Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары туралы



Кіріспе
Негізгі бөлім
Организмдегі арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.
1 ) Иммунитеттің арнайы факторлары: гуморальдік және жасушалық.
2 ) Организмнің арнайы емес қорғаныс факторлары да гуморалдік және жасушалық.
Қан топтары және олардың сипаттамасы.
1 ) Қан , оның атқаратын қызметтері. Буферлік жүйесі.
2 ) Қанның иммунологиялық белгілері.
3 ) Қанның тобы мен резус . факторының заңдылығы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
гуморальдік факторлары – вирусқа қарсы гуморальдік факторлар В-лимфоциттерге тығыз байланысты. В-лимфоциттер өзгере келіп плазматикалық жасушаларға айналады, ал ол жасушалар вирусқа қарсы антиденелерді бөліп шығарады. Адам мен жануарлар қан сарысуында болатын арнайы антиденелер – иммунитеттің гуморальді факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады. Сонымен бірге, көптеген вирустарға қарсы жергілікті иммунитет болады. Мысалы, тұмау ауруында, парагриппте және басқа тыныс жолдарының кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады, ал ішек ауруларында – ішектің кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады. Мұндай жағдайларда иммунитет ұзаққа созылмайды. Вирустардың көпшілігі антигендер болып табылады, сондықтан олар организмде өздеріне сәйкес иммунологиялық өзгерістер тұғызады, соның нәтижесінде антиденелер – арнайы иммуноглобулиндер пайда болады. Жасушада иммуноглобулиндер ДНҚ – РНҚ әсерінен пайда болады. Осы жағдайда іске асыру үшін арнайы антигеннің әсері бар, демек, антиген организмге енген соң макрофагтардың әсеріне түседі де иммуногендік түрге енеді, содан соң макрофагтар мен Т-лимфоциттер В-лимфоциттерге хабар береді, ал В-лимфоциттер плазматикалық жасушаға айналады да вирусқа қарсы тән иммуноглобулиндерді бөле бастайды. Организмде табиғи ауырған кезеде немесе еккен кезде алдымен иммуноглобулиндердің М – класы пайда болады, оларды «алғашқы» антиденелерге жатқызады. Содан соң иммуноглобулиндердің А класы пайда болады. Оларды кілегейлі қабықшаның В-лимфоциттері бөледі. Бұл антиденелер вирустарды тыныс жолдарының кілегейлі қабықшаларында жояды және жергілікті иммунитет тұғызады. Соңынан антиденелердің G – класы пайда болады. Олар вирусқа қарсы гуморалді жолы арқылы болатын арнайы иммунитеттің көрсеткіші болып табылады.
1 ) Толысбаев Б Т,Шоқанов Н,Булашов А-практикум ветеринарной микробиолгии и иммунологии-М1989-272с
2 ) А. Булашев Иммунология, Астана, 2002 жыл.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ
Тақырыбы : Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.

Орындаған : Әскербек. Г
Тобы : ВС - 403.
Тексерген : Нуркенова М.

Семей 2015

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Организмдегі арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.
1 ) Иммунитеттің арнайы факторлары: гуморальдік және жасушалық.
2 ) Организмнің арнайы емес қорғаныс факторлары да гуморалдік және жасушалық.
Қан топтары және олардың сипаттамасы.
1 ) Қан , оның атқаратын қызметтері. Буферлік жүйесі.
2 ) Қанның иммунологиялық белгілері.
3 ) Қанның тобы мен резус - факторының заңдылығы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Иммунитеттің арнайы факторлары: гуморальдік және жасушалық.
1. гуморальдік факторлары - вирусқа қарсы гуморальдік факторлар В-лимфоциттерге тығыз байланысты. В-лимфоциттер өзгере келіп плазматикалық жасушаларға айналады, ал ол жасушалар вирусқа қарсы антиденелерді бөліп шығарады. Адам мен жануарлар қан сарысуында болатын арнайы антиденелер - иммунитеттің гуморальді факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады. Сонымен бірге, көптеген вирустарға қарсы жергілікті иммунитет болады. Мысалы, тұмау ауруында, парагриппте және басқа тыныс жолдарының кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады, ал ішек ауруларында - ішектің кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады. Мұндай жағдайларда иммунитет ұзаққа созылмайды. Вирустардың көпшілігі антигендер болып табылады, сондықтан олар организмде өздеріне сәйкес иммунологиялық өзгерістер тұғызады, соның нәтижесінде антиденелер - арнайы иммуноглобулиндер пайда болады. Жасушада иммуноглобулиндер ДНҚ - РНҚ әсерінен пайда болады. Осы жағдайда іске асыру үшін арнайы антигеннің әсері бар, демек, антиген организмге енген соң макрофагтардың әсеріне түседі де иммуногендік түрге енеді, содан соң макрофагтар мен Т-лимфоциттер В-лимфоциттерге хабар береді, ал В-лимфоциттер плазматикалық жасушаға айналады да вирусқа қарсы тән иммуноглобулиндерді бөле бастайды. Организмде табиғи ауырған кезеде немесе еккен кезде алдымен иммуноглобулиндердің М - класы пайда болады, оларды алғашқы антиденелерге жатқызады. Содан соң иммуноглобулиндердің А класы пайда болады. Оларды кілегейлі қабықшаның В-лимфоциттері бөледі. Бұл антиденелер вирустарды тыныс жолдарының кілегейлі қабықшаларында жояды және жергілікті иммунитет тұғызады. Соңынан антиденелердің G - класы пайда болады. Олар вирусқа қарсы гуморалді жолы арқылы болатын арнайы иммунитеттің көрсеткіші болып табылады.
2. жасушалық факторлары - вирусқа қарсы иммунитеттің жасушалық факторлары Т-лимфоциттерге, макрофагтарға байланысты болады. Т-лимфоцит жасушаға жабысқан немесе цитоплазма мембранасына енген вирус ақуыздарын таниды. Вирустардың организмге енуінің арқасында Т-лимфоциттердің өзгеруі басталады. Т-лимфоциттер бөліп шығаратын интерлейкин-2 арқылы Т-киллердің көбеюіне әсер етеді, ал Т-киллерлер арнайы рецепторлар арқылы вирус зақымдаған жасушаларды тауып, оларды өлтіреді. Сонымен қатар, лимфа түйіндегі макрофагтар вирусты тауып алып, оларды қорытады, ол үшін лизосомальдік ферменттер қолданылады. Осындай қорытылған иммунологиялық түрде вирус антигендерін Т-, В-лимфоцитке ұсынады. Демек, макрофагтар антигендердің түрін, санын белгілейді, содан соң оларды Т-, В-лимфоциттер танып алады. Бірақ, кейбір вирустар макрофагтың ферменттеріне төзеді де, макрофагтың ішінде өсіп көбейе береді.
Организмнің арнайы емес қорғаныс факторлары да гуморалдік және жасушалық деп екіге бөлінеді:
1. Гуморальдік факторларына - ингибиторлар жатады, оның ішінде:
α-ингибиторлар - біркелкі тұрақты мукопротеидтер, вирустардың қан түйіршектерін біріктіретін қасиетін жояды;
β-ингибиторлар - температураға шыдамайтын липопротеидтер, көп вирустарды жоятын қасиеті бар (тұмау вирусын, арбовирустарды);
γ- жоғары температураға шыдайтын гликопротеидтер, 100º С сақталады. Тұмау вирусынан сақтандырады.
Комплемент - антиген-антидене комплексі иммуноглобулиннің Fc-фрагментімен комплементтің белгілі компоненттеріне косылып комплекс құрады. Ол комплекс фагоцитоз, иммунологиялық жабысу процестерін күшейтеді. Комплемент антиденелермен бірігіп кейбір вирустарды, вирус енген жасушаны ерітеді.
Пропердин - комплементтің қызметін фагоцитозды күшейтеді, жасушаны ерітеді.
2. Жасушалық арнайы емес қорғаныс факторлары - осындай негізгі факторлардың бірі - вирус енген жасушаның интерферон бөліп шығаруы. Интерферон вирусқа қарсы арналған агент емес, ол тек жасушада вирусқа қарсы жағдай жасауға көмектеседі. Негізінде, барлық вирустар интерферон пайда болуына әсер етеді. Интерферон фагоцитозды күшейтеді, жасушаның өсіп көбеюін, яғни бөлінуін тежейді. Осы қасиеті қатерлі ісіктердің жасушалырының өсірмеу үшін қолданылады.
Организмді қорғаудың жасушалық факторлары ретінде гранулоциттердің - эозинофил, базофил, нейтрофильдерді айтуға болады. Эозинофильдер антиген-антидене комплексін жұтып қояды. Базофилдер - вирусқа қарсы қасиеті бар заттар - гистамин, гепарин және т.б. шығарады. Нейтрофильдер - ұсақ вирустарды жұтып, өз лизосомальдық ферменттері арқылы ерітеді.

Қан , оның атқаратын қызметтері.
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық үлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасьн құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
- тасымалдаушы қызмет - қан торшаларға қорек жеткізіп, олардан алып шыққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер бездері, өкпе т.б.) тасымалдайды. Қанмен денеге гормондар таральп, үлпаларға оттегі жеткізіледі, торшалардан көмір қышқыл алынып кетіледі;
қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік
белсенділік көрсетеді (торшалық иммунитет) және лимфоциттер бөлген
антиденелер бөгде заттарды жойып отырады (гуморальды иммунитет);
жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында
қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның
жәрдемімен жылудың артық мелшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;
-байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет. Әр түрлі мүшелер мен
торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері
бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.Қан топтарының түрлері және сипатамасы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.Қанның тобы мен резус – факторының заңдылығы
Қан топтарының түрлері және сипаттамасы
Бейімделушіліктің пайда болу жайы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары. Қан топтарының түрлері және оның сипаттамасы
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Иммунды жүйе мүшелері
Аскорбин қышқылының синтезі
Иммундық жүйе
Пәндер