Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары



М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Бөлім 1. Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Дені сау халық деңгейін қалыптастыруда қоршаған орта факторларының ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Бөлім 2. Зерттеулердің әдістері мен көлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Ауаның құрамын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Ауаның шаңдануын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Бөлім 3. Өзіндік зерттеулердің нәтижелері және оларды талдау ... ... ... ... ...
3.1. Гигиеналық зерттеулер нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға қатысты шаралар кешені.
3.3. Жер беті және жер асты суларын қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4. Жер ресурстарын қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Бітім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде ең жоғарғы дәрежеде табиғи табиғат процестеріне күшті антропогенді әсерлердің нәтижелері көрініс беріп жатыр [Губарев А.В., Левашов О.М., 1990, Дмитриев А.Д., Косолапова А.Б., 1990].
Атырау облысындағы Каспийдің шельфті аймағында 30 жылдан астам тұз кенорындары Тран, Мәртіш, Жаңаталап, Бөзұшы, Қаражамбас, Қаламқас пайдаланылып келеді.
1993 жылдан бастап тұзды кен орындары Тенгіздің ТШО шығарынды құрамына көмірсутектер, күкіртсутектер, азоттың және күкірттің шала тотықтары кіреді. Бұл заттар атмосфераға түсіп, бізді жауып тұрған қабатқа сіңеді, яғни биота тіршілігінің табиғи жағдайларын өзгертеді [Кенжегалиев А.К., 2002].
Индер борат рудасының техногенді кен орны Атырау облысы территориясында Атырау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан. Техногенді минералды түзілімдер – бұл борат рудасы қорының жиынтығы, ол 1950 жылдан 1990 жылдарда олардың қайта өңдеуінен жасалған.
Жақын жердегі тұрғылықты пункт – белгіленіп жасалынатын кен орындарын тікелей жақын маңында оңтүстік-шығыс кенорыны Индер ауылында орналасқан [Ксандопуло Г.И., Лейман З.А., 1999].
Минералды өнекәсіптің күшті дамуы және техникалық жағынан жетілуі ірі минерал өндіретін және өңдейтін өндірістердің құрылуымен сипатталады. Еліміздің ірі территориялық - өндірістік кешендерін үздіксіз өсіру және өнеркәсіптік потенциалды шоғырландыру, сөзсіз қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі. Кен орындарын жасау үшін биосфераға әсер ету тән, ол іс жүзінде оның барлық элементтерін қамтиды [Гальперин В.И., 1984, Новиков Ю.В., 1997].
Кен орындарын меңгеруге байланысты шаң газды ұйымдасқан және ұйымдаспаған шығарылымдармен ластанады. Соның нәтижесінде халықтың және жұмысшылардың денсаулықтары нашарлайды [Красавин А.Н., Цукерман Н.С., 1985].
Атмосфералық ауаны ластайтын факторлардың жиынтығын және олардың организмнің жалпы жағдайына әсерін зерттеу – денсаулықты және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелер шараларын жасау негізі.
Жұмыстың мақсаты – техногенді ауданның атмосфералық ауасының ластануын экологиялық бағалау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажеттілігі қарастырылады:
- Индер ауданының экологиялық жағдайын зерттеу;
- Ұйымдастырылмаған көздерден атмосфералық шаңдардың шығарылым мөлшеріне экологиялық бағасын беру;
- Қоршаған ортаны жақсартуға байланысты шаралар кешенін ұсыну.
Әдебиеттер
1. Абдрахманов М., Умбеталиева Г. Экологические проблемы Атырауской области и некоторые пути их решения // Современные проблемы геофизики, геологии, освоения, переработки и использования углеводородного сырья: матер. междунар. науч.-техн. конф., посвящ. 20-летию образования Атырауского ин-та нефти и газа.-Атырау: АИНГ, 2001.-Т.2.-с. 364-366
2. Алдабергенов Н. Қоршаған ортаны құрбандыққа шалып қол жеткізген байлықтың пайдасын кім көреді? // Атамекен.-2004.-№8.-2 б.
3. Алферов В.П., Голубев И.Р. Влияние атмосферных загрязнений на состояния здоровья взрослого работающего населения // Гигиенические аспекты охраны окружающей среды: сб.научн.труд.-М.,1979.-с.27-28
4. Aujezdska A., Zloch Z., Tvrzky J., Janouch J// Zivontni prostredi vesta Plznt fjeho zdravotni rizika: [Pap]Ses.fac.med.pilsnen.sci., [Plzen], 28-29 Nov., 1990/ // Plzen.itk.sb.-1991.-suppl.64.-P.71-74
5. Бейм А.М., и соавт. Эколого-гигиеническая оценка состояния природной среды и здоровья детского населения в зоне влияния Байкальского ЦБК // Мониторинг и оценка состояния Байкала и Прибайкалья: матер.6 Всес.Байкал.шк.-семин. / Ин-т глобал.климата и экол.-Л.,1991.-с.204-211
6. Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.-Алматы:"Ғылым", 2004.-204 б.
7. Викулов Ю.Г. Физическое развитие подростков, молодежи и экологическая ситуация // Начальная школа Казахстана.-2002.-№8.-с.9-12
8. Вищаренко В.С. Принципы управления качеством окружающей среды городов// Урбоэкология.-М., 1990.-с.198-206
9. Вирфель И.А. К вопросу изучение переноса окиси углерода в условиях Алма-Аты// Тр.Каз.регион. п-н гидрометеоролог. ин-та.-1990.- №105.-с.48-51
10. Воробьева А.И. и соавт. Гигиеническая оценка влияния атмосферных загрязнений на здоровье населения промышленного города// Гигиена и санитария.-1990.- №1.-с.15-16
11. Гальперин В.И. Защита атмосферы от пылегазовых выбросов горнохимических предприятий.-М.Недра, 1984.-с.55
12. Губарев А.В., Левашов О.М., Абросилов А.Д., Скрипко Е.В. Снежный покров как индикатор загрязнения атмосферных осадков и поверхностных вод// Проблемы экологий человека в Сибири: Тезисы докл. к регион. конф. Т.2.-Новокузнецк, 1990.-с.46-47
13. Двинских С.А., и соавт. Системный подход к оценке влияния экологической обстановки на компоненты природы и здоровье// Физ-геогр. основы развития и размещ. производит.сил Нечернозем. урала/ Пермс.гос. ун-т.-Пермь.-1991.-с.17-24
14. Димитриев А.Д., Косолапова А.Б. Окружающая среда и здоровье человека:Владивосток, 1990.-с.119
15. Заводская Л.Н., Инкарова Ж.И., Абдрахманова М.Н. // Окружающая среда и здоровье населения в Западно-Казахстанской области: материалы съезда физиологов Каз.г. Аст.-Караганда, 1999.-с.5-6
16. Ергова А.И., Юрченко О.В. Экологические аспекты развития объектов Прикаспийского нефтегазового комплекса Казахстана// Тезисы докл. на Междунар. научно-практ. конф.: Караганда, 2002.-Т.2.-с.101-102
17. Изуткин Д.И., Квасов С.Е., Коптева Л.Н. Самооценка работающих на промышленном предприятии, состояния здоровья и его связи с образом жизни // Сов.здравоох.-1991.-№2.-с.41-44
18. Исраилов Г.И., Вайсброд К.А. Вентиляционная способность легких у работающих на сталелитейном производстве концерна "Павлодартрактор"// Здравоох.Казахстана.-1994.-№6.-с.31-34
19. Калжигитов Х.С., Нургазиев К.Ш., Ергалиев Т.О., Абилгазиева А.А. Анализ заболеваемости населения Атырауской области// Проблемы нефтегазового комплекса Каз.: матер. Междунар. науч-техн. конф. посвящ. 70-летнему юбилею акад. Н.К. Надирова.-Атырау:АИНГ, 2001.-Т.2.-с.308-311
Калжигитов Х.С., Ергалиев Т., Сагын Х. Анализ заболеваемости сельского населения Атырауской области// Современные проблемы геофизики,

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Бөлім 1. Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .

1. Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті
сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2. Дені сау халық деңгейін қалыптастыруда қоршаған орта факторларының ролі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Бөлім 2. Зерттеулердің әдістері мен
көлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Ауаның құрамын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
1. Ауаның шаңдануын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .

Бөлім 3. Өзіндік зерттеулердің нәтижелері және оларды талдау
... ... ... ... ...
1. Гигиеналық зерттеулер
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .
2. Аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға қатысты шаралар кешені.
3. Жер беті және жер асты суларын
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Жер ресурстарын
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...

Бітім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

Әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Шартты белгілер тізімі:

ББЗ – беттік-белсенді заттар

ШРК – шекті рауалды концентрация
КҚК – кәсіпорынның қауіптілік категориясы
ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар
ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі
ТШО – Теңгізшевройл
ТМТ – техногенді минералды түзілімдер
h – материалды себу биіктігі
K0 – ылғалдылық коэффициенті
m – табиғи күйдегі ластаушы заттың нормативі
MHj – кәсіпорын шығарындысының жалпы көлемі
V – жел жылдамдығы
W – материалдың ылғалдылығы

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде ең жоғарғы дәрежеде табиғи табиғат процестеріне күшті
антропогенді әсерлердің нәтижелері көрініс беріп жатыр [Губарев А.В.,
Левашов О.М., 1990, Дмитриев А.Д., Косолапова А.Б., 1990].
Атырау облысындағы Каспийдің шельфті аймағында 30 жылдан астам тұз
кенорындары Тран, Мәртіш, Жаңаталап, Бөзұшы, Қаражамбас, Қаламқас
пайдаланылып келеді.
1993 жылдан бастап тұзды кен орындары Тенгіздің ТШО шығарынды құрамына
көмірсутектер, күкіртсутектер, азоттың және күкірттің шала тотықтары
кіреді. Бұл заттар атмосфераға түсіп, бізді жауып тұрған қабатқа сіңеді,
яғни биота тіршілігінің табиғи жағдайларын өзгертеді [Кенжегалиев А.К.,
2002].
Индер борат рудасының техногенді кен орны Атырау облысы
территориясында Атырау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан. Техногенді
минералды түзілімдер – бұл борат рудасы қорының жиынтығы, ол 1950 жылдан
1990 жылдарда олардың қайта өңдеуінен жасалған.
Жақын жердегі тұрғылықты пункт – белгіленіп жасалынатын кен орындарын
тікелей жақын маңында оңтүстік-шығыс кенорыны Индер ауылында орналасқан
[Ксандопуло Г.И., Лейман З.А., 1999].
Минералды өнекәсіптің күшті дамуы және техникалық жағынан жетілуі ірі
минерал өндіретін және өңдейтін өндірістердің құрылуымен сипатталады.
Еліміздің ірі территориялық - өндірістік кешендерін үздіксіз өсіру және
өнеркәсіптік потенциалды шоғырландыру, сөзсіз қоршаған ортаның өзгеруіне
әкеледі. Кен орындарын жасау үшін биосфераға әсер ету тән, ол іс жүзінде
оның барлық элементтерін қамтиды [Гальперин В.И., 1984, Новиков Ю.В.,
1997].
Кен орындарын меңгеруге байланысты шаң газды ұйымдасқан және
ұйымдаспаған шығарылымдармен ластанады. Соның нәтижесінде халықтың және
жұмысшылардың денсаулықтары нашарлайды [Красавин А.Н., Цукерман Н.С.,
1985].
Атмосфералық ауаны ластайтын факторлардың жиынтығын және олардың
организмнің жалпы жағдайына әсерін зерттеу – денсаулықты және еңбек
жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелер шараларын жасау негізі.
Жұмыстың мақсаты – техногенді ауданның атмосфералық ауасының ластануын
экологиялық бағалау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажеттілігі
қарастырылады:
- Индер ауданының экологиялық жағдайын зерттеу;
- Ұйымдастырылмаған көздерден атмосфералық шаңдардың шығарылым
мөлшеріне экологиялық бағасын беру;
- Қоршаған ортаны жақсартуға байланысты шаралар кешенін ұсыну.

БӨЛІМ 1. Әдебиеттерге шолу

1.1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРЫ

Ірі индустрияның өсуіне байланысты үлкен қалалар күшті өседі және
сыртқы орта өзгерістерінің масштабтары ұлғаяды. Бұл атмосфералық
ластанудың аймақтарының біртіндеп өсуі адамзаттың өндірістік іс-әрекетінің
даму мөлшеріне байланысты екенін келесі түрде көрсетуге болады: тұрғын үй-
өнеркәсіп орындар – маңындағы территориялар – ірі тұрғылықты пунктер – жер
шарының аудандары мен облыстары [Суржиков В.Д., 1990].

Соңғы онжылдықта тозудан, ластанудан және деградациядан қоршаған ортаны
қорғау мәселелерінің әртүрлі аспектілеріне қызығушылықтың өсуі байқалады.
Бұл мәселенің шұғыл өзекті болуының негізгі себебі антропогенді іс-
әрекеттің әсерінен қоршаған ортаның күшті өзгеруі болып табылады.
Өнеркәсіптің, энергетиканың және автокөліктің дамуы, ауыл шаруашылығы мен
тұрмыстың химияландыруы, урбандануы, қаланың өсуі қоршаған ортаны күшті
ластайтын өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, транспорттық, тұрмыстық және басқа
шығарылымдардың өсуіне әкеледі [Бейм А.М., и соавт., 1991].

Демек, өнеркәсіптік төңкеріс таңында келтірілген атмосфера ластануының
тек аздаған зияны, қазіргі кезде қауіпті қоғамдық апат болып отыр, оның тек
қана ұлттық емес, сонымен қатар халықаралық маңызы бар [Aujezdska A.,
1991].
Атмосфералық ауаға әсер ету көзі ретінде технологиялық құрал-
жабдықтпар, көмірсутек шикізаты мен өнімдерін өндіру, өңдеу және
тасымалдауға арналған құрылыстар мен жүйелерін айтуға болады. Ауаның
негізгі лпастануы көміртегі оксидіне, ауада жанған органикалық отынның
өнімдеріне, сондай-ақ кәдімгі отынның құрамындағы улы заттармен байланысты.
Шектеу жүйесіндегі өнеркәсіп әрекеттері нәтижесінде пайда болған
атмосфераға бөлінетін 39 түрлі зиянды заттардан 82338,295 тонна зиянды
қалдық бөлінетіндігі есептелген.
Атмосфералық озон әрекеттерінің фотохимиялық әрекеттері нәтижесінде
ауаға түтінді газдардың таралуы кезінде азот монооксиді азот диоксидіне
дейін тотығады. Энергия кәсіпорындары үшін өзгеру деңгейі 0,8, яғни ауаның
жерге жақын қабатында түтінді газдармен бірге түсетін азот қышқылының жалпы
массасы, ал 80% азот диоксидінің үлесіне тиеді, нәтижесінде қалдықтардың
улылығы жоғарылайды [Фаизов К.Ш., Раимжанов М.М., Алимбекова Ж.С., 2003].
Авто және темір жол транспорттары объектілер мен шаруашылық әрекеттері
арасын байланыстыра отырып, транспорттық жұмыстарын атқарады. Транспорт
және техниканың таралуы және сақталуы ашық және жабық типті автотұрақтарда
жүргізіледі. Автотранспорттардан бөлінген зиянды қалдықтар жылына 1332,868
тонна құраса, темір жол транспорттарынан бөлінген – 221,720 тонна құрайды
[Джаналеева К.М., 2001].
Ауа бассейндердің жағдайы табиғи-климаттық жағдай мен техногенді
факторлардың өзара қарым-қатынасымен анықталады. Фондық ластану, техногенді
салмақтар мен климаттық жағдайлар атмосфераның өзін-өзі тазалау мүмкіндігін
қалыптастырады. Атмосфераның зиянды қосындылардан тазаруына мүмкіндік
беретін немесе бермейтін факторлар: температура инверсиясы, тұмандар, шаңды
борандар, желдер, жауын-шашындар. Бұл территория жел жылдамдығының
жоғарылығына қарамастан, атмосферасы жоғары деңгейде ластанған ауаға
жатады. Бұл табиғи жоғары шаңданумен, жауын-шашының шаю қабілетінің
нашарлылығымен, жиі тұратын тұмандармен анықталады [Чигаркина О.А., 2001].
Қоршаған орта факторлары негізінен химиялық, биологиялық, физикалық
болып бөлінеді. Зияндылық дәрежесіне қарай барлық заттар түрлі класстарына
жіктеледі. Қауіптілік критериясы – заттың уыттылық дәрежесі, олардың
спецификалық, оның ішінде канцерогенді эффект беру мүмкіндігі, қоршаған
ортада таралуы және қоршаған орта жағдайына тұрақтылығы, адам ағзасында
жинақталуға және зиянды қосылыстарға айналуға қабілеттілігі болып табылады
[Сидоренко Г.И., Литвинов И.Н., 1988].
Қазақстанда аса ірі атмосфераны ластаушыларға жылу энергетикасы
өнеркәсіптері жатады. Олар жылына 1 млн жуық зиянды заттарды бөледі.
Шығарынды заттардың ішінде уытты заттардың өсу себебі зольдылығы жоғары
(48%) қатты отын пайдалануда жатыр.
Ауаның уытты шаңмен ластануының көзі үйінділер өндірістік және
энергетикалық кәсіпорынның күлтөкпелері. Сонымен қатар авто және темір жол
көліктері де атмосфераны ластаушылардың бірі болып табылады.
Колесникова С. (2001) зерттеуіне қарасақ, 2000 жылы қозғалмалы
көздерден түскен шығарынды 1098 мың тонна құраған. Автокөлік жабдықтары
паркінің өсіміне қарамастан, 1991 жылдан 1997 жылға дейін автокөліктен
бөлінген жалпы зиянды заттар көлемі 1,8 есе азайған. Бұл автокөлік
жабдықтар паркінің құрылысының өзгеруімен, көлік жұмысы көлемінің және
автомоторлы жанармайды қолдану көлемінің азаюмен түсіндіріледі.
Ауаның автокөліктерден ластану себебі: автомобиль техникалық қызмет
көрсетуінің нашарлығы, қолданатын жанармай сапасының төмендігі, бензин
құрамында қорғасын қоспасының болуы, көлік ағынын басқару жүйесінің шала
дамуы, экологиялық таза көлік түрін пайдаланудың төменгі дәрежеде болуында.
Атмосфералық ауаның біршама ластануының басты себептерінің бірі
өнеркәсіптік орындарында тазарту құрылымдарының жеткіліксіз қамтамасыздануы
және қондырылған газшаңұстағыш қондырмалардың төменгі тиімділігі болып
табылады [Бирюкович А.А., 1993]. Бұл жағдайда кәсіпорындарындағы тазартқыш
құрылымдар тиімсіз жұмыс істейді. Ауа бассейнінің ластануына техникалық
жетіспеушілік те ықпал етеді.
Ерекше қауіпті атмосфераның ластануы туғызады – ол табиғи ортаның ең
маңызды компоненттерінің бірі . Өндіріс көлемінің және өнеркәсіптік синтез
өнімдері санының басылмай өсуі нәтижесінде ластанған ауа талдаудың ең қиын
обьектісі болып табылады және атмосфераға жаңа қосылыстардың енуіне
әкеледі және олардың ішінде токсикологиялық сипаттамасы белгісіз, қауіпті
қосылыстар аз емес [Рафиков С.А., 1990].
Кенді атмосфера құрамында жоғары көмірқышқылы газының болуымен
сипатталады, сонымен қатар көміртегі тотығы, азот тотықтары, метан,
күкіртсутек, күкіртті газ да кездесуі мүмкін. Жоғарыда айтылған газдардың
ауада жиналуы нәтижесінде оттегінің азаюын байқауға болады.
Көмірқышқыл газы – жарылыс жұмыстары мен көмірдің тотығуы кезінде
түзіледі;
Күкіртсутек – жарылыс заттардың толық емес жануы кезінде пайда болады;
Күкіртті газ – жарылыс пен өрт, жыныс пен қаттан бөлінуі кезінде
түзіледі;
Көміртегі тотығы – жарылыс жұмыстары мен өрттен пайда болады [Комаров
В.С., 1970].
Тау кен өндіруде қоршаған жыныстарданметан мен көмірқышқыл газдарының
бөлінуі, жарылыс жұмыстар мен органикалық заттардың шіруі кезінде уытты
газдар мен су буларының түзілуі нәтижесінде атмосфералық ауа құрамы
өзгереді.
Оттегі адам тыныс алуына пайдаланылып, шіру және метан тотығуы кезінде
жұтылатындықтан тау кен өндірісі кезінде ол түзілмейді, керісінше құрамы
күрт азаяды..
Тау кен өндірісінде таралған үздіксіз құрамы бойынша өзгеріп отыратын
ауаны – кенді ауа деп атайды.Оның мынадай негізгі құрама бөліктері болады:
Азот (N2) – салыстырмалы инертті, түссіз, дәмсіз және иіссіз газ,
салыстырмалы тығыздығы ,0967. Тыныс алу мен жануға еш әсері жоқ, зиянсыз.
Оттегі (O2) – түссіз, иіссіз, дәмсіз газ, тығыздығы 1,11. Тыныс алу
үшін қажет. Тау кен өндірісінде адамдар таралған жерінде газдың 20%-дан кем
болмауы керек. Газдың мөлшері 18%-ға дейін төмендесе, адамды ұйқы басып,
17%– демікпе, жүрек соғысы жиілейді, әрі қарай оттегі 12% дейін жетсе талу
байқалады, ал 10%– өлім қаупі бар.
Көмірқышқыл газы (CO2) – түссіз, әлсіз қышқыл иісі мен дәмі бар газ.
Суда жақсы ериді, әлсіз уытты, себебі кеңсіріктің шырышты қабатында тұз
қышқылын түзеді. Тыныс алуға жарамсыз, жануды қолдамайды. Тотығу
процестері, жарылыс жұмыстары, метанауа қоспасының ұшқыны кезінде түзіледі.
Сондай-ақ өрт, адам тыныс алуы кезінде, желдетілмейтін бөлмелерден
бөлінеді. Едәуір тығыздығы болғандықтан (1,52) өндіру топырағы маңында
жиналады. Көмірқышқыл газы ауада жоғарылаған кезде ол тыныс алу мүшелерін
қоздырады. 3% кезінде тыныс алу жиілігі екі еселенеді, 5%– үш еселенеді,
10% талып қалады, 20%-дан жоғары болса, қауіпті улану байқалады.
Көміртегі тотығы (CO) – түссіз, иіссіз, дәмсіз газ. Суда аз ериді,
тығыздығы 0,97. Көк жалын болып жанады. Концентрациясы 13-75% және қысымы
101,1 кПа болса, жану температурасы 630-810◦ С болатын ауамен жарылу қаупі
бар қоспа түзеді. Бұл газ өте уытты. Қан гемоглобинінде оттегіге қарағанда
250-300 есе белсенді еріп, оттегі ашығуын тудырады. Адам қанының толық
қанығуы үшін СО газының 300 см3 мөлшері жеткілікті, сондықтан аз ғана
мөлшері кезінде улану байқалады. Бір сағат бойы құрамында 0,048% СО бар
ауамен дем алу кезінде адам құлағы шулап, бас ауырып, жүрек соғысы
жиілейді. 0,128% кезінде 0,5-1 сағаттан соң, ауыр улану– аяқ-қол
бұлшықетінің ауруы, ұйқы басу, қозғалу мен тұрудың қиындығы байқалады. Өте
тұрақты уытты газ ауада 4 тәулікке дейін ыдырамайды. Бұл уақыт аралығында
күшті жел болса, көміртегі тотығы қышқыл жаңбыр тәрізді бірнеше мың
шақырымға тарай алады. Еуропа мен Америка жыл сайын көлемі 20% ластаушы
заттарды ауа бассейіні арқылы алмастыратыны дәлелденді [М.Диаров, 2001].
0,4% концентрациялы көміртегі тотығын бірнеше минут немесе 1%
концентрациясынан бір-екі дем алса, есінен таңып, өте қауіпті улану
байқалады. Көміртегі тотығы өрт, көмір шаңының жарылысы кезінде түзіледі.
Күкіртсутек (H2S) – түссіз, тәтті дәмі бар, бұзылған жұмыртқа иісті,
суда жақсы еритін газ. Тығыздығы 1,17. Күкітрсутек жанады және мөлшері 4,3-
45,5% болса, ауамен жарылу қаупі бар қоспа түзеді. Өте улы. 0,004%
концентрациясын 3-4 сағат дем алған соң, жеңіл улану белгілері(бас ауруы,
жүрек айну); 0,05% кезінде 5-10 минуттан кейін қауіпті улану;
концентрациясы 0,1%-дан жоғары күкіртсутекті ауаны бір рет дем алудың өзі
есінен айрылу мен тыныс алу орталығының парличінен қаза болады. Кенді
атмосферада мөлшері 0,0001% болғанда күкіртсутек иісі бойынша анықтауға
болады. Ауаның қатысынсыз органикалық заттардың шіруі және жарылыс
жұмыстары нәтижесінде пайда болады.
Күкіртті газ немесе күкіртті ангидрид (SO2) – түссіз, өткір иісті және
қышқыл дәмді, суда жақсы еріп, күкіртті қышқыл түзеді. Жанбайды және жануды
қолдамайды. Тығыздығы 2,26. Күкіртті газ ауада 0,0005% мөлшері кезінде иісі
және көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығының тітркенуі арқылы
анықталады. Газдың 0,05% мөлшері өкпенің күрделі ісігіне әкеледі.Бос
күйінде шахталарда сирек кездеседі, күкірті бар көмір мен жыныстарда
жарылыс жұмыстарды жүргізу не өрт кезінде пайда болады.
Азоттың қос тотығы (NO2) – қою-қызыл түсті, сарымсақ иісі бар газ,
тығыздығы 1,57. Көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарын қоздырып,
өкпе ісігін тудырады. Азот тотықтарының ерекшелігі – біраз уақыттан соң,
улау әрекетінің көрініс табуы (20 минуттан 6 сағатқа дейін және одан да
көп). Улану белгілері: жөтел, демікпе, бас ауруы, әлсіздік. 0,025%
концентрациялы азот қос тотығы бар кенді ауамен тыныс алу өмірге қауіп
туғызады.
Аммиак – өткір иісті, түссіз газ. Салмағы 0,596, суда жақсы ериді. Улы.
Кілегейлі қабық пен теріні қоздырады, жоғары температурада жұтқыншақтың
ісігін туғызады. Жарылыс жұмыстары нәтижесінде пайда болады.
Компрессорлы газдар – жағармайлардың ыдырауынан пайда болатын жарылатын
және улы газдар қоспасы (CO, CH4, басқа көмірсутектер).
Автокөліктерден шығатын газдар – шахтаның атмосферасында іштей жану
двигательдері жұмысы кезінде түзіледі. Бұл газдар құрамына СО, СО2 ,
азоттар тотығынан басқа тағы акролеин және формальдегид кіреді.
Акролеин (CH2-CHCHO) – күйген майдың өткір иісі бар, түссіз, ұшпа
сұйықтық. Ауаға пар ретінде таралады. Улы. Кілегейлі қабықты
тітіркендіреді. Өмірге қауіпті мөлшері 0,0014%.
Формальдегид (HCHO) – өткір, тұншықтыратын иісі бар түссіз газ. Улы.
0.018% мөлшері көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығының қатты
тітіркенуін туғызады.
Сынап (Hg) пен мышьяктың (As) булары, цианидсутек (HCN) – кенді ауаның
өте сирек қоспалары. Жарылыс жұмыстары мен кенді өндіру барысында бөлінеді
[Комаров В.С., 1970].
Кенді атмосфераның құрамында сонымен қатар шаң да болады. Кенді шаң –
бұл өндіріс процесі нәтижесінде түзілетін және кен өндіру мен жұмыс
бөлмелерінде тұнған не ауада таралатын пайдалы қазбалар бөліктері мен
жыныстардың жиынтығы.
Кенді шаң адам денсаулығына зиянды. Көлемі 5 мкм шаң бөліктері аса
қауіпті. Олар өкпеге өтіп, пневмокониоздың дамуын туғызады. Одан әрі
бөліктер жоғары тыныс жолдарын тітіркендіріп, бронхит ауруына әкеледі.
Кенді шаң жарылыстың седеді болуы мүмкін [Изуткин Д.И., 1991].
Қазіргі кезде қоршаған ортаға халық шаруашылығының әртүрлі саласында
қолданылатын және синтезделетін химиялық заттардың көп мөлшері түседі.
Сонымен қатар қоршаған орта ластаушыларының шектеулі мөлшерінің
нормативтері тек олардың аздаған бөліктеріне қойылған.
Химиялық заттарды нормалаудың әдістемелік жақындауы, сонымен бірге
атмосфералық ауадағы канцерогенді заттарды нормалаудың теориялық
аспектілері М.Л.Красовицкая, М.А.Пинигина жұмыстарында қарастырылған
[Копытенкова О.И., 1990].
Негізінен мұнай және мұнай өндіру өндірісі шоғырланған Атырау облысы
Қазақстан Республикасының экологиялық жағымсыз аймағы деп саналады. Мұнай
өндіру саласы – атмосфералық ауаны ластаушылардың негізгі көзі. Жаңа кен
орындарын игеру, ескілерді қайта жасау атмосфераның күкіртті бар
ингредиенттермен, көмірқышқыл газымен ластануының жоғарылауына әкелді.
Олардың концентрациясы рауалды деңгейді ондаған есе асырады. Кен орындардың
көдісі жаңа технологиялармен қамтамасыздандырылмаған. Мұнай өндіру ескі
технологиялар бойынша жүргізіліп жатыр. Мұнаймен қоса көп мөлшерде ілеспе
газ бен қат суы (пластовая вода) өндіріледі. Олар қажетті деңгейде
пайдаланбайды, бірден қоршаған ортаға төгіледі.
Облыстағы жағымсыз экологиялық жағдайды Теңгіз кен орындағы мұнай
өндіру көлемінің өсуі нашарлатты. Атмосфераға түсетін зиянды заттар мөлшері
күрт артты.
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластануды тоқтату мәселесі өткір тұр,
себебі мұнай кенорындары теңіз жағалауына жақын орналасқан. Кен орындарды
су астында қалудан қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстар уақытша сипатта
және мәселенің ғаламдық ғаламдық деңгейде шешімі табылмай жатыр.
Сонымен қатар аймақтың экологиялық жағдайына ішкі көзден басқа көрші
облыстың мұнай және газ өндіруші кәсіпорындары да кері әсерін тигізіп
жатыр. Атырау облысында 16 кәсіпорын өз жұмысында иондық сәулелену көздерін
(469) пайдаланады.
Өткен он жыл ішінде Атырау облысы бойынша орта есеппен әр жыл сайын
ауаға 164,65 мың тонна түтін шықты. Оның негізгі өндірушілері облыстың әр
түрлі кәсіпорындары. Негізінен облыс бойынша шығатын лас түтіннің 72,5%
тұрақты мұржасы бар өндіріс мекемесінің үлесіне тиеді. Оған қоса облыста
ауаны автокөлік түтінімен ластау да орын алады. Мысалы, 1990-1995 жылдарда
облыс аумағына ауаға шығатын түтіннің 24- 48% автокөліктің үлесінде болды
[Бейсенова Ә.С. және басқалары, 2004].
Облыс ауасының едәуір ластануы автокөлік санының артуына да байланысты
болып отыр. Олардың қолданатын жанармайы экологиялық стандартқа сай емес,
ал техникалық жағдайы экологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап бермейді
[Т. Сыздыков, 2001].
Атырау облысының атмосфералық ауасының экологиялық жағдайы мұнай-газ
кешендері, энергетикалық- коммуналды шаруашылықтар, кқлік және халық
шаруашылығының басқа обьектілерінің шығарынды заттар көлемі мен ластаушы
заттардың ингредиенттеріне байланысты.
Айтекенов К.М. (2001) ауаға ластаушы заттардың түсуін 1990-2000 жылдар
аралығында зерттеуіне қарасақ: 1990 жылдан бастап, ластаушы заттар
шығарындысының төмендеуі байқалады, бұл жұмыс істеуші кәсіпорындар санының
азаюымен байланысты: 1990 жылы – 184,1; 1991 жылы – 168,6; 1992 жылы –
513,9; 1993 жылы – 125,8; 1994 жылы – 116,5; 1995 жылы – 11,3; 1996 жылы –
121,2. Ал 1997-1999 жылдар аралығында бірқалыпты деуге болады: 165,1;
162,0; 201,5; 159,6.
Атырау облысы бойынша орташа жылдық шығарынды көлемі (2000) – 164,65
мың тонна құраған (кесте 1).

Атмосфера жағдайына облыстағы негізгі ірі өнеркәсіп шығарындылары үлкен
әсер етеді. Олар "ТШО" ЖШС, "Казахойл-Ембі" ААҚ, "ЖЭС" АҚ., басқалары.
Автордың зерттеуі бойынша 1990-1995 жылдар аралығында өндірістің
тоқтауы атмосфераға түскен шығарынды көлеміне де ықпал етті. Егер 1990 жылы
облыс бойынша шығарынды көлемі 184,1 мың тонна болса, 1995 жылы бұл көлем
111,3 мың тоннаға дейін, яғни 60,4% төмендеген және керісінше 1996-2000
жылдары өндірістің қайта жандану есебінен шығарынды мөлшері де өскен.
Мысалы, 1995 жылмен салыстырғанда шығарынды көлемі 111,3 мың тоннадан 201,5
мың тоннаға дейін, яғни 2 есе өскен.
Облыс бойынша атмосфераға түсетін заттың жалпы көлемінің 72,5%, яғни
110,5 мың тонна тұрақты ластау көздерінен түседі.
Тұрақты көздерден түсетін шығарындының ингредиенттік құрамы бойынша ең
көп кездесетін күкіртті ангидрид (7,3-32,5%), көміртегі тотығы (18,2-47%
дейін), көмірсутек (13-44%) және азот оксиді (5,6-18,8%). Басқа қосылыстар
5,6-18,3% шегінде болады.
Атмосфераны ластаушы шығарындының жалпы мөлшерінің негізгі үлесі мұнай
өндіруші және мұнай өңдеуші кәсіпорын салаларына тиесілі (кесте 2,3,4).
"ТШО"ЖШС әр өндірген мұнай тоннасынан 8,3-9,6 мың т дейін, ал "Казахойл-
Ембі" ААҚ өндірген әр мұнай тоннасынан 9,2-12,7 мың тонна зиянды зат
шығарады.
1993-2000 жылдар аралығында Атырау қаласының ауасының құрамындағы
зиянды заттардың орташа жылдық мөлшері (мгм3)

Кесте 5
Ингредиенттер ШРК 1997 1998 1999 2000
Шаң 0,15 0,2 0,249 0,19
SO2 0,05 0,0023 0,003 0,0026 0,0022
NO2 0,04 0,0308 0,0287 0,0214 0,0192
CO 3,0 1,0833 0,9 0,8833 0,917
H2S 0,008 0,001 0,0012 0,0007 0,009
NH3 0,04 0,0108 0,01 0,0031 0,003
SO4(-2) – 0,0158 0,0181 0,0187 0,0176

Жалпы Атырау қаласы бойынша ластанудың өсу тенденциясы байқалмаған.
Ақназаров Сестагер (2002) Атырау облысында атмосфералық ауаға
мониторинг керекті дәрежеде жүргізілмейтінін анықтады. Қаражаттың
жеткіліксіздігінен сынамалар таңдаулы және уақытында алынбағанын бақылады.
Қатты қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтар қаланың сыртына ашық күлтөбеге еш
жіктелмей шығарылады.
Жалпы Атырау облысында 43 мұнай-газ кәсіпорны жұмыс істеп жатыр. 1990
жылы бір т мұнай өндіру барысында атмосфераға 40 кг дейін, ал 2000 жылы
шығарынды мөлшері 3,6 есе төмендеп, 11,04 кг құрады. Бірақ бұл Ресейде
мұнай-газ өнеркәсібінен түсетін шығарынды мөлшерінен 3 есе артық көрсеткіш.

1997-2001 жылдар аралығында Атырау облысының елді мекендерінде
экологиялық жағдайға жүргізілген бақылау бойынша [Кенжеғалиев А.К.,
Хасанова А.А., Мұхтаров А.К., 2003] аймақтың жалпы ластану деңгейі
экожүйеге қауіп тудырмайтыны анықталды.
Абдрахманов М., Үмбеталиева Т. (2001) Теңгіз газ өңдейтін кешенінде
жүргізілген зерттеулер зауыт территориясында ашық алаңда 3,7 млн тоннадан
артық күкірт қорын анықтады. Оның маңы қатты жел кезінде үлкен ара-
қашықтыққа таралады. Сарқамыс поселкесінде топырақта күкірт мөлшері ШРК-ны
4,4 есе асырғаны байқалды.
Атырау облысының экологиялық жағдайының өзгеру динамикасы жыл сайын
табиғи ортаға жүргізілетін кешенді мониторинг нәтижесі бойынша бағаланады.
Күкіртсутекпен атмосфераның максималды деңгейде ластану 1999 жылы, ал
күкірт, азот тотықтарымен күшті ластану 2000 жылы байқалған. Теңгіз
жағалауындағы Каспий теңізінің беткі судың талдауы барысында құрамында
фенол, мұнай өнімдерінің және ауыр металдардың жиналғанын көрсетті. 2001
жылдың мамыр-маусым айларында су қышқылдануы анықталған [Кенжеғалиев А.К.,
Хасанова А.А., Моисеева Г.П., 2002].
Серіков Ф.Т. (2000) зерттеулері бойынша қоршаған ортаның сапасына
пайдалы қазбалар, әсіресе мұнай-газ өндірудің ескірген технологиясы,
тасымалдау және өңдеу, энергия тьасымалдаушы мен шикізатты ұтымсыз
пайдалану, мұнай саласында ілеспе газды факелдарда экологиялық зиянды
жандыру (800 млн м2 жуық) кері әсер етеді.
Қоршаған ортаны ластау деңгейі бойынша мұнай өндірісі Қазақстан
экономикасының басқа саларына қарағанда бірінші орынды иеленеді. Мұнай
көздерін өндіру барысында топырақ, жер қойнауы, су және жер ресурстары,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, бактериялық флора мен фаунаның қайтымсыз
деградация процесі жүреді. Ұңғыманы бұрғылаудың бүкіл этапы қоршаған ортаға
өзінің әсерін тигізеді [Ергова А.И., Юрченко О.В., 2002].
Мұнайлы аудандарда экожүйелшік мониторинг жүргізу барысында Күшімова
А.Г. (2001) мұнай және газды кен орындарын игерудегі қоршаған орта
мәселелерін шешу үшін экологиялық мониторингті құру өте қажет. Ол аймақтық
және жергілікті мониторинг элементтерімен құралуы тиіс.
Аймақтық мониторинг – бүкіл кен орын аймағында қоршаған ортаның
өзгеруіне (автожол және мұнай құбырлары жүйесі), ал жергілікті – мұнай
саласының нақты объектілері орналасқан жеріндегі экожүйелер жағдайына
бақылаулар жүргізеді.
Облыс бойынша жылына 22878,6 т қалдық мөлшері түзіліп, 6608,5 тоннасы
залалсыздандырылады. Кәсіпорын қорында - 15798,9 т көмілген; олар 3-4
уыттылық класына жатады. Негізінен өндіріс қалдықтары мұнай және газ
кәсіпорындарын игеру, көмірсутек шикізатын сақтау мен тасымалдау кезінде
түзілген.
Қалдықтардың бір бөлігі пештерде жандыру және жол қоспасы немесе
асфальт жабындысы ретінде қайта өндіріліп, пайдалану есебінен азаяды. Мұнай-
газ саласының барлығында мұнай өндіргенде ілеспе су бөлінеді, оның бір
бөлігі қайтадан жер асты қабатына қат (пласт) қысымын сақтау үшін
жіберіледі, ал жоғары минералданған судың бір бөлігі булану таңабына
төгіледі. Оның құрамында мұнай өнімі, түрлі тұздар мен ауыр металдар бар.
"ТШО" ЖШС 2000 жылы 12034 т қалдық шығарды, 3-4 уыттылық класына
жататын өндіріс қалдықтары 5680 т және ҚТҚ 6353,9 т құрады. Мұнай
қалдықтары мен бұрғылау ерітіндісі қайта өндіріліп 4941 т құрады. ҚТҚ
жандыру пешінде 16791,5 т қалдық залалсыздандырылған. Кәсіпорын
территориясында 4 млн т жуық күкірт мөлшері қорға жиналған.
Қала үшін үлкен экологиялық қауіптің көзі – булану таңаптары болып
отыр. Қазір тұндырғышта қатты ластанған сұйық қалдықтардың үлкен мөлшері
жиналған: мұнай өнімдері, фенолдар, хлоридтер, аммоний ауыр металдар
тұздары. Бұл таңаптарды қолдану ешқандай табиғатты қорғау нормаларына
сәйкес келмейді. Маңындағы жерлер су астында қалу, жер асты суының ластану
қаупі бар. Булану алабы 5 есе өсіп, 26 шаршы шақырымды
құрады, көп бөлігі қалыңдығы 30 см мұнай өнімдері қабатымен жабылған
[Айтекенов К.М., 2001].
Қазіргі таңда Атырау облысы экологиялық апат аумағы болып ресми түрде
саналмайды. Алайда соңғы бірнеше он жылдықта табиғи ресурстарды игеру
кезінде экологиялық және әлеуметтік салдарды есептеместен жүргізілді. Бүкіл
территория дерлік табиғи-климаттық жағдайы боынша экологиялық қолайсыз
аймаққа жатқызылады: жоғары күн радиациясы, күшті жел, теріс және оң
температура арасында үлкен айырмашылық, жауын-шашын аздығы [Викулов Ю.Г.,
2002].
Қоршаған ортаға "ТШО" компаниясының шаруашылық іс-әрекетінің әсер ету
түрі, объектілері, негізгі көздері:
Саласы:
• Топырақ-өсімдік жамылғысы;
• Атмосфералық ауа;
• Жануарлар дүниесі.
Газ өңдеуші зауыт:
• Топырақ-өсімдік жамылғысы;
• Жер асты суы;
• Атмосфералық ауа.
Топырақ-өсімдік жамылғысы, топырақтың жоғарғы қабатының
бұзылуын, жер жұмыстары кезінде өсімдіктің жергілікті жойылуын зерттеу 1997
жылы жүргізілген. "ТШО" территориясында топырақ-өсімдік жамылғысының
негізгі бұзылуы көптеген грунтты жолдарды салуымен байланысты.
Қазіргі кезде қатты жабынды жолдар салынған. Бүкіл ұңғымалар қоршалған.
Бұзылған жерлердің биологиялық қалпына келтірілуі жүргізіліп жатыр. 1999
жылдың басында 96,8 га жер қалпына келтірілген. Бүкіл дерлік мұнай
ұңғымаларының жанында фитоценозды қалпына келтіру процесі басталды.
Теңгіз кешенінің атмосфералық ауа сапасына үнемі бақылау 1994 жылдан
бастап жүргізілуде. 1996-1999 жылдар аралығында 11526 ауа сынамасы алынған.
Жүргізілетін бақылаулар мұнай өндіру дәрежесінің өсуіне байланысты
атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың фондық мөлшері көрсеткішінің
жоғарылағанын көрсетеді, бірақ бұл көрсеткіш санитарлық нормамен бекітілген
шекті рауалды белгісін асырмайды.
"ТШО" объектілерінде атмосфералық ауны негізгі ластау көзі болып газ
өңдеуші зауыттардың факелді шаруашылығының және салалары сонымен қатар,
түтін мұржалары.
Өткен жылдардағы бақылаумен салыстырғанда соңғы 10-15 жыл ішінде Теңгіз
кен орны ауданында жер беті омыртқалы жануарлардың негізгі топтарының
түрлік әр түрлілігінің және санының өзгеруі 2 рет байқалған.
Ұңғымаларды белсенді бұрғылау кезінде қасқыр, түлкі тағы басқа
жануарлар түолерінің азаюы байқалған. Соңғы жылдары территорияда
сүтқоректілердің қайта келуі тіркелген. Қосмекенділер, бауырымен
жорғалаушылар да келуде. Соңғыларына Каспий теңізінің желқума – желкөтерме
құбылыстары да әсер етеді. Қоршаған ортаға өндіріс қалдықтарының әсері
тарихи жергілікті сипат алуда және аймақтық табиғи орта жағдайына әсер
етпейді.
Мұнай саласының қалдығы уытты емес қоспаға дейін өнеркәсіп қалдықтары
полигонында қайта өңделеді. Шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар үшін қатты
тұрмыстық қалдықтар полигоны салынған [Чердебаев Б., 2001].
"Қазақойл-Ембі" ААҚ бойынша 2000 жылы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану бағдарламасын орындау жөнінде үлкен жұмыс
жүргізілді. 276,57 мың м2 мазутпен ластанған жерлерді тазарту және қалпына
келтіру іске асырылды.
Каспий теңізінің желкөтерме суларынан кен орындарын қорғау мақсатында
26,6 шақырым қорғаныш бөгеттер жөндеуден өткен. Солтүстік Қотыр-тас және
Төпес кен орындарында қоқыс жинағыштар құрылған.
Мұнайдың леспе газын пайдалану үшін 14 пеш қалпына келтірілген. Терең-
Өзек кен орнында 7572 м3 мұнай эмульсиясы жиналған [Салемгереев М., 2001].
Қазіргі кезде Диаров М. (2001) ақпараты бойынша үлкен техногенді салмақ
және жол мен технологияның талаптарды жеткіліксіз орындағандықтан аймақтық
жолдардың жағдайы мен халқының денсаулығына сапасына қауіп төніп тұр.
Өндірістің қоршаған ортаға жағымсыз жалғасуда. Каспий теңізі экологиялық
апаттардың алғашқы кезеңін бастап кешіріп жатыр. Оған дәлел итбалықтардың
жаппай қырылуы, балықтардың, құстардың, бентостық ағзалардың тағы басқа
ауруға шалдығуы. Мұнаймен ластану солтүстік Каспийде өте қауіпті, себебі
судың деңгійі төмен. Орташа 6,2 м тереңдікте тнңіздің әр бөлігінде судың
бір бірлік көлеміне бір т мұнай төксе, Солтүстік Каспийдің экожүйесіне
ластағыштар 100 есе күштірек әсер етеді. Леталды мөлшерге дейін тез жетеді.
1993-2000 жылдар аралығында "ТШО" бірлескен кәсіпорында 3,2 млн т
күкірт жиналған немесе әр алынған тонна мұнайға 69 кг күкірт келеді.
Батыс ғалымдарымен тіркелген күкірт пен азот тотықтары қалдықтарының
20% сол шығарған аймақта қабырғасы 15 шақырым болатын квадрат ішінде
қалады.
100 млн тонна мұнай өндіруде көміртегі оксидінің жалпы шығарынды
мөлшері 0,26 млн т құрайды.
Жер асты байлықтарын іздестіру және өндіру мақсатындағы бұрғылау
жұмыстары қоршаған ортаға үлкен әсер ететіндігі белгілі. Алдымен жердің
үстінгі қабаты бұзылады, сонынан жер асты сулары бүлінеді. Ал ұңғымалардағы
дизель моторлардан бөлінген улы компоненттер ауаға тарайды.
Қазір әлемде, соның ішінде Атырау облысында экологиялық ахуал
алаңдаушылық туғызып отырғаны жасырын емес. Ондаған жылдар бойы облыста
табиғиғ ресурстар үдемелі қарқынмен дамып келді. Биік көрсеткіштер үшін
экологиялық та, әлеуметтік те мәселелер кейін шегерілді.
Әсіресе, ірі өндірістік нысандарды жобалау және орналастыру кезінде
елеулі ағаттықтар болғаны белгілі болып отыр.
Солтүстік Каспий аймағында су деңгейінің көтерілуі табиғатта елеулі
өзгеріс әкелді. Қазір мұнда экологиялық және санитарлық –эпидемиологиялық
жағдай алаңдатып отыр. Теңізге көп мөлшерде зиянды қалдықтар құйылып, су
айдыны өзін-өзі тазарту мүмкіндігінен айрылды. Мұнда ауыр металдардың,
пестицидтердің, фенолдардың мөлшері өсті, өлі сулар пайда болды. Теңізде
балық иен су құстарының, басқа да омыртқасыз жануарлардың түсініксіз
кеселге душар болып, жаппай қырғынға ұшырауы да сондықтан.
Жер асты байлығын игеру қажеттілігі болғанымен, қоршаған ортаға мұнай-
газ кешені үлкен әсер етеді. Ауаға тарайтын зиянды газдардың 90 пайызы
солардың еншісінде. Залалды өндірістік қалдықтардың үштен екі бөлігін де
осы сала таратады. Қазір облыс көлемінде Алдабергенов Н. (2004) мәліметтері
бойынша 70 шақты мұнай-газ кеніші бар. Олардың ішінде 21 кен орны ондаған
жыл бойы өнім беріп тұр. Бұларда шамамен 3,5 мың ұңғыма жұмыс жасайды.
Олардың көбі Каспий теңізі жағалауында, ал бір қатары мемлекеттік қорықта
орналасқан. Кен орындарды игерудің қиындығы – мұнда сирек кездесетін
көптеген факторлардың ұштасуы. Әр ұңғыманың өзіндік ерекшелігі, мұнай
қабатының күрделілігі оларды пайдалануды үлкен мәселеге айналдырған. Тіпті
апатты жағдай туындауы да ықтимал. Ал мұнай құрамы күкіртті сутегінің
жоғары мөлшерде болуынан мұндай оқыс оқиғаның аса қауіпті сипатталуы
мүмкін. Сондықтан жұмыс әдістерін кенішті игеру мен пайдалану стратегиясын
экологиялық мәселені асқындырмай таңдау керек.
Вищаренко В.С.(1990) экологиялық жағдайдың ұйымдаспағанына қаланың
экологиялық жағдайын талдау және болжау үшін кешенді экологиялық картасын
жасау қажеттілігіне және орта қорғау шаралардың приоритеттілігін,
стратегияларын, жоспарлаудың экологиялық әдістерін анықтауға негізделеді.
Воробьева және оның әріптестерімен (1990) қаланың картасын құра отырып,
химиялық қоспалармен ауа бассейнінің ластануын зерттеген, онда балалар
мекемелері территориясында және басқа өнеркәсіп орындары айналасындағы
әртүрлі аудандардың атмосферасының ластану деңгейі көрсетілген. ШРК
(шектеулі рауалды концентрациясы) 1-8 есе асатын негізгі ластаушылар
анықталған, оларға азоттың қос тотығы, күкірттің қос тотығы, фенол,
хлорбензол, акролеин жатады.
Алтай өлкесіндегі қалалардың атмосфералық ауасының ластануының талдауы
көрсеткендей, яғни 1986-1987 ж. атмосфераға зиянды шығарылымдардың жиынтығы
Барнаулда 38-73 мың т., Бийскіде 42,81 мың т., Рубцовскіде 78,8 мың т.
көтерілді және мөлшері соған сәйкес 312,9, 175,0 және 157,8 мың т. шамасына
жеткен. Авторлармен жақындаға 5-10 жылға санитарлық- гигиеналық жағынан
атмосфералық ауаның ластануы болжанып, жағымсыз деген қорытынды
жасалынған, ол халық денсаулығы көрсеткішінің динамикасында жағымсыз
бағытқа ықпал жасайды.
Шектеулі рауалды концентрациясының санитарлық-гигиеналық деңгейінде
атмосфералық ауа сапасының жетістіктері, бір жағынан табиғи ортаның жоғары
сапасына кепілдемесі туралы кең таралған пікірлер қате. Сонымен көптеген
авторлар (Вирфель И.А., 1990, Копытенкова О.И., 1990 ) айтады, яғни
қарағайлы ағаштар ауа сапасы санитарлық норма деңгейінде екі-үш онжылдықтар
барысында тіршілік ете алады.
Алматыда Вирфель И.А. (1990) желдің жылдамдығының төмендеуі және
атмосфера ластануның өсуі қаладағы және оның маңындағы адамдар іс-
әрекетінің әсерінен екендігін бақылады. Орташа көпжылдық мәліметтер бойынша
Алматы станциясында ГМО желдің жылдамдығының төмендеуі 0,2 мс тең келеді.
Желдің оңтүстік румбтарының орташа есеппен 7 % қайталануы төмендеген.
Штильдердің 5 % қайталанымы, әсіресе штильдердің 10-13 % біршама көтерілуі
қысқы айларда болды, таулы-алқаптардың айналымының қайталанымы да өсті.
Ауаның ластануы халық денсаулығына үлкен қауіп туғызып, өмір сапасының
төмендеуіне әкеліп соқтырады. Қоршаған ортаны қорғау ұйымының бағалауы
бойынша ауаны ластаушы уытты заттар әсерінен жыл сайын ісік ауруларының
1700-2700 түрін туғызады. Соңғы жылдары ісік аурулары, лейкемия және басқа
өмірге қауіп туғызатын аурулардың көбеюі байқалады(Клесникова С., 2001) .
Шандала М.Г., Звиняцковский Я.И. (1997) қоршаған ортаның бағдарламасын
жасауда ұсынады, яғни бағдарламаны орындаудағы бірізділік халық
денсаулығына зиянды әсерлер, олардың артықшылық факторларымен анықталады.
Халықта қоршаған орта жағдай әсерін зерттеуде аурулардың орташа жасының
туындауы және ағымы дәрежесі туралы зерттеулер көрсеткіштері ақпарат
дұрыстығын көрсетті.

1.2 Дені сау халық деңгейін қалыптастыруда қоршаған орта факторының
рөлі

Аз мөлшердегі эколгиялық факторлардың адам ағзасына өмір бойы әсер ету
дәрежесін зерттеу өте өзекті мәселе болып табылады. Адам денсаулығына
олардың әсер ету дәрежесі бірнеше көрсеткіштерге негізделген.
Көртеген ғалымдардың жұмыстары арқасында атмосфералық ауа құрамындағы
зиянды заттардың адам денсаулығына әсері анықталды [Уайсов Е.И., 1998].
Атмосфералық ластанудың адамға жағымсыз әсер спектрі барынша әр түрлі.
Атмосфералық ластанулар жоғары тыныс жолдары, кеңсірік, көздің кілегейлі
қабығын тітіркендіреді, бронхиалдық спазм мен жүрек – қантамыр жұмысының
бұзылуын туғызады. Ұзақ уақыт бойы атмсосфералық ластанумен дем алған
жағдайда орталық жүйке жүйесіне, аққуыз, май, көмірсутектер алмасуында
функционалдық шегініс, иммундық-биологиялық реактивтіліктің бұзылуына
әкеледі [Крылова А.И., 1992].
Белгілі жағдайда ауру туғызатын өндірістік ортаның және еңбек
практикасының жағымсыз факторларының 5 тобын бөледі: химиялық факторлар,
өндірістік аэрозольдер (шаңды фактор), физикалық және биологиялық
факторлар, түрлі организмдер мен жүйеге шамадан тыс қысым түсуі.
Химиялық факторларға өндірістік деп аталатын, яғни ағзаға ену арқылы
ұлпалар мен химиялық не физикалық-химиялық әсерлесуге түсіп, жасушаның зат
алмасуын бұзуын туғызатын және өтпелі немесе тұрақты патологиялық жағдайға
әкелетін көптеген химиялық қосылыстар жатады.
Өндірістік аэрозольдерге органикалық емес және органикалық табиғаты бар
түрлі шаңдар жатқызылады. Органикалық емес шаң минералды және металды болып
бөлінеді. Органикалық шаң өсімдік не жануар текті болуы мүмкін.
Өндірістік ортаның функционалдық факторларына вибрация, иондық және
иондық емес сәулелену көздері, жағымсыз жылытатын және суытатын
микроклимат, жоғарғы және төменгі атмосфералық қысым жатады.
Инфекциялық және саңырауқұлақ аурулардың көзі болып табылатын вирустар,
бактериялар, саңырауқұлақтар сондай-ақ, витаминдер, гормондар,
антибиотикитер, аққуызтекті заттар өндірістік биологиялық факторлар тобын
құрайда.
Жағымсыз факторлардың бесінші тобы еңбек практикасының ұйымдасуына,
ұзақтығына, бұлшықеттің жоғары қысымына, тез ырғақта істелінетін жиі бір
ретті қозғалыстарға, дауыс аппаратына тағы басқаға байланысты.
Жоғарыда айтылған 5 жағымсыз фактордың төртеуі көмір өндірісінің еңбек
практикасында кездеседі [Зорина Л.И. және басқалары , 1989].
Воробьева А.И. мен басқа авторлар (1990) газ шығарындылары әсерінен ОЖЖ-
нің және тыныс алу мүшелерінің функционалды мүмкіншілігінің төмендеуін,
қозғалыс реакциясының латентті периодының жоғарылауын, қалыптасқан тыныс
шығару жылдамдығының төмендейтінің анықтады.
Жарияланған жұмыстың көптеген саны қоршаған ортаның ластануына
байланысты халықтың ауруға шалдығуына арналған [Двинских С.А.,1991,
Неменков Б.А., 1990].
1998-2000 жылдар аралығында жарияланған жұмыстар ішінен көп бөлігі
халық денсаулық жағдайын зерттеу мен оның деңгейін болжауға арналған
әдістерді жасап шығару және жетілдіру тақырыбына арналған [Антонова Е.В.,
1989].
Гигиеналық ғылымның маңызды мәселесі болып қоршаған орта жағдайының
сипатына байланысты белгілі халық контингентінде патологиялық алды
жағдайдың таралуын зерттеу болып табылады.
Қоршаған орта ластануының дәрежесіне байланысты халықтың ауруға шалдығу
мен өлім деңгейі, ересек жұмыс істеуші топтың денсаулығына атмосфера
ластануының әсері туралы мәселелер әдебиетте кең түрде баяндалған [Алферов
В.П., Голубев И.Р., 1979].
Мысалы, Aujezdska A., Zloch Z., Tvrzky J., Janouch J. зерттеуі
бойынша Батыс Чехия өлкесі 1987 жылы еркектер өлімі бойынша Чехияда
төртінші орын, ал әйелдер өлімі жөнінен екінші орында болды. Қазіргі
уақытта екі көрсеткіш бойынша да екінші орынға шықты.
Плзень тоқ пен тік ішектің ісікке шалдығуына байланысты бірінші орынды
иемденді. Сонымен қатар тері, сүт бездері мен қынап ісігінің үлкен саны
тіркелуде [Aujezdska A., 1991].
Қазақстанда облыстық денсаулық сақтау мәліметінде Атырау облысы бала
өлімі деңгейі бойынша басым түсуде. Ғалымдар мен дәрігерлер бұл жағдайды ең
алдымен қоршаған ортаның жағымсыз әсерімен байланыстырады. Атырау облысының
жағдайы медициналық және экологиялық көзқарас бойынша жыл сайын нашарлап
жатыр [Куанышева М., 2002].
Қоршаған ортаға уытты заттардың үздіксіз түсуі ең алдымен халық
денсаулығынан көрініс береді. Авторлар қатары [Казначеев В.П., 1988] халық
денсаулығына ластанудың әсерін зерттеген.
Батыс Қазақстан облысының дәрігер мен санитаралық мамандардың
мәліметіне сүйенсек, тұрғындар арасында онкологиялық, гемотологиялық
аурулар, аллергиялық жағдайлар, тыныс алу жолдары мен ішкі секреция бездері
аурулары жиі байқалынған [Заводская Л.Н., Инкарова Ж.И., 1999].
Негізгі ластаушы заттарға күкіртті ангидрид, көміртегі тотығы, азот
тотығы, күкіртсутек тотығы жатады. Бұлар жоғарғы тыныс жолдарын, ОЖЖ және
асқазан-ішек жолдарын эақымдау арқылы халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық кадастр - оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын (дүрмектік) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Қоршаған ортаның ластану мәселесінің салдары
Қауымдастық (бірлестік) экологиясы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары
Мемлекеттің табиғатты басқару қызметтері
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
Табиғат пайдалану құқығы
Пәндер