Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы :Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері.
Тобы:АГ¬-413
Орындаған:Мұратбек Алтынай
Тексерген:Мухаметжанова О. Т.
Семей, 2015ж
Жоспары:
I. Кіріспе
1. Турақанаттылар орядына жататын көп қоректі зиянды жәндіктер
II. Негізгі бөлім
1. Күресу шаралары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ауыл шаруашылығына дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі зиянкестердің түрлері Brachicera-қысқа мұртылар отряд тармағына, Acriddae-нағыз шегірткелер тұқымдасына, Dolichocera-ұзын мұрттылар отряд тармағына, Crilotalpidae-бұзаубас тұқымдасына, Tettigoniidae-шешек тұқымдасына, Gryllidae-қара шегіртке тұқымдасына жатады.
Зиянды шегірткелер . Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прус, кресті кішкене саяқ шегіртке, саяқ шегірткелер, даллалық атбас шегірткелер және т, б. азиялық шегірткелер- тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағықамыс пен құрақ өсетін жерлер, осы станциялардан олар алыс аймақтарға тарала алады.
Мороккалық шегртке-Қазақстанның оңтүстігінде таралғанн( Оңтүстік қазақстан, Жамбыл облыстары) Азиялық, морокколық, итальяндық шегірткелер, ал анда санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Олардың ұйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз жіне оданда ұшырайды. Олардың көп дернәсілдері болады. Үйірлері шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқы дернәсілдердің жиынтығы, , кейін олардын шегіртке табындары пайда болады.
Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыан алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желпуіш тәрізді артқы қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ол ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайғған топырақтан жасалған күбіршеде жұмыртқа күйінде қыстайды. Олар тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т. б. жерлерде орналасады. Дернәсілдер жұмыртқадан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас келеді. Дернәсіл30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсідер 4-5 рет түлеп, 4-5 жастан өтеді. Дернәсілдер мен шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді: дәнді және майлы дақылдарды, көкеністерді, жайылымдар мен шабындықтарды зақымдайды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдктер күйіп кеткенде өте қауіпті болады. Тым көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық даму динамикасында жаппай көбейулері мен депрессиялық фазаллар кезектесіп отырады.
Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты, шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің ( ұшпа, шөл, қызылшегіртке және т. б ) саяқ шегірткелерден айырмашылығы - жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып, бірнеше жүздеген, мыңдаған гектар жерді басып, бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км -ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп, солтүстік - батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері - Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары .
Итальяндық прус. Біздің ауданда, әсіресе, құм өңірінде - итальяндық прус шегірткесі кең таралған. Олардың дәнді- дақылдарды, көкөністер мен бау- бақшаларды, жайылымдар мен шабындықтарды отайтыны баршаға белгілі. Шегіртке зиянкестері күн ысыған сайын өсімдіктерден мол ылғал алу үшін онымен көп қоректенеді. Шегіртке дернәсілдері топырақтын беткі қабаты қызғанда ғана жер бетіне шығады. Жанданғанда ересек шегірткеге ұқсас келеді, тек қанаты болмайды. Дернәсілдердің даму сатысы 30-40 күнге созылып ересек қанаты шегірткеге айналады. Даму кезінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өседі. Жандануы кезінде олар үйірленіп, олардың саны бір шаршы метрде жүз және одан да көп болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы, кейін олардан шегіртке үйірлері пайда болады. Жылына бір рет ұрпақ береді.
Шегіртке көбіне адам баласы мекендейтін, техника бара алмайтын, мал көп жайылмайтын тың жерлерге, жайылымдарға, құмдардың биіктеу жерлерге, өсімдік тамырларының арасына өздерінен бөлініп шығатын сұйық затпен топырақты қатайтып, күбірше жасап, оған жұмыртқа салады. Ол күбірше шегіртке тұқымының қыстап, көктем шығуына қолайлы. Қатты ыстықты және құрғақшылық жылдары шегірткенің топырақ бетіне салған жұмыртқалары кеуіп қалса, салқында және ылғал қоры мол болғанда жұмыртқалар көгеріп, саңырауқұлақ қоздыратын инфекциялардан өледі. Шегіртке дернәсілдеріне уақытылы өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, алдағы жылдарда мыңдаған гектер жерге тұқымын жайып жіберуі мүмкін. Саны көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға, жер бетіндегі биомасса бөліктеріне қатты зиян келтіреді. Күніне ондаған шақырымға дейін ұшып өсімдіктерді отайды. Шегіртке- жарық сүйгіш зиянкес болғандықтан, түнгі мезгілде елді- мекендердегі, көшедегі жарықтарға ұшып келеді.
Саяқ шегіртке (Acrididae) - жәндіктер класының тікқанаттығылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасының өкілі. Шалғындар мен далаларды мекендейді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері. Шала түрленіп дамиды. Дернәсерсілдері қанатсыз.
Азия ұшпа шегірткесі (locusta mіgratorіa) - турақанаттылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасына жататын жәндіктер. Олардың мұртшалары қысқа, есту мүшесі құрсақ бөлімінің бірінші сегментінде орналасқан. Үстіңгі қанаттары қатқылдау және олар денесіне жанаса орналасады. Ал астыңғы қанаттары жарғақты әрі жалпақтау болып келеді. Аталықтарының дене тұрқының ұзындығы 35 - 50 мм, аналықтары 45 - 55 мм. Аталықтары артқы санын үстіңгі қанаттарына үйкелеп дыбыс шығарады. А. ұ. ш. Солт. Африка мен Еуразияның құрғақ далалы аймақтарындағы өзен, көл жағалауларындағы ылғалды жерлерге жұмыртқа салады. Көктемде одан шала түрленіп дамитын қанатсыз, дене мөлшері кіші дернәсілдер тобы шығады. Олар «жаушоғыл» (кулига) деп аталады, 4 - 5 рет түлеген соң ересек шегірткеге (имагоға) айналады. Жаушоғыл шегірткелер жолындағы жасыл өсімдіктерді тып-типыл етіп жайпап, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Топ құрамындағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе артық қоректі пайдаланады. А. ұ. ш-нің ұшатын тобы «ұшпашегірткелер» деп аталады. Шегірткелердің бұл тобы да өте қауіпті. А. ұ. ш-нің Қазақстанда көбірек жұмыртқа салатын аймағына Сырдария өңірі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының қамысты алқабы, Балқаш - Алакөл, Ертіс, Зайсан аумақтары жатады. А. ұ. ш-нің көптеп көбею жағдайы әрбір 7 - 10 жылда байқалып тұрады. Соңғы 100 жыл ішінде мұндай жағдай Қазақстанда 9 рет қайталанған. 1995 - 2001 жыл аралығында көбеюі ерекше байқалды. Бұл кезде 10 млн. га алқап зиянкестерден орасан зор зардап шекті. Бұларға қарсы мех., агротех., хим. және биол. күрес әдістерімен қатар адонис, димилин, номолт, матч, римон препараттары қолданылады.
Көкқасқа шегіртке (лат. Locusta migratoria) - бұл бірқатар тікқанаттылардың жинақтаушы атауы. Көкқасқалардың ескі түрлері түрлі жағдайлар салдары кезінде тез өсіп-өнуге, үйір болып топтасып, алыс сапарларға ұшуға өте қабілетті. Олар ауылшаруашылықтың қауіпті жауы болып табылады, сондықтан көкқасқа шегірткелер туралы бағзыдан жеткен естеліктер апат пен обырлықтың бейнесі ретінде сипаттайды. Ескі түрлеріне, мәселен, азиялық көкқасқалар және шөл көкқасқалары жатады. Көкқасқалар үйіріне тән ең маңызды ерекшелік-оның ірі шоғыр құрай алатыны. Бұл кезде жәндіктердің сыртқы келбеті өзгеріске ұшырайды. Мәселен, азиялық көкқасқалардың аз мөлшері жасыл немесе сары түске боялады және құныс кейіпте көрінеді. Қанатты көкқасқалармен күресу мүмкін емес. Бірақ оның көбеюінің алдын алуға болады, ол үшін жұмыртқа салған жерді назарда ұстап, инсектицидтер көмегімен дернәсілдерді құрту қажет. Бірақ ірі шоғыр құрайтын көкқасқалардың денесінде ашық қара және жирен дақтар пайда болады, бүкір арқалары жазылады. Саптық сымбатына қарай жәндіктердің мінез-құлқы да өзгереді. Дернәсілдер қалай болса солай жайылып кетпей, орын-орнына тығыз қатар(кулига) болып тұра қалады. Әр жәндік көршісіне қарап бет түзейді. Зияны:Тіпті осы үйірдің өзімен шегіртке жолында кезіккен егістікті және жайылымды жайпайтыны сонша, дернәсілдердің өзі ашқарақ қалыпқа түседі. Алайда ең қорқынышты оқиға кезекті түлеуден кейін дернәсілдің қанатты ересек көкқасқаға айалуынан басталады. Ол жолай желмен қосыла ұшып, жүздеген шақырымдарды басып өтеді. Шегіртке келтіретін шығын айтарлықтай бір тәулікте олардың аса үлкен емес үйірі 1 мың тонна балаусаны жапырып кетеді
Күресу шаралары . Зиянды шегірткелердің дернәсілдеріне қарсы күресу шараларды олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесінде қарап жүргізеді. Алдын алу шарасының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты, немессе дискілі тырмалармен, ал көп жылдық шөптерді тісті немесе біз тұмсықты тырмаллармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу керек. Егін алқаптарында жою шаралары инсектициттермен «тізім . . . » бойынша саяқ шегірткелердің дернәсілдер саны 8-10 дана\м 2 , ал ұйірлі шегірткелердің дернәсілдер саны 5және оданда көп болған жағдайда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмысын тәңертілікте немесе кешкілікте маршуртпен жүріп 100м сайн әрқайсысы 1м 2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейн1м 2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқаллардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектициттерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанға дейін жүргізілсе тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайда байланысты жаппай, бөгеу және локальды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңделгенде дәрі шашылатын жердің ені 40-100 мшамасында болуы тиіс.
Бұзаубастар. Жердің астында тршілік етеді, Орта жастағы дернәсілдері және ересектері жердің астында 1 м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Өмір сұру цикілі 1 жылдан көп уаққытқа созылады. Мамырдың аяғында - маусым айында аналықтары 10-20 см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатына жолдар салады, 50 ден аса өсімдіктермен тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкеніс алқаптарын мекендейді. жылы жайларда темекінің, көкеністердің және т. б мәдени өсімдіктің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері кәдімгі және бір тікенекті бұзаубастар.
Шекшектер. Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге көкеніс дақылдарына, майлы дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді. Антеналары денесінен ұзын, үлкен зиянкестер. Жылына бір ұрпақ береді. Жұмыртқалары өсімдікте және олардың ұлпалларында қыстайды. Аса зияндылары -жасыл және сұр шекшектер.
Шілделіктер, Орташа және үлкен, жалпақ денелі зиянкестер. Түнде тіршілік етеді. Топырақ түйірлерінің астында, жарықтарды және лимфаларда қыстайды. Ылғалды, суармалы жерлерде көкеністердің, майлы және дәнді дақылдардың, бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді. Өсімдікке зиян келтіретіндері-даллалық және борда шілделіктер.
Күресу шаралары . Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы дақылдардың қатар аралықтарынөңдеу арқылы бұзаубастардың, шекшектердің және шекшектердің көбейуіне жол бермеуге болады. Көкеніс өсірушілер бұзаубастармен күресу үшін арнайы жырашықтарды пайдаланады.
Астықтың барылдақ қоңызы -Zabrus tenebrioides Goere. (Coleoptera-қатты қанаттылар отряды, Carabidae-барылдақ қоңыздар тұқымдасы) .
Ересек қоңыздар шымқай қара түсті, үстіңгі қанаттарында нүктелі терең әжімдер болады, дене ұзындығы-14-16мм. Дернәсілдердің дене ұзындығы-28мм-ға жетеді, бас бөлімі және көкірек бунақтары қара қоңыр немесе сұрша жасыл болуы мүмкін.
Дернәсілдер топырақта қыстайды. Қуыршақтану топырақтың үстіңгі қабатында өтеді. Ересек қоңыздар күздік бидайдың дән трғысу кезеңінде пайда болады. Ыстық және құрғақ ауа райы әсерінен қоңыздардың өсіп-өнуінде 1 айға жуық созылатын үзіліс туады. Тамыз айында қоңыздар жұмыртқаларын топыраққа топтап 10-15 данадан салады, барлығы 100 жұмыртқа. Жаңадан шыққан дернәсілдер суық күзге дейін қоректенеді.
Қоңыздар мен дернәсілдер зиян кесті, бірақ негізінен дернәсілдер қатты зиян келтіреді, өсеіндер мен жас өсімдіктерді құртып тастайды. Түнде қоректенеді. Ересек қоңыздар дәнді, масақ қабыршықтары жеп қояды. Дернәсілднр өскіннің жапырағын жеп, оларды топырақтың жоғарғы қабатына тасиды. Зақымданған жапырақтар түте-түтесі шығып, түйір-түйір шайнап тастаған талшыққа ұқсайды. Дернәсілдердің зақымдануынан егін көгі сиреп қалады. Барылдақ қоңыз астық дақылдарының көптеген түрлерімен қоректенеді, әсіресе күздік бидайды көбірек зақымдайды. Жылына бір ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Барылдақ қыздардың өсіп-өніп көбеюіне бидайды жыл сайын бір жерге өсіре беру қолайлы жағдай туғызады. Алғы дақыл есебінде жақсылары - ол сүрі жер, отамалы дақылдар. Өнімді мезгілінде ысырап істемей жайнап алудың үлкен маңызы бар. Дернәсілдердің 8-16 топырақ үлгілерінде (әр үлгі 0, 25м) 15см тереңдікке дейін қарап есептейді. Күздік бидай танабында 1-5 дернәсіл/м табылса, инсектицидтер қолдану керек.
Астықтың жолақ бүргесі -Phyllotreta uittula Redt. (Coleptera-қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz