Ірі қара мал гигиенасы жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы:Ірі қара малының гигиенасы.
Орындаған:Жарқынұлы. М
Тобы:ВМ-301 Тексерген:Садуақасов М. С.
Семей қаласы 2015 ж
Жоспар:
1. Мал гигиенасы. Ірі қара мал гигиенасы.
2. Сиырларды бұзаулату гигиенасы.
1. Ірі қара малдарының гигиенасы.
Мал гигиенасы дегеніміз - (грек. hygіeіnos - дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; ветеринарлық медицинанның бір саласы болып табылады. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның мал организміне тигізетін әсерін зерттейді; малдардың қора - жайларын таза ұстау, сонымен қатар олардың төлдегеннен кейінгі малдың жағдайларын, малдарды азықтандыру принціптерін қарастырады.
Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдардың гигиенасын қай жағынан қарасанда, кең ауқымды болып келеді.
2. Соның ішіндегі сиырларды бұзаулату гигиенасына қысқаша тоқтала кетсек.
Сиырларды бұзаулауға дайындаудыі маңызы өте зор. Буаз сиырларды туардан бұрын 7-10 тәулік бұрын табынна бөліп алады. Оны барнайы бұзаулайтын бөлмеге орналастырады. сиырлардың бұзаулайтын бөлмесенің сиымдылығы шаруашылықтағы мал басының санына байланысты болады. Типтік тәсілде салыынған бұзаулау бөлмелері негізінен 3 бөліктен тұрғызып, біріншісінде буаз сиырларды туар алдында 7-10 күн бұрын, екіншісінде тұрғызу үшін, ал үшіншісінде туғаннан соң 10-12 күн ұстауға негізделген. Сиырларды туар алдындағы және туған соң ұстайтын бөлімдерде ұзын байлауыш пен ұзын байлауышпен ұзын тұрақтарда, ал мал туатын жерег жекелеме бөлме бокстарда бұзаулатады. Әр бокстың размері 3м 3, 5м жандарында тұтас, жеңіл материалдан жасалатын қабырғалардың еденнен биіктігі 1, 7 м болып, 20 30 см қарап, бақылауға арналған терезе қалдырылады.
Бұзаулаудың алдында ұстауға арналған секцияға ауыстырадыда арнайы станоктарға тұрғызып, сиырдлың терісін тазалап, қатты ластанған жерлерін жылы сумен жуып, аяқтарын 1% креалин немесе 0, 5% формалин ерітінділері мен тұяқтарын тазалап, дезинфекциялайды.
Сиырлардың бұзаулауына 12-24 сағат қалғанда үрпінне уыз шығып, сыртқы жыныс органдарынан кілегейлі сұйық шығып, тууы таяған мал жан жағына жиі қарап мазасызданып белгі береді. Осындай кезде сиырлардың сыртқы жыныс органдарын тазалап, маргансовка, фурацилин, хлорамин ерітінділерімен дезинфекциялайды. Осыдан кейін сиырды арнайы мал төлдеуге арналған, дезинфекциялангған боксты бұзаулайтын орынға апарады. Бұзаулайтын сиырларды байламай бос ұстайды. Егер сиырдың азықтандыруы мен күтімі қалыпты болса, онда бұзаулауда онша қиындықтар тумайды. Аналық арық, кәрі ауру болса тууы қыйындап, ұзаққа созылса малдәрілік көмек көрсетіледі. Егер бұзаудың арқасы жоғары қарап, екі алдынғы аяғы созылған, арасында басы орналасқан болса дұрыс бұзаулаудың белгісі болып саналады. Сиыр бір - екі ышқынып күшенгеннен соң шарана шығып жатыр суы бөлінеді, бұзау көріне бастайды. Сол кезде аса үлкен сақтықпен сиырдың бауырына бағыттап, төлдің аяғынан тартып көмеку көрсеткен жөн. Егер шарана жарылмаса, бұзауы тұншығып қалмауы үшін саусақтың ұшымен жарып жіберуге болады. Жаңа туған бұзаудың ауыз маңайындағы кілегей сұйықтарды сүртіп, егер кіндігі өздігінен түспесе, оны бұзау қарынынан 10-15 см қашықтықта қолмен үзіп, иод ерітіндісімен өңдейді. Бұзауды құрғақ таза төсенішке жатқызып, енесіне жалатады.
Бұндай жағдайда бір ескеретін нәрсе, аналық сиыр бурцуллез, туберкулез немесе басқа жұқпалы аурулардан сау болмаса, бұзауын жалатпай, таза дәкемен немесе соломамен сүртіп құрғатады. Көбінесе жаңа туған бұзауды бұзаулайтын орында енесімен бірге 1-2 тәулік ұстайды. Бірақ жас төл жеткілікті уыз еміп, төзімділігін күшейтіп, салмағын арттыру және аналық сүтінің түзілуін жақсарту үшін жас туған төлді бар сүттік кезең бойында енесімен бірге ұстайды.
Сиыр бұзаулайтын бөлмеге кіретін есікетің алдында ұзындығы 1, 5 м- ден кем емес, ені есіктің еніндей кіріп - шыққан адамдардың аяғының астына дезинфекциялық төсеніш жасалады. Оны4 % күйдіргінатрий немесе 2-3 % креолин ерітіндісімен шылап қояды. Аналық сиыр тұрған жердің ластанған жерлерін тазалап, төсеніштерін ауыстырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz