Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: : Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж. ) 3 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Орындаған: Қалымова З. А.
Тексерген: Мурзалимова А. К.
Тобы: ВМ - 401
Семей, 2015-2016 жыл
Жоспар
1. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
2. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
3. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж. )
4. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге» , яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bіоs-өмір, kоіnоs-жалпы) -табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан түрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет үсынған неміс зоологі К. Мебиус (1877 ж. ) . Биоценоз қүрамындағы организмдердің бір-бірімен карым-қатынасын биоценотиқалық түрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әр кашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы - биотоптардан турады. Яғни, биотоп - тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп - биогеоценозды қүрайды. Алғаш рет бүл терминді ғылымға 1940 жылы В. Н. Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі.
Ол төмендегідей қүрамдас бөліктерден түрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер) ; талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер) ; ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады. Ал, биогеоценоз үғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғатгын біртүтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялык бірлестіктер - кез келген популяциялар мен биотоптардан түратын кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мүхиттардың биомасасын камтыйтын табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлык тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.
Ғылымда биоценоз үғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А. Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі үғым да бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі.
Биоценоз трофикалық сипаты түрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты - автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз үғымы көбінесе зерттелетін объектінің қүрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функ-циясын көбірек сипаттайды.
Мәселен, экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көп түрлілік құрылым, 4) биогенді элемештер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің карым-катынастарын толық қарастырады.
Сондықтан экожүйе - экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі - ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.
Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік карым-қатынастарды ғылымда биотикалық факторлар деп атайды. Яғни, биотикалық факторлар дегеніміз тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар бір түрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік - өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль атқарғанымен, кезегіндс фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін азайтып, қолайсыз жағдай туғызады.
Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозаңдататын аралар, т. б. жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз қүрылымының күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінін бір-біріне тәуелді, пайдалы немесе кері әсер ете отырып үнемі даму үстінде екендігін көрсетеді.
Биоценоздың түрлік құрылымы. Әрбір биоценоздің өзіндік түрлік күрамы қалыптасқан. Сондықтан биоценозда бір түрдің популяциялары өте көп болса, ал екіншілері керісінше болуы мүмкін. Осыған байланысты биоценоз ондағы түрлердің санымен және сапасымсн сипатталады. Егерде биоценозда бір немесе екі өсімдік түрі онын 90 % күраса доминантты (басым) өсімдіктерге ие болады. Кейде мұндай өсімдіктерді сол биоценоздың эдификаторы деп те атайды. Мәселен, карағайлы орманда қарағай - эдификатор болып саналады.
Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы. Биоценоздарға организмдер алғаш рет коныстанғаннан бастап көптеген экологиялык факторлаға байланысты орналасады. Орга-низмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды немесе вертикальды бағытта орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі - ярустылық (катарлық) . Ярустылык - биоценоздардың биіктік бойынша жіктелуі. Ярустылықты өсімдіктер бірлестігінен көруге болады. Мәселен, орман-нан 6 ярустыльщты кездестіреміз: I ең ұзын ағаштар (шырша, қарағай, емен, т. б. ) ; ІІ екінші қатарлы ағаштар (шетен, ырғай) ; III бүталы ағаштар (шие, итмүрын, т. б. ) ; IV жартылай бүталы ағаштар (тобылғы, сасырлар) ; V шөптесін өсімдіктер (қымыздық, шайқүрай) ; VI қыналар мен мүктер. Тіпті ярустылықты жер асты бөлімдерінде айқындауға болады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік қүрамы, бейімделу белгілері жіктелген.
Топырақтағы, судағы организмдерден де өзіне тән ярустылықты байқауға болады. Бірақ, мүндағы экологиялық факторлар мен талаптар әр түрлі болуы мүмкін. Сол сияқты ярустылық заңына бағынбайтын түрлер де бар. Мәселен, олардың катарына көптеген паразиттерді, ірі авдар мен қүстарды жатқызуға болады. Ярустылық пен горизонтальды биоценоздардың да кеңістік қүрылымы ерекшеленеді.
Экологиялық сукцессия. Биоценоздағы тәуліктік, маусымдық ауыт-кулар бірте-бірте бірлестіктерді толык бүлдіруі мүмкін. Осылайша биоценоздардың ауысуы экологиялык сукцессия процесі дейді. Әрине, сукцессия процесі көптеген факторларға байланысты (климаттың өзгеруі, табиғаттағы апаттар, т. б) ұзақ мерзімді не қысқа уақыт ішінде жүзеге асуы мүмкін. Нәтижесінде, жер бетіндегі биоценоздар жойылып, орнына жаңалары пайда болады. Онымен бірге фауна мен флора да өзгереді. Кейбір түрлер жойылып немесе орын ауыстырып кетсе, ал кейбіреулері жаңадан пайда болады. Сондықтан сукцессия процесі жүру үшін белгілі бір шарттарға байланысты немесе тәуелді болып отырады. Ол зандылықты көрнекті эколог Ю. Одум зерттей келіп, оның 4 аспектісін көрсетті:
1. Сукцессия кезінде өсімдіктер мен жануарлардың түрлік күрамы үздіксіз өзгереді.
2. Сукцессия барысында органикалык заттардың биомассасы үлғайып отырады.
3. Сукцессия барысында организмдердің әр түрлілігі көбейе түседі, оның себебі, биоценоздар жіктеліп, үсактанып кетуінің нәтижесінде организмдерге қолайлы экологиялық ортаның тууы болса керек.
4. Сукцессия кезінде таза биологиялық өнімділік күрт азая бастайды.
Экожүйедегі энергия
Энергия - материяның барлық түрлерінің қозғалысы мен әрекеттесуінің сандық ортақ өлшемі, табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысты болуы осыдан. Жүйедегі энергия жұмыс істелген кезде өзгереді.
Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады:
Біріншісі- продуценттер немесе өндірушілер . Продуценттер - күн энергиясын пайдаланатын жасыл өсімдіктер немесе органикалық заттарды биогенді элементтерден құрайтын жасыл өсімдіктер.
Екінші - консументтер. Консументтер - өсімдіктер синтездеген органикалық заттарды жаңа формаға айналдыратын тұтынушылар, яғни олар (латынша-«consumo»-тұтынамын) продуцентттер жасаған органикалық заттарды пайдалантын гетеротрофты организмдер.
Үшінші- редуценттер немесе ыдыратушылар. Редуценттер - органикалық қосылыстарды минералды қосылыстарға дейін ыдырататын организмдер, яғни олар (латынша «reduceus, reducentis» - қалпына келтірушілер, деструктор) органикалық заттарды ыдырататын және оларды басқа организмдер игеретін бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар.
Экологиялық орын. Әрбір жеке организмнің тек өзіне тән қолайлы тіршілік ететін орны болады. Ол көбінесе биоценоздың қүрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше функциясымен сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австрияда немесе Еуропада болсын олардың экологиялық орны мен атқаратын қызметі үқсас болып келеді. Экологиялық орынның тұракты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал, бір систематикалық түрге жататын туыс түрлер тіптен қоректік түрғыда өте тиімді жіктелген.
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады.
Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
- Отын-энергетикалық қорлар
Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
Минералдық қорлар
Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі. Қазақстан полиметалл кендеріне де бай оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
- Климаттық қорлар
Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта, бидай және т. б. ) өсіруге мүмкіндік береді. Мол күн энергиясын гелиоқондырғыларда қолдану мүмкіндіктері бар. Қазақстанда күн энергиясы түрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел энергиясына бай. Желді аудандарда (Шар, Жаңғызтөбе, Жоңғар қақпасы, Іле аңғары және т. б. ) жел энергиясын механикалық және электр энергиясына айналдыруға болады.
- Су қорлары
Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы еғістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бүған қоса қалалар мен өнеркөсіп орындарының өсуі, республикадағы су корларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені үтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық жөне экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалык және табиғатын корғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий жөне Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген.
Су қорларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалык кондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.
- Топырақ-өсімдік қорлары
Республикадағы топырақ, осімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.
Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді оңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану алдағы міндет.
Өсімдік корларын бірнеше топтарға бөлуғе болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар неғізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқаптың ауданы 21 млн гектар.
Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса кұнды дермене (сантонинді жусан) өседі.
Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы «арглобин» дәрісін атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан жасалған қабынуға карсы «аллапинин» препаратының, сол сияқты шырганақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті оте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің өр түрлі емдік қасиеттері бар. Тобылгы мен аріианың кәсіптік маңызы зор. Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды (саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дөрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондыктан дөрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек.
Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандыктан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе, кұрып бара жаткан өсімдік түрлерін сактаудың маңызы зор.
- Жануарлар дүниесінің қорлары
Республика аумағында омырткалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 50 мыңнан асады. Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Бұған қоса Зайсан мен Алакөл маңына, таулы тайганың қара түлкісі мен бұлғын жерсіндірілген. Сол сияқты республиканың өзен-көлдерінің барлығында дерлік терісі аса қүнды америкалық ондатр жерсіндіріліп, аң шаруашылығының негізгі салаларының біріне айналып отыр. Олардың кәсіптік маңызы бар. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде тулкі, қарсақ, ақбөкен, киік, қарақщрық кездеседі. Қорықтардың ұйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.
Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың 2000 жылдары жаппай қырылып барып тоқтауы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп келтіріп тұр. Бөгендерде, тоғандарда балық шаруашылығын өркендету балыққа деген сұраныспен республика халқын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шөлдерде тіршілік ететін жыландардың уы медицинада қолданылады. Жануарлар дүниесі қорлары азықтүлік, шикізат ондірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар олардың ғылыми-практикалық және экономикалық маңызы бар. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), қулан, домбай (жабайы есек), сусар, бцлгын, лаиіын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақиіақай, қоқиқаз, жірпар тышқан және т. б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.
Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табигат және табиги байлықты қоргау одагы кұрылды. 1966-1981 жылдары осы жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында «Қазақстанның Қызыл кітабы» шықты. Мұнда негізінен жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелген. Қазіргі Қазақстан жерінде экологиялық апатты аймақтардың, ластанған жарамсыз жерлердің молаюына байланысты сирек кездесетін жануар түрлеріне аса қауіпті жагдай тууда. Сондықтан «Қызыл кітапқа» тіркеуге алынбаған түрлерді қорғау шараларына Қазақстан ғалымдары да белсене ат салысуда. 1996 жылы «Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының» жаңа басылымы жарық көрді. Бұл кітапқа сүтқоректілердің 40, күстардың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қос мекенділердің 3, балықтардың 16 түрі еніп отыр.
- Табиғи қорларды тиімді пайдалану
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz