Былғары және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Былғары және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері
Орындаған: Сағидоллаева Ә.
Тобы : ТК - 321
Тексерген: Бауыржанова Айгуль Заманбековна
Семей, 2015 жыл
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
а) Консервілеудің түрлері мен ерекшеліктері .
- Қорытынды
Кіріспе
Терісі мех өнеркәсібіне пайдаланатын жануарларды сою терісінің тәсілінің терінің ауданына, тері ткані мен жүн түгінің беріктігіне тигізетін әсері мол. Союға қойылатын негізгі талап толық қансыздандыру, себебі тері құрамында қалған қан бактерияларының дамуына қолайлы ортта болып табылады. Жабайы аң терілерінің дайындауға кең тараған тәсіл - атып алу, одан басқа қақпан, тұзақ және с. с. тәсілдер қолданылады. Бауыздаған малдың терісін көпке созбай жаны шыққан бойда тез арада сыпырып алу керек. Терінің алғашқы өңдеу процестері теріні сыпыру, майсыздандыру және консервілеу.
Негізгі бөлім
Теріні консервілеудің мақсаты бактериялардың дамуына қолайсыз жағдай жасау. Мех өндірісінде консервлеудің мынадай тәсілдері қолданылады: құрғату, ылғалды тұздау, тұздай құрғату, құрғату, қышқылды - тұздау және ашытқымен өңдеу.
Құрғатып консервлеу тәсілі. Ылғалсыз ортада бактерияның өсіп - жетілуі тежеледі. Жаңа сыпырылған теріде 65-75% ылғал болады. Құрғатып консервлеу тәсілінің мағынасы теріде ылғалды кептіру жолымен 14-16% - ке дейін төмендету. Бұндай ылғалдылықта бактериялардың көбісі дамуын тоқтатады. Құрғақ сақтау кезінде көлеңкедегі температура 20-35, ауа алмастырылып кептіріледі. Одан жоғары температурада кептірілген терілер сынып кетуі мүмкін, ал төмен кебу уақыты созылып бүлінуі мүмкін. Кептірілетін терілер мұқият жазылған болуы керек.
Жалпағынан сыпырылған ірі терілер жон арқа сызығы бойынша екіге бүктеліп ілініп, немесе керіліп кептірілу керек, Орта және кіші терілер ағаш қалыптарға майда шгемен бекітіліп кептірілді. Тұтастай сыпырылған терілер арнаулы қалыптарда керіліп кептіріледі. Қалыптардың өлшемдері белгіленген мөлшерге сәйкес болуы керек.
Бағалы аң терілерін консервлеуде құрғақ кептіру тәсілін кеңінен қолданылады, себебі трі таза болғандықтан сұрыптау ыңғайлы, салмағы жеңіл тасымалдауға оңай. Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі. Бұл тәсіл мағынасы теріні ас тұзымен тұздайды. Ас тұзымен тұздау терінің құрамындағы ылғалдылықты кемітеді де, бактериялардың дамып өрбуіне жол бермейді. Ылғалды тұздау тәсілі тріні жайып ас тұзын себу немесе қаныққан тұз ерітіндісіне салу арқылы жүргізіледі. Жайып тұздауды арнайы тақталарда мұқият жайып тұзды теріге түгедей себеді, келесі теріні біріншінің үстіне жайып оғанда тұз себу арқылы жүргізіледі. Тері қабаттарының биіктігі 1, 5 м болады. Тұздау үшін құрамы жағынан таза, ылғалдылығы 5% - тен аспайтын ас тұзы қолданылады. Тұзға парадихлорбензол, нафталин, натрийдің кремнефториді және т. б. антисептиктер қосылады. Тұздауға жұмсалатын тұздың мөлшері булы терінің массасынан 30, 40%, парадихлорбензол 0, 5 %, нафталин 0, 8%. Антисептиктер теріні бактериалдық бүлінуден сақтайды.
Себілген тұз терінің иылғалына еріп бірте- бірте тері тканіне енеді. Әдетте консервленген тері ткані тығыз және серпімді болады. Ас тұзды ерітіндісінде (тұздық) консервлеуді алдынала350г/дм. куб. болатындай етіп дайындалған ерітіндіде жүргізеді. Ерітіндіге алдын ала тазартылған терілер салынады. Консервлеу чандарда, баркастарда, барбандарда жүргізіледі. Ұзақтығы 10 - 15 сағат, ылғалды тұздауда +5 пен +15 температура жүргізген тиімді. Тұздықтау біткен соң терілерді ерітіндіден алып жүнін жоғары қаратып жайып қосымша тұз себеді. Ылғалды тұздауда жүн бірігіп қалатындықтан сұрыптау қиындау болады. Бірақта бұл тәсілдің орындалу оңайлығы, кептірілген ақауларың болмауы көптеген терілерді, дәлірек айтқанда қой, теңіз жануарлары, тиін және т. б. осы тәсілмен консервлеу тиімді. Жайып тұздағанға қарағанда тұздыққа салу кезінде ас тұзы тері құрылымына біркелкі енеді және терінің қаны мен кірі аз болады.
Консрвлеудің тұздай құрғату тәсілі. Бұл тәсіл негізінен қаракөл елтірілерін консервлеуде қолданылады. Теріге тұзды сеуіп қаттап жайып қояды да, 10 күннен соң кептіреді. Бұл тәсіл ылғалды тұздау мен құрғату тәсілдерінің қосындысы.
Оңтүстіктің ыстық ауасына байланысты ылғалда тұздалған терілер қызып кетсе құрғатылған терілердің жүніне күйе түседі, сондықтан да тұздай құрғату тәсілі өте тиімді.
Консервлеудің қышқылды - тұздау тәсілі. Бұл тәсіл өңдеудің кейбір түрлеріне жатады және аз қолданылады. Тәсілді орындауда ас тұзы (85%) аллюминий ашудасы (7, 5%) және аммоний хлориді (7, 5%) араластырыптеріге себеді. Қаттап жиып 7 күн сақтайды. Қышқылды - тұздау тәсілі қой терілерінің жүнін әрлеуді қиындатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz