Жүн мен қылшықты өңдеу


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Семей Қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Кафедра «Тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының
технологиясы»
СӨЖ
Тақырып : Жүн мен қылшықты өңдеу
Орындаған: Аманова С. Б
Тексерген : Бауыржанова А. З
Семей 2015
1. Сырт киімдік бағалы маталар:
2. Жібек маталар:
3. Жұқа маталар:
4. Арзанқол маталар:
5. Масаты:
6. Қазақтар арасында кең таралған жібек маталардың ішінен көбірек тарағаны:
7. Қазақы өлшемдер
8. Қолданылған әдебиет
Сыртқы киімдік бағалы маталар
Барқыт, берен, тұқаба, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояк, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, касапдар, қаламы, қымқап.
Жібек маталар
Баршын, кініпас, кіріс, кіләңқор, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы.
Жұқа маталар
зон; ақсұп; борлат; бомази; бояқ; дабы; сыңсыма; сұрып; сәтен; сиса; шағи; бітес; тек; зәріп; саржа; құмаш; орысқол; тайғақ.
Арзанқол маталар
ләмбік; діке; үлдірік; ләстік; кенеп; шөжім; шыдаған; сұпы; шыт; бөз; тептік; ақзу; күн-түн; тібен; сәлдебөз; меткетон; тіке (С. Кенжеахметұлы жарияланымы бойынша) .
Масаты
Қазақтар түсінігінде, бұл сөздің мағынасын жұмсақ түкті барқыт, жібек мата. «Қазақ әйелдерінің үстінде масаты ма, жібек пе, шағи ма . . . әйтеуір, бәрі жарық-жұрық етеді. » (С. Шарипов, Шығ. ) . Бір сөздікте бұл сөздің төркінін араб тіліне апарып тірейді де, мағынасын - « түгі құбылып, тұрған барқыт тәрізді мата » деп түсіндіріледі. (Раб. -рус. сл., 1, 1970, 85. ) . Бұл ретте біз К. К. Юдахин сөздігін қолдаймыз. Онда «машаты» сөзін иран сөзі екендігін белгілейді де, « килем » сөзін қарауды нұсқайды. Нұсқаған беттен « машаты килем » тіркесін көреміз де оның тұсындағы аудармасы - мешхедский ковер делінген (К. Юд., КРС№, 1965, 386, 520) . Енді осныдай ой елегінен өткізсек, біздің «масаты» тұлғасында қолданылып жүргеніміз дыбыстық өзгерістерден өткен Иран жеріндегі Мешхед қаласы болмақ. Демек сол қаладан жасалып шыққан кілем, маталардың алдында Мшхед сөзі қосылып, кейін келе біздің тілімізде « масат - масаты кілем » немесе « масаты » күйінде қалыптасып кеткен. Осы себептен де оның араб емес, парсы сөзі екендігіне күман келтіре алмаймыз. Ә. Нұрмағанбетов. Бес жүз бес сөз. А., 1994. 203б) .
Қазақтар арасында кең таралған жібек маталардың ішінен көбірек тарағаны
Қамқа - алтындатқан не күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата. Қатипа - жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт. Манат - барқыт тәрізді сырткиімдік бағалы шұға. Мауыт - оң жағы майда түкті келген қалың мата, шұға. Торқа - ең қымбакт жібек мата. Батсайы - қалың жібек кездеме Биқасап - енсіз жібектен тоқылған жолақ мата. Дүрия - жылтырауық тығыз жібек мата. Баршын - жолақты жібек мата. Тібен - түрлі-түсті қалың мата. Торғын - қымбат бағалы жібек матаның бір түрі. Мақпал - тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.
Мақпалдың үш түрі бар : қара мақпал - қара барқыт; қой мақпал - түкті пүліш; қырмызы мақпал - қызыл күрең барқыт. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түгі тықыр қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, қыз-келіншектердің киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады. Шағи - жұқа келген жұмсақ және таза мата. Қыжым - сапалы жүннен тоқылған түкті мата, плюш. Қойқын - жуан жіптен тоқылған қалың мата. Ләңке - сырткиімдік матаның бір түрі. Насар - жібек кездеме. Пай немесе пайы - жібек мата. Парша - алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім. Ұштап - ақ түсті тығыз мата. Іштік мата немесе ішкиім тігетін маталардың түрі мен атаулары да көп. Қазақтар маталарды сауда- саттықпен Ресей, Қытай, Бұқар, Парсы, Үндістан, Ыстанбұл т. б. жақтардан әкелген. Осыған байланысты түрліше атау қалыптасқан. Өкінішке орай сол атаулар таралған өңіріне қарай әрқалай аталса, оған қоса бір матаның түрлерін бір-бірімен шатастырса, ұқсата беретін үрдіс қазақтар арасында ертеден бері белең алған.
- Шөжім- ішкиімдік, арзанқолды жұқа мата.
- Саң- шыттан қалыңдау, ақ түсті мата.
- Шыт- тұрмыста жиі қолданатын, жеңіл әрі арзанқол жұқа мата.
- Сарпөңке- астарлық жібек мата.
- Бояқ- кездеменің боялған түрі.
- Борлат- қызыл түсті жұқа мата.
- Дабы- жұқа ақ матаның бір түрі.
- Ләмбек- сырткиімдік судыраған жылтыр қара мата. (Ділдәр Мамырбаеваның жариялымы бойынша)
Қазақы өлшемдер
Қазақ халқы киім тігу барысында өлшем бірлігі ретінде адам денесі мен дене мүшелерінің өлшемдерін пайдаланған. Айталық, киім өлшемдерін алғанда құлаш, шынтақ, аршын қатарлы өлшемдер қолданса, тігін тіккенде, пішкен кезде бұдан кішкене өлшемдерді - қол өлшемдерін қарыс, сүйем, сынық сүйем т. б. жиі қолданған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz