Денсаулыққа зор кесел, Үйрете көрме ауызды, Насыбай менен шылымға



Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Бұл – бұл ма? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мәлімдеме үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты факт негізінде жасалып отыр. Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек.
Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.
Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қасиетті сөздерінде айтылғандай, адам өз денсаулығын қорғауға, оны бұзып, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға міндетті еді.
Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар жүдә көп. Бірақ, бұлардың
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №22
2. «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.
3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология»

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулығының түбіне жеткен (Халық даналығы).
Денсаулыққа зор кесел,
Үйрете көрме ауызды,
Насыбай менен шылымға (Шораяқтың Омары).
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс
болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол
себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады.
Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам
қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Бұл –
бұл ма? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ,
егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның
түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мәлімдеме үрейлендіріп,
үркіту үшін емес, нақты факт негізінде жасалып отыр. Ал, Қазақстанға келер
болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның
басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек.
Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет,
жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн.
рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста ойнап
бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.
Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе
азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы
басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.)
қасиетті сөздерінде айтылғандай, адам өз денсаулығын қорғауға, оны бұзып,
уландыратын әр нәрседен аулақ болуға міндетті еді.
Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер
кеңесі, шылымқорларға шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар
туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі
қойғызуға арналған бағдарламалар жүдә көп. Бірақ, бұлардың нәтижелері
түбегейлі болмай тұр. Осындай тәсілдермен емделген адамдардың бестен бірі
ғана темекіні тәсігөй қойып кетуі ықтимал. Ал, олардың көпшілігі бұрынғы
зиянды әрекеттерін жаңғыртып, қайтадан жалғастырады. Жүз пайыз нәтижеге қол
жеткізетін тәсіл – иман терапиясы. Яғни, шылымқорлардың Алладан қорқуы
арқылы темекіні қоюына қол жеткізу ісі ғана сенімді жол деуге болады.
Өйткені, иманның темекіден де жаман әдет және асқынған ауру түрі –
араққұмарлықтан адамдарды айықтырғаны бізге Ислам тарихынан мәлім. Бұл
оқиға Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көзі тірі кезінде болған еді. Оған
(с.ғ.с.) Алла Тағаланың арақ ішуді харам еткені туралы (Мәидә: 91) аят
түскен кезде, адамдар ойланбастан арақ ішу індетін сап тиған екен.
Нәтижесінде, көшеде сарқырап аққан арақтан арық пайда болыпты. Арақ иісі
апта бойы кетпей тұрып алса керек. Содан бері мұсылмандар арақты әлі
ауызына алып көрген жоқ. Дүние жүзінде алпауыт мемлекеттердің ешқайсысы
қанша тырысқанмен, мұндай нәтижеге қол жеткізе алған жоқ. Оның ішінде АҚШ
та бар.
Біз бір ескеретін нәрсе – бір бөлке нанның құны бұл күнде орташа
есеппен 25 теңге тұрады. Бұл – бір адамды аштықтан аман алып қалатын тағам
мөлшері. Ал, енді темекінің адамдардың денсаулығына зардабы қандай?
Темекінің әр талы адам өмірін 12 минутқа қысқартатыны дәлелденген шындық
көрінеді. Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей
тізім пайда болады:
1. Ерін тіл және өңеш рагына жол ашады.
2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.
3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.
4. Өкпе мен көмекей рагына ұшыратады.
5. Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол,
аяқ кесілуге дейін барады).
6. Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, клеткалары өледі
және ол орнына қайтып келмейді.
7. Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.
8. Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.
9. Бел әлсіздігінің ең басты себебіне айналады.
10. Темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман
өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін.
11. Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сәбидің дүниеге
келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал.
Түсік тастауға да алып келуі ғажап емес. т.б.
12. Бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы
сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т.б. сырқаттарға ұшырайды.
Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі
элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға
жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бір де бірі адам
ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр,
көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып
келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин
мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен
адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді.
Адам оны күні бойы шегеді. Сондықтан, улана қоймайды.
Тек бір тал темекі тартқан адамның бүйрегіндегі бездерден арденалин
және норадреналин деп аталатын гармондардың бұзылуы басталады. Асқазанның
қышқыл сұйықтығы (запыран) артады. Адамның тыныс алуы тездейді. Жүрек соғу
жиілеп, оның қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы артады.
Міне, мұның бәрі бір тал темекідегі никотиннің әсерінен болған жайттар.
Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі әбден мүмкін.
Шылымқорлар шетінен ұмытшақ болады. Олардың күш-қуаты азайып, шаршауы
көбейеді. Әлсізденеді. Әрекет етуге құлықсызданады. Тәбеті тартпайды.
Ұйқысы қашады.
Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр.
Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан
құтылудың жолын қарастырсын.
Темекі - адам денсаулығына қауіптілігімен қатар темекіге деген
тәуелділіктің пайда болуын тудыратын өнім. Әбден дағдыланып алған
құмарпаздық дерті - үйреніскен темекіден қалай құтылуға болады? Ашығында
темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп
байланысты.
Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт -
ораза ұстайтын қасиетті рамадан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі
тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін
жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылмауына ешбір себеп жоқ.
Кейбіреулер темекіні біртіндеп қою тәжірибесін ұсынады. Негізінен, мұның
нәтижесін көргендер көп.
Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында біржола, ада-күде арылуға
болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпаудың да маңызы зор. Темекі
есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла
Тағалаға дұға етіңіз. Бұл сізге бір рухани күш береді, сол сәтте темекіні
ойлаудан тияды.
Темекіні тастағандағы пайдаңызға келейік. Ең әуелі, организміңізді
көміртегі тотығы, никотин, шәйір (қарамай) және басқа да улы зиянды
заттардан тазартасыз. Деміңіздің сасық иісі айығып, тісіңіз тазаланады,
рақат тыныс алатын боласыз. Жүрек ауруларынан қаупіңіз азайып, түнде жайлы
ұйықтайсыз. Дәм айыру қабілетіңіз артады. Әртүрлі тағам түрлерінің
соншалықты тәтті екенін бұрын білмей келгеніңізге таң қалатын боласыз.
Ортаны, отбасыңызды, жолдастарыңызды темекі түтінімен уламайсыз. Кіріс
жағынан да пайдаңыз бар. Темекіге жұмсаған ақша қалтаңызда қалады.
Өзіне де, өзгеге де жақсылық ойлайтын адам темекіден тездеп құтылуды
ойлайтыны анық. Сондықтан, қазірден бастап қоғамымызбен бірлесе отырып,
темекіге қарсы күрес жүргізіп, темекінің зияндылығын түсіндіру қажет, Ол
үшін мынадай шараларды қолдануымыз керек:
1.Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу;
2.Темекі қорабының сыртына қатаң ескертулер жазу;
3.Кәмелетке толмағандарға темекі сатуға тыйым салу;
4.Қоғамдық және жұмыс орындарында темекі шеккізбеулеріне әртүрлі
шаралар қолдану;
5. Оқу орындарында балаларға салауатты өмір салты туралы сабағын
енгізіп, темекінің зиянын айқын ашып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекі мен ішімдік
Шылым шегудің зияндары
Темекі
Темекінің адам денсаулығына әсері
Темекі және оның алдын алу жолдары
Шылым тарту зиянды әдет
Денсаулық және темекі шегу
Баланы жастан немесе баланы бесігінен түзе
Шылым мен алкогольдің адам ұрпағына әсері
Оқушылардың денсаулығы басты назарда
Пәндер