Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар туралы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері.

Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы.

Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар.

Орындаған: Манасова А. Т

Тексерген: Мурзалимова А. К.

Тобы: ВС-403

Семей 2015 ж.

Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері

Эколо гия ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.

Бірінші кезеңде - экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз - суда, құлан - қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы - бөгелек, жыланның жауы - дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.

Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника жәнезоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.

Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б. з. д. 490-430 жж. ), Теофрасттың (б. з. д. 372-287 жж. ), Аристотельдің (б. з. д. 384-322 жж. ) еңбектерінде атап көрсетілген.

Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес(865-925 жж. ), Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж. ), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980-1037 жж. ) және т. б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т. б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.

Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632-1723 жж. ) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628-1705 жж. ) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707-1778 жж. ) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707-1788 жж. ) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялықғалым Абраам Трамбле (1710-1784 жж. ) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731-1802 жж. ) "Табиғат ордасы" және т. б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж. ) орта жағдайларының өсімдіктер менжануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.

Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П. С. Паллас (1741-181 Іжж. ), И. И. Лепехин (1740-1802 жж. ), И. Г. Гмелин (1709-1755 жж. ), С. П. Крашенинников (1711-1755 ЖЖ<) және т. б. үлкен үлес қосты.

Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769-1859 жж. ) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті.

XVII-XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болы. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж. Ламарк, Т. Мальтус және т. б. ) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.

Екінші кезең

Екінші кезеңде - экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К. Ф. Рулье (1814-1858 жж. ), Н. А. Северцов (1827-1885 жж. ) және В. В. Докучаев (1846-1903 жж. ) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

К. Ф. Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.

Н. А. Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.

Топырақтану ғылымының негізін салған В. В. Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.

Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин(1809-1882 жж. ) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.

Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э. Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.

XX ғасырдың 30-40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871-1955 жж. ) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В. Н. Сукачев (1880-1967 жж. ) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.

Атақты орыс ғалымы В. И. Вернадскийдің (1864-1945 жж. ) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.

Үшінші кезең

Үшінші кезең - XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.

Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары

Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды - аутэкология, популяцияларды - демэкология, табиғи бірлестіктерді - синэкология, ал биосфераны - ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда.

Қазіргі жалпы экология ғылымының зерттеу бағыттары, негізінен, биоэкологияның іргелі заңдылықтарына сүйенеді.

1. Биоэкология ғылымы тірі организмдердің жекеленген ірі жүйелік топтары - микроорганизмдерді, саңырауқұлақтардың өсімдіктерді және жануарларды зерттеуге басты назар аударады.

2. Биоэкология жеке табиғи белдемдер экожүйелеріндегі организмдер мен орта жағдайларының өзара байланыстарын зерттеуге байланысты арктикажәне тундра экологиясы, орман экологиясы, дала экологиясы, шөл экологиясы, тay экологиясы және т. б. да көптеген салаларға бөлінеді.

3. "Адам және табиғат" жүйесі бойынша табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты экологиялық зерттеулер көптеген бағыттар мен салаларға бөлінеді. Мысалы, тарихи экология, адам экологиясы, қала экологиясы, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы және т. б.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т. б. қатысады.

Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган - Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП - БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.

Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.

Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде - қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) ; Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз - жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:

• Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә - ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.

• Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.

• Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.

• Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.

• Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

• қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т. б. ) ластау;

• табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу, жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту және т. б. ) ;

• табиғи қорлардың азып-тозуы;

• табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану және т. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экология ғылымының шығу тарихы
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz