Қазақстан Республикасындағы акциз салығын есептеу механизмі мен төлену тәртібі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: А кциз салығын есептеу механизмі және төлену тәртібі

Орындаған: Шәріпқали А. Б

Топ: ЭН-301

Тексерген: Акишева Д. М

Семей 2015 жыл

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны
2. 2 Акциздер және оның Қазақстан Республикасы салық жұйесіндегі орны

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланған әдебиеттер

А кциз салығын есептеу механизмі

Қазіргі таңдағы салық жұйесінің қиындығы, оның тез өзгергіштігі коммерциялық кәсіпорындардың, қаржы жағдайына жауапты бухгалтерлер мен қаржы қызметкерлерінің көз алмай бақылап отыруларын керек ететіндігінде.
Салық жалпы қоғамдық өнімнің, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, өндірістің дамуы мақсатында және мемлекет пен халықтың тұрлі қажеттіліктері мақсатында бөлінуіне және қайта бөлінуіне байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан олар мемлекет пен шаруашылық жұргізуші субъектілер және халық арасындағы қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.
Салық салу механизмі, қандайда экономикалық жүйеде болмасын күрделі болып келеді. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі, оның тиімділігінен әлеуметтік және экономикалық саясаттың жүзеге асуы тәуелді.
Салық салу теориясындағы ең қиын мәселе бұл салықты аудару мәселесі.
Соның арасында, салық саясатындағы мемлекеттік биліктің барлық топшыламасын жоққа шығара алатындықтан, бұл мәселенің тәжірибелік маңызы зор. Салықты аудару тек қана белгілі жағдайларда ғана жүзеге асады. Алдымен, салық төлеу нарықтық операциялармен байланысты болғанда - сату, сатып алу, жалға беру. Бұнда, салық төлеуші, нарық операцисын салықпен байланыстырып, бағаны салық көлеміне өсіреді. Ал, акцизделген тауар өндіруші, бұл тауарды сатқанда бағаға акциз соммасын қосып оны сатып алушыға жүктеуге тырысады.

Қазақстан Республикасында акциз «Салық және Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер» туралы заң және №36 «Акциз салығын есептеу және төлеу тәртібі» туралы нұсқаулама негізінде өндіріледі.
Акциз тауарға салынатын, өнім бағасына қосылатын жанама салық болып табылады. Акциз Қазақстанда жасалған және Қазақстанға импортталатын тауарларға және ойын бизнесіне салынады. Экспортталатын акциздік тауарлар акцизделмейді, тек қана егер тауар өндіруші тауардың экспортқа кететінін растайтын болса, алайда бұл, Қазақстан қатысқан халықаралық келісімдерге қайшы келмесе. Акцизделетін тауарды экспортқа шығарарда, тауардың иесі төлеген акциз, оның осы салық тұрі бойыкша болашақ төлемдер шотына алынады немесе салық органының ол берген өтінішін алғаннан кейін 60 күн ішінде қайтарылып береді. Бұл тәртіп тауар иесінің акциз төлегенін және тауардың экспортқа кеткенін растайтын құжаты бар болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Акциз жиналымынының толықтығын қамтамасыз ету үшін және акцизделетін кейбір тауарлардың заңсыз енгзілуі, өндірілуі мен сатылуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының үкіметі акцизделетін тауарларды акциз маркаларының жаңа түрімен таңбалануы керек деген үкім шығарды. Бұған отандық тауар өндірушілер мен шетел тауарын импорттаушы тұлғалар жауапты деп тапты. Сонымен бірге акциз маркаларының жаңа түрлерін шығаратын кәсіпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Банкнот Фабрикасы болады деп шешті.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне қарасты Салық Комитеті мен Кеден Комитеттері отандық және шетелдік акцизделетін тауарларды акциз маркаларының жаңа түрімен таңбалау үшін, акциз маркаларының жаңа түрін жасап шығару жөнінде, Ұлттық Банктің айтылған Банкнот Фабрикасымен келісім шартқа отыруы керек. Келісім шарт бойынша Банкнот Фабрикасы алькогольдік өнімдердің акциз маркаларына міндетті тұрде жеті саннан тұратын реттік номері мен сериясын салуы тиіс және ол иридисценттік қағаздан жасап шығарылуы керек. Шарап және қатайтылған сусындардың акциз ставкаларының айырмасы мол болғандықтан олардың акциз маркалары әр түрлі болу керектігі де есепке алынды.

Әр мемлекет өзінің нақты тәуелсіздігіне, бір жағынан қоғамның бір қалыпты жан - жақты дамуын, халықтың әл - қуатын, ел қазынасына салықтық түсімдерді және мемлекеттің жалпы экономикалық жағдайының күшеюін қамтамасыз ететін, екінші жағынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметке деген ынтасын төмендетпейтін салық салу жүйесінің мықты механизмін құру арқылы қол жеткізеді. Жаңа экономикалық жағдайларда мемлекеттің қазынасына түсімдердің сенімділігін қамтамасыз ететін және сол уақытта өндірістің дамуын жан - жақты ынталандыратын салық механизмін енгізу мәселесін шешу үшін, тиімді жұмыс істейтін салықты басқару жүйесі қажет. Жолға дұрыс қойылған салық жүйесі, кризистен шығуда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Маңыздысы, салық заңдылығын қатаң орындау болып табылады. Салықты бюджетке дұрыс және уақытында төлеу жауапкершілігі салық төлеушімен оның қызметкерлеріне жүктеледі. Құжаттық тексеріс, есеп тапсыру мәліметтерінің сенімділігін, есеп жүргізілуінің дұрыстығы мен толықтығын, салық пен басқа міндетті төлемдердің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында акциз салығын есептеу механизмі мен төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасында акциз салығын төлеудің ерекшеліктері: төлеушілер, объектілер, ставкалар және есептеу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы акциз салығы: экономикалық мәні, рөлі және есептеу мен бақылау тәртібі
Акциз салығы: есептеу механизмі және жетілдіру бағыттары
Мүлік, көлік құралдары және жер салығын есептеу механизмі мен төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы акциз салығы: төлеушілер, акцизделетін тауарлар мен қызметтер, есептеу және төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы акциз салығының экономикалық мәні мен салық жүйесіндегі орны: есептеу тәртібі, әкімшілендіру және Астана қаласындағы акциз түсімдерін талдау
Қазақстан Республикасындағы акциз салығы: экономикалық мәні, есептеу және рәсімдеу тәртібі, кездесетін мәселелер мен шешу жолдары
Қазақстан Республикасындағы акциз және қосылған құн салығы: төлеушілер, салық объектілері және есептеу мен төлеу тәртібі
Акциз салығы: төлеушілер, акцизделетін тауарлар, ставкалар және есептеу мен декларациялау тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz