Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет



1.Айқышгүлді дақылдар.
2. Айқышгүлді қандалалар,күресу шарасы.
3. Көкеніс дақылдары зиянкестері
4.Қырыққабат шыбыны
5.Сәбіз шыбыны
6.Пияз шыбыны
7.Кәдімгі өрмекші кене
8.Пайдаланылған әдебиеттер
Айқышгүлді дақылдарда-рапста,қышада,қырыққабат түрлерінде ,мал азықтық шалқанда,шомырда шалғамда фитофакткрдың көптеген түрлері байқалады.Бұл дақылдарды зақымдауға осалдау болады.Фитофактардың келтіретін шығындарынан қорғасаса,белсенді шаралар қолданбаса,олардан түсім алу мүмкін емес.
Рапс — майлы әрі азықтық дақылдарға жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Дақыл ретінде б.з.б. 4-мыңжылдықтан бастап белгілі. Р. күздік және жаздық болып бөлінеді. Суыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімсіз өсімдік. Тұқымы 1 — 3ӘС-та өне бастайды, жас өркені –3 — 5ӘС-қа үсімейді. Ылғалды ең көп қажет ететін кезеңі гүлдену, дәнінің толысып, пісу сәті. Күздік Р-қа қарағанда жаздық Р. климат жағдайларына төзімдірек. Вегетац. кезең күздік Р-та 270 — 300 күн, жаздық Р-та 80 — 100 күнге созылады. Айқас тозаңданады. Барлық майлы дақылдардың ішінде күздік Р. айрықша топырақ талғайды, ол қоректік заттары мол, қышқылдау ортасы бар топырақтарда жақсы өнім береді. Ал жаздық Р. ауыр саздақ және жеңіл құмдақ топырақтардан басқа жерлердің бәрінде өсіп, өнім бере алады. Күздік Р-тың алғы дақылдары ретінде күнбағыс, жүгері, ерте пісетін картоп, көк азық үшін себілетін күздік қара бидай дақылдарын атауға болады. Р-тың дәнінде 43%-дан (жаздық) 50%-ға (күздік) дейін май болады. Майын тағам ретінде және тех. мақсаттарға, сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері, т.б. өндірістерде пайдаланады. Р-тың 100 кг көк балаусасында 15,7 кг мал азықтық өлшем бар және ол витаминдерге (А, С) бай, жақсы қорытылады. Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген Р. малға күз және көктем айларында жақсы жайылым. 1 га-дан 10 — 30 ц өнім алуға болады. Тұқымын қатар аралығын 15 см етіп, кең қатарлы әдіспен, 8 — 12 кг/га мөлшерде, 2 — 4 см тереңдікте себеді. Жаздық Р. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, ал күздік Р. Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Қарағанды және Қостанай облыстарында жаздық Р-ты дән алу үшін де, мал азықтық дақыл ретінде де егеді.
Айқышгүлді қандалалар (Hemiptera отряды, Pentatomidae тұқымдасы.)
Айқышгүлді көкеніс дақылдары қандалалардың бірнеше түрімен:рапс,қыша, және орта азиялық қандаларымен зақымданады.
Рапс қагдаларының ұзындығы 5,5-8мм.Алдыңғы арқасында ортасында қызыл,сары немесе ақ түсті артына қарай жолақтар бар.
Қыша қандаласы жуан денесімен сипатталады;оның қалқаншасының артқы бөлігі қабырғасыз немесе қабырғасы аса біліне қоймайды;құрсағының жоғарғы жағы қара түсті;ұзындығы 7-8,5мм.
1.Агибаев А.Ж, Тулеева А.К «Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестері мен аурулардан қорғау» Алматы 2014
2.Можаев Н.И., ӘріновҚ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола,1993.
3.Матпаева Б.Б. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен биологиялық күрес тәсілдері.-Алматы: Қайнар,1983.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері

Тобы:АГ - - 413
Орындаған: Нурпаисов Ернур
Тексерген: Мухамеджанова О.Т.

Семей.2015ж


Жоспары:
1.Айқышгүлді дақылдар.
2. Айқышгүлді қандалалар,күресу шарасы.
3. Көкеніс дақылдары зиянкестері
4.Қырыққабат шыбыны
5.Сәбіз шыбыны
6.Пияз шыбыны
7.Кәдімгі өрмекші кене
8.Пайдаланылған әдебиеттер

Айқышгүлді дақылдарда-рапста,қышада,қырыққабат түрлерінде ,мал азықтық шалқанда,шомырда шалғамда фитофакткрдың көптеген түрлері байқалады.Бұл дақылдарды зақымдауға осалдау болады.Фитофактардың келтіретін шығындарынан қорғасаса,белсенді шаралар қолданбаса,олардан түсім алу мүмкін емес.
Рапс -- майлы әрі азықтық дақылдарға жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Дақыл ретінде б.з.б. 4-мыңжылдықтан бастап белгілі. Р. күздік және жаздық болып бөлінеді. Суыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімсіз өсімдік. Тұқымы 1 -- 3ӘС-та өне бастайды, жас өркені - 3 -- 5ӘС-қа үсімейді. Ылғалды ең көп қажет ететін кезеңі гүлдену, дәнінің толысып, пісу сәті. Күздік Р-қа қарағанда жаздық Р. климат жағдайларына төзімдірек. Вегетац. кезең күздік Р-та 270 -- 300 күн, жаздық Р-та 80 -- 100 күнге созылады. Айқас тозаңданады. Барлық майлы дақылдардың ішінде күздік Р. айрықша топырақ талғайды, ол қоректік заттары мол, қышқылдау ортасы бар топырақтарда жақсы өнім береді. Ал жаздық Р. ауыр саздақ және жеңіл құмдақ топырақтардан басқа жерлердің бәрінде өсіп, өнім бере алады. Күздік Р-тың алғы дақылдары ретінде күнбағыс, жүгері, ерте пісетін картоп, көк азық үшін себілетін күздік қара бидай дақылдарын атауға болады. Р-тың дәнінде 43%-дан (жаздық) 50%-ға (күздік) дейін май болады. Майын тағам ретінде және тех. мақсаттарға, сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері, т.б. өндірістерде пайдаланады. Р-тың 100 кг көк балаусасында 15,7 кг мал азықтық өлшем бар және ол витаминдерге (А, С) бай, жақсы қорытылады. Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген Р. малға күз және көктем айларында жақсы жайылым. 1 га-дан 10 -- 30 ц өнім алуға болады. Тұқымын қатар аралығын 15 см етіп, кең қатарлы әдіспен, 8 -- 12 кгга мөлшерде, 2 -- 4 см тереңдікте себеді. Жаздық Р. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, ал күздік Р. Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Қарағанды және Қостанай облыстарында жаздық Р-ты дән алу үшін де, мал азықтық дақыл ретінде де егеді.
Айқышгүлді қандалалар (Hemiptera отряды, Pentatomidae тұқымдасы.)
Айқышгүлді көкеніс дақылдары қандалалардың бірнеше түрімен:рапс,қыша, және орта азиялық қандаларымен зақымданады.
Рапс қагдаларының ұзындығы 5,5-8мм.Алдыңғы арқасында ортасында қызыл,сары немесе ақ түсті артына қарай жолақтар бар.
Қыша қандаласы жуан денесімен сипатталады;оның қалқаншасының артқы бөлігі қабырғасыз немесе қабырғасы аса біліне қоймайды;құрсағының жоғарғы жағы қара түсті;ұзындығы 7-8,5мм.
Капуста немесе боялған қандала тым тегіс,қалқаншасындағы ұзына бойына орналасқан қабырғалары анық байқалады;құрсағының төменгі жағында тыныс алу мүшесін жағалай екі қатардақтар орналақан,ал ортасындағы дақтар мен жолақтар араласып кеткеннемесе жолақтар мүлде болмайды;құрсағының жоғарғы жағы қызыл,тек оның соңғы сегменттері ғана қара түсті болып келеді;ұзындығы 9-10мм.
Орта азиялық қандаласының капуста қандаладан айырмашылығы - оның құрсағының төменгі жағында шеттері анық емес қызыл дақтарға бөлінген екі қара дақтар,ал ортасында бір біріне қосылмайтын екі қатар қара дақтары болады.Дәрнесілдері қанатсыз немесе қанаттарының белгілері білінеді,4буынды мұртшалары бар, олардың құрсақтарының жоғарғы беті ақшыл шеттерінде көлденең қара дақтары бар.Ересек қандалалар түскен жапырақтардың астында,орман шетінде,көшетжайлар мен мен бақтарда ағаштардың түбінде ,жырлардың шеттерінде және басқа жерлерде қыстайды.Ерте көктемде олар қыстаған орындарынан шығып,бастапқыда арамшөптерде,кейін крестгүлді дақылдарда қоректенеді.
Күресу шаралары:Тыңайтқыштар енгізу,арамшөптерді жою,қауданның түйнектелуі кезінде әрқайсысы 5өсімдік құрайтын 20сынамада тексеру жүргізеді және көкеніс дақылдарында 1-2қандалам²,тамыр жемістілерде 0,2қандала 1өсімдік;рапста,қышада 5-8қандалам²анықталған жағдайда, Тізімге ... сәйкес инсектицидтермен өңдеу жүргізіледі.

Көкеніс дақылдары зиянкестері
Көкөніс және бақшада дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан.Олардың аса қауіптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер жатады:шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері,бұзаубас,кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары ,шырыштар (ұлулар).Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар,қабыршақ қанаттылар,тең қанаттылар ,қабыршақ қанаттылар ,қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады.Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.

Сәбіз шыбыны- Psila rosae L(Diptera Psiliade тұқымдасы).
Шыбынның түсі қара,жылтыр,басы қоңырқай қызыл,төбесінде қара ұшбұрышты дағы бар,мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті.Қанаттары түссіз,жасыл реңді болып келеді.Денесінің ұзындығы 4-5 мм.Дернәсілдері жұқа,жылтыр ,қоңыр сары түсті.Денесінің ұзындығы -7мм.Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде(пілләда),кейде көкөніс қоймаларында,тамыр жемістерінде қыстайды.Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді.Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынмен қоректенеді.

Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану. Арам шөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соңәрқайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4 тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Инсектицидтерді Тізім... бойынша қолданылады.

Пияз шыбыны - Hylemyia antique Mg (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы).
Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкті. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдердің ұзындығы 10 мм, шамасында түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жінішкерген.Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыкканнан кейін (Мамырдың екінші жартысында) Ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күнен кейін дернәсілдер шыгып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгенен кейін тапырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен арақашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өндеу жүргізу қажет.

Пияздың ызылдақ шыбыны - Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы)
Шыбын жасыл қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады.Оның ұзындығы 5-9 мм.Құрттарысұрғылт сары,ұзындығы 7-11 мм.Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар,екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларына қыстайды.Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады.Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жуашықтың үстіне,қабыршақтарының астына,жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады.Құрттар жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады.Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп ,ішкі бөліктерін түгел жеп қояды.Зақымдануының салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды,ал пияз мойны шіріп кетеді.Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де,едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шірігін массаға айналады.18-25 күннен кейін ұрпақ шыбындары ұшып шығады.Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.

Күресу шаралары.Пияз шыбынымен күресуге ұқсас.

Бақша бітесі-Aphis gossypii Glov(Homoptera отряды,Aphididae тұқымдасы).
Бұл жәндік қиярды ,асқабақты,патиссонды,кәдіні зақымдайды.Бақша бетінің ұзындығы -1,2-2мм ,түсі сарыдан бастап қара жасыл,тіпті қара болып келеді.Баланқұрттары сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді.

Күресу шаралары. Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді. Тускенжапырақтардың астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу; сілті (10 л суға 200 г күл мен 50 г сабын араластырып) бүрку. Инсектицидтерді Тізімге... сәйкес қолдану.

Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. ( Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы)
Өрмекші кене өте ұсаққ, ұзындығы -0,4-тен 0,6 дейін болады.Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда - 3 жұп аяқ болады.Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп калады және кенелер жолдың жетегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уакытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы ормек астына жұмыртка (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөнгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді.

Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдар (қияр) аз зақымданатын (қызанақ) және зақымдайбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестіңалғашқы ошағы біліне бастағанда өсімдікке жыртқыш кенені - фитосейулюсті, яғнижыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс.

Жылыжай аққанаты - Trialeurodes vaporarium Wstw.(Homeptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы ).Қиярды ,қызанақты бұрышты салат жапырақтарын,бүлдіргендерді және басқа өсімдіктерді зақымдайды.Ересек аққанаттының сары денесінің ұзындығы 1,5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады.Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз - ақ жылжымалы сатысы болып табылады.Ересек дернәсілдері ұзындығы 0,8-0,9 мм-ге дейін жетеді,ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар,үстін қысқа түктер басқан,денесінің шетінде 2 жіпшесі болады.Ұрғашыларыақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобы мен салады,жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінді 10-20 данадан салады.Жұмыртқалары жапырақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес.1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске айналады. Ұрықтықтық даму 7-12 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады.

Күресу шаралары.Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айқышгүлді егістік, жемдік, көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы ақпарат
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Айқышгүлді егістік, жемдік,көкөніс дақылдарының зиянкестері
Бақша, көкеніс дақылдары зиянкестері
Картоп және көкөніс зиянкестері
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Ауыспалы егіншілік,ауыстырылмайтын егіс, қайталап себу,монокультура
Картоп және көкөніс зиянкестері туралы мәлімет
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Пәндер