Ел арасына кең тараған ән, толғаулар,өлең шумақтарындағы кешірім өтінген жолдарды еске түсіріп, жазу



Кешірім – кешірген адамның дәрежесін көтеріп, барар орнын ұлық етеді. Кешірімді адам біреуге зиянын тигізбейді, өзгеге көмек беруге дайын тұрады. Кімде-кім кешірімшіл болса, бұл дүниеде – бақытты, ал ақиретте сый көреді.
Әсілінде, кешірімшіл болу – көркем мінезділіктің белгісі.
Бұл жайлы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді:
Біреудің мінін кешірсең,
Құдай да сені кешеді.
Бірін де қылмай есірсең,
Төбеңді әлі-ақ теседі.
Көңілі жұмсақ адамның,
Күрмеуін тағдыр шешеді.
Пейілі жаман адамның,
Орыны дайын деседі.
«Кешірімділік – анадан, кішіпейілділік – данадан» деген қазақ халқы асыл қасиеттерді Ислам дінінің құндылықтарымен байланыстырған. Сондай-ақ, «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген де сөз бар.
Дініміздің талабы бойынша, араздасқан екі мұсылманның өкпе-реніші үш күннен аспауы керек. Ол үшін сіз ренішіңізді ұмытып, шын жүректен Алла үшін кешіруіңіз керек. Мұсылмандар бір-бірімен мүміндігінше араздаспағаны абзал. Өйткені мұсылмандар – бір-біріне бауыр. Ақиретте мұсылман бауырларымен араздасқаны үшін де сұралады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ел арасына кең тараған ән, толғаулар,өлең шумақтарындағы кешірім өтінген жолдарды еске түсіріп, жазу.

Тексерген: Бураханова А.Т.
Орындаған:Набижанова А.С.

Семей- 2015ж.
Кешірім - кешірген адамның дәрежесін көтеріп, барар орнын ұлық етеді. Кешірімді адам біреуге зиянын тигізбейді, өзгеге көмек беруге дайын тұрады. Кімде-кім кешірімшіл болса, бұл дүниеде - бақытты, ал ақиретте сый көреді.
Әсілінде, кешірімшіл болу - көркем мінезділіктің белгісі.
Бұл жайлы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы былай дейді:
Біреудің мінін кешірсең,
Құдай да сені кешеді.
Бірін де қылмай есірсең,
Төбеңді әлі-ақ теседі.
Көңілі жұмсақ адамның,
Күрмеуін тағдыр шешеді.
Пейілі жаман адамның,
Орыны дайын деседі.
Кешірімділік - анадан, кішіпейілділік - данадан деген қазақ халқы асыл қасиеттерді Ислам дінінің құндылықтарымен байланыстырған. Сондай-ақ, Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі деген де сөз бар.
Дініміздің талабы бойынша, араздасқан екі мұсылманның өкпе-реніші үш күннен аспауы керек. Ол үшін сіз ренішіңізді ұмытып, шын жүректен Алла үшін кешіруіңіз керек. Мұсылмандар бір-бірімен мүміндігінше араздаспағаны абзал. Өйткені мұсылмандар - бір-біріне бауыр. Ақиретте мұсылман бауырларымен араздасқаны үшін де сұралады.
Кешірім сұрау -- татуласудың кілті
"КЕШІРІМ өтінудің пайдасы көп. Бұл дау-жанжалды күш қолданбай шешеді және халықтар арасындағы өшпенділікті жояды, өкімет басшыларына әрбір заматтың көріп жатқан қасіретін мойындауға көмектесіп, адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіреді". Бұл сөздерді әйгілі жазушы Вашингтондағы Джорджтаун университетінің тілтанушысы Дебора Таннен жазған.
Киелі кітап жиі шын жүректен кешірім сұрағанның арқасында, адамдардың арасындағы араздықты оңай жоюға болатынын растайды. Мысалы, Исаның адасып қайта оралған ұл туралы астарлы әңгімесінде: баласы қайта оралып, шын жүректен кешірім сұрағанда, әкесі құшақ жая қарсы алып, оны отбасына қайтадан қабыл алды . Иә, егер біз біреуді ренжітсек менмендігімізді басып, кешірім сұрағанымыз жөн. Нағыз кішіпейіл адамдарға бұл қиын емес.
Кешірім сұраудың пайдалы әсері
Көне Исраилдегі ақылды әйел Әбигел күйеуі істеген зұлымдық үшін кешірім сұрауымен, кешірім өтінудің қандай пайдалы әсері бар екенін көрсеткен. Бұл оқиға былай болған еді. Исраилдің патшасы болмай тұрған кезінде Дәуіт шөл далада жасырынып жүрген еді. Сол кезде ол өз адамдарымен Әбигелдің күйеуі Набалдың отар-отар қойларын ұры-қарыдан қорғап жүреді. Алайда Дәуіттің адамдары Набалдан ас-су сұрап барғанда, ол дөрекі жауап беріп, ештеңе бермей шығарып салады. Ашуланған Дәуіт Набалдың отбасын шабуға 400 нөкерімен жолға шыққан еді. Мұны білген Әбигел Дәуіттің алдынан шығады. Ол Дәуітті көрген бойда басын иіп, аяғына жығылады. Сонан соң ол: "Тақсыр ием, кінә өз мойнымда! Күңіңіздің сөйлеуіне рұқсат беріп, айтқандарына құлақ түре көріңіз", -- дейді. Әбигел болған жағдайды Дәуітке түсінідіріп береді де, тарту ретінде ас-суын береді. Бұған Дәуіт: "Аман-есен үйіңе қайта бер. Сөздеріңе құлақ астым, бетіңді қайтармаймын", -- деп жауап .
Әбигелдің кішіпейілділігі мен күйеуінің дөрекі мінезі үшін кешірім сұрағаны оның үй-ішін құтқарады. Дәуіт тіпті "өзін қан төгуден сақтап қалғаны үшін" Әбигелге алғысын айтады. Әбигел Дәуіт пен оның адамдарына ешқандай жамандық істемегенімен, өз отбасының айыбын мойнына алып, Дәуітпен татуласады.
Қашан кешірім сұрауды білген елші Пауылды мысал ретінде келтірсе болады. Бірде оған жоғарғы кеңестің, яғни яһудилердің жоғарғы сотының, алдында қорғану керек болған. Пауылдың ашып айтқан сөздеріне қатты ызаланған бас діни қызметкер Анани Пауылдың қасында тұрғандарға оны аузынан ұруға бұйырады. Сонда Пауыл оған: "Әктелген қабырға, сізді Құдай ұрады! Осы жерде мені Таурат заңы бойынша соттау үшін отырғанмен, заңды бұзып мені ұрғыздыңыз", -- деді. Сонда қасында тұрғандар оны бас діни қызметкерді жамандадың деп айыптағанда елші өз қателігін дереу мойындап: "Бауырластар, оның бас діни қызметкер екенін білмедім! Киелі жазбада: "Халқыңның басшысын жамандама!" делінген ғой", -- деді .
Би болып тағайындалған адам күш қолданбау керек деп, Пауыл дұрыс айтқан еді. Сонда да ол бас діни қызметкерге сыйламағандық болып көрінетін сөздерді білмегендіктен айтқаны үшін кешірім сұраған. Пауыл жоғарғы кеңестен кешірім сұрағандықтан, қасындағылар оны ақырына дейін тыңдады. Сот мүшелерінің арасында келіспеушілік бар екенін білген елші, өзін қайта тірілуге сенгені үшін соттап жатқаны туралы айтады. Мұнан кейін үлкен дау-жанжал туып, парызшылдар Пауылдың жағына шығады
Киелі кітаптағы осы екі мысалдан біз неге үйренеміз? Екі оқиғада да істеп қойған нәрсеге шын жүректен өкінгендік әрі қарай да қарым-қатынасқа жол ашты. Кешірім сұрау біздің де татулыққа жетуімізге көмектеседі. Иә, өз қателіктеріңді мойындағаның және біреуді шығынға ұшыратқаның үшін кешірім сұрағаның, келелі мәселелерді татулықпен шешуге мүмкіндік береді.
"Бірақ мен ешқандай жаман нәрсе істеген жоқпын ғой"
Біздің сөзіміз немесе іс-әрекетіміз біреуге қатты тигенін біліп қалсақ, ол адам орынсыз ренжіп, тым көңіліне алып тұрғандай болып көрінуі мүмкін. Бірақ Иса Мәсіх өзінің ізбасарларына мынадай өсиет берген: "Сонымен сен Құдайға арнаған сый-тартуыңды құрбандық үстеліне алып барғанда, егер бауырласыңның өзіңе өкпелеп жүргені сол жерде есіңе түсіп кетсе, алып келгеніңді сонда қалдыр да, бауырласыңа барып, онымен татулас! Бұдан кейін қайтып келіп, сый-тартуыңды Құдайға бағышта".
Мысалы, бауырласымыз сен оған қарсы күнә жасадың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Біржан Қожағұлұлы және Сарыарқадағы сал – серілік мектебі
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Пәндер