Психологиялық кеңес


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Психологиялық кеңес беру
Орындаған: Нурсадыкова Ж. М
Тексерген: аға оқытушы Адильжанова Қ. С
Семей 2015
Психологиялық кеңес беру - психологиялық қиындықтарды, клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс-әрекетінде, оқуы мен өзге де ситуацияларда кездестіретін қиындықтарын өзі шешуіне мүмкіндік беретін әрекеттің адаптивті емес тәсілдетін анықтайтын психологиялық көмектің түрі.
Кеңес беру - адамның мәселесін зерттеуде, дау-дамайды анықтауда, ситуацияны басқара білудің жаңа тәсілдеріндегі көрсетілетін көмек. Кеңес беру психолог жағдайды өзгертуге және жақсартуға тырысқан уақытта орындалады, бірақ ол өзгеріс үрдісін басқара алмайды.
Психолог-кеңесшіге эмпатия, ашықтық, тұтынушыға баға бермей қабылдау, оған оның өз мәселелерін өзі шеше алатындығына сенім көрсете білуі қажет. Кеңесші тұтынушыға жеке қамқорлығын оның көңіл-күйіне ену арқылы, сөзбен, мимикамен, дене қозғалысымен көрсетуі қажет; сондай-ақ өзімен тұтынушы арасында оптимальді психологиялық ара қашықтықты сақтай білуі қажет. Ол тұтынушыға қобалжулардан арылуға емес, осы қобалжуларды конструктивті бағытқа бұрып, тұтынушының өзін, өз өмірін, өзгертуге сенімділігімен шешімділігін ұялату. Кеңесші тұтынушыға ақыл айтып, өз ойын танытуға болмайды.
С. Глэддинг кеңес берушінің жеке қасиеттерімен тиімді жұмыс жолдарын төмендегідей қарастырады:
- Қызығушылық. Мұндай қасиеті бар адамдар басқаларға табиғи қызығушылық танытады.
- Тындай білу. Тындай білу қабілетін стимулдық фактор ретінде қолдана білу.
- Еркін әңгімелесу. Әңгімеден рахат ала білу.
- Эмпатия және түсіне білу. Жынысына мәдени бағыттылығына қарамастан, өзін басқа адамның орнына қоя білу.
- Қөңіл-күйін білдіру. Қөңіл-күйін шығара алатын адамдар қайғыдан қуанышқа дейін көрсете алады.
- Интроспекция. Өзінің ішкі сезімдерін сезіну, саналы сезіну.
- Өзін құрбан ете білу. Жеке шаруаларын кейінге қалдырып, бірінші кезекте басқа адамның мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, оны тыңдау.
- Жақын қарым-қатынасқа төзе білу. Қысымға қарамастан эмоциялық жақындыққа төзе білу.
- Биліктегілермен қарым-қатынасқа түсе білу. Биліктегілерді мойындай білу және тәуелсіздіктің белгілі деңгейін сақтау.
- Әзілдей білу. Өмірдегі оқиғалардың екі қырын қабылдай білу, олардан күлкілі нәрсе көре білу.
- Ойлау қабілетінің біліктілігі. Оқуға ынтасы және қабілеттілігі, тапқырлықпен шығармашылық ойлау қабілеті.
- Күш-қуаты. Кеңесші бірнеше сессия қатарынан белсенділік көрсете білуі керек
- Иілгіштік. Тұтынушылардың сұранысына қарай өз әрекеттерін икемдеу.
- Көмек көрсете білу. Тұтынушының шешімін қабылдауына қолдау көрсету, үмітпен сенімге ие болуға көмектесу.
- Жұмыс істеуге еркі. Тұтынушының қызығушылығына байланысты олардың тәуелсіздіг әдепін сақтай отырып, конструктивті жұмыс жасауға ықыласы.
- Өзіне сенімділік. Бұл өзін-өзі білу, ұстанымдарын, құндылықтары мен сезімдерін білу және осыларға қандай факторлар және олардың қалай әсер ететіндігін тани білу.
Кеңес беруші әдетте интервьюдің бес қадамдық моделін ұстанады:
- Тұтынушымен қарым-қатынас орнату және жұмысқа бағыттау;
- Тұтынушы туралы мәлімет жинау («Мәселенің мазмұны қандай?») ;
- Күтілетін нәтижені анықтау («Неге қол жеткізгіңіз келеді?») ;
- Балама шешімдерді ойлап шығару («Біз бұл жөнінде тағы не істей аламыз?») ;
- Тұтынушымен әрекеттесуді түйіндеме формасында қорытындылап, қарым-қатынасты аяқтау;
Осы келтірілген қабілеттер кеңес берушінің жеке басының сапаларына сәйкес келсе өте тиімді болар еді. Кеңес беруші топта әрі әртіс, әрі ғалым, сезімдермен интуицияларды әдістермен концепцияларды кәсіби білімдермен байланыстырады. Жалпы топтық психотерапевте төмендегідей тұлғалық қасиеттер болуы керек:
- Психологиялық қатынасу уайымына ортақтасу, қарым-қатынасқа эмоциялық тұрғыда берілу, басқа нәрселерге назар аудармай «қазір, осында, бізбен бірге» қағидасын ұстану.
- Өз күшіне сенімді болу және басқаларға өз ықпалын сезіндіру.
- Батылдылық өзінің сезімдерін көрсету үшін тәуекелге баруға, қателіктер жібермеуге және оларды мойындауға дайын болу.
- Шыншылдық өзі төмендегідей сұрақтарды қоя алу қабілетінен көрінеді:
- топпен жұмыс істей отырып, мен қандай қажеттіліктерге қызмет етемін? Бұл әрекеттен мен не аламын?
- Мен кез-келген бір топты өзімнің жеке қажеттіліктерімді қанағаттандыру үшін топтың қажеттіліктеріне қайшы келдім бе?
- Мен неге топта өзімді дәл осылай ұстаймын? Топқа менің қарым-қатнасым, құндылықтарым, сезімдерім және әрекеттерім қалай әсер етеді?
- Шынайылық дегеніміз топтың қатысушыларына өздерінің тыңдағысы келмейтіндерін де тік және мейірімділікпен айту болып саналады;
- Тең түпнұсқа (аутентичность) - бұл өз-өзімен болу қабілеттілігі, топқа пайдалы болатындай ашық жарқын болу;
- Ұқсастық сезімі жеке ішкі стандарттарына сүйену қабілеттілігі. Бұл сезім өзінің мәдени мұрасына және этникалық сана сезімін түсіну үшін негізделген және де өз өміріндегі мақсаттарын және өзінің психологиялық мүмкіндіктерін түсінуге негізделген;
- Өнертапқыштық және тапқырлық қиын жағдайларда қайталанбас шешімдер табуға мүмкіндік береді;
- Вербальді емес қарым-қатынас сезімдерді білдіруге көмектеседі. Белгілі болғандай сөйлеу барысында, қарым-қатынаста айтылатын әлеуметтік мәннің үштен бір бөлігін ғана білдіреді. Қарым-қатынастың тиімді жолдары келесідегідей: вербальді ұғымды білдіру-7%, дауыс-38%, бет-әлпет арқылы-55%.
К. Хеку бойынша 1-фазада жүргізуші иждевидтің күткеніне қарсы жүрмей, мүмкіндіктерді шеберлікпен сейілтіп және қарым-қатынасты «қазір және осы жерде» арнасына бағыттайды. Екінші фазада терапевт қалыпты емес лидермен бірігуіне алып келетін топтың онымен конфронтациясын тездетеді. Ал, үшінші фазада терапевт өзінің ескертулерімен топтағы рольдерді анықтап, және топтық нормаларды өндіретін эксперт позициясын ұстанады.
Топтық таяу әр жүргізушіден анық тұлғалық сапалармен осы бағытқа байланысты топ қатысушысы ретіндегі жұмыс тәжірибесін талап ететін бағыт-бағдарларға байланысты қолданылады. Топтар кіріспе стилі негізінде психотерапевтерді төмендегідей бөледі:
- Қамқоршылар -қатысушылардың жағдайын жасайды, танымдық бағыт -бағдар сілтейді, хабардар етеді және кеңес береді;
- Ынталандырушылар -оларға жоғары дәрежелі эмоционалды ынталандыру, және жоғары немесе орта дәрежелі орындаушылық функциялары тән;
- Әлеуметтік инженерлер -орташа қамқоршылар, жекешіл және олар жеке қатысушыларға қарағанда топқа және олардың қатысушыларының қарым-қатнасына өте көп назр бөледі;
- Тұлғалық-бейтарап лидерлер -өздерін алшақтау ұстайды, ара қашықтықты сақтайды, әлсіз қамқорлықпенорта дәрежелі эмоцияналды ынталандыру бағытымен сипатталады;
- Либералды жетекшілер -танымдық бағдарының айқындығы мен басқа мінездемелердің төмен бағытымен сипаттамалары;
- Басшылар -орындаушылық қызметінің жоғары дәрежесіне, авторитарлық айқындаушылыққа және әр түрлі жаттығуларды жиі қолдануға ие.
Осы типтердің арасындағы соңғы үшеуінің тиімділігі аз. Көбінесе топпен жұмыс істегенде төмендегі үш стиль жиі кездеседі:
Авторитарлы - жетекші, топта болып жатқан оқиғаларды жеке-жеке айқындайды.
Демократиялық - топтық талқылау арқылы жүзеге асырылады.
Өз бетімен жіберу - жетекші топта болып жатқан жайттарды бағаламайды және әсер етуге тырыспайды, билікті топқа береді.
Сонымен қатар, терапевт топтық процессті қадағалай отырып, фасилитацияның келесі түрлерін қолданады (ағылш. Facilitate - жеңілдету, жәрдемдесу) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz