Металдар.металдардын каттылыгы


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Шәкарім атындағы

Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Такырыбы:Металдар. Металдардын каттылыгы.

Тексерген : Тілеуғали Еркінғали Тілеуғалиұлы

Орындаған: Сакенова А. ТО-411 тобы

2015-2016 оқу жылы

Металдар дегеніміз - электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Сынаптан басқа металдардың кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты. Металдардың қаттылығы мен температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (мәселен:күміс, алтын, т. б. ) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі - қола.

Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0, 01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т. б. ) жасауда, т. б. кеңінен қолданылады.

Табиғатта көп кездесетін металдар қатарына жатады:

Al (8, 8%)

Fe (4, 65%)

Ca (3, 6%)

Na (2, 64%)

K (2, 5%)

Mg (2, 1%)

Tі (0, 57%)

Металдардың қасиеттері:

Химиялық (ерігіштік, коррозиялық беріктік, қышқылдану және т. б)

Механикалық (беріктілік, аққыштық, иілгіштік, қаттылық, тұтқырлық және т. б)

Технологиялық (созылымдылық, балқытылу және т. б)

Физикалық(түс, тығыздық, балқығыштық, магниттік және т. б қасиеттері)

Металдардың механикалық қасиеттері, металдарға түскен жүктемеге қарсыласуын сипаттайды. Ал, металдардың механикалық сипаттамасы олардың қасиеттерін сандық түрде сипаттайды.

Металдардың негізгі механикалық қасиеттеріне: беріктілік, аққыштық, иілгіштік, қаттылық, тұтқырлық және т. б жатады.

Металдардың механикалық сипаттамасына:

уақытша кедергі-беріктіліктің шегі, созылу кезіндегі беріктіліктің шегі- ең үлкен жүктемеге сәйкес келетіндей шартты кернеу, ол үлгінің бұзылуына әкеліп соғады;

нақты кернеу;

аққыштықтың физикалық шегі : σ τ = P τ / F 0

аққыштықтың шартты шегі;

пропорционалдылықтың шартты шегі: σ пц = P пц / F 0

беріктік шегі: σ b = P b / F 0

Беріктік

Беріктік - материалдардың белгілі бір жағдайлар (күйлер) мен шектерде қандай да бір әсерлерді (салмақ түсу, температураның өзгерісі, магнит, электр, т. б. өрістері, кебу немесе ісіну, т. б. ) қабылдай отырып, бүлінбей сақталу қасиеті; сыртқы күштердің әсерінен қалпының өзгеруіне және бұзылуына қарсыласатын қатты дененің касиеті.

Беріктіктің әр түрлі жағдайдағы өлшемдеріне пропорционалдық шегі, аққыштық шегі, сырғымалық шегі, беріктік шегі, т. б. жатады.

Беріктіктің мынадай түрлері бар:

теориялық беріктік - атом аралық ілінісу күштері арқылы есептелінетін беріктік (ол шамамен бойлық серпімділік модулінің 1/6-іне тең) ;

техникалық беріктік - нақты материалдарда байқалатын беріктік (мысалы, болатта ол шамамен теориялық беріктіктің 1/10-іне, ал көптеген қатты денелерде теориялық беріктіктің жүздік және мыңдық үлесіне тең) ;

құралымдық беріктік - балқытып біріктірілген тораптардың, иінді біліктердің, турбина қалақшаларының, т. б. құралымдық элементтердің беріктікгі. Құралымдық элементтердің беріктікгі оларда беттік ақаулардың, ішкі кернеулердің, т. б. болуына байланысты техникалық беріктіктен төмен болады;

динамикалық беріктік - материалдардың динамикалық жүктемелерді қабылдай отырып, бүлінбеу қасиеті;

ұзаққа созылатын беріктік - ұзақ уақыт бойы сырғымалы қалыпта болған материалдардың беріктікгі. Жіптердің, сымдардың, талшықтардың, т. б. материалдардың беріктікгі оларға түскен ажырату (үзіп жіберу) күшінің олардың (жіптің, талшықтың, сымның, т. б. ) сызықтық тығыздығына қатынасына тең. Беріктік Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) НҺм/кг арқылы өрнектеледі.

1976 жылдан бері Қазақстан Металлургия және кен байыту институтында рений, осмий, молибден, вольфрам, ванадий аралас материалдардың беріктікгі бойынша көлемді зерттеулер жүргізіліп келеді.

Кең қолданылатын металдар:

Металл
Тығыздық кг/м³

Т. пл.,

̊С

Т. к.,

˚С

Беріктік шегі, МН/м² (кгс/мм²)

Салыстыр

малы

ұзарту, %

Бриннел бойынша қаттылық
Ұзындықты өрістету коэффициенті, λ∙10⁶
Металл: Алюминий
Тығыздық кг/м³: 2700
Т. пл.,̊С: 660
Т. к.,˚С: 2300
Беріктік шегі, МН/м² (кгс/мм²):

80-110

(8-11)

Салыстырмалыұзарту, %: 40
Бриннел бойынша қаттылық: 20-30
Ұзындықты өрістету коэффициенті, λ∙10⁶: 23, 1
Металл: Темір
Тығыздық кг/м³: 7860
Т. пл.,̊С: 1539
Т. к.,˚С: 2880
Беріктік шегі, МН/м² (кгс/мм²): 300(30)
Салыстырмалыұзарту, %: 21-55
Бриннел бойынша қаттылық: 50-70
Ұзындықты өрістету коэффициенті, λ∙10⁶: 11, 5
Металл: Магний
Тығыздық кг/м³: 1740
Т. пл.,̊С: 651
Т. к.,˚С: 1100
Беріктік шегі, МН/м² (кгс/мм²):

170-200

(17-20)

Салыстырмалыұзарту, %: 10-12
Бриннел бойынша қаттылық: 251-301
Ұзындықты өрістету коэффициенті, λ∙10⁶: 25. 7
Металл: Мыс
Тығыздық кг/м³: 8930
Т. пл.,̊С: 1083
Т. к.,˚С: 2600
Беріктік шегі, МН/м² (кгс/мм²): 220(22)
Салыстырмалыұзарту, %: 60
Бриннел бойынша қаттылық: 35
Ұзындықты өрістету коэффициенті, λ∙10⁶: 16, 5
Металл: Титан
Тығыздық кг/м³: 4500
Т. пл.,̊С: 1665
Т. к.,˚С: 3260
Беріктік шегі, МН/м² (кгс/мм²):

300-550

(30-55)

Салыстырмалыұзарту, %: 20-30
Бриннел бойынша қаттылық: 100
Ұзындықты өрістету коэффициенті, λ∙10⁶: 7. 2

Металдардың беріктілігі:

Металл
уақытша кедергі, МПа
Металл
уақытша кедергі, МПа
Металл: Титан
уақытша кедергі, МПа: 580
Металл: Цинк
уақытша кедергі, МПа: 120-140
Металл: Темір
уақытша кедергі, МПа: 200-300
Металл: Алюминий
уақытша кедергі, МПа: 80-120
Металл: Мыс
уақытша кедергі, МПа: 200-250
Металл: Алтын
уақытша кедергі, МПа: 120
Металл: Магний
уақытша кедергі, МПа: 120-200
Металл: Қалайы
уақытша кедергі, МПа: 27
Металл: Күміс
уақытша кедергі, МПа: 150
Металл: Қорғасын
уақытша кедергі, МПа: 18

Металдардың иілгіштігі:

Металл
Салыстырмалы ұзарту, %
Металл
Салыстырмалы ұзарту, %
Металл: Алтын
Салыстырмалы ұзарту, %: 65
Металл: Титан
Салыстырмалы ұзарту, %: 50
Металл: Күміс
Салыстырмалы ұзарту, %: 65
Металл: Қалайы
Салыстырмалы ұзарту, %: 40
Металл: Қорғасын
Салыстырмалы ұзарту, %: 65
Металл: Алюминий
Салыстырмалы ұзарту, %: 30-40
Металл: Мыс
Салыстырмалы ұзарту, %: 50-60
Металл: Цинк
Салыстырмалы ұзарту, %: 30
Металл: Темір
Салыстырмалы ұзарту, %: 40-50
Металл: Магний
Салыстырмалы ұзарту, %: 10-22

Металдардың қаттылығы:

Металл
НВ
Металл
НВ
Металл: Титан
НВ: 160
Металл: Алюминий
НВ: 16-25
Металл: Темір
НВ: 70-80
Металл: Күміс
НВ: 25
Металл: Магний
НВ: 30-40
Металл: Алтын
НВ: 18
Металл: Мыс
НВ: 40
Металл: Қалайы
НВ: 5
Металл: Цинк
НВ: 33
Металл: Қорғасын
НВ: 4
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Металл деформациясы
Металдардың химиялық қасиеттері
Қара металдардың колданылуы
Металдар
Орта мектеп химия курсындағы металдардың жалпы қасиеттерін оқып үйретудің әдістемесі
Металдардың сипаттамасы жән жіктелуі
Металл деформациясы туралы
Металдар туралы ұғым
Материалдың қаттылығын өлшеу әдістері
Материалдардың қаттылығын өлшеу құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz