Азиялық сүген және қара сүгеннің түрлері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырып: Азиялық сүген және қара сүгеннің түрлері.

Орындаған: Манашев С.

Тексерген: Қаламов Б. Х.

Тобы: АГ-213

Семей 2015жыл

ЖОСПАР

  1. Өсімдіктің зақымдануы
  2. Зияндылығы
  3. Қара сүгеннің әртүрлілігі
  4. Биологиясы
  5. Қара қарағай сүгені
  6. Үлкен қара шырша сүгені
  7. Кіші қара шырша сүгені
  8. Күресу шаралары.

Азиялық сүгеннің қоңыздары және балаңқұрттары көптеген жапырақты ағаш түрлерінде: үйеңкі, терек, қайың, тал, қарағаш, тұт ағаш, шаған, алма ағаштары, шетен, шырғанақ ақ қараған, балқарағай, басқада декоративті және жеміс ағаштарында дамиды. Қара қарағай және қылқан жапырақты сүгендер қарағай, шырша, самырсын, және басқа да қылқан жапырақтың ағаштың түрлерін зақымдайды. Үлкен қара шырша сүгені көбінесе самырсын мен шыршаны, азырақ қарағай, балқарағай, қылқанжапырақты ағаштарды зақымдайды. Қылқан жапырақты түрлерінен басқа кейде қайың ағашымен қоректенеді. Кіші қара шырша сүгені сібірлік шыршамен қоректенеді.

C:\Users\Admin\Desktop\anoplophora-chinensis5.jpg

Азиялық сүген ағаштың жапырағымен және қабығымен қоректенеді. Жапырақ түсін жоғалтады және тез түседі, ағаш әлсізденеді, оның өсуі тежеледі, олар біртіндеп өле бастайды, ағаш құндылығын жоғалтады. Қоңыздар қосымша қоректену кезінде жас ағаштың бүршігіне және жіңішке бұтақтарындағы жапырақтарға, қабығына орасан зор зияндылығын тигізеді. Негізінен балаңқұрттары зиянын тигізеді, олар жуан бұтақтарын және ағаш діңінің ішін кеміріп жол салады, салдарынан ағаш қурайды. Сүгеннің балаңқұртарының ағаш діңінде қоныстану тығыздығы жоғары болса, онда барлық ағаштар тез солады. Қоңыздар бір маусымда 1500м радиустағы ағаштарды зақымдай алады.

Қосымша қорек кезінде қоңыздар қылқанды, бұтақ қабығын тегістеп, оның тығыздығын шеңберлейді, сол себепті қылқанның сарғаюына және түсуіне әкеп соғады. Сүгеннің балаңқұрттары қабықтың астынан қатпарлы шел қабығынан жоғары алаң жолақты түрінде кеміріп жол салады, салдарынан сүректің сапасы, құндылығы төмендейді.

Азиялық сүген жұмыртқа, балаңқұрт және қуыршақ сатысында қыстайды. Ерте көктемде балаңқұрттар қуыршақ камерасында қуыршақтанады. Мамырдың соңында жас қоңыздар ағаш діңін кеміріп жоғарыға шығарады. Қоңыздың ұшу орнын ағаш діңінен, негізгі бұтақтан, ағаш тамырының жоғарғы бөлігінен табуға болады. Ұшу тесігі кең, домалақ, диаметрі -9-11 мм, кесек ағаш үгінділері жерде кездеседі. Қосымша қоректену кезеңінен кейін (2-3 күн) қоңыздар шағылысу кезеңіне кіріседі. Қоңыздардың шағылысуы күндізгі уақытта (8-ден 14- сағат) белсенді болады. Ұрғашы көбірек шағылысады және тіршілік кезеңінің соңына дейін жұмыртқа салады. Ұрғашылар шағылысқаннан кейін 1 жетіден кейін жұмыртқа салады. Маусым-шілде айларында жұмырқаның бір-бірден кемірген ағаш қабығының астына салады (1 жылдың ұрпағы), және қыркүйек-қазан айларында (2 жылдық ұрпағы) балаңқұрттар 11 күннен кейін шығады және қабықтың астыңғы қабатымен қоректенуі басталды. Балаңқұрттар 1-ші және 3-ші жастарында шел қабығымен қоректенеді, қоректену аймағында қабықтар майысып қалуына әкеп соғады. Ересек жаста сүрекпен қоректенуге көшеді, артынан кең және адастыру ізін салады, ұзақтығы 10нан 30 см -ге дейін.

Өмірлік айналымы қарағайда өтеді, ұрпағы 1 жылдық. Балаңқұттар қыстауы қуыршақ тербелуінде өтеді. Мамыр айында қуыршақтану кезеңі болады. Балаңқұрттың біраз бөлігі 2 жылдық ұрпақта дамиды. Қоңыздар маусым айында ұшады, ұшу тесігі домалақ, диаметрі 5-7мм. Толық жетілу үшін жас қоңыздар қарағай бұтақтарымен немесе қылқан жапырақтармен қоректенеді. Маусым айынан бастап қазан айына дейін ұшуы басталады, жалпы ұшуы маусым-шілде айларында. Шағылысқаннан кейін, шілде айының ортасында ұрғашылары қабық діңін кішкене шұңқыр жасап кеміреді, сол жерге 1-2 жұмыртқа салады. Сол жерден 10-15 күннен кейін, ақ, аяқтары жоқ балаңқұрттары шығады. Балаңқұрттар қабық астынан көлемі дұрыс емес алаңды кеміреді, және 1 айдан кейін сопақ тесік жасап, сүрекке қарай кіреді. Қара қылқанды сүген негізінен самырсын ағашында дамиды, ұрпағы 1-2 жылдық.

Үлкен қара шырша сүгені - ұрпағы екі жылдық. Балаңқұрттары қыстайды. Мамырдың соңында -маусымның басында қуыршақтану кезеңі өтеді. Қуыршақ кезеңі 20-35 күнге созылады. Қоңыздар маусым- шілденің басында бірінші онкүндігінде ұшуы басталады, ұшуы жаз бойы жалғасады. Жас қоңыздың қосымша қорегі сау ағаштарда өтеді. Жұмыртқа салудан кейін қоңыздар қайтадан қоректенеді. Ұрғашылары қабық астына 1-2 жұмыртқадан салады. 15-20 күннен кейін балаңқұрттар өсіп-өнеді, ұзындығы 3-5 мм. Балаңқұрттар қабық астын кеміріп доға тәрізді жол салады, жолдың жалпы ұзындығы 40-50 см .

Кіші қара шырша сүгені - ұрпағы біржылдық. Балаңқұрттары сүректің тереңінде қыстайды. Көктемде олар қайтадан қабық аймағына жылжиды, және қоректенуін жалғастырады. Қоңыздар жаппай маусымда ұшады. Сұлбасында 10-15 күн өмір сүреді, содан кейін жаңадан кесілген немесе құлаған ағаштарды іздейді. Ұрғашы 50-ге дейін жұмыртқа салады. Әр жұмыртқаға ол қабықтан тереңдігі 5мм -ге дейін үңгір жасайды. Балаңқұрттар қабық ішінен кесек үгінділерді тесік арқылы сыртқа шығарады. Шел қабығымен 1-2 ай қоректенуін жалғастырады. Жаздың соңында балаңқұрттың ұзындығы 20 мм жетеді.

Азиялық сүген қоңыздары жылтыр қара, еркегінің денесінің ұзындығы 25 мм, ұрғашысы -35 мм, ені 6-12 мм, қанатының үсті жылтыр қара, ақ әртүрлі пішіндегі дақтар-20 данаға дейін нүктелері болады. Мұртшалары 11 сегменттен тұрады, әр сегмент қара, ақ-тереңірек сақина негізінде болады. Ұрғашылары мен еркегінің ұзындығы 2, 5 мм және денесінің ұзындығы-1, 3 мм құрайды. Сирақтары қара, ақ-көк түстес. Балаңқұрттары ұзыншақтау, ашық сары түстес, ең ұзыны 50мм. Қоңыздың балаңқұрттары Morchamus тегіне өте ұқсас болады. Жұмыртқасы -5-7 мм, ұзыншақтау, оның соңы аздап майысқан, шығар алдында балаңқұрт сарғыш -қоңыр түске енеді.

Қара қарағай сүгені - қоңыздар қара-сұр түсті, ұзындығы 16-28 мм. Еркегінің мұртшасы қара, денесінің ұзындығынан 2, 5 есе, ал ұрғашысынікі азырақ қысқарақ. Қалқаншасы ашық сұр түспен немеесе сарғыш түспен қалың жабылған. Еркегінікі қанатының үстінің соңы қысқара бастайды, ұршашысынікі қанатының бойымен тік кетеді. Кеуде қалқаншасы кең, ұзындығынан ені үлкенірек ұсақ қатпарлы бүйірі тіс тәрізді қалқаншасының түкті жабындысы жартысына дейін бөлінген. Балаңқұртарының арқасының алдыңғы жағы қоңырлау қалқаншалы болады.

Қоңыздың қанатының үсті негізінен сарғыш түстес қатпарлы, ал қалған оның бөліктері сирек ұсақ нүктелермен белгіленген, денесі қара қысқа жұмсақ түктермен қалың жабылған немесе азырақ ашық дақтармен, қанатының үстінің ортасына дейін жабылған. Еркегі мен ұрғашысының қанатарының үсті ашық суретпен, ашық дақтармен кезектесіп құралады. Сүгенің денесінің ұзындығы 12-20 мм.

Үлкен қара шырша сүгені-қоңыздың ұзындығы 15-37мм. Еркегінің мұртшасы денесінің ұзындығынан екі есе ұзын, жалпақ шекесі төмен бағытталған. Қоңыздың денесі қара, жылтыр. Алдыңғы арқасы көлденең қалқаншалы сары шашақ түстермен тегіс жабылған. Еркегінің түктерінің дақтары біркелкі емес болады.

Қоңыздың денесі ұзындау, сопақша, ұзындығы 15-24мм . Еркегінің мұртшасы қара өте ұзын, ал ұрғашысының мұртшасы ақ шеңбер тәрізді. Қанатының үсті біркелкі цилиндр тәрізді, үш көлденең жолақты. Сирақтары жылтыр-қара, қанаттарының үстінде ақ ұсақ дақтар болады. Қалқанша ашық түктермен ұзындау жолақтармен толық бөлінген. Балаңқұрттар үлкен ақ түсті, мықты жақтары болады. Басының артқы жағы қатты қысылған және жартылай кеудеге қарай батырылған. Ересек балаңқұрттарының ұзындығы 35-40 мм.

C:\Users\Admin\Desktop\2bda79050277.jpg

Азиялық сүген қоңызының шығу мерзімін және оның санын анықтау үшін фермондық ұстағышты ағаштың ашық жерлеріне, биіктігі 1, 5 м жерге орналатылады. Азиялық сүгеннің қоныстанғанын және қара сүгеннің әртүрлісін көз мөлшермен зақымданған қабық, жапырақ, ұшып шығатын ағаш діңінің тесіктерінен, ағаштан бөлінетін шырынан, нәжіс және ұнталған үгіндісінен көруге болады. Анықтау бағыттық әдіспен жүргізіледі, әрбір бағыттық жүрісте зиянкестің санын есепке алу үшін керекті орны таңдалады - 50 га жерге бір сынаба әр 10 ағаштан алынып, биологиялық зиянкес анықталады. Анықтау қорытындысы актіде көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буынаяқтылар, Шаянтәрізділер,Өрмекшітәрізділер
Күнбағыстың түрлері
Күнбағыс зиянкестері
Жалпақ жапырақтылардың өркен және бұтақ аурулары
Күнбағысты өсіру технологиясы
Жеміс шірігі
Орман ағаштары және оларға зиян келтіретін аурулар
Көркем әдебиет стиліндегі диалектизм
Қазақстанда ауланатын балықтар
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz