Бизнес аңыздары - Билл Гейтс



1. Кіріспе.
2. Билл Гейтстің қысқаша өмір дерегі
3. Гейтс . басқарушы
4. Ғылым саласына қамқорлығы
5. Жетістіктері
6.Байлығы
7. Қорытынды.
Қолданылғанәдебиеттер.
Адамдардың қартаймай жатып, өмірдегі өз мақсаттар-ын жүз пайызға жүзеге асыр-ғандары көп емес шығар. Ол туралы түрлі даулы пікірлер болғанмен, осылай ете алған бір адам бар. Әрине өзін мұндай кісілерге жатқызатын адамдар ондап та табылуы мүмкін, бірақ біз әңгімелегелі отырған бұл адам өз байлығы мен әлемге әйгілі есімін адамзаттың игілігі үшін еткен жемісті еңбегімен тапқан еді. Ол Билл Гейтс. Гейтс – 1975 жылы Micro-Soft компаниясын құрған сәттен бастап адамдар өмірін түбірімен өзгерткен бағдарламалық жасақтаманы жасаған ғұлама.
Оның еңбегінің арқасында адамзатты ұзақ мерзімге алға жылжытқан әлемдегі ең айтулы компьютерлік революция жасалды: оның софтверінің шалаөткізгіштік чиптер потенциалын адамның бағындыруына жол ашуы, электронды есептеуіш машиналарының аппараттық жасақтамаларының жетілдірілуіне оң ықпал етті.
Билл Гейтстің өзі және Microsoft қызметкерлері дайындаған бағдарламалардың арқасында біздер үшін жұмыс істеу, оқып-үйре-ну, тіпті ойнау мен қарым-қатынас жасау да әлдеқайда жеңілдеді. Бұл адам әрқашан не істеу қажеттігін анық біліп және ол айнала-сындағы орын алған түрлі жағдайларға мән берместен өз қалағанына сенімді түрде жақындай түсті.
1. http://citaty.info/man/bill-geits.
2. "William ‘Bill’ Gates", Forbes, retrieved наурыз 2013.
3. BillGates. NNDb. Бастыдереккөзіненмұрағатталған 24 мамыр 2012. Тексерілді, 11 мамыр 2011.
4. WarrenBuffett "Agnostic," BillGates Rejects Sermon On The Mount, Not "Huge Believer" In "Specific Elements" of Christianity. Archive. The American View (қаңтар 13, 1996). Бастыдереккөзіненмұрағатталған 1 шілде 2012. Тексерілді, 24 қазан 2011.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәріматындағы университеті

БАӨЖ
Тақырыбы:Бизнес аңыздары. Әлемнің бай адамдары.

Орындаған: Орынбай М.

Тексерген: Есенбекова З.Ж.

Семей2015

Мазмұны:
1. Кіріспе.
2. Билл Гейтстің қысқаша өмір дерегі
3. Гейтс – басқарушы
4. Ғылым саласына қамқорлығы
5. Жетістіктері
6.Байлығы
7. Қорытынды.
Қолданылғанәдебиеттер.

Билл Гейтс - компьютер әлемінің символы

1.Кіріспе.

Адамдардың қартаймай жатып, өмірдегі өз мақсаттар-ын жүз пайызға жүзеге
асыр-ғандары көп емес шығар. Ол туралы түрлі даулы пікірлер болғанмен,
осылай ете алған бір адам бар. Әрине өзін мұндай кісілерге жатқызатын
адамдар ондап та табылуы мүмкін, бірақ біз әңгімелегелі отырған бұл адам өз
байлығы мен әлемге әйгілі есімін адамзаттың игілігі үшін еткен жемісті
еңбегімен тапқан еді. Ол Билл Гейтс. Гейтс – 1975 жылы Micro-Soft
компаниясын құрған сәттен бастап адамдар өмірін түбірімен өзгерткен
бағдарламалық жасақтаманы жасаған ғұлама.

Оның еңбегінің арқасында адамзатты ұзақ мерзімге алға жылжытқан әлемдегі ең
айтулы компьютерлік революция жасалды: оның софтверінің шалаөткізгіштік
чиптер потенциалын адамның бағындыруына жол ашуы, электронды есептеуіш
машиналарының  аппараттық жасақтамаларының жетілдірілуіне оң ықпал етті.

Билл Гейтстің өзі және Microsoft қызметкерлері дайындаған бағдарламалардың
арқасында біздер үшін жұмыс істеу, оқып-үйре-ну, тіпті ойнау мен қарым-
қатынас жасау да әлдеқайда жеңілдеді. Бұл адам әрқашан не істеу қажеттігін
анық біліп және ол айнала-сындағы орын алған түрлі жағдайларға мән
берместен өз қалағанына сенімді түрде жақындай түсті.

  2. Қысқаша өмір дерегі

Билл Гейтстің өз-өзіне сенімділігі мен алға ұмтылушылығы оның қайратты да
бақытты ата-анасынан дарыған болуы керек. Енді солар жайлы айтайық. Билл
отбасындағы үшінші бала бола тұра: әкесі William Henry Gates II-нің
есімінің арқасында бірден William Henry Gates III деп аталды. Әкесі Уильям
Гейтс II Вашингтон штатының Сиэтл қаласында корпоративті қорғаушы, ал
шешесі Мэри Максвелл Гейтс мектепте мұғалім, оған қоса Вашингтон
Университетінің, First Interstate Bank, Pacific Northwest Bell және United
Way International ұлттық кеңесінің мүшесі болып істейтін еді.

Осы деректер тым аз болғанмен, Уильям III-тің табысты болуына кімдердің
әсері болғанын айтпаса да түсінікті ғой. Сонымен Билл Гейтс 1955 жылы қазан
айының 28-де туған. Ол өзінің екі апасымен бірге Сиэтлдегі ата-анасының
қолында тәрбиеленеді. Билл сол жердегі қарапайым мектепте оқыды, анығында
бұл мектепте ол онша көп оқыған жоқ. Одан кейінгі оқуын оған дейін де
атақты бітірушілерімен аты шыққан Лэйксайд ақсүйектер мектебінде
жалғастырады. Әрине, бақытына қарай оған бұл мектептің де даңқын шығару
жазылған болар және ол қандай даңқ десеңізші!

Билл өзін қызықтырған ғылымдарға ғана назар аударып, олар бойынша, әсіресе
математикадан өте жақсы нәтижелер көрсетті. Ол тәртібі жағынан онша жағымды
бола қойған жоқ, көбінесе дөрекілік танытып және өзімен өзі болатын. Сол
кездің өзінде-ақ болашақ Windows-ты жасаушының мінезінің орнықсыздығы оның
ата-анасын психолог көмегіне жүгінуге мәжбүр етті. Бала мінезінің осы
ерекше-лігі жаңа қызығушылығының нәтижесіне жақсы ықпал жасады. Билл 13-ке
толғанда оның мектебіне компьютерге ұқсайтын, кәдімгі ком-пьютерге телефон
желісі арқылы қосуға болатын цифрлық терминал силайды. Осы сәттен бастап
жас Уильямды бәрінен бұрын не қызықтыратыны түсінікті болды. Сол кездері ол
түні бойы ұйықтамай оны компьютер кодтарын оқып-үйренумен өткізді. Көп
ұзамай оның нәтижесі де көріне бастады.

1973 жылы ол Лэйксайдтағы оқуын аяқтап, содан әрі Гарвард университетінде
заң ғылымдарын үйренуге кірісті. Мұнда да бұрынғы жылдардағы сияқты тек
қызықтырған пәндеріне ғана көңіл бөліп, қалған сабақтарға тіпті бармай
қойды.

Сабақтан бос уақыттарын өзінің бағдарламалау тілін жасауға арнады. Ол
жұмысты 1975 жылы бітірді. Оның және кейіннен әріптесі Пол Алленнің
еңбектерінің нәтижесі-ол көпшілігіңе мектептен таныс BASIC- Altair
бағдарламалау тілінің версиясы болып табылады. Ол тіл сол кездегі алғашқы
MITS Altair микрокомпьютерлеріне (микро деп аталуы, оның өлшемі 20 ғасыр
соңындағы ДК-ға жақын болуынан) арналған еді. Міне осы тіл ғұламаның
алғашқы табысты өнімі болды. Осыдан кейін MITS (Micro Instrumental
and Telemetry Systems Inc.) компаниясы осы тілді иелену құқығына тырысып
бақты, бірақ сот талқылауында осы өнімді өндіруші ұтып шықты да, өнім
біршама тұрақты табыс әкеле бастады. 

1975 жыл Билл Гейтс пен Пол Алленнің BASIC версиясын жасауымен ғана емес,
әлемдік софтвер үшін өте маңызды оқиға – олардың Гарвардты тастап,
өздерінің Micro-soft компаниясын құруымен де аты шыққан жыл болды. Бұл
компания тек 1979 жылы ғана бізге үйреншікті Microsoft Corporation атауымен
аталып, Нью-Мехико штатынан Вашингтонға көшті.

Сонымен іс алға басты: 1980 жылы компанияға алғашқы менеджер жалданды, ол
Билл Гейтстің бұрынғы досы, кейіннен осы компанияның бас атқарушы директоры
қыметін атқарған Стивен Балмер болатын. Оның келуімен компанияда кәсіби
әкімшілік аппарат пайда болды. Осы уақытта Microsoft айтулы IBM –мен оның
дербес компьютерлері үшін операциялық жүйелер жасауды қолға алып, тығыз
ынтымақтастық қарым-қатынасын бастайды. Бұл ойлары 1981 жылы IBM 
революциялық өнім-MS-DOS-пен жұмыс істейтін нағыз дербес компьютерін
шығарған кезде жүзеге асты. Міне осылай екі жақтың да дамуына ықпал етерлік
ұзақ мерзімді бірлескен іске іргетас қаланды. 

 Олар бірлесіп жетілдірілген операциялық жүйелер дайындауға әрекеттер
жасады, соның бірі OS2 болатын, олардың бәрінен сәтті шыққаны Билл
Гейтстің өз жобасы – түрлі платформада жүзеге асырылған Windows ОЖ-ы болып
табылды 

1995 жылы жасалған Windows 95 ОЖ-ы көптеген кемшіліктеріне қарамастан
нарықты да, әлемді де дүр сілкіндірді. Осы ОЖ-ның жетілдірілген версиялары
мен офистік бағдарламалар жинағы компанияның ұзақ жылдар бойы көш бастауына
жол салып берді.

Windows 95 – тің табысты болуына, мүмкін осы ОЖ-дан бір жыл бұрын Уильям
Генри Гейтс III –нің жеке өміріндегі ең шешуші сәт - Microsoft менеджері
Мелинда Френчпен бас қосып отбасын құруы себеп болған шығар. Қалай
болғанмен де олардың некесі үш баланың: Дженнифер Катарина, Рори Джон және
Фиби Адельдің өмірге келіп, оларды шексіз қуанышқа бөлеуімен де ерекше
әсерлі.

                                                           

3.Гейтс – басқарушы

Microsoft-тың көш бастау себебінің бірі – ол компания басшысының сауатты
басқара білу қабілеттілігінің арқасы екені анық. Билл Гейтспен болған бір
сұхбатта одан бизнесті жүргізуде не нәрсе көмектеседі, әрекеттеріңіздің
дұрыс бағытын таңдауыңызға кімнің еңбектері жол көрсетеді деп сұрайды. Ол
Microsoft ұсыныстар мен кеңестерге мұқтаж емес, компанияның кітап сөрелері
бизнес бойынша нұсқаулықтарға да толып тұрған жоқ деп жауап беріпті. Мұнда
шешім компанияның өз ішінде сенімді түрде қабылданады, соған орай
компанияның таза табысы жыл сайын нөлдер санының артуымен таңғалдыруын қояр
емес.

Корпорация ісінің табысты болуындағы Гейтстің сенімділігі негізінен оның
әріптестерінің, ең алдымен оның жақын досы Стив Балмердің ерен еңбектерімен
айқындалады. Дәл осы Балмер 1980 жылы Microsoft құрушысына көмекке келді
және күні бүгінге дейін екеуі бірлесіп компанияны сәтті басқаруда.

                                                           Үздіктердің
үздігі

Билл Гейтстің анасы бұрын еске салғанымыздай Microsoft-тан басқа да бірнеше
компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі болатын. Анасына ұқсап, оның
баласында да одан әрі инвестиция салу мүмкіндігін іздеу талантының бар
екендігі байқалады.

Оның корпорациясы пайдалы компаниялар немесе бәсекелес-терді сатып алу
жөнінде әрдайым дұрыс шешім қабылдайтын (осы үшін де олар көп жағдайда
бағдарламалық жасақтама нарығын монополизациялап алды деп сынға алынатын).
Компанияның табысқа жету жолындағы болжағыштығы мен сенімділігі Microsoft-
қа көбінесе сатып алу кезінде бағаны нақты бағадан 60-80%-ға көтеруге
мүмкіндік беретін.

Оның бір айқын мысалы ретінде Yahoo! іздегішінің адресіне оның сатып
алынатын акцияларының құнынан 1,6 есе артық болатын $44,6 млрд сомаға
жасалған соңғы ұсынысын айтуға болады.

Америкалықтар мен бүкіл жер жүзі 1992 жылдан бері Билл Гейтс пен Уоррен
Баффет арасындағы бәсекелестікті бақылап келеді. Соңғысының ерекшелігі өз
байлығын қаржысын сауатты орналастыруының арқасында таба білуінде. Ол
әлемдегі ең табысты инвесторлар санатына жатады, соның нәтижесінде өз
капиталынан тұрақты 20 % жылдық өсім алып отырады. Berkshire Hathaway
империясының акциясына ие болғысы келген инвестор кемінде $100 000 қаржы
салуы қажет, ал мұндай ойынға әркімнің шамасы келмесі анық.

Соншалықты ауыр бұл шарт қалай өзді-өзін ақтап отыр десеңіз, себебі осы
Berkshire Hathaway холдинг құрамына құны $7,5 млрд-қа бағаланатын National
Indemnity Co., GIECO және General Re сияқты сақтандыру компаниялары, өз
саласында олардан табыстылығы еш кем емес кондитерлік See's Candy, Wesco
Financial, инвестициялық-лизингілік Nebraska, жиһаз жасайтын Furniture
Mart, шаңсорғыш шығаратын Scott & Fetzer, бизнес класты реактивті ұшақтар
жасайтын Executive Jet корпорациялары және Fruit of the Loom сәндік киімдер
үйі сияқты 42 бөлімшелер еніп отыр.

Билл Гейтс міне осындай байлық иесінен әлемнің және АҚШ-тың ең бай адамы
деген атақты бірнеше рет тартып алды. Екі алыптың шартты түрде қарсы тұруы
Microsoft-ты құрушы Б.Гейтс өзі 2004 жылдың 14 желтоқсанында Berkshire
Hathaway холдингі кеңесінің құрамына кіргенге дейін созылды.

Екі миллиардер бір-бірімен жиі емен-жарқын әңгіме-дүкен құрады, содан да
олар өзара өте жақсы үйлесіммен жұмыс істеуде. Сол түсіністіктері оларды
үнемі табысқа жетелеуде, олардың осындай табыстарына қызғана қараушылар да,
қолдаушылар да жетерлік. Ғаламшардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Билл Гейтс - Бизнес аңыздары
Бизнес аңыздары (алемніңең бай адамдары)
Бизнес аңыздары Әлемнің бай адамдары - Билл Гейтс
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) туралы
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары (Әлемнің ауқатты адамдары)
Бизнес аңыздары жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) - Карлос Слим Элу
Бизнес аңыздары туралы (Әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары - Джон Рокфеллер
Пәндер