Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптер, жаңа оқулықтардың ерекшеліктері туралы ақпарат


1. Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық принциптер. 2. Жаңа оқулықтардың ерекшеліктері.
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары
Қазақ тілі әдістемесі - ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту; ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын зерттейді. Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді.
XVIII ғасырда өмір сүрген әйгілі чех педагогі Ян Амос Коменский дидактика саласында еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырды. Педагогтің "Ұлы дидактика" еңбегінен кейінгі ұрпаққа өнеге болатындай сөздер орын алды. Кейбір педагогтар баланың сезім қабілетін ескермей, оның ақылын дамытуды ғана көздеген. Оқыту мен тәрбиелеудің бұл тәсіліне Я. А. Коменский қарсы болды. Ол әр түрлі сыртқы әсерлерді адамның қабылдауы сезімнен басталатындығын өз еңбегінде айтқан. Оқу- тәрбие жұмысының негізгі әдісі - баяндау мен сөзге құрылған бақылау емес, дидактика заңдарын терең қолданып, жаттықтыру, яғни білімді іскерлік негізінде меңгеріп, оны дағдыға айналдыру. Осы тұрғыда Я. А. Коменскийдің мектепті жаттығу орнына балауының маңызы зор. Ол: "Білімнің негізі зат пен құбылыстың өз табиғатынан алынсын. Ұстаз аз сөйлеп, шәкірт көп үйренетін болсын. Тәртібі жоқ мектеп сусыз диірменге ұқсайды. Білімнің негізінде әдемі зат, көркем текст содан соң талдау, аяғында қорыту тұрады" - деген дидактикалық қағидалары осы күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.
Я. А. Коменскийдің идеясын одан әрі жалғастырған орыс педагогі К. Д. Ушинский ана тілін мектепте оқылатын пәндердің негізгісіне теңеп: "Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымдарын және математиканы үйренген кезде теореманы немесе математикалық есепті өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?"- деген болатын. К. Д. Ушинский оқу материалын меңгеруде әңгіме, салыстыру, пысықтау, бекіту сияқты әдістерді тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.
Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп отырады. Осы мәселелер женінде өзінің ұстанымдарын белгілейді.
Қазақ тілін оқыту жөніндегі әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері қамтылған. Б. Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардын сегіз түрін, атап айтқанда, оқытудың ғылыми ұстанымын, жүйелілік ұстанымын, материалды дұрыс орналастыру ұстанымын, алдын-ала болжау ұстанымын, саналылық ұстанымын, оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымын; теория мен практиканы өмірмен байланыстыру ұстанымын, оқытудың көрнекілік ұстанымын ұсынады.
С. Қазыбаев балаларды тәрбиелеу әрі дамыту, оқу материалын саналы меңгерту, ғылыми дұрыс білім беру, білім, білік, дағды беріктігі, түсініктілік, көрнекілік, оқушылардың оқу еңбегінде көрсеткен белсенділігі мен өздік жұмысы, білімнің жүйелілік және бірізділігі, оқытудың сабақтастығы ұстанымдарын -барлығы тоғыз ұстанымның қажеттігін айтады.
Әдіскердің ұсынған сабақтастылық ұстанымы Б. Құлмағанбетова ұсынған алдын-ала болжау ұстанымына ұқсас. Дегенмен, айырмашылығы да бар. Бұл екі ұстаным да алдыңғы сабақта өтілген материалдың толықтырылатынын ескертеді. Бірақ, алдын-ала болжау - алдыңғы сабақта оқытылатын материалды меңгертудің тиімділігін алдын-ала болжап, бастауыш сыныптарда өтілген тақырыптар жоғары сыныптарда толықтырылып өтілетініне сүйенеді. Ал сабақтастық ұстанымында әр күн, әр тақырып, әр бөлім бір-бірімен сатылап байланысады.
Ә. Исабаев ұстанымдарды ғылыми, жүйелі, көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымдары деп топтастырады. Әдіскер ұсынған оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы басқа әдіскерлердің еңбектерінде кездеспейді.
А. Әбілқаев оқытудың тоғыз ұстанымын ұсынады. Әдіскер ұсынған жаңа ұстаным - перспективті ұстанымы. Перспективті ұстанымы оқыту тек әрбір сабақтың ғана мақсатын көздемей, сол сабақта не оқытылады, қазіргі оқытылып жатқан материалды оқушылар ұққанда, оның келешекте өтілетін материалды меңгеруге қандай көмегі бар дегенді негізге алады.
1. Оқытудың ғылымилық ұстанымы бойынша оқулықтардағы тілдік материалдардың мазмұны тіл білімі саласындағы ұғымдар мен олардың құрылымына сәйкес келуі тиіс. Казақ тілі пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары осы ұстанымға сүйеніп жасалады. Оқушыларға казақ тілінен берілетін білім лингвистикаға банланысты қаралады. Тілдің ең негізгі белгілерін ұстаз ой елегінен өткізіп, оқушыларға жеткізеді. Тек ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге көмектеседі.
Педагог-әдіскер Ә. Исабаев ғылыми ұстаным төмендегі өлшемдерге сай болуы қажет деп есептейді: 1. Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет. 2. Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлділігі талап
етіледі. 3. Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып
алынғаны абзал. Қазақ тілінен берілетін материалдардың анықтамалары мен ережелері дәл болғаны абзал. Тілдік тақырыптарга байланысты берілетін практикалық дағдылардың да көлемі дәл болғаны жөн.
Демек оқулық осы айтылған өлшемдер негізінде жасалуы тиіс. Тақырыпты бұрын берілген білімді еске түсіруден бастаған жөн. Бұл тұста ғылыми ұстанымның жүйелілік ұстаныммен тығыз байланысты екенін есте ұстау қажет.
Тақырыптарды өту барысында сол тақырыпқа байланысты тіл ғылымындағы соңғы жаңалықтарды да енгізіп, айту қажет. Тіл білімінде өзінің шешімін тапқан мәселелер туралы терең мағлұмат беру, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушы білімі тек оқулық деңгейінде қалып қоймайды. Осы ретте оқытудың ғылыми ұстанымы зор рөл атқарады. Мұғалім теория мен практика арасындағы диалектикалық байланысты естен шығармауы керек. Әр тақырыптың тіл жүйесіндегі орнына оқушының көңілін аударту олардың сол білімді саналы игеруіне көмектесумен қатар, танымдық қабілеттерін дамытады.
2. Оқытудың жүйелілік ұстанымы дегеніміз оқу
материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай
құрылу, берілу тәртібі. Білімнің жүйелілік және бірізділігі
ұстанымы жаңа материалды түсіндіруде, білім мен
дағдыларды бекітуде, тексеруде, үй тапсырмасын беруді
және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Бұл
ұстаным оқушы меңгеретін білім мен біліктердің жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай дамытылып отыруын қажет етеді.
3. Оқытудың көрнекілік ұстанымы. Оқушыларға тілдік
материалды дәл, анық түсіндіруде іске асырылады. Әрбір
сабақта көрнекі құралды үтымды пайдалана білу - сабақтың сапасын жақсартады. Оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс, туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады. Сондықтан мұғалім өзі жасаған үлестірме қағаз, схема, таблица сияқты көрнекі құралдардың сапасына, тазалығына басты назар аударуы қажет.
Сабақ барысында таблицаларды, дидактикалык кестелерді, схемаларды, әр түрлі сериялы оқиғаға құрылған суреттерді көптеп қолдану тиімді.
Дидактика ілімінде көрнекілікті кескінделген және экранды-дыбыстық деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Кескінделген көрнекі оқу құралдарына грамматикалык кесте, сурет, оқиғалы картиналар, схема, үлестірме кеспе қағаздары жатады.
Экранды-дыбыстық құралдарға дыбыстық-бейнетаспа; жазулары, фонохрестоматия, күйтабақ, кодоскопқа арналған транспоранттар, компьютерлік сабақтар т. б. жатады.
4. Саналылық пен белсенділік ұстанымы оқушыларға грамматикадан білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілетін дамытып отырады. Тілдің заңдылықтары мен ережелерін оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі қажет. Демек, мұғалім материалды дәл, айқын түсіндіріп, оқушыларға материалды өз түсінігі бойынша айтқызып отырғаны орынды.
Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттырып отыру - оқу үрдісінде нәтижеге жетудің алғы шартының бірі. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану арқылы пікірсайыс ұйымдастыруға болады. Оқушының оқу белсенділігі сабаққа қызығушылығы болған кезде артады. Қызығушылық жағымды мотивтің туындауымен тығыз байланысты. "Мотивация" - уәждеме - белгілі бір іс-әрекетті орындауға қозғау салу, соған итермелеу. Осы тұрғыда оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға мүмкіндік жасалуы керек. Оқушының оқуға деген белсенділігі артып, жұмысты өздігінен орындауға бейімділігі, қызығушылығы жүзеге асқан кезде ғана, оқушының саналы түрде материалды меңгеруі қалыптасады. Мәселен, "Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғаларды" меңгерту барысында оқушылардың оқу белсенділігі артады, яғни сөз тіркесінің қыры мен сырын ұғынуға оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырған кезде материалды саналы түрде меңгеру жүзеге асады. Тақырыптың негізгі ерекшеліктерін саналы түрде меңгерген оқушы ғана оны әр уақытта басқа тұлғалардан ажырата алады.
5. Теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін өмір қажетіне пайдаланулары арқылы іске асады. Оқулықтағы теориялық материалды игеру онда берілген практикалық жаттығулардың берілуіне байланысты. Оқулықтағы жаттығулар оқушыларға өтілген тақырыптан алған білімдерін жан-жақты танытуға мүмкіндік береді.
Тіл дамыту т. б. жұмыстар әдемі сөйлеуге, қатесіз, сауатты жаза білуге үйретеді. Конференцияларда баяндама жасауға, мақала жазуға дағды береді. Мұндай дағды ұзақ, жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы іске асады. Мұғалімдер оқыту ісінде бір жақты кетпей, яғни тілдік материалдарды ғана меңгертумен шектелмей, оқушылардың сол тілдік материалдарды сөйлеулерінде, жазуларында дұрыс таңдап, іріктеп ала білу, орынды қолдану қабілеттерін арттыруға да үздіксіз назар аударып отыруы тиіс. Оқушыларды таза, жақсы сөйлеуге, әрдайым өз сөзін бақылауға әдеттендіру үшін, олардың стилистикалық орашолақты, жауапсыз сөйлеушілікті мұғалімнің кешірмейтінін, ол үшін бағасы төмендейтінін жақсы білулері шарт.
6. Түсініктілік ұстанымы оқу материалына дәл анықталған материалды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми терминдер мен үғымдарды пайдалануды көздейді. Жалпы бұл ұстаным, негізінен, оқулықтағы тілдік, практикалық материалдардың тілінің түсініктілігімен тікелей байланысты.
Сондай-ақ, оқу материалын меңгертуде мұғалімнің жаңа білімді баяндап, түсіндіруіне да байланысты. Мұғалім тақырыптарды түсіндіргенде, бүл тақырыптың тілдің басқа салаларымен тығыз байланысты екенін естен шығармай, оқушылардың естеріне өткен сабақтардан алған білімдерін түсіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz