Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, аусыл, шмалленберг, блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу
1.Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2.Вакцина дайындау принциптері.
3.Адьюванттар, иммуномодуляторлар.
4. Аусыл ауруларының диагностикасы және алдын алу.
5. Құтырық ауруларының диагностикасы және алдын алу.
6. Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу.
7. Шмалленберг ауруларының диагностикасы және алдын алу.

Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустың инфекциялардың профилактикасы да енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады (13.3 - кесте). Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
Вирустың инфекциялардан қорғану үшін пассивті иммундау – ол қорғанысы жоқ адамдардың организімінде вирустарды бейтараптау және вирустық инфекцияның дамуын тоқтату үшін антивирустық антиденелерді (поликлональды, моноклональді) енгізу. Вирустық инфекциялар кезінде антиденелер вирустың жасушаға енуін тоқтатады, табиғи киллердің антидене тәуелді жасушалық цитотоксиндылығын күшейтеді, өздігінше немесе комплементтің қатысуымен вирусты бейтараптайды. Сондықтан организмге енгізілген вирусспецификалық антиденелер инфицирленбеген жасушаларды ғана қорғау үшін тиімді, яғни олар тек қана жасушалардан тыс немесе жасуша беткейінде орналасқан вирустарға әсер ете алады. Сондықтан, вирустардың жасушаішілік репродукциялануына және олардың бір жасушадан басқаларына таралуына антидене кедергі жасай алмайтындығына байланысты, инфекция ошағы толық жойылмайды. АД-дің пиноцитоз жолымен қалыпты жасушалар мен қатар вирус жұққан жасушаларға ену қабілеттілігі бар. Бірақ, жасуша вакуоліне түскен вирус-бейтараптаушы АД вирустық АГ-мен кездесе алмайды, және де онымен байланыса алмайды, өйткені олар плазматикалық мембранамен оқшауланған. Осыған байланысты бұл антиденелер лизосомалдық ферменттердің әсерінен пиноцитоздық вакуольдерде бұзылысқа ұшырайды. АД-ді адамдар мен жануарлар қан сарысуы (плазмасы), нақты вирусқа жоғары титрі бар қалыпты донорлық иммуноглобулин, иммундалған донорлардан алынған спецификалық имундыглобулин құрамында немесе моноклональды түрінде енгізуге болады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы:Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар, иммуномодуляторлар.Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу.
Орындаған:Мұратханова А.
Тобы: Вм-301
Тексерген:Омарбеков Е.О.
Семей қаласы - 2015 жыл
Жоспар:
1.Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2.Вакцина дайындау принциптері.
3.Адьюванттар, иммуномодуляторлар.
4. Аусыл ауруларының диагностикасы және алдын алу.
5. Құтырық ауруларының диагностикасы және алдын алу.
6. Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу.
7. Шмалленберг ауруларының диагностикасы және алдын алу.
Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундаудың рөлі
Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустың инфекциялардың профилактикасы да енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады (13.3 - кесте). Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
Вирустың инфекциялардан қорғану үшін пассивті иммундау - ол қорғанысы жоқ адамдардың организімінде вирустарды бейтараптау және вирустық инфекцияның дамуын тоқтату үшін антивирустық антиденелерді (поликлональды, моноклональді) енгізу. Вирустық инфекциялар кезінде антиденелер вирустың жасушаға енуін тоқтатады, табиғи киллердің антидене тәуелді жасушалық цитотоксиндылығын күшейтеді, өздігінше немесе комплементтің қатысуымен вирусты бейтараптайды. Сондықтан организмге енгізілген вирусспецификалық антиденелер инфицирленбеген жасушаларды ғана қорғау үшін тиімді, яғни олар тек қана жасушалардан тыс немесе жасуша беткейінде орналасқан вирустарға әсер ете алады. Сондықтан, вирустардың жасушаішілік репродукциялануына және олардың бір жасушадан басқаларына таралуына антидене кедергі жасай алмайтындығына байланысты, инфекция ошағы толық жойылмайды. АД-дің пиноцитоз жолымен қалыпты жасушалар мен қатар вирус жұққан жасушаларға ену қабілеттілігі бар. Бірақ, жасуша вакуоліне түскен вирус-бейтараптаушы АД вирустық АГ-мен кездесе алмайды, және де онымен байланыса алмайды, өйткені олар плазматикалық мембранамен оқшауланған. Осыған байланысты бұл антиденелер лизосомалдық ферменттердің әсерінен пиноцитоздық вакуольдерде бұзылысқа ұшырайды. АД-ді адамдар мен жануарлар қан сарысуы (плазмасы), нақты вирусқа жоғары титрі бар қалыпты донорлық иммуноглобулин, иммундалған донорлардан алынған спецификалық имундыглобулин құрамында немесе моноклональды түрінде енгізуге болады.
АД- мен иммундаудың басты жетістігі сол- бірден иммунитеттік жағдай жасауға мүмкіндік береді, ол 1-6 аптаға созылады.Адамдардан алынған кейбір АД-дің (IgG) организмнен жартылай бөлініп шығу кезеңі 30 күндей, сондықтан 3 ай бойы пассивті қорғанысты қамтамасыз ете алады. АД уыттылығы жоқ табиғи өнім, агрегирленбейді және иесінің тіндерімен реакцияға түспейді. Вакциналар мен АД- ді қатар енгізу бірден пайда болатын және ұзаққа созылатын иммунитет қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мысалы, осындай тәсіл кенелі энцефалиттің профилактикасы үшін пайдаланылады. Пассивті антиденлерді әдетте көктамыр ішіне немесе бұлшықетке енгізу әдісі қолданылады. Пассивті иммундауды қайталап жүргізу иммунитетті күшейтпейді және жиі асқынулар болуы ықтимал.
Қалыпты иммундыглобулиндер- адамның қан сарысуынан бөлініп алынған, тазартылған және этил спиртімен өңдеу тәсілімен концентрацияланған иммунды белсенділігі бар ақуыздық фракциялар болып табылады. Иммундыглобулиндер сериясын дайындау үшін 1000- нан кем емес дені сау иммунизацияланбаған донорлардың плазмасын пайдаланады. Ақуыздардың концентрациясы 9,5- нан 10,5%-ға дейін болады. Препараттың құрамында консерванттар және антибиотиктер, адам иммундытапшылық вирустарына (АИВ-1, АИВ-2), гепатит С вирусына, гепатит В- нің беткейлік АГ-не қарсы АД-лер болмауы керек. Адамның қалыпты иммундыглобулиндерінің әсер етуші факторы- белсенділік қабілеттілігі бар полиспецификалық иммундыглобулиндер болып табылады. АД-ің максимальды концентрациясы қанда 24-48 сағаттан кейін байқалады,олардың организмнен жартылай бөлініп шығу мерзімі - 3-4 апта. Препарат организмнің резистенттілігін жоғарылатып, бейспецификалық белсенділік әсерін тигізеді (13.3-кесте).
Вирустық инфекцияларды емдеу және алдын алу үшін пассивті иммундау
Аурулар
Препарат
Көрсеткіштері
Жел шешек
Жел шешекке және белдемше теміреткіге қарсы донорлық иммундыглобулин
Инфекция ауыр өтуі мүмкін жанасқан балаларда, иммунитеті әлсіз науқастанған ересектерде, жаңа туылған нәрестелерде профилактика үшін, емдеу - тиімді емес
Құтыру
Адамнан дайындалған антирабикалық иммунды-глобулин.
Құтырған жануар тістегенде
Вирустық гепатит В
В гепатитке қарсы - адам иммундыглобулині
Инфекция көзімен жанасқан-дар арасында профилактика үшін, емдеу үшін - тиімділігі жоқ.
Вирустық гепатит А
Адамдардың қалыпты иммун-дыглобулині
Инфекция көзімен жанасқан-дар арасында профилактика үшін,2-апта өткеннен кейін қолдану тиімді емес.
Қызылша
Адамның қалыпты иммунды-глобулині
Науқаспен жанасқаннан кейін-гі 6 тәулікке дейін профилактикалық мақсатта және емдеу үшін қолдану.
Кенелі энцефалит
Кенелі энцефалитке қарсы адам иммундыглобулині.
Инфекциямен науқастанушылық күшеюі мүмкін болатын маусым алдында, кене шаққанда 28 күн бойы.
Грипп
Адамның қалыпты иммундыглобулині
Тұмауды емдеу және алдын алу
Қызамық
Қызамыққа қарсы және қалыпты адам иммундыглобулині
Инфекцияның алғашқы кезеңінде жанасқан жүкті әйелдер - алдын алу үшін. Пассивті иммундау ұрықты инфекциядан қорғай алмайды.
ЦМВИ - инфекция.
Цитомегаловирусқа қарсы иммундыглобулин. ЦМВ - қа қарсы антиденелері бар адамның қалыпты иммундыглобулині.
Серопозитивті алғашқы кезеңінде жанасқан жүкті әйелдер - алдын алу үшін. Пассивті иммундау ұрықты инфекциядан қорғай алмайды. Біріншілік ЦМВИ - ны емдеу және жүкті әйелдерде созылмалы ЦМВИ, емшек жолындағы нәрестелер және сәби жастағы балалардың, трансплантация жасалынған кездегі реципиенттердегі ЦМВИ - ның алдыналу үшін.
Полиомиелит
Адамның қалыпты иммундыглобулині
Профилактика
Қарапайым ұшық
Қарапайым ұшық вирусына қарсы антиденелер бар донордың қалыпты иммундыглобулині
Қарапайым ұшықтың біріншілік жедел және созылмалы асқынған, рецидивті түрлерін емдеу.
Ротавирусты инфекция
Энтеральды қолдануға арналған антиротавирустың донорлық иммундыглобулин (құрғақ)
3 жасқа дейінгі балаларда болатын ротавирусты инфекциялардан емдеу.
Спецификалық иммундыглобулин препараттары.Қанда спецификалық АД-ің қажетті қорғаушылық деңгейін қамтамасыз ететін гипериммунды (арнайы) гамма-глобулиндерді бұлшық етке енгізу арқылы бірқатар вирустық инфекциялардың профилактикасы жеткілікті тиімділікпен атқарылады. Спецификалық иммундыглобулиндерді вакцинацияланған немесе жақын арада инфекциядан айыққан донорлардың қан сарысуынан бөліп алады. Мұндай препараттарды стандарттау тиісті қоздырғыштың АГ- не қарсы АД- ің титрын анықтауға негізделген. Олардың әсер ету мерзімі қысқа болатындықтан мүмкіндігінше солармен бірге тиісті вакциналар енгізу тиімді болады (13.4-кесте).
Цитотекті - орган алмастырылған (трансплантация) пациенттерде ЦМВ жұққаннан кейінгі болуы ықтимал асқынудың алдын алу үщін қолданады. Препарат құрамында ЦМВ- қа қарсы спецификалық АД- лер (негізінде Ig G) болады. Цитотект дайындау үшін құрамында АИВ (ВИЧ)-1,-2-ге, гепатит С вирусына , гепатит В вирусының беткейлік АГ-не антиденелер болмайтын, және де бауыр ферментінің (трансаминазаның) деңгейінің жоғарғы шекарасы қалыптан аспайтын дені сау донорлардың плазмасын пайдаланады. Препараттың құрамындағы иммундыглобулиндер мөлшері 95%-дан кем емес, ал ЦМВ- қа қарсы антиденелер -50 E(Е-П.Эрлих институтты препаратының салыстырмалы бірлігі) болуы керек. Препарат, қолданғаннан кейін 6 апта - 3 ай бойы қызамыққа, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, жел шешекке қарсы тірі вакциналарды енгізуді ұсынуға болмайды. Цитотект қолданғанда келесі жанама құбылыстар болуы ықтимал: денесі қалтырау, бас ауыруы, температура көтерілуі, лоқсу, құсу, буындардың және арқасының ауыруы, аллергиялық реакциялар.
Антигеп - Ресейде өндірілетін препарат, В гепатитке қарсы егілмеген адамдар арасында кездейсоқ жұқтырып алу қаупі төнгенде (стоматологиялық емшаралар, қан құю, қан алмастыру ж.т.б.), немесе егу курсы аяқталмағандарда, немесе НВs антиденелер титры қорғаныс деңгейінен төмен (10 МЕл-ден аз) немесе белгісіз болғанда, және де егу жүргізуге болмайтын жағдайларда вирустық В гепатиттің алдын алу үшін қолданылады. Инфицирленген материалмен жанасқан пациенттерге бірден спецификалық иммундыглобулин енгізсе 3 ай бойы пассивті иммундық қорғанышты қамтамасыз етеді, яғни аурудың алдын алады,немесе індет ауырлығын азайтады. Антигеп - В гепатитке қарсы егілген дені сау донорлардың плазмасынан этил спиртімен фракциялау әдісімен бөлініп алынған иммудық белсенді ақуыздардың концентрацияланған ертіндісі. Препараттың әсер етуші факторы - В гепатит вирусының беткейлік НВs антигеніне қарсы белсенділігі бар АД (иммундыглобулиндер). Антигепті қолданғанда сирек жағдайда гиперемия және алғашқы тәулікте температура көтерілуі сияқты реакциялар байқалуы, және де әр түрлі аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін.
Гепатект-В гепатиттің алдын алу үшін келесі жағдайларда қолданылады:
инфицирленген қауіпті материалдармен( қан, плазма,сарысу ) жанасқанда;
НВs Ад табылған пациенттерден бауыр трансплантантын ауыстырғанда;
өте жоғары немесе тұрақты жұғу қаупі бар, және де қорғаушы антиденелерді жеткілікті деңгейде өндіру қабілеттілігі жоқ жағдайларда (операция алдында, қайталап трансфузиялау, гемодиализ).
ИМОГАМ РАЖ - құтыру вирусы жұғу қауіпі бар күмәнді адамдарда құтыру ауруының алдын алу үшін қолданылатын иммундыглобулин (адамнан алынған). Әсіресе, бұл препаратты 2-дәрежелі (тістеген кезде тері жабындысының бүтіндігі бұзылмаған, шамалы қан шығып тырналған немесе сызатталған) және 3-дәрежелі (бір немесе бірнеше жерден тістелген, тері жабындысының бүтіндігі бұзылған, шырышты қабаттарға сілекей түскен) зақымданулар болған жағдайда қолданады. 2-дәрежелі зақымдану кезінде антирабикалық (құтыруға қарсы) вакцинаны бірге пайдаланады (егер адамды тістеген жануар он күн бойы сау күйінде болса емдеуді тоқтатады). ИМОГАМ РАЖ - ды тек қана құтыруға қарсы вакцинамен бірге пайдалану қажет. Препаратты антирабикалық вакцинамен бірге (вакцинаның бірінші дозасын енгізгеннен кейін сегіз күннен кешіктірмей), бірақ әрқайсысын дененің әр жеріне және инені жаңалап, тек қана бұлшық ет ішіне енгізеді. Бір рет енгізілетін препараттың дозасы -20 MEкг. Оның дозасын ешқанда арттыруға болмайды, өйткені дозасын көбірек енгізгенде антиденелер өндірілуі біршама басылып қалуы мүмкін. Құтыруға қарсы иммундыглобулин енгізгеннен кейін кейде температураның көтерілуі, терілік реакциялар, қалтырау, сирек жағдайда бас айналу, құсу, гипотензия, тахикардия, аллергиялық реакциялар (анафилактикалық шок) байқалуы мүмкін.
ФСМЕ - БУЛИН - көктемгі жазғы минингоэнцефалиттің (КЖМ -ВЛМ) жедел алдын алу үшін қолданылатын препарат (иммундыглобулин). Бұл препаратты жедел профилактикалық мақсатта келесі жағдайларда пайдаланады:
ФСМЕ - БУЛИН- мен шамалы иммундалған немесе ешқашан иммундалмаған адамдар кенелі энцефалит бойынша табиғи ошақты орманды жерлерде болғанда;
кенелі энцефалитке қарсы вакцинаға сезімталдығы өте жоғары болғанда;
жедел жұқпалы аурулармен науқастанып, температурасы өте жоғары болғанда.
Препарат тез әсер етеді (қорғаушылық әсері 24 сағаттан кейін басталып 4 аптаға дейін созылады) және биологиялық жартылай шығу кезеңінің ұзақтығы 21 тәуліктей. Оны, төзімділігін төмендетпей, қайталап пайдалануға болады. ФСМЕ - БУЛИН енгізгеннен кейін кем дегенде 3 ай өткенше тірі вакциналармен (қызылша, қызамық, мысқылға қарсы) белсенді иммундау жүргізуге болмайды. Бұл препарат іс жүзінде жанама реакциялар қоздырмайды, кейде ине сұққан жерде қышыну және де температурасының шамалы көтерілуі байқалады. Гаммаглобулинемияға шалдыққан адамдарда анафилактикалық реакция пайда болуы ықтимал (Ig А- ға қарсы антиденелердің титры жоғары болғанда).
Кенелі энцефалитке қарсы иммундыглобулин (адамдардан алынған) ересектер мен балаларда кенелі энцефалитті емдеу және жедел алдын алуға арналған. Препараттың әсер етуші факторы - кенелі энцефалит вирусын бейтараптайтын, белсенділік қабілеті бар иммундыглобулиндердің G класына жататын антиденелер. Организмге енгізгеннен кейін 24-48 сағатта максимальды концентрацияға жетеді (қанда), олардың организмнен жартылай шығу кезеңі - 4-5 апта. Анамнезінде адам қанынан дайындалған препараттарға ауыр түрде аллергиялық реакциялар болғаны анықталса бұл препаратты қолдануға болмайды, яғни қарсы көрсеткіш болып табылады.Иммундыглобулин енгізгенде, әдетте, ешқандай жанама реакциялар болмайды. Дегенмен, сирек жағдайларда гиперемия, инъекция жасаған жердің ауыруы, алғашқы тәулікте температурасының шамалы көтерілуі, аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Иммундыглобулиннің әрбір инъекциясынан кейін кем дегенде 3 ай өткен соң ғана тірі вакциналармен (қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит) белсенді иммундауға болады. Кенелі энцефалитке қарсы иммундыглобулин мен вакцина қолдану арасының ұзақтығы 4 аптадан кем болмауы керек.
Секрециялық иммундыглобулиндер мукозальды инфекциялардан қорғауда маңызды роль атқарады. Спецификалық секрециялық Ig А патогеннің шырышты қабаттарға алғашқы колонизациялануын тежей алады. Құрамында А класына жататын спецификалық антиденелердің кең спектрі бар сүттен, адамдар мен жануарлардың уызынан алынған иммундыглобулиндерді бактериялық және вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеу үшін пайдалануға болады. Уыздың құрамына: иммундыглобулиндердің барлық кластары (IgА ,IgМ, IgG,Ig Д) кіреді, бірақ олардың 90% IgА - ның еншісіне тиеді; цитониндер (интерферон, өсу факторы), лактоферрин (микробтардың көбеюіне кедергі жасайды, фагоцитозды және цитокиндердің белсенділігін күшейтеді), лизоцим, амин қышқылдары (пролин, таурин), жоғары молекулалы ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер (А, бета- каротин, Е, В12, Д), минералдар кіреді.
Белсенді (активті) иммундау.Вакциналар бірнеше топқа бөлінеді: тірі, өлі, аралас (комбинацияланған) және рекомбинантты (векторлық). Тірі вакциналарға патогенді қоздырғыштардың аттенуацияланған штамдарынан және қоздырғышқа антигендігі жақын туыстас вирустар штамдарынан дайындалған вакциналар жатады. Инактивацияланған вакциналарды 2 топқа бөлуге болады: корпускулярлық және молекулярлық (пептидтік). Корпускулярлық вакциналар бүтін вирустық бөлшектерден (бүтін вириондылар) немесе бөлініп алынған антигендік кешендерден (субвириондылар) тұрады. Пептидті вакциналарда химиялық немесе биологиялық тәсілдермен синтезделген антигендік кешендер молекулалары болады. Қазіргі кезде үдемелі түрде молекулалы генді- инженерлік вакциналар жасалуда. Олар үшін спецификалық микроорганизмдер антигендерін синтездеу қабілеттілігі бар бактериялардың, вирустардың немесе саңырауқұлақтардың рекомбинантты штамдарын дайындау арқылы алады. Жаңа буынды вакциналарды жасаудың негізгі бағыттары: синтетикалық және жартылай синтетикалық, көп компонентті полиантигенді ассоциациаланған және инъекциясыз қолданылатын мукозальды вакциналар жасап шығару. Синтетикалық және жартылай синтетикалық вакциналар құрамында балласты заттар мен қосылыстар жоқ және тасымалдаушы адъюванттарға сіңірілген антигендерден немесе молекулалы түрдегі антиген детерминанттарынан тұрады. Гендік инженерлік рекомбинантты вакциналар(вирустық полинуклеотидті ДНҚ вакциналары) жасап шығарудың болашағы зор. Қазірдің өзінде құрамында әртүрлі патогендердің антигендерін тасымалдайтын бактериялардың, ашытқы саңырауқұлақтардың, вирустардың 100 - деген рекомбинантты штамдары алынып отыр. Мысалы, шешек вакцина вирусының негізінде В гепатитке, кенелі энцефалитке, құтыру ауруына, АИВ (ВИЧ) инфекцияға және тағы басқа да векторлық вакциналар алынды. В гепатитке қарсы рекомбинантты вакциналары алынды, АИВ инфекцияға қарсы рекомбинантты вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Вакцинаның қорғаушылық әсері -жасушалардың антигенпрезенттеуші белсенділігін арттыратын, жадында сақтаушы жасушалар санын көбейтуші иммундыкомпонентті жасушаларды белсендіретін мүмкіндігін, бірнеше эпитоптарға қарсы Т-хелперлерді Т-цитотоксикалық жасушаларды ынталандыратын, және жадында сақтаушы В-жасушалардың лимфоидты тіндерде ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін қабілеттілігіне байланысты. Мұндай вакцина, (әсіресе суббірлік және пептидтік типтегі) вакциналық және жасушалық және мукозальдық иммунитетті айқын стимульдейді. Бұл қорғаныс штам спецификалық болып табылады, және сарысулық антиденелердің түзілуіне байланысты. Интраназальды жолмен енгізілген тірі вакциналар ұзақ мерзімді,тепе-теңдік жауапты ынталандырады: оған СД8, СД4 Т-жасушалық, гуморальдық және жергілікті жауап жатады. Кейбір тірі вакциналар (полиомиелитке қарсы оральды, грипке қарсы интраназальды) әр жүйелі және жергілікті иммунитет дамуын қоздырады. Секрециялық IgА шырышты қабықтың эпителиялық жасушасына вирус енуіне жол бермей, жергілікті тиімді иммунитетті қамтамасыз етеді. Инактивацияланған вакциналарға қарағанда тірі вакциналардың тиімділігі едәуір жоғары. Инактивацияланған вакциналардың иммуногенділігі енгізілетін антигендердің молекулалық мөлшерімен, химиялық құрамы және физикалық жағдайымен байланысты. Молекуласы ірі және күрделі болса иммуногендігі жоғары болады. Иммундық жауапты күшейту үшін адъюванттарды пайдаланады. Адъювант ретінде қоспаларды, микробтық құрылымдарды (ақуыздарды, нуклеин қышқылдарды, монополисохаридтерді), синтетикалық зат тектестерді (жартылай нуклеотидтер, гликопептидтер, полиоксидонийлар), цитокиндерді және пептидтерді қолдануға болады. Дүние жүзінің барлық елдерінде жаппай егу кезінде тек қана алюминий тұздарын, майлы адъюванттар мен полиоксидонийді пайдалануға рұқсат етілген. Алюминий гидроксиді антигенді сіңіріп алып, оны вакцина егілген жерде ұзақ уақыт ұстайды, нәтижесінде вакцинаның спецификалық компоненттерінің презенттеуші жасушалармен өзара жақсы әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Минералды адъюванттар негізінде Th 2 - жауапты күшейтеді. Гриптің (Гриппол) және А гепатитінің (Геп-А-ин-ВАС-ПОЛ) алдын алу үшін қолданылатын вакциналарда адъювант ретінде полиоксидоний пайдаланылады, ол Т-тәуелсіз жауаптың түзілуіне мүмкіндік береді. Вакциналардың сапасы олардың тиімділігі, қауіпсіздігі, зиянсыздығы, экономикалық тактикалық - техникалық параметрлері бойынша іс жүзінде кең қолдану мүмкіндігіне қарай анықталады.
ДНҚ - ды вакциналар.Бұл бағытта вакцина іздестірудің мақсаты ауқымды - ол тек қана жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакциналар жасаумен қатар, созылмалы жұқпалы ауруларды, қатерлі ісіктерді, аутоиммунды ауруларды, аллергияларды емдеу үшін де препараттар шығаруды қамтиды. Минимальды гендік қосылыс жасаумен плазмидалық шеңберлі ДНҚ-н пайдалану бактериялық және вирустық векторлар негізіндегі вакциналарға тән кемшіліктерден арылу жолдарын қарастыру болып табылады. Жаңа идеяның мәнісі- плазмидалық ДНҚ-ң ақпараттық құрылымын қарапайымдылау және оған патогеннің тек қана қажетті генін (немесе бірнеше гендерін) және жасушада осы гендерді экспрессиялау үшін керекті элементтерді енгізу. Ол иммунизациялау процесін асқындыратын қажетсіз ақуыздардан құтылуға мүмкіндік береді. Плазмидалардың конструкциясын осылай унификациялау әртүрлі патогендерге қарсы жеткілікті мөлшерде бірегей технологиялық вакциналар алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде зерттеушілердің көбісі осы мәселемен айналысуда.
Жалаң плазмидалардың жасушаға енуі, сонан соң ядросында геннің немесе гендердің транскрипциялануы мүмкін емес деген көзқарасқа байланысты жалаң ДНҚ негізінде вакцина жасау идеясы алғашқыда күмән туғызған болатын.
1990 жылы Вольф әріптестерімен бірге плазмидалық жалаң ДНҚ-ң жасушаға ену қабілеттілігі болатыны туралы сенімді дәлелдер келтірді.. Осыған орай, вирустық векторларды пайдаланбай-ақ жануарлар организміне гендерді енгізуге болатыны туралы сенімді дәлелдер келтірді.Осыған орай, вирустық векторларды пайдаланбай-ақ жануарлар организміне гендерді енгізуге болатыны туралы зерттеулер ағымы бүгінге дейін үдемелі жүргізіліп келеді.
Иммундау мақсатында патоген антигендерінің дайын ақуыздық препаратын жасуша цитоплазмасына тікелей енгізуді іске асыру өте қиын, ал ДНҚ - жсуша ядросына еніп,патоген ақуызының жасушаішілік экспрессиясын іске қосады да,нәтижесінде МНЖ (МНС) І кешенімен пептидтердің презентациялануын және жасушалық иммундық жауаптың (СД8+) индуцирленуін қамтамасыз етеді.
Жаңа формадағы вакцинаның перспективтілігін дәлелдеу үшін жасушаға жалаң ДНҚ-ын тиісті орынға, жеткілікті дозада және көлемде жеткізу тәсілдерін жетілдіру үшін қосымша зерттеулер жүргізу керек болды.
ДНҚ-н қажетті көлемде енгізудің қиындықтарын жеңу үшін қарапайым физикалық стратегия ұсынылды: алтыннан жасалған микробөлшектерге жапсырылған ДНҚ-н гендік зеңбіректердің көмегімен электропорациялау және иньекциялау.
Электр импульстарымен өңдеу жолымен электропорациялау кезінде жасушалық мембраналарда уақытша қуыстар пайда болады. Бұл қуыстар плазмидалық ДНҚ-ның жасушаға тиімді өтіп кетуіне мүмкіндік береді. Сондықтан патоген ақуыздарының экспрессиялануын күшейтеді, нәтижесінде вакцинаның потенциалын жақсартады.
Плазмидалық ДНҚ-ң өзі инертті матрица емес, ол белгілі реттіліктер қоршауындағы гипометилирленген СрG болуына байланысты туа біткен иммунититетті ынталандырады. Сондықтан плазмида цитокиндерінің (мысалы IL-6, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz