Сапа менеджменті жүйесін-білім беру жүйесіне қолдану


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Баяндама

Тақырыбы: Сапа менеджменті жүйесін-білім беру жүйесіне қолдану

Орындаған:Қажыбекова Н

Тексерген: Жұмашбекова С

2015 жыл

Сапа менеджменті жүйесін-білім беру жүйесіне қолдану

Сапа менеджментінің жүйесі - әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

9000 сериялы ИСО стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттандыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз - өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.

Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше - Сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп, ол өз кезегінде жаңа үдерістерді, құжаттардың жаңа үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.

Дамыған елдердің жүз мыңдаған тауар өндірушілері өз қызметтерін осы нормаларға сәйкестендіреді. ТМД елдеріндегі олардың саны бірнеше онмен ғана саналады, алайда халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге ұмтылыс қарқын алып келеді.

Сапа менеджменті анықтамасын қарастыру үшін үйымды басқару дегеніміз не дегенді жалпылама тұрғыда бейнелеп алған пайдалы.

Барынша қарапайым түрде айтқанда басшылық дегеніміз мақсаттарға қол жеткізу жолында ресурстарды ұйымдастыру, бақылау және басқару.

Оны неғұрлым дәлірек ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, басшылықтың саясатын айқындау және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сол саясатты басқару жүйесіне енгізу ретінде бейнелеуге болады.

Жаңа білім беру жүйелеріне қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес білім беру саласындағы негізгі міндеттерге мыналар жатады: әлемдік нарықтағы білім берудің жоғары сапасын, білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету; ұлттық және халықаралық деңгейде танылған үлгілердің ықпалдасқан өзара бейімделуі негізінде білім беру жүйесінің инновациялығын қамтамасыз ету; болашақтағы сапалы деңгейді озық бағдарлармен қамтамасыз ету.

Сапа менеджменті жүйесі - сапаға қатысты басшылық және ұйым басқармасы үшін өзара байланысты және өзара әрекет ететін элементтердің жиынтығы.

Мақсаты

Қазақ Ұлттық өнер университетінің сапа менеджменті жүйесін ендіру мақсаттары: мүдделік тарап-тардың талаптарына, заңнамалық және регламенттелетін талаптарға білім беру қызметін көрсетуін қамтамсыз ету қабілеттілігін көрсету; білім беру қызметін көрсетудің тұрақты сапасын қамтамасыз ету; мүдделік тараптардың сұраныстарын және үміттерін сәйкестендіру және орындау.

Міндеттері

Қазақ Ұлттық өнер университетінің сапа менеджменті жүйесі мыналарға жәрдемдеседі: ҚР экономикасы мен қоғамының бәсекеге қабілетті мамандарға қазіргі және күтілетін қажеттіліктерін қанағаттандыруға; ғылым және техника салаларындағы жаңалықтарға бара-бар инновациялы ортаны жасауға; қызметтің нәтижелігі мен тиімділігін жақсарту үшін көптеген өзара байланысқан үрдістерді сәйкестендіруге және басқаруға; қорларды нәтижелі және тиімді қолдану арқылы жұмсалған шығындарды оңтайландыруға; мүмкіндіктерді үнемі жақсартып отыру арқылы бәсекелестер алдындағы артықшылықты тануға; қызметтің қаржылық және әлеуметтік артылықшылықтарымен қуатталған білім беру қызметі сапасы мен беделінің нәтижелігі мен тиімділігіне мүдделі тараптардың сенімін қамтамасыз ету.

Қазақ Ұлттық өнер университетінің сапа менеджменті жүйесін жасаудағы себептер:

а) ішкі: СМЖ үдерістерінің вариабельділігін төмендету арқылы студенттерді кәсіби, әлеуметтік және этикалық жағынан даярлау жағдайларын көтеру; білім сапасын жоғарылату үшін жоғарғы оқу орнының барлық қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру; өндірістен тыс шығындардың төмендеуі; жоғары оқу орны мәдениетінің, инфрақұрылымының және өндірістік ортасының жақсартылуы;

б) сыртқы: ішкі және сыртқы білім беру нарығында жоғарғы оқу орнының бәсекелестікке қабілеттілігі; жоғарғы оқу орны мен мамандықтар рейтингісінің өсуі; білім беру қызметіне деген барлық мүдделі тараптардың қанағаттануын арттыру; мемлекеттік тапсырысты алу үшін ЖОО қызметінің үдерістерін үнемі жақсартып отыру.

СМЖ-ды қолдану аясы

СМЖ-ды қолдану аясы лицензиялану саласына қарай мамандықтар мен бағыттар бойынша жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтерін қамтиды. Қазақ Ұлттық өнер университетінің сапа менеджменті жүйесі ХС ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкес келеді. Қазақ Ұлттық өнер университетінің СМЖ қазіргі ҚазҰӨУ ұйымдастырушылық құрылымына қатысты ХС ИСО 9001:2008 талаптарына сай құжатталған, ендірілген және жұмыс қалпын сақтауда. МЖМБС талаптарымен, тұтынушылардың сұранысымен білім беру қызметінің сәйкестігін көтеріп СМЖ-ға сәйкестілік пен оның нәтижелілікті жоғарылату мақсатында Қазақ Ұлттық өнер университеті жоспарларды, сондай-ақ мониторинг, өлшеу, талдау және жетілдіру үдерістерін жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджментінің жүйелері
Сапа менеджмент жүйесін – білім беру жүйесіне қолдану жайлы ақпарат
Менеджмент жүйелері
2009 Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау
Сапа менеджменті жүйесінің әзірленген бағдарламасын енгізу
Стандарт- сапалыққа сенім
Сапаны басқару концепциясы
«Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру»
Сапа менеджмент жүйесін- білім беру жүйесіне қолдану туралы ақпарат
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz