3. Сабақтың типтері мен құрылымы.
4. Сабақтағы оқушылардың оқу жұмысының формалары.
5. Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы.
6. Сыныптан тыс жұмыстар, экскурсия, практикумдар.
Сабақ -- бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады.
Сабақтың негізгі міндеті -- мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.
Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар.
1.Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі -- сабақ.
Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.
:: Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.
:: Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді.
:: Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.
:: Жұмыстың негізгі түрі - сабақ.
:: Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.
:: Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.
:: Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;
:: Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі.
Сынып - сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді. Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі "орташа" оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы.
Сондыңтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.
Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады.
2. Сабаққа қойылатын талаптар.
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:
:: жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
:: тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;
:: сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау;
:: қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
:: баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу;
:: алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
:: өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі мынадай:
* Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болы тиіс.
* Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
* Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек.
* Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбәр сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
* Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығұын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
* Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар тұғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
* Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарм-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді.
* Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
* Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
* Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірі-бірі толықтырып тұрулары қажет.
* Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.
* II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
:: оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау;
:: оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу;
:: оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы;
:: білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру:
:: жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;
:: оларға жеке тапсырмалар беру;
:: әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
:: қалыпты температуранық болуы;
:: ауаны тазартып түру;
:: жарықтың болуы;
:: балаларды шаршатпау;
:: іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады;
:: сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
:: оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
:: сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы.
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
:: сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы;
:: сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі;
:: мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
:: мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.
Тәрбиелік талаптар:
:: оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою;
:: оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер қою;
:: оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ: табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу;
:: балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу'
:: ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу.
Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы:
:: балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту, шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау;
:: оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу; дамудағы сапалы, жаңа өзгерістерді қуаттау.
Сабақ түрлерін топтастыру принциптері әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.И.Н.Казанцев бойынша:
1. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарымен өтетін бірінші сабақ.
2. Жаңа бөлімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалын өтетін сабақ.
3. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
4. Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағыдысын жаттықтыру сабағы.
5. Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақ.
6. Қайталау - қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау - қорыту сабақтары.
7. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
8. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
9. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болып табылады.
С.В.Сванов бойынша:
1. Кіріспе сабақтары.
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы
4. Дағдылану сабағы
5. Қайталау,пысықтау және қорыту сабақтары
6. Бақылау сабағы
Б.П.Есипов бойынша:
1. Аралас сабақтар
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы
3. Пысықтау сабағы
4. Қайталап жинақтау , қорыту сабағы
5. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы
6. Білім сынау сабағы
7. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы
8. Жаттығу сабағы
3. Сабақтың типтері және құрылымы:
Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды "жіктеу" керек.
Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.
Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау, аралас сабақтар деп бөлінген.
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар:
1) аралас сабақ;
2) жаңа материалды оқу;
3) жаңа іскерлікті қалыптастыру;
4) білім, іскерліктерді бекіту;
5) жинақтау және жүйелеу;
6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану;
7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Сабақ құрылымы - сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.
Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары
Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Оқытушының сабаққа дайындығы
Сабақ оқытудың негізгі түрі, қазіргі сабақтың құрылымы
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Сабақ оқытудың негізгі формалары
ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Пәндер