Түзеткіштер


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Пән: Қолданбалы электроника

Тақырыбы: Түзеткіштер

Орындаған : Айтқалиев Ж. Қ.

Топ: ТФ-319

Тексерген: Секербаева А. Б.

Семей 2015

Мазмұны

Кіріспе3

1 Түзеткіштер4

1. 1 Түзеткіштер туралы түсінік4

1. 2 Бір фазалы бір жарты периодты түзеткіш4

1. 3 Бір фазалы екі жарты периодты түзеткіш6

1. 4 Трансформатордың ортақ нүктесі шығарылған түзеткіштің сұлбасы7

Қорытынды9

Пайдаланылған әдебиеттер10

Кіріспе

Түзеткіш айнымалы электр тогын тұрақты тоққа түрлендіретін құрал. Әдетте, токты түзету - ток тек қана бір бағытта өтетін вентильмен іске асырылады. Қолданылатын вентиль типіне байланысты вакуумдық, газразрядты, шалаөткізгіш және электртүйіспелі түзеткіш деп ажыратылады. Түзету сызбасына байланысты бір және екі жарты периодты, көпірлік және нөлдік шықпасы бар, бір фазалы және көп фазалы түзеткіш деп жіктеледі. Электрондық техникада екі жарты периодты бір фазалы көпірлік түзеткіш сызбалары қолданылады.

Түзеткіш құрылғыларда кең тарағандары жартылай өткізгішті клапандар. Олар бірнеше милиамперден бастап жүздеген амперге дейінгі токтарға есептеледі. Тура бағыттағы кедергілері аз. Бірақ бір жаман жері, бұларда кері токтың үлкен маңызы бар және ол температура жоғарылаған сайын өсе береді. Бұл жағдай құрылғының жұмыс температурасының ауқымына шек қояды. Бір ғана диод қолданылатын қарапайым түзеткіште ток жүктеме арқылы тек оң жарты периодта ғана өте алады, теріс жарты периодты диод өткізбейтін болғандықтан, ол жүктеме арқылы өте алмайды, жүктемедегі ток тек қана оң жарты периодтардан тұратындығы қарастырылады. Көбейткіштіңкұрылысы мен жұмысының қандай екендігі баяндалады. Көбейткіш - кернеуді жоғарылататын аспап. Бірақ мұнда трансформатордағыдай ешқандай жүрекше, орам деген жок. Сонда ол кернеуді қалай жоғарылата алатындығы туралы айтылады.

1 Түзеткіштер 1. 1 Түзеткіштер туралы түсінік

Әр түрлі электрондық құрылғылар мен электрлік жетектердің қорек көзі ретінде тұрақты ток қолданылады. Бірақ электр станцияларындна айнымалы ток қана ендіріледі де, ал электр тораптарымен әдетте айнымалы ток таратылады. Сондықтан аталған қондырғыларды қоректендіру үшін айнымалы токты тұрақты токқа түрлендірудің қажеттігі келіп туады. Айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіретіні құрылғыны түзеткіш деп атайды. Әдетте түзеткіш құрылғының құрамына оның номинал кернеуін желінің кернеуімен сәйкестендіру үшін трансформатор, түзеткіштің өзі, түзетілген токтың солықтауын азайтатын (жатықтайтын) сүзгі және түзетілген кернеуді тұрақтандырғыш кіреді (1-сурет) .

Түзетілген кернеуінің шамасы реттелмейтін түзеткіштерді басқарылмайтын, ал кернеуі реттелмелі түзеткіштерді басқарылмалы түзеткіштер деп атайды. Әдетте баскарылмайтын түзеткіштер жартылай өткізгішті диодтардан, ал басқарылмалы түзеткіштер тиристорлардан жинастырылады. Жартылай өткізгішті диод тармен айнымалы токты тұрақты тоққа түрлендіру, басқаша айтқанда айнымалы токтан тұрақты ток алу, олардың кернеуді тура бағытта бергенде кедергісінің өте аздығынан токты өткізетіндігі мен кернеуді кері бағытта бергенде кедергісінің өте үлкендігінен токты өткізбейтіндігіне негізделген.

Түзетілетін айнымалы токтың фазалар санына қарай түзеткіштер бір фазалы немесе үш фазалы деп аталынады. Бір фазалы түзеткіштер бір жарты периодты және екі жарты периодты болып, ал үш фазалы түзеткіштер бейтарап нүктелі және көпірлі тізбекті болып бөлінеді.

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image147.jpg

1-сурет. Түзеткіштік қүрылғының функциялық сұлбасы: Тр-трансформатор; Тү-түзеткіш; Сү- сүзгі; Тұ-тұрақтандырғыш.

1. 2 Бір фазалы бір жарты периодты түзеткіш

Бір фазалы бір жарты периодты түзеткіш жүктемемен бірізді жалғанған бір диодтан тұрады (2, а-сурет) . Түзеткішке берілген кернеудің оң жарты периодында (2, б-сурет, 0 . . . π аралығында) диодтың аноды оң потенциалды да катоды теріс потенциалды. Ендеше кернеу диодқа тура бағытта берілген. Кернеу тура бағытта берілгенде диодтың кедергісі аз болатындықтан жүктемемен оң жарты период ішінде ток жүреді. Кернеудің теріс жарты периодында (π . . . 2π аралығында) диодтың аноды теріс потенциалды да катоды оң потенциалды болады, яғни кернеу кері бағытта берілген. Кернеудің кері бағытында диодтың кедергісі өте үлкен болатындықтан теріс жарты период ішінде жүктемемен ток жүрмейді. Әрі қарай үрдіс қайталанып отырады. Ендеше жүктемедегі кернеудің графигі синусоиданың оң жарты толқындарынан ғана тұрады (2, в-сурет) .

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image149.jpg

2-сурет. Бір фазалы бір жарты периодты түзеткіштің электрлік сұлбасы (а) мен түзетілетін (б) және түзетілген (в) кернеулердің графиктері.

Түзетілген кернеудің бейсинусоидал солықтамалы екендігі оның графигінен көрініп тұр. Ендеше жалпы алғанда түзетілген кернеудің тұрақты және гармоникалық құраушыларын оны Фурье қатарына жіктеу арқылы табуға болады:

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image151.gif

мұндағы n- гармоникалық құраушылардың реттік саны.

Түзетілген кернеудің орташа мәні (оны тұрақты құраушысы деп те алуға болады)

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image153.gif

Диод пен жүктеменің токтары өзара тең:

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image155.gif

Диодтардың басты параметрлерінің бірі кері кернеудің максимал мәні екені белгілі. Қарастырьш отырған тізбекте кері кернеудің максимал мәні

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image157.gif

Түзетілген кернеудің солықтамалылығы солықтама коэффициентімен бағаланады. Солықтама коэффициенті деп түзетілген кернеудің ең үлкен айнымалы құраушысының амплитудасының (көбіне бірінші гармоникасының) оның орташа мәніне қатынасын айтады:

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image159.gif

мұндағы U Tm - түзетілген кернеудің айнымалы құраушысының амплитудасы.

Солықтама коэффициенті үшін Фурье қатарына жіктеуден жалпы түрде мына өрнек алынған:

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image161.gif

мұндағы k - түзетілген кернеудің айнымалы құраушысының жиілігінің желі кернеуінің жиілігіне қатынасы (k≥2) .

Қарастырып отырған түзеткіште солықтама коэффициенті р=π.

1. 3 Бір фазалы екі жарты периодты түзеткіш

Бір фазалы екі жарты периодты түзеткіш (мұны көпірлі түзеткіш деп те атайды) көпірлі тізбектің иіндерін құрайтын төрт диодтан тұрады (3, а-сурет) . Көпірлі тізбектің бір диагоналына түзетілетін кернеу беріледі де екінші диагоналына жүктеме жалғанады.

Түзетілген кернеудің оң жарты периодында (3, б-сурет, графиктің 0 . . . πаралығы) VD1 және VD4диодтарының анодтары оң потенциалды да VD2және VD3диодтарының анодтары теріс потенциалды. Сондықтан VD1және VD4диодтары ашық та, ал VD2 және VD3диодтары жабық. Тізбекте A →D →VD1 →E →R →G →VD4 →F →N

бағытымен ток жүреді. Кернеудің теріс жарты периодында (π . . . 2π аралығы) VD1және VD4 диодтарының анодтары теріс потенциалды да VD2 және VD3диодтарының анодтары оң потенциалды. Сондықтан N → Ғ →VD2 → Е →R →G →VD3 →D →Абағытында ток жүреді. Әрі қарай үрдіс қайталанып отырады. Сонымен түзетілетін кернеудің оң және теріс жарты периодтарында да ток бір бағытта (Е →R →G бағытында) жүріп отырады, яғни жүктемемен тұрақты ток жүреді. Енүктесі әрқашанда оң потенциалды да, ал G нүктесі теріс потенциалды болады.

Түзетілген кернеудің орташа мәні

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image165.gif

Бір фазалы екі жарты периодты түзеткіште диодтар жарты период ішінде ғана жұмыс істейтіндіктен олардың тогы жүктеменің тогынан екі есе аз болады:

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image167.gif

Кері кернеудің максимал мәні

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image157.gif

Солықтама коэффициенті р=π/2.

http://ok-t.ru/helpiksorg/baza5/66722699751.files/image163.jpg

а) б) в)

3-сурет. Бір фазалы екі жарты периодты түзеткіштің электрлік сұлбасы (а) мен түзетілетін (б) және түзетілген (в) кернеулердің графиктері.

1. 4 Трансформатордың ортақ нүктесі шығарылған түзеткіштің сұлбасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түзеткіштер (орыс. Выпрямитель)
Көбейтілген кернеуі бар түзеткіш схемалар
Түзеткіш туралы түсінік
Түзеткіштер түрлері
Жартылай толқын түзеткіші
Төмен қуатты бір фазалы түзеткіштер
Айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіру. Түзеткіштер
Қуат көздері
Трансформаторлар туралы
ӨРІСТІК ТРАНЗИСТОРЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz