Педагогикалық психологияның обьектісі, зерттеу пәні, мақсат-міндеттері



Жоспар:

Кіріспе. Педагогикалық психология.

Негізгі бөлім. Педагогикалық психологияға сипаттама.

1. Ғылыми обьекті.
2. Зерттеу пәні.
3. Мақсат . міндеттері.
4. Басқа ғылымдармен байланысы.

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі: Педагогикалық психология әр түрлі себептерге байланысты көптеген басқа ғылымдармен байланысты. Біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады. Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының себебі, білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып табылатындажәне осындай мәдениетте бүкіл өркениеттік білімдердің таңбалық, тілдік формада шоғырландырылғанына байланысты. Үшіншіден, оның зерттеу пәні өзі танып білуші және танып білуге үйретілуші, басқа да көптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін адам болып табылады.
Педагогикалық психология, мысалға, педагогика, физиология, философия, лингвистика, әлеуметтану, т.б. ғылымдармен үздіксіз байланыста екені анық. Соның өзінде педагогикалық психология – жалпы психологиялық білімнің деген сапасы деген тұжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни, психикалық даму, оның қозғаушы күштері, адамның даралық және жас ерекшеліктері, оның тұлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде қалыптасатын білдіреді. Сондықтан педагогикалық психология психологиялық білімдердің, басқа салаларымен (әлеуметтік психология, дифференциалды психология), ең алдымен, жас ерекшелік психологиясымен байланысты.
Педагогикалық және жас ерекшелік психология бір-бірімен осы ғылымдардың зерттеу обьектілерінің ортақтығымен байланысты. Яғни, олардың зерттеу обьектісі дамып келе жатқан адам болып табылады. Бірақ жас ерекшелік психологиясы «адам психикасының жас ерекшелік динамикасын, дамып келе жатқан адамның психологиялық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін» зерттесе, ал педагогикалық психология білім беру ықпалымен психикалық жаңа құрылымдарының қалыптасуының шарттары мен факторларын зерттейді. Осыған байланысты педагогикалық психологияның барлық проблемалары білім беру процесіндегі адамның жас ерекшеліктерін есепке алу негізінен қаралады. Сонымен бірге педагогикалық та, жас ерекшелік психология да «....жалпы психологиялық заңдылықтарды ашып көрсететін, қалыптасып қойған адам тұлғасының психикалық процестерін, психикалық күйлерін және даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін» жалпы психологияның білімдеріне жүгінеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.«Педагогикалық психология», Зимняя И.А. 2005 ж.

2.«Отбасы және балабақша», мақала. 2005 ж. - №2

3.«Возрастная и педагогическая психология», А.В.Петровского. М., 1979ж.

4.«Қазіргі педагогикалық психологияның қалыптасуы мен дамуы», авторефераты. Сейітнұр Ж.С, 2008 ж.

5. «Танымдық іс-әрекет мектепке бейімделудің басты факторы», Асылханова М.А. 1999 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
С.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Педагогика және психология факультеті
Педагогика кафедрасы
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Педагогикалық психологияның обьектісі,
зерттеу пәні, мақсат-міндеттері

Тексерген: Абылгазина Р
Орындаған: Мусаева Р

Өскемен 2010 жыл

Жоспар:

Кіріспе. Педагогикалық психология.

Негізгі бөлім. Педагогикалық психологияға сипаттама.

1. Ғылыми обьекті.
2. Зерттеу пәні.
3. Мақсат - міндеттері.
4. Басқа ғылымдармен байланысы.

Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі: Педагогикалық психология әр түрлі
себептерге байланысты көптеген басқа ғылымдармен байланысты. Біріншіден, ол
ғылыми білім үшбұрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің
нақты саласы болып табылады. Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста
болуының себебі, білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес
әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып табылатындажәне осындай
мәдениетте бүкіл өркениеттік білімдердің таңбалық, тілдік формада
шоғырландырылғанына байланысты. Үшіншіден, оның зерттеу пәні өзі танып
білуші және танып білуге үйретілуші, басқа да көптеген адамтанушы
ғылымдармен зерттелінетін адам болып табылады.

Педагогикалық психология, мысалға, педагогика, физиология, философия,
лингвистика, әлеуметтану, т.б. ғылымдармен үздіксіз байланыста екені анық.
Соның өзінде педагогикалық психология – жалпы психологиялық білімнің деген
сапасы деген тұжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни, психикалық
даму, оның қозғаушы күштері, адамның даралық және жас ерекшеліктері, оның
тұлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде қалыптасатын
білдіреді. Сондықтан педагогикалық психология психологиялық білімдердің,
басқа салаларымен (әлеуметтік психология, дифференциалды психология), ең
алдымен, жас ерекшелік психологиясымен байланысты.

Педагогикалық және жас ерекшелік психология бір-бірімен осы
ғылымдардың зерттеу обьектілерінің ортақтығымен байланысты. Яғни, олардың
зерттеу обьектісі дамып келе жатқан адам болып табылады. Бірақ жас
ерекшелік психологиясы адам психикасының жас ерекшелік динамикасын, дамып
келе жатқан адамның психологиялық процестері мен психологиялық
қасиеттерінің онтогенезін зерттесе, ал педагогикалық психология білім беру
ықпалымен психикалық жаңа құрылымдарының қалыптасуының шарттары мен
факторларын зерттейді. Осыған байланысты педагогикалық психологияның барлық
проблемалары білім беру процесіндегі адамның жас ерекшеліктерін есепке алу
негізінен қаралады. Сонымен бірге педагогикалық та, жас ерекшелік
психология да ... жалпы психологиялық заңдылықтарды ашып көрсететін,
қалыптасып қойған адам тұлғасының психикалық процестерін, психикалық
күйлерін және даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін жалпы
психологияның білімдеріне жүгінеді.

1. Ғылыми обьекті.

Ғылымның кез-келген саласы сияқты педагогикалық психологияны
қарастырғанда ең алдымен оның обьектісі мен зерттеу пәнін ажыратып алу
қажет.

Ғылыми обьекті – бұл зерттеудің өзінен тыс, әртүрлі ғылымдарды
зерттеуге болатын ақиқат. Обьект ретінде материалдық және материалдық емес
құбылыстар, денелер, процестер; тірі биологиялық және абстрактілі жүйелер;
күрделілігі әр түрлі дәрежедегі биологиялық ағзалар бола алады. Ғылыми
зерттеу обьекті ретінде өсімдік және жануарлар әлемі, адам, қоғам,
өркениет, ғарыш т.б. қарастырылады.

Әрбір обьект (ғылыми тану обьектісі ретінде адам да) көптеген
ғылымдармен зерттеліне алынады. Мысалы, адам антропология, физиология,
психология, әлеуметтану, педагогика ғылымдарымен зерттелінеді. Алайда,
әрбір ғылымның өз зерттеу пәні бар, яғни оның обьектідегі зерттеу нысаны.
Мысалы, жас ерекшелік және педагогикалық психологияның зерттеу обьектісі
ортақ – адам, бірақ бұл ғылымдардың зерттеу пәні әр түрлі. Жас ерекшелік
психологиясы үшін адамның психикалық дамуы мен өмірге келген сәттен
бастапқартайған шаққа дейінгі қалыптасуының заңдылықтары мен механизмдері,
педагогикалық психология үшін, ең алдымен, білім беру процесінде адамның
әлеуметтік мәдени тәжірибені игеру механизмдері мен заңдылықтары. Алайда,
педагогика мен психологияның, жас ерекшелік психологиясы мен педагогикалық
психологияның зерттеу обьектісінің ортақ болуы олардың тығыз, іштей
ажырамас байланысына және олардың пәіндерінің әртүрлілігінің негізінде жеке
бөліп қарастыруға шартты түрде қарауға себеп болып отыр.

2. Зерттеу пәні.

Педагогикалық психологияның пәніне жан-жақты анықтама бермес бұрын
көптеген ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылатын (педагогика,
әлеуметтану, физиология, медицина, басқару теориясы, жалпы, әлеуметтік, жас
ерекшелік, педагогикалық психология) білім беру, педагогикалық процесс –
күрделі, көп қимылды, көп құрамдас бөлікті құбылыс екеніне назар аудару
қажет. Оқыту процесінің күрделі, көп құрамдас бөлікті екенін кезінде ұлы
дидакттар – Я.А.Коменский, И.Песталоцци, А.Дистарверг ... оқытушылық іс-
әрекетті анықтаушы әртүрлі кезеңдер мен пәндерді назарға алу қажет. Атап
айтқанда: 1. оқытылатын адам, оқушы – субьект; 2. қоршайтын сыртқы шарттар
– уақыт, орын, т.б.; 3. оқу және оқыту пәні – оқу пәні – обьект; 4.
оқытатын мұғалім дейді. (19 ғасыр ортасында оқушы оқыту обьектісі емес,
оқыту субьектісі ретінде қарастырылғаны маңызды болған). Педагогикалық
психологияда білім беру процесінің көп құрамдас бөлікті құрамы
функционалдық тұрғыдан факторлардың өзара әрекеті деп қарастырылады.
Оқытудың тиімділігі осы факторлардың әрекеттерінің өзара келісімділігіне
байланысты, яғни не нәрсеге оқытады, кім және қалай оқытады, және кімді
оқытады. Бұл жерде білім беру процесін зерттеушілер оның құрамдас
бөліктерін құрастырушылардың барлығының бірдей маңыздылығын атап өтеді.
Жалпы білім беру процесінің, оқушылардың әлеуметтік мәдени тәжірибені
меңгеру және осы меңгеруді ұйымдастыру күрделілігі педагогикалық
психологияның зерттеу пәнінің көпжоспарлы екенін анықтайды.

Педагогикалық психологияның зерттеу пәні болып адамның әлеуметтік
мәдени тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілері және білім беру
процесінің әртүрлі жағдайларында педагогтың ұйымдастырып және басқаратын
оқу қызметінің субьекті ретінде қарастырылатын адамның (баланың)
интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейінде өзгеруді меңгеруін туғызуы
болып табылады. Жекелеп айтқанда, педагогикалық психология білімді,
икемділік пен дағдыларды меңгеру заңдылықтарын зерттейді, осы процестердегі
жеке айырмашылықтарды зерттейді, оқушылардың өз бетімен шығармашылық
ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу
әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді, яғни жаңадан пайда болған
психикалық өзгерістерді қалыптастыру. Ал, кеңінен алғанда, ғылымның зерттеу
пәні – ол обьектіде нені зерттесе сол болып табылады. Келтіріліп отырған
анықтама педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің күрделілігі, көп
аспектілілігі мен біртекті еместігін дәлеледейді.

Педагогикалық психологияның қазіргі уақытта даму ауқымы одан сайын
кеңейіп отыр. Мысалы, отандық педагогикалық психология оқытуды басқарудың
психологиялық механизмдерін зерттейді және білім беру процесін жалпы
зерттейді, іс-әрекеттердің жинақтап қорытылған тәсілдерін меңгеру процесін
басқару, оқу мотивациясы, осы процестің табыстылығына әсер етуші жеке
тұлғалық ерекшеліктері. Жалпы педагогикалық психология оқу процесін
басқарудың психологиялық мәселелерімен, танымдық процестерді қалыптастыруды
(ең алдымен теоретикалық ойлау) зерттейді, оқушы тұлғасын қалыптастырудың
жалпы контекстінде оқыту процесінде ой еңбегі дамуының сенімді өлшемдерін
іздейді, педагог пен оқушының өзара арақатынас мәселелерін, сонымен қатар
оқушылар арақатынасын қарастырады.

Ғылыми білімнің әрбір саласының зерттеу пәні оның құрылымдық
ұйымдастырылуын, яғни аталған ғылымға кіретін тарауларды анықтайды.
Педагогикалық психология дәстүрлі үш тараудың құрамында қарастырылады:
оқыту психологиясы, тәрбие беру психологиясы, мұғалім психологиясы.
Мектепке дейінгі бала мен мектеп оқушысының психологиясын жас ерекшелік
психология қарастырады. Студенттік жас өмірдің ерекше кезеңі ретінде жеке
қарастырылады.

Педагогикалық психологияның зерттеу пәніне біз кеңінен түсінік
беруімізге байланысты (оған оқушының оқу қызметі мен педагогтың
педагогикалық қызметінің бірлігі ретінде білім беру процесінің өзін,
сонымен қатар оқушы тұлғасының позитивті дамуының психологиялық
заңдылықтарын анықтау мақсатында олардың әрбіреуіне және олардың
субьектілерінің сипаттамасын қоса) осы ғылымның құрылымы келесі себептерге
байланысты басқа позициядан ұсынылуы мүмкін.

Біріншіден, бұл позиция ғылыми білімнің дербес саласы болса да,
бастапқы белгісі бойынша психологиялық саласы болып табылатын педагогикалық
ғылымның пәнін пәнаралық деп түсінумен анықталады. Осыған сәйкес бұл пәнге
тұлға, ұжым, еңбектестік психологиясының көптеген жақтары жас ерекшелік
және әлеуметтік психология, психофизиологияның аспектілері кіреді. Ал осы
жақтар білім беру процесі мен оның нәтижесіне қатысты қарастырылғандықтан,
олар педагогикалық психологияның пәнін құрайды. Педагогикалық психологияға
осылайша түсінік беру қазіргі заманда оның білім беру психологиясы деп
аталатын пәніне тән білім салаларының сан алуандығымен немесе оқытудың өзі
білім беру және үйрету сияқты екі жақты процесс деп түсінілетін оқу
теориясымен түсіндіруге болады.

Екіншіден, педгогикалық психология құрылымын қарастырудың ұсынылған
позициясы оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысын біраз басқаша анықтауды
қарастырады. Қазіргі заманғы ғылым мен педагогикалық тәжірибеде оқыту деп
оқушыларға алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік мәдени тәжірибесін табыс етудің
(білім, норма, іс-әрекеттің жинақтап қорытылған тәсілдері және т.б.)
белсенді, мақсатты бағытталған процесі және осы тәжірибені игеруді
ұйымдастыру, сонымен қатар бұл тәжірибені әр түрлі жағдайларда қолдануға
мүмкіндік пен дайындықты түсінеді.

Оқыту мен тәрбие беру процестерінің осылайша түсінілетін өзара
байланысы кемінде төрт түрлі бола алады:

1. Тәрбие беру оқыту процесінде жүзеге асырылатын, оқытудан

ажыратылмайтын процесс (мазмұны, нысаны, оқыту құралы арқылы). Бұл дәл осы
екі процестің арасындағы, былайша айтқанда бір-біріне қосылатын қатынастар.
Оқыта отырып біз тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып біз оқытамыз, - деп
С.Л.Рубинштейн атап өткен. Осындай түрде тәрбие беру оқу процесіне кіреді,
бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Арнайы психология туралы
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Ізгілікті бағыт
Педагогикалық психологияның негізгі міндеттері
Педагогикалық психология ғылым ретінде
Психология пәні және міндеттері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіндегі ғылыми зерттеулердің рөлі
Пәндер