Грамматикалық мағына және оның түрлері



1. Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның арақатынасы.
2. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары.
3. Грамматикалық мағынаның түрлері:
а) жалпы грамматикалық мағына;
ә) категориялық грамматикалық мағына;
б) қатыстық грамматикалық мағына.
4. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі.
Грамматикалық мағынаның мәнін, берілу жолдарын, соның негізінде түрлерін игере отырып, әрқайсысының сипатын анықтап, шегін ажырату. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың арасындағы диалектикалық байланысты білу арқылы олардың сәйкестігін ғылыми түрде меңгерту.
Тілдегі әрбір сөздің (белгілі ұғымды білдіре алатын мәнді сөздің) нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.
Грамматикалық мағына, айналып келгенде, сөздің лексикалық мағына-сымен тікелей байланысты болады. Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең (Абай)деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бір лексикалық мағынаны және бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұр: І. туғанда, лексикалық мағынасы – нақты туу қимылы; грамматикалық мағыналары - І) жалпы қимылды білдіру; 2) салттылық мән; 3) өткен шақтық мән; 4) бір қимылдың (ашудың) мезгілін білдіру; 2. дүние, лексикалық мағынасы - әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағыналары: І) жалпы абстракт зат атауы; 2) қатыстық-меншіктілік мән; 3. есігін, лексикалық мағынасы – үйдің бір бөлігі болып табылатын (есік) нақты заттың ауыспалы мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы болуы; 2) екінші бір затқа дүние тәуелді, соның бөлшегі болуы; 3) ол тәуелділік 3-жаққа қатысты, 4) тура обьектіні білдіру; 4. ашады, лексикалық мағынасы – ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары: І) жалпы қимылды білдіру, 2) ол қимылдың сабақты болуы, 3)ауыспалы осы шақ мәнін білдіру, 4) 3-жақтағы субьектінің қимылы; 5. өлең, лексикалық мағынасы — нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы болуы; 2) ашу қимылының грамматикалық субьектісі болуы; 6. өлеңмен, лексикалық мағынасы – нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы; 2) кіру қимылын білдіру; 7. жер, лексикалық мағынасы – нақты жер деген зат; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы болуы, 2) қатыстық-меншіктік мән; 8. қойнына, лексикалық мағынасы – нақты қойын деген зат; грамматикалық мағыналары: І)жалпы зат атауы болуы; 2) екінші бір затқа жер тәуелді болуы, 3) тәуелділік 3-жақта болуы, 4) қимылдың (кірер) бағытын білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы – нақты кіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: І) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3) келер шақ мәні, 4) 3-жақ субъект арқылы ол қимылдың іске асуы; 10. денең, лексикалық мағынасы – дене деген зат; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы болуы, 2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше, анайы, 4) кіру қимылының грамматикалық субьектісі. Бұлар осы сөйлемдегі сөздердің білдіретін бөлек-бөлек мағыналары.
1. К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1972. 133-151-беттер.
2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974.
19-24 -беттер.
3. С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А.,1992. 48-58-беттер.
4. С.М. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998. 53-64-беттер.
5. А.Ысқақов. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. 39-41-б.
6. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А.,1993. 338-358.
7. Н.М. Курманбаев. Происхождение грамматических катего-рий.А.,1981.12-52-б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Грамматикалық мағына және оның түрлері 

ОРЫНДАҒАН: Жайсаңбаева А.Н.
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

ТЕКСЕРГЕН: Қ.Шаяхметұлы
профессор

СЕМЕЙ - 2015

Жоспар:

1. Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның арақатынасы.
2. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары.
3. Грамматикалық мағынаның түрлері:
а) жалпы грамматикалық мағына;
ә) категориялық грамматикалық мағына;
б) қатыстық грамматикалық мағына.
4. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі.
 

Грамматикалық мағынаның мәнін, берілу жолдарын, соның негізінде түрлерін игере отырып, әрқайсысының сипатын анықтап, шегін ажырату. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың арасындағы диалектикалық байланысты білу арқылы олардың сәйкестігін ғылыми түрде меңгерту.
 Тілдегі әрбір сөздің (белгілі ұғымды білдіре алатын мәнді сөздің) нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.
Грамматикалық мағына, айналып келгенде, сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты болады. Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең (Абай)деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бір лексикалық мағынаны және бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұр: І. туғанда, лексикалық мағынасы – нақты туу қимылы; грамматикалық мағыналары - І) жалпы қимылды білдіру; 2) салттылық мән; 3) өткен шақтық мән; 4) бір қимылдың (ашудың) мезгілін білдіру; 2. дүние, лексикалық мағынасы - әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағыналары: І) жалпы абстракт зат атауы; 2) қатыстық-меншіктілік мән; 3. есігін, лексикалық мағынасы – үйдің бір бөлігі болып табылатын (есік) нақты заттың ауыспалы мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы болуы; 2) екінші бір затқа дүние тәуелді, соның бөлшегі болуы; 3) ол тәуелділік 3-жаққа қатысты, 4) тура обьектіні білдіру; 4. ашады, лексикалық мағынасы – ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары: І) жалпы қимылды білдіру, 2) ол қимылдың сабақты болуы, 3)ауыспалы осы шақ мәнін білдіру, 4) 3-жақтағы субьектінің қимылы; 5. өлең, лексикалық мағынасы — нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы болуы; 2) ашу қимылының грамматикалық субьектісі болуы; 6. өлеңмен, лексикалық мағынасы – нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы; 2) кіру қимылын білдіру; 7. жер, лексикалық мағынасы – нақты жер деген зат; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы болуы, 2) қатыстық-меншіктік мән; 8. қойнына, лексикалық мағынасы – нақты қойын деген зат; грамматикалық мағыналары: І)жалпы зат атауы болуы; 2) екінші бір затқа жер тәуелді болуы, 3) тәуелділік 3-жақта болуы, 4) қимылдың (кірер) бағытын білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы – нақты кіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: І) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3) келер шақ мәні, 4) 3-жақ субъект арқылы ол қимылдың іске асуы; 10. денең, лексикалық мағынасы – дене деген зат; грамматикалық мағыналары: І) жалпы зат атауы болуы, 2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше, анайы, 4) кіру қимылының грамматикалық субьектісі. Бұлар осы сөйлемдегі сөздердің білдіретін бөлек-бөлек мағыналары.
Осы шағын талдаудан көрінетіндей, сөйлемдегі әрбір мәнді сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі емес, олардың берілу тәсілдері де әр түрлі.
Осымен байланысты мынадай сұрақ туады: нақты заттың аты немесе нақты қимыл болса, ол лексикалық мағына да, жалпы заттың аты немесе жалпы қимыл болса, ол грамматикалық мағына бола ма?
Бұл сұраққа нақты да толық жауап беру үшін жоғарыдағы сөйлемдегі сөздерді талдап көрейік.
Берілген сөйлемдегі дүние, есік, жер сөздерінің әрқайсысы жеке-жеке ұғымды білдіретін заттың аты, туғанда, ашады, кірер нақты қимыл ұғымын білдіретін сөздер, сондай-ақ төрт, жеті нақты санды білідіретін сөздер, ақ, көк, сары – заттың нақты түсін білдіретін сандар, т.б. Атап айтқанда, дүние - өмір, тіршілік (ҚТТС, ІІІ, 204),есік - ауыс, өмірге, іс пен еңбекке алғаш аттап, қадам басып кіру, араласу (ҚТТС, ІІІ, 453),жер - жер планетасының үстіңгі қабаты, сыртқы қыртысы, құрылық (ҚТТС, 14, 90)дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ешбір ортақтық, жақындық жоқ, әрқайсысы - бөлек-бөлек заттардың атауы; туғанда - ана құрсағынан шығу, дүниеге келу (ҚТТС, ІX, 254),ашады - ауыс, жабық тұрған нәрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту (ҚТТС, І, 507),кірер - ену, келу (ҚТТС, V, 411)дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ортақтық, ұқсастық жоқ, бір-бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; төрт-үштен кейінгі есептік сан (ҚТТС, ІX, 243),жеті – алтыдан кейінгі сан (ҚТТС, ІV, 113)дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек; ақ - қардың, сүттің, бордың түсіндей қараға қарама-қарсы (ҚТТС, І, 126),көк – ашық аспан тәрізді түс (ҚТТС, V, 118),сары, - піскен егіннің немесе апельсиннің түріндей түс (ҚТТС, VІІІ, 187)дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек, өйткені бұлар әр түрлі түстерді білдіреді. Сонымен бірге бұл нақты (лексикалық) мағыналары жалпылануы да мүмкін. Атап айтқанда, дүние, есік, жержалпы зат атауларын білдіреді, туғанда, ашады, кірер жалпы қимылды, іс-әрекетті білдіреді, төрт, жеті – жалпы бір санды білдіреді, ақ, көк, сары – жалпы түсті білдіреді яғни сапалық сынның белгілері. Міне бұл соңғы көрсетілгендер – нақты лексикалық мағыналардың жалпылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық мағыналар яғни бұлар белгілі бір сөздің ғана мағыналық сипаты емес, белгілі бір топтағы (айталық, заттың атын білдіру немесе қимыл, іс-әрекетті білдіру т.б.) сөздердің ортақ жалпы мағынасы. Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ құрайды: дүние, есік, жер – заттың атын білдіретін сөздер – зат есім, туғанда, ашады, кірер - қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер – етістік,төрт, жеті – заттың санын білдіретін сөздер – сан есім, ақ көқ сары, жақсы, үлкен, биік заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім т.б.
Ең алдымен грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері деген ұғым мен жолдары деген ұғым бір ме, бөлек-бөлек пе? Осыны нақтылап түсініп алу қажет.
Грамматикалық мағынаның берілутәсілдерідеген ұғым белгілі бір мағына типтерінің (түрлерінің) не арқылы және қалай берілуінің тілдік қабат негіздері жиынтығы, тобыболып табылады да, ол өз ішінде жекелеген түрлерден тұрады. Грамматикалық мағынаның белгілі бір берілу тәсілінің бірнеше түрлері болуы мүмкін. Сол түрлер ол тәсілдің немесе мағына берілудің жолдарыдеп аталады.
Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі – семантикалық тәсіл. Ол - сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші – синтетикалық тәсіл.Грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың (формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс - приставка қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық мағынаның берілуі; супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші – аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш, шәкірт, екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған) негізгі сөз бен көмекші сөздің (көмекші етістік, шылау, т.б.) тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Сондай-ақ, аралас тәсілдер де болуы мүмкін яғни грамматикалық мағынаның берілуінде бір емес бірнеше тәсілдің элементі болуы мүмкін.
Ал грамматикалық мағынаны білдірудің осы көрсетілген тәсілдері мен жолдары барлық тілдерге де тән бе? Бұл жағынан қазақ тілінің ерекшелігі бар ма?
Грамматикалық мағынаны білдірудің көрсетілген тәсілдері мен жолдары бір тілде толық кездесе бермеуі, кейбіреулері ғана қолданылуы мүмкін. Қазақ тілінде бұл тәсілдердің кездесетіндері мыналар.
І. Семантикалық тәсіл. Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы. Мысалы, белгілі бір топ сөздердің жалпы зат атауын немесе заттың сынын я санын, немесе жалпы қимыл, іс-әрекетті білдіруі, сөйтіп, белгілі бір топтарға (сөз таптарына) жіктелуі.
Әрине, бұл жерде әңгіме лексикалық мағынасы бар сөздер жайында болып отыр. Лексикалық мағынасынан айырылып қалған көмекші сөздердің жалпылануы туралы әңгіме қозғаудың қисыны жоқ. Лексикалық мағынасынан айырылып қалған көмекші және А.Ысқақовтыңкөрсетуінше одағай сөздердің де бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі
Сөздің лексикалық мағынасы
ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ СИПАТЫ
Грамматикалық нөлдік форма және оның тілдік жүйедегі түрі
Тіл біліміндегі морфология саласындағы грамматикалық мағына және сөзжасамның тәсілдері
Грамматика әдістері
Етістік. Етістіктің категориялары және ерекшеліктері
Сұраулы сөйлемдердің стилистикалық ерекшеліктері
Сөздің грамматикалық мағынасы
Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері
Пәндер