Трассаны нивелирлеу


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Трассаны нивелирлеу»

Пәні: «Сызықтық құрылыстағы инженерлік - геодезиялық ізденістер»

Тексерген: Аубакирова С. М.

Орындаған: Қажимқан Н.

Тобы: ГК-213

Семей

2015

Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және : олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді, сондай-ақ бірқатар ғылыми есептеулерді шешу үшін қолданылады.

Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлеуді қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістері болып бөлінеді.

Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В (1-сурет) нүктелерінің дәл ортасындағы С нүктесіне орнатылады, ал нүктелерге бірдей рейкалар қойылады. Дүрбінің нысаналау осін горизонталь жағдайына келтіреді де, нивелирдің дүрбісін біртіндеп рейкаларға нысаналайды. Бүдан кейін 3 және П есептеулерін алады, олар нысаналау сәулесінен А және В нүктелеріне дейінгі кесінділер болып саналады. Мұнда А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (һ) мына формула бойынша есептеліп шығарылады:

Һ=3-П.

Егер «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П артық болса (3>П), онда салыстырмалы биіктік һ оң болады, яғни В нүктесі А нүктесінен биік орналасады. Ал «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П кем болса (3<П), онда салыстырмалы биіктік теріс болады, яғни В нүктесі А нүктесінен төмен орналасады.

Трассаны нивелирлеуді пикетажды бөлу жұмыстарынан кейін екі нивелир және екі жақты рейкамен бірден орындайды. Бірінші аспаппен трассаның барлық нүктелерін нивелирлейді: пикеттер, плюс нүктелер, реперлер, қисықтың негңзгң нүктелері. Екінші нивелирмен тек пикеттерді байланыстыратын нүктелер мен трассадағы поперечниктерді, геологиялық өнімдерді нивелирлейді. Километрлік пикеттер мен реперлерді байланыстыру нүктелері есебінде екі нивелирмен де нивелирлейді. Байланаыстыру нүктелері деп екі нивелир тұрағына ортақ нүктелерді атайды. Трассадағы қалған нүктелер аралық деп аталады.

Трассаны нивелирлеу бірнеше станциядан тұратын трасса бойына қойылған нивелирлік жүріс жүргізу жолымен жасалынады.

Нивелирлік жүрісті әдетте көзбен иық деңгейін қойып, ортадан нивелирлеу әдісімен жүргізеді. Осылайша, байланыстыру нүктелерін көру дүрбісінің ұлғайту көрсеткішіне қарай әр 100 немесе 200 м сайын алуға болады. Бірінші жағдайда барлық пикеттер қызмет етеді, ал екіншісінде - 50 % (әр пикет сайын) . Байланыстыру және пикеттік нүктелер арасындағы айырмашылықты рейканың қара және қызыл жағынан, ал бір жақты рейкамен жұмыс істеген уақытта - нивелирдің екі горизонты арқылы анықтайды.

Жергілікті жердің жағдайы (биік иілімдер, т. б. ) байланыстыру нүктелерінің арасындағы қашықтықты айтарлықтай қысқартады, ал бұлай станциялардың санының өсуі жұмыс көлемінің ұлғаюына және нүкте айырмашылықтарын жалпы есептеген кезде қателіктердің көбеюіне әкеліп соғады.

Алдымен нивелирден 50 м қашықтықта тұрған байланыстырушы нүктені ортадан нивелирлеу әдісін қарастырайық.

h = h1 + h2 + h3 = Σh = Σ(З - П) = ΣЗ - ΣП,

Нпк2 = Нрп1 + Σh.

Егер жұмыс жасаушы нивелир екеу болмаса, онда трассаны бұзылған пикетаж бойынша екі рет: тура және кері бағытта нивелирлейді. Трассаның биіктік байланыстыру реперден трасса нүктесіне дейін нивелирлік жүріспен жасалынады. Байланыстыру нүктелері ретінде, егер жергілікті жердің жағдайы мүмкіндік беретін болса, көршілес пикеттерді таңдап, олардың арасындағы барлық аралық нүктелерді бір станциядан нивелирлеу қажет.

Трассаны нивелирлеу кезінде жұмыстың келесідей реті ұсынылады:

А. Реечниктер байланыстырушы нүктелерде қағылған ілгектердің үстіне рейкаларды қояды; жергілікті жердің рельефін есепке ала отырып, нивелирді визирлік сәулесі горизонталь жағдайда арттан және алдыдан да есеп ала алатындай байланыстырушы нүктелердің арасына орнатылады, сонымен қоса, нивелирден рейкаға дейінгі қашықтық бірдей болуына ұмтылу керек.

Б. Нивелирдің вертикаль осін отвесті жағдайға келтірген соң, көру дүрбісін артағы рейканың қара жағына көздеп, тор көздің орта горизонталь штрихынан санақ алып, оны нивелирлеу журналынығ 3 графасына жазады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трассаны күрделі жерлерін нивелирлеу
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ туралы
Геометриялық нивелирлеу жайлы
Нивелирлеу туралы
Трассаны нивелирлеу туралы
Автомобиль жолдарын салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар
Геодезиялық практика материалдары
Реттік нивелирлеу
Нивелирлік рейкалар
Геометриялықлық нивелирлеу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz