Қазақстан Республикасының сот билігі статусы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының сот билігі статусы (эссе) .
Орындаған: Есенгелді Т. Д.
Тексерген: Самиева Г. Т.
Тобы: ГУ - 307
Семей - 2015
Сот билігі - бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот жүйесі бұл - азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарап, шешуге құзыретті орган болып табылады.
Сот жүйесі өзіне тән арнайы белгілері болып азаматтық, қылмыстық және тағы басқа да істерді шешуге процессуалдық заңдарға сүйене отырып, мемлекет атынан шешім шығарады.
Қазақстан Ресбупликасында биліктің бір тармағы ретінде сот әділдігін жүзеге асыратын - сот билігі органы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Сот жүйесі, Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР-ның Президентінің “Сот және судьялардың мәртебесі туралы” 1995 жылғы 20-желтоқсанындағы Жарлығына негізделген.
Қазақстан Республикасының Соты болып: ҚР-ның Жоғарғы соты және жергілікті соттары табылады. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, ҚР-ның әскери соты) аудандық, қалалық соттар жатады. Ешқандай да лауазымды тұлға, орган сот қызметін, функциясын жүзеге асыра алмайды, оны тек қана сот жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында соттардың қызметі келесі негізгі қағидаларға сүйене отырып құрылған: заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, барлық адам заң мен сот алдында теңдігі, тараптардың сот процессінде теңдігі, істерді жария түрде қарау.
Қазақтың азат мемлекет турасындағы ата-бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер аңсаған ұлы арманы орындалып, тәуелсіздіктің жиырма жылдығын Қазақстан толағай табыстармен атап өтіп қызу тойлап, қазақ елі бұрын-соңды болмаған аламан саяси өрлеу үстінде.
Әрине, елдің шын мәніндегі тәуелсіздігі Елбасының 1991 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен әп-сәтте бірден орнай қалған жоқ.
Еркіндік пен бостандық қуанышына бөленіп, шабытпен жігерленген Қазақстан халқы мемлекеттіліктің іргетасын қалауда егемендіктің қиын-қыстау алғашы жылдарында аса жанқиярлықпен қажырлы еңбек етті.
Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін, елде демократиялық принциптерді орнықтыру мақсатында Президентіміз халықтың бостандығы мен құқын қорғауда тәуелсіз сот болу керектіігі жөнінде берік ұстаныммен дамыған елдер үрдісінде батыл шешімдер алды.
Халықтың еркіндігі мен құқын қорғауда сот қызметкерлері басқа билік өкілдерімен қатар жариялылық пен ашықтық жағдайда нәтижелі еңбек етіп сот әділдігін жоғарғы деңгейде жүргізе білді.
Бұрынғы Кеңестер Одағында партия басқарған кезеңдегі түсінік пен қалыптасқан дағды, оның үстіне соттың материалдық-техникалық базасының жоқтығы тіпті қағаз, жазу-сызу құралдарының жетіспеушілігі сот қызметкерлерінің ұнжырғасын түсірмей, мемлекеттің қуатын арттыру мен елді өркениетті елдер қатарына қосуда, европалық стандарттарға сай сот әділдігін жүзеге асырып, өркениет принциптердің қалыптасуы үшін аса жауапкершілікпен және адалдықпен қызмет етті. Нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда Қазақстандық бағыт-бағдарды анықтаған Конституция қабылданды.
Ата заңымызда-Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, деп жарияланды. Мемлекетіміз Президент басқаруында үш билік тармағынан құралып, оның бір тармағы тәуелсіз сот билігі болып бекітілді.
Сонымен қатар, осы Ата заң-Конституцияда, азаматтардың заң мен сот алдында бірдейлігі және олардың кінәлі болып табылуы тек қана сот шешімімен белгіленетіні көрсетілді.
Соттың қызметі мен мәртебесі осылайша заңды түрде бекітілгеннен кейін, сот қызметкерлері өздеріне артылған орасан жауапкершілікті салқындалықпен қабылдап, салиқалыдықпен атқарып,, халыққа қалтқысыз қызмет ету жолында бар күш-жігерлерін аямай еңбек етті. .
Нәтижесінде Елбасының судьялар сьезінде айтқан: «Ел тәуелсіздігі тек реформалар кезеңі ғана емес, кең мағынасында алғанда, әділеттіліктің қалыптасып-бекуінің жылдары болды.
«Ұзақ жылдарға созылған заңсыздық, телефон арқылы және басқа да заңнан тыс нысанда жүзеге асырылған «Құқық» түрлерінен кейін адам сот билігінің күші мен беделін сезінді» деп көрсетті.
«Судьялардың халықтың ары мен ожданы», - екендігін айта отырып, олардың жұмысына қарай мемлекет беделі қалыптасатынын, баса көрсетті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы, сотқа деген сенімді қалыптастыру мен судьялардың беделін арттыруда қоғам болып атсалысуға шақырды. Қазақстандық сот жүйесінің қалыптасуы 2000 жылы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі» туралы Конституциялық заңымен бекітілді.
Сот жұмысына қандай да болсын араласу, сот актілерін орындамау сотқа құрметтемеушілік болып есептеліп, ондай әрекеттері үшін лауазымды тұлғаларды қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тарту жазалары кодекстерге рет-ретімен енгізілді.
Қазақстан Европа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуге өтініш білдірген кезден бастап сол ұйымның эмиссарлары иен арнаулы өкілдері Қазақстандағы демократиялық принциптердің жай-күйін тексеру мақсатында үш жылдай бақылау орнатқандығы, азаматтардың құқы мен бостандықтарының сақталуы жайлы анкеталар жүргізу, басқа да жолдармен тексеріс, сұрау жұмыстарын жүргізгендігі баршаға мәлім. Демократиялық принциптер мен адам құқығының сақталуы сот жұмысына байланысты болғандықтан, соттың күнделікті жұмыстарына мониторинг жасалып, ол шаралар журналистер қатысуларымен талқыланып, баспасөздерде жарияланып отырылды.
Ақыр соңында қазақстандық сот жүйесі мен оның жұмысы адам құқын қорғауда европалық стандарттарға сай болғандықтан, Қазақстан 2010 жылы Европа Қауіпсіздік және Ынтыматастық Ұйымына төрағалық ету құқына ие болып, оны абыроймен атқарып, ел мерейі үстем болып, қазақ халқының халықаралық беделі артты.
Қазақстан Судьялар Одағының ел тәуелсіздігінің 24 жылдығы қарсаңында Халықаралық Судьялар Қауымдастығына Ассоциациясына толық мүше болып қабылдануы егемендіктің баянды болуы үшін аянбай тер төккен судьялардың толыққанды ерен еңбегінің нәтижесі деп білеміз.
Азаматтардың бұзылған құқығы мен бостандықтарын дереу қалпына келтіру мақсатында сот жұмысында кезең-кезеңімен жаңалықтар енгізу үрдісі әр жыл сайын орынды шешімін табуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz