Қарасан кезіндегі биопрепараттар


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Қарасан кезіндегі биопрепараттар.
Орындаған: Қатренова Г. М.
Тексерген: Жакиянова М. С
Семей қаласы 2015
Жоспар
Қарасан - негізінен ірі қараның жіті өтетін, бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сондай-ақ сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы бейім келеді. Аурудың қоздырушысы - CIostridium chauvoei - нағыз анаэроб, аздап иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады және ауруды тарататын негізгі фактор болып табылады.
Қарасанның алдын алу шаралары
Қарасанның алдын алу мақсатында мынандай шаралар жүргізіледі:
1) мал қорымдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;
2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;
3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;
4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тиым салу;
5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау.
Қантты қанды агардағы Clostridium chauvoei өсіндісі (гемолиз алаңы бар домалақ жылтыр колониялар. Микрофото.
Патологиялық анатомиялық белгілері. Топалаңдағы сияқты өлексе тырсиып ісінген және табиғи тесіктерден қан араласқан сұйықтықтар ағады. Кілегй қабықтары қызарған немесе көгерген. Қарасанға тән негізгі өзгерісті эмфизематозды ісік маңынан байқауға болады. Тері асты клетчаткасы және бұлшық ет арасындағы ұлпалардан сарғыш-қызыл жалқаяқты байқауға болады. Бұлшық еттері құрғақ, күңгірт-қызыл түсті (Қара сан деген атау осы белгісінен туындаған), газ көпіршіктерімен ығыстырылған және басқан кезде сықырлайды. өзгеріске ұшыраған бұлшық еттен өзіне тән күйген майдың иісі шығады. Кеуде және құрсақ қуыстарында сірілі және сірілі-геморрагиялық жалқаяқ көрінеді. Бауыры аса ұлғая қоймайды, бірақ көбінесе көлемі грек жаңғағына дейін жететін маңайы ұлпалармен шектелген ірілі-ұсақты өліеттену ошақтары басып кетеді. Олардың түстері қоңыр-қызылдан қошқыл қызылға дейін болады. Кесіп қарағанда құрғақтау, газ көпіршіктеріне толып кеткендігін көруге болады. Талағы ұлғайған, капсуласы газдың әсерінен созылып кетуі де мүмкін. Қаны ұйыған. Ішектің кілегей қабығы қызарған, қанталап ісінген. Осындай қанталауларды паренхиматозды ағзалардың сірі қабығының астынан кездестіруге болады.
Патогендігі және жұғу жолдары
3 айдан 2-3 жасқа дейінгі жас, кейде одан да ересек мүйізді ірі қара мал ауырады. Ет бағытындағы тұқымдары сүт бағытындағымен салыстырғанда бұл ауруға сезімтал болып келеді. Қойлардың да бұл ауруға шалдыққаны тіркелген. Ауру көбінесе жайлым кезеңінде және әсіресе құрғақшылық кездерінде малдар құрғаған тікен шөпті тамыр-топырағымен қопарып жегенде пайда болады. Тамырмен және онымен ілескен топырақпен жануар аузына қарасанның қоздырғышы да түседі. Қоздырушы құрғақ шөптің сабақ, тамырымен жыртылып-жарақаттанған ауыз кілегей қабығы арқылы организмге енеді. Ауруды жұқтырудың екінші бір жолы мал су ішетін су көздері. Мал қорада тұратын кезеңде де ауру сирек те болса шығуы мүмкін, ол қоздырғышпен зақымдалған азықты жегеннен болады.
Ауруды балау кезінде неге назар аудару керек
Ұқсас аурулардың бірі - топалаңнан айыру үшін ауырған малдың жасын ескеру керек: топалаңмен жас малдар да, сақа малдар да бірдей ауруға шалдығады, қарасанмен әдетте жас малдар ғана ауырады. Қарасан кезінде ісік - жамбас, жаурын сияқты бұлшық етке бай жерлерде орналасады; сықырлауық, салқын, жансыз, терісі өліеттенген болады. Топалаңда ісік кез-келген жерден пайда бола береді, сондай-ақ сықырламайды. Сойып қарағанда қарасаннан айырмашылығы топалаңда өлексенің қаны қара-қошқыл, ұйымайды, талағы күрт ұлғайған, болбыр. Қарасанды қатерлі ісіктен (газды ісік) ажырату қиынға соғады. Бұл жағдайда ескеретін нәрсе қатерлі ісік жарақаттардың немесе ауыр өткен туулардың салдарынан туындайтындығы. Сойып қарағанда қарасанда өлексенің еттері құрғақ және қара-қошқыл түске енген, ал қатерлі ісік кезінде еттер әдетте дымқыл, жылтыр, қызғылт, тіпті күлгін түсті болады. Сондай-ақ қатерлі ісік кезінде бауыр мен талақта өліеттенген аймақтар болмайды. Зақымдалған етті бактериологиялық зерттеудің шешуші маңызы бар.
Жануарларды қарасан ауыруының профилактикасы мақсатында мынандай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) мал қорымдарын (биотермиялық шұқыр) тиісті санитарлық жағдайда ұстау және оны қоршау жұмыстарын жүргiзу;
2) қарасан ауыруынан өлген жануарлар көмiлген жерлердiң топырағын зарарсыздандыру;
3) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлердi құрғату бойынша жұмыстарды жүргiзу;
4) суаттарды, құдықтарды қалпына келтiру, жануарлар су iшетiн зақымданған немесе күдiктi суаттарды жабу;
5) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз мал союға, шарасыз өлтірілген жануарлардың етiн және ет өнiмдерiн сатуға тыйым салу;
6) қолайсыз аулаларды, өлген жануарлар жатқан қора-жайлар мен жерлердi тазарту және дезинфекциялау;
7) 3 айдан 4 жас аралығындағы iрi қара малдың барлық сезімтал басына профилактикалық вакцина егуді жүргізу. Қарасан ауруы тiркелген шаруашылықта 6 айдан жоғары жастағы қойлар вакцина егуге жатады.
Қарасан ауруын жою жөнiндегi іс-шаралар
Қолайсыз пункттерде қарасан ауыруына бейiм жануарлар дене қызуы өлшеп клиникалық қаудан өткiзедi. Ауырудың клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, дене қызуы) белгілері байқалған жануарлар оқшауланады.
Жануарлардың өлекселері терісімен бірге өртеу арқылы жойылады.
Ауру жануарлардан ластаған қи, төсенiш және жем-шөп қалдықтары далаға шығар алдында 10 % ыстық күйдiргiш натрий ерiтiндiсi себiлiп, содан кейiн (мүмкіндігінше сол жерде) өртке қарсы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып өртеледі. Ауырудың клиникалық белгiлерi жоқ барлық жануарлар тез арада вакцинамен егiледi. Қарасан ауыруымен ауырған жануарлар клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, сықырлау) жойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен ерте емес етке союға рұқсат етiледi. Егiлген жануарлардың дене қызуының көтерiлуi, вакцина егілген жерлерде iсiнудiң немесе ауырудың басқа белгілерінің болуы жағайын қоспағанда, вакцина егiлген сиырлардың сүтi шектеусiз қолданылады. Мұндай жағдайда сүттi тек пiсiргеннен кейiн пайдалануға жол беріледі. Диагноз анықталған кезде қолайсыз пунктте карантин қойылады.
Карантиннің шарттары бойынша мыналарға:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz