Кәсіпкерлік түрлері және салыстырмалы талдау



Кәсіпкерлік– азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан,өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді.
Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады.
Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.
Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.
Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады.Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.
Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т.б.
Шаруашылық қауымдастыққа- бұл нақты мақсаттарды шешу үшін құрылған жеке адамдардың немесе кәсіпорындардың келісім негізіндегі бірлесуі.Қауымдастықтың қатысушылары меншігіндегі қаржы және материалдық ресурстардың белгілі бөлігін ғана біріктіреді.
Кайкен Ж. Б. Сұлтанов.Ө.С. Қалдыбаев.М.М/Кәсіпорын экономикасы

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау"

Тексерген: Есенбекова З.Ж
Топ: ХО-403
Орындаған: Қабдрақман Б.Ж

Семей қаласы 2015 ж.
Кәсіпкерлік туралы түсінік

Кәсіпкерлік - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан,өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік - кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді.
Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады.
Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.
Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.
Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. Кәсіпкер ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады.Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.
Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т.б.
Шаруашылық қауымдастыққа- бұл нақты мақсаттарды шешу үшін құрылған жеке адамдардың немесе кәсіпорындардың келісім негізіндегі бірлесуі.Қауымдастықтың қатысушылары меншігіндегі қаржы және материалдық ресурстардың белгілі бөлігін ғана біріктіреді.
Кәсіпкерлік істің маңызды белгілеріне біздің ойымызша келесі шамаларды жатқызуға болады:
1) шаруашылық субъектілердің дербестігі, тәуелсіздігі, өзін-өзі билеушілігі. Кез келген кәсіпкер құқықтық нормалар негізінде кез келген мәселелер бойынша өзі дұрыс деп айтқан шешімді қабылдай алады.
2) кәсіпкердің экономикалық мүдделілігі, қызығушылығы. Кәсіпкердің ең басты мақсаты - жоғары деңгейде пайда түсіру, сонымен қатар кәсіпкер пайда түсіре отырып,қоғамның да сұранысын қанағаттандырады.
3) шаруашылық қауіп пен жауапкершілік. Кез келген нақты есептеулердің өзінде белгісіздік, екіұштылық, қауіп жағдайы туындайды.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік істің маңызды нышандары бір-бірімен тығыз байланыста болады.

1. Кәсіпкерлік түрлері

Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар.
Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді:
өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер.
Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.
Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум - бұл ірі қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік түрлері. Салыстырмалы талдау жайлы мәлімет
Кәсіпкерлік түрлері "салыстырмалы талдау" туралы
Кәсіпкерлік түрлері туралы мәлімет
Салыстырмалы талдау. Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік түрі "салыстырмалы талдау"
Кәсіпкерлік жайлы мәлімет
Астық түйірін кептірудің негізгі үрдістері
Кәсіпкерлік. Салыстырмалы талдау
Кәсіпкерлік түрлері. Шағын кәсіпкерлікке салыстырмалы талдау
Инновацияның рөлі мен функциялары
Пәндер