Хіх ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

СОБӨЖ

Тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар.

Орындаған: Кеңесқазиева Ш. Б.

Топ : Қ - 211

Тексерген: Самекбаева Э. М

Семей қаласы, 2015 жыл

Тіл білімі - жеке ғылым саласы. Оның өзіндік зерттейтін ғылыми аясы, кең көлемді салалары бар. Тіл білімі - өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және олар қазір де бар. Ондай ағымдардың тууына түрткі болған себептердіц бірі - тілдің өзіндік табиғаты мен мәнін ашу мәселесі. Кейбір ғалымдар тілдің коғамдық мәнін дұрыс түсініп, оны қоғамдық кұбылыстар қатарына жатқызса, енді бір топ зерттеушілер тілді табиғат құбылысы деп түсініп, оны зерттейтін ғылымды табиғат тану ғылымдары тобына қосты, тілді таза психикалық құбылыс деп санап, тіл білімін психология ғылымына тәуелді етпекші болғандар да болды. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты. Олардың қатарына:

  • натуралистік;
  • психологиялық;
  • жас грамматикалықдеп аталатын лингвистикалық мектептер жатады.

Натуралистік немесе биологиялық көзқарас. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде керкем әдебиетте, өнерде, ғылымда XIX ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Ғылымда натуралистер - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.

Тіл біліміндегі натурализмді кернекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланыстырады. А. Шлейхер XIX ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімеп қатар ол тіл біліміне бірсыпыра қате концепциялар да енгізді. Оның сондай теріс көзқарастарының бірі - тіл біліміне натуралистік көзқарас. Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінен толық көрінеді.

Тіл біліміндегі натуралистік бағыттың тағы бір көрнекті өкілі - ағылшын тілінің маманы (ұлты неміс), профессор Макс Мюллер (1823-1900) . Бұл да тіл білімін жаратылыстану ғылымының бір саласы, тілде болатын өзгеріс-құбылыстар тілдің дамуы, тарихы емес, табиғаттағы организмдер сияқты өсуі ғана деп қарайды. Мюллер тілдегі болатын әр түрлі құбылыстарды тілдің даму тарихы деп санамайды, биологиялық организмдердегі сияқты жай өсу ғана дейді.

Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт - психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм XIX ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті линвистердің кәбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының объектісі - адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Сондықтан оны тіл психологиясы деуден гөрі сөйлеу психологиясы деу орынды.

Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе ІІІтейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің профессоры Александр Афанасьевич Потебня (1835- 1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вунд (1832- 1920), Герман Пауль , тағы басқалар қолдады. Бір сөзбен айтқанда, тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету XIX ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.

Психологиялық мектептің басты концепциясы - тіл мәселелерін шешуде психологиялық қағидаларды басшылыққа алу, лингвистикадағы логикалық көзқарастарды сынау, тілдік категориялар мен логикалық категориялар арасында қайшылықтар көп, сондықтан тіл мәселелерін зерттеуде логика заңына сүйенуге болмайды дейміз.

Жас грамматикалық көзқарас (младограмматизм) XIX ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Бұл ағымның Германиядағы көрнекті өкілдері К. Бургман, (1849- 1919), Г. Остгоф (1842-1907), Б. Дельбрюк (1842- 1922), Г. Пауль (1846-1921), А. Лескин (1840-1916), т. б. Францияда М. Бреаль, Швейцарияда Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г . И. Асколи, Россияда Ф. Ф. Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды. Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар -жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-европалық ата тілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, лингвистерді сол «сасык шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф. Царнке оларды «жас грамматистер» деп ажуалаған еді. Осы ажуа ат бірте-бірте лингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.

Жас грамматистік көзқарасты калыптастырушылар Лейпциг упиверситетінің лингвистері болғандықтан, кейін ол Ленпциг лингвистикалық мектебі деп те аталды. Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Олар:

  • тарихи принцип;
  • психологизм принципі.

Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды.

Жас грамматикалық бағыттық тууына тіл білімі дамуының ішкі факторлары себепші болды. XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап компаративистік лингвистиканың жайы қанағаттанғысыз, бағыты бұлдыр, тоқырауға ұшырады деген үндер шығып, сол тоқыраушылықтан құтқаратьш жаңа бағыт іздеу басталды. Жас грамматикалық бағыт осылайша туып, көп үзамай-ақ әлемдік лингвистикадағы ғылыми ағым болып қалыптасты.

Жас грамматикалық бағытта жетістіктермен қатар көптеген кемшіліктер де болды. Оларды топтап жинақтасақ төмендегідей болмақ:

  • Жас грамматистердің тілдің табиғаты жөніндегі философиялық концепциялары дұрыс болмады. Олар тілді туғызатын да, дамытатын да жеке адамдар дегенге сүйеніп, тіл білімінің теориялық негізі индивидуумдар психологиясы, лингвистиканың міндеті - индивидуумдар тілін зерттеу деді.
  • Фактіге сүйену дегенді желеу етіп, ғылыми абстракцияның мәнін ескермеді, нақтылы фактілермен дәлелдеуге болмайтын дыбыс тілінің шығуы, оның алғашқы дәуірдегі сипаты сияқты мәселелерді тіл білімінің объектісі емес деп жариялады.
  • Тілдің құрамдық бөлшектерін бір-біріне байланыссыз жеке-жеке талдаушылыққа бой ұрды. Бұл тілдің элементтерін бір-бірімен тығыз байланыста тұратын біртұтас жүйе деп тануға кедергі болды.
  • Лингвистикалық талдау - сөйлеу тілі фактілеріне сүйену керек деген қағиданы берік ұстап, жазба тіл дәстүріне жеткілікті мән берілмеді.
  • Барлық назар туыстас тілдер фактілерін өзара салыстыра зерттеуге аударылды да, туыстас емес тілдердің бір-біріне тигізетін әсеріне, тілдік контакт мәселесіне жеткілікті көңіл аударылмады.
  • Тілдің өзіндік ішкі даму заңына, фонетикалық заң мен аналогияға шешуші мән беріп, тілдік құбылыстарға экстралингвистикалық жайттардың тигізетін әсерлерін ескерусіз қалдырды.
  • Зерттеу істерінде бір ғана диахрондық, индуктивтік әдістерге сүйенді де, синхрондық, дедуктивтік әдістерге жөнді мән бермеді, ондай зерттеулерді ғылыми емес деп санады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
ХХ ғ тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
XIX ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
Тіл - рухани көрсеткіш
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Xx ғасыр лингвистикасындағы бағыттар мен мектептер
Ежелгі дәуір тіл білімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz